ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет16/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, , 2005.


2.Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004.


Лекция 13
Сыни тұрғыда ойлауды дамыту бағдарламасы
«Дәлелденген эссе» әдісі
INSERT әдісі
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі (Алан Лэйкен)
«Ассоцациямен жұмыс» әдісі
- «Тірек сөздер стратегиясы»
«Миға шабуыл» әдісі
«Блум таксаномиясы» әдісі
-«Шығарма кестесі» әдісі-
«Кубизм» Ойын арқылы оқыту
«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.» немесе - «Еркін жазу» әдісі
«Эссе» «Ой толғаныс» әдісі
«Биопоэма» әдісі.
«Венн» диаграмма» әдісі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмбл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады


«Сыни ойлау» деген не?
Адам қашан терең ойлана бастайды? Бірінші мезетте оның алдында дайын жауабы жоқ қандай да бір мәселе немесе әлі де үйреншікті бола қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда.Екіншіден,адам бұл проблеманың жауабын табуға ұмтылыс жасағанда немесе жаңа нәрсені түсініп,оның байыбына жетуге тырысқанда.Ойланудың қандай да болмасын қиындық,ыңғайсыздық,күмән туғанда пайда болатындығы туралы философ Джон Дьюи былай деп жазған:«Ойлау тығырыққа тіреліп,таңдау жасау керек кезде басталады»
Рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегінен өткізіп,өз құндылықтарымен түсініктерінің,түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып,проблеманың байыбына жетуге тырысады.Осыдан соң адам өзі таңдап алып,көңілі қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай,оны жан – жақты қарастырады,оның оң мен солын ажыратады,кемшіліктерін келтірумен қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді.Бұл тұжырымдауға қанағаттанбай,өз шешіміне балама іздестіреді,жаңа ұсыныстар мен болжамдар жасайды.Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан сұрақ қойып,оған жауап іздейді,жауап тапса,қайтадан сұрақ қойып,енді соның жауабын іздестіреді,оған да қанағаттанбай,әрі қарай «қаза береді», « қаза береді». Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар. Жауапіздеу, жауапіздеу, жауапіздеу. Үздіксіз іздену мен зерттеу...
Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады. Мұнда ойлау тізбекті түрде бір нүктеден екінші нүктеге бір бағытпен жылжымай, біресе алға, біресе артқа ойысады. Проблеманың шешімін табу мұнда ең аяққы нүкте деп саналмайды: оны дәлелдеп беру керек, оның тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет, оған балама келтіру керек.
Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау.
Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы – төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай, олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла бойынан»өткізу қажет.Ричард Польдің пайымдауы бойынша,адамдар«өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрінде ақиқат деп түсінбеу іқажет. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек». Демек, олар өмірдің барлық жәйттерімен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі, құндылығымен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек. Сол себепті сыни ойлауды «сыпайы күмәндану» деп атайды.
Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде туындайтын мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасап,шешім қабылдауға баулиды.Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып,оларға жауап іздеп,өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.
Сын тұрғысынан ойлау-оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі қағидалар сақталуы тиіс:
Бұл технология бойынша сабақ үш сатыдан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны тану.
3.Ой толғаныс.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқумен жазу” дегенді білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет