Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет286/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
Бақылау сұрақтары:
1. Қышқылдықтың мəні.
2. Қышқылдықты анықтауға алынған құрамажем өлшендісінің 
мөлшері.
3. Ерітіндіні шайқау жəне тұру уақытын айтыңыз.
4. Титрлеуге алынған фильтраттың мөлшерін атаңыз.
5. Фильтратты немен, қай индикатор көмегімен жəне қандай түске 
дейін титрлейді?


391
6. Қышқылдықты анықтау формуласын атаңыз.
7. Екі тəжірибе нəтижелерінің рұқсат етілген ауытқуын атаңыз.
8. Қышқылдылық қандай бірлікпен сипатталады?
№32-зертханалық жұмыс
Тақырып: «Құрамажем құрамындағы шикі клетчатканың 
мөлшерін анықтау»
Жұмыс мақсаты:
Анықтау əдістерін жəне стандарт бойынша құрама жемдегі клетчат-
ка мөлшерін анықтауды үйрену.
Құрал-жабдықтар:
1. СЭШ-3М кептіргіш шкафы;
2. ЛЗМ зертханалық диірмені;
3. Техникалық таразы;
4. Сорғыш;
5. Электрплита;
6. Эксикатор;
7. 8-10 см диаметрлі Бюхнер воронкасы;
8. Беттік асбест;
9. 300-400 көлемдік химиялық стақандар;
10. Бунзен құтылары;
11. Жуып шайғыш;
12. Диаметрі 1 мм тесігі бар елек;
13. Диаметрі 5 см болатын воронка;
14. Концентрлі күкірт қышқылы;
15. Калий гидрооксиді;
16. Этил спирті;
17. Медициналық диэтил эфирі;
18. Дистилденген су.
Жұмыстың орындалуы;
100 г болатын құрама жем өлшендісін майдалап, 1 мм електен 
өткізеді.
Содан кейін 1 г құрама жем өлшендісін алып, үстіне100 см
3
34%-
ды күкірт қышқылын қосады. Стакандағы сұйықтықтың мөлшерін 
қарандашпен белгілеп алады. Ерітіндіні мұқият шыны таяқшамен 
араластырып, оны электрплита үстінде қойып, кішкене қайнатады. 


392
Ерітінді қайнай бастағаннан бастап 5 минут қайнатуды жалғастырады, 
сонымен қатар кезекті түрде ерітіндіні араластырып отырады. Стакан-
ды плитадан алып, оның қабырғаларына жабысып қалған бөлшектерді 
жуып шаяды, тұнба астына түскенше күтіп, сорғыш көмегімен ыстық 
сұйықтықты сорып алады.Ол үшін үстіне жібек немесе капрон матамен 
тартылған диаметрі 5 см воронка қолданады.
Бұл воронкаларды қисық шынылы жəне қалың қабырғалы каучук-
ты вакуумды құбырлармен Бунзен құтысына жалғайды. Бунзен құтысы 
соғышпен қосылған. Воронканың ұшын ақырындап ыстық сұйықтыққа 
батырады да, сұйықтықты Бунзен құтысына сора бастайды. Воронка 
сорған сайын төмен түсіріле береді, себебі воронка ұшы сұйықтыққа 
батып тұру керек. Тұнбаға 10 мм қалғанша сұйықтықты сору керек. Со-
руды 3 рет жүргізеді.
Тұнбаны күкірт қышқылынан дистилденген сумен жуғаннан кейін, 
стаканға 50 см
3
5%-ды калий годрооксидін құйып, оны 100 см
3
белгісіне 
дейін ыстық дистилденген сумен жеткізеді. Сосын стаканды мұқият 
араластырып 5 мин бойы электрпешінде қайнатады.
Алдын ала 15 мин 160°С температурда кептірілген Бюхнер воронка-
сына фильтр қағазы көмегімен тұнбаны орналастырады.
Фильтрдегі тұнбаны ақырындап, ыстық дистилденген сумен сілтіден 
жуады. Осындай əдіспен жуылған тұнбаны фильтр қағазымен бірге 
Бюхнер воронкасынан бюкске орын ауыстырып, 160°С-та кептіреді. 
Егер шикі клетчатка мөлшері 15%-дан артық болса, онда 2 сағат 
кептіреді, егер шикі клетчатка мөлшері 15%-дан кем болса, онда 1,5 
сағат кептіреді. Сосын бюксті эксикаторда суытып, массасын өлшейді.
Клетчатканың массалық үлесін пайызбен өрнектеп,
Х = м

*100/м
формуласымен есептейді.
Мұндағы, м

– клетчатка массасы, г;
м – өлшенді массасы, г.
Нəтижесі ретінде екі параллель жүргізілген тəжірибенің ариф-
метикалық ортасы алынады.
Нəтижені үтірден кейінгі екі санға дейін жазып жуықтайды.
Құрғақ заттағы шикі клетчатканың массалық үлесін (Х
1
) пайызбен:
Х

=Х*100/100 – W
формуласымен анықтайды.
Мұндағы, Х – тəжірибеде шыққан шикі клетчатканың массалық 
үлесі,%; 


393
W – өлшендінің ылғалдылығы, %.
Нəтижелерді жазу:
Өлшенді ________________________________________________ г
Фильтр мен өлшенді бар бюкстің массасы ___________________ г
Фильтр бар бюкстің массасы ________________________________г
Формуладан шыққан мəн Х= ________________________________
Тұжырым (алынған құрамажем партиясы шикі клетчатканың 
мөлшері бойынша стандартқа сəйкестігін анықтау
)______________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет