Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен



бет9/95
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#88941
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95
Байланысты:
паразитология кітап

Стационарлық паразитизм




Стационарлык паразитизм деп паразит иесінің денесінде ұзак уақыт кейде, тіпті, өмір бойы иесінің денесінде коныстануын, ал соңғысы паразитті үнемі тасымалдаушы ретінде қызмет аткарауын айтады. Стационарлык паразитизм ол өз алдына мерзімді (периодтық), яғни паразит тіршілігінің белгілі бір даму сатысын иесінен тыс өтуі жэне тұрақтылык - паразиттің барлык тіршілік са- тылары иесінің денесінде үздіксіз өтеді.

Мерзімдік паразитизм


Мерзімдік (периодтык) паразитизм тұрактылыкка карағанда, жиі кездесетін құбылыс. Бүл паразитизмның пайда болуы, факультативті паразитизммен байланысты болып келеді.


Еркін тіршілік ететін организмдердің жэне паразиттік үрпақтардың кезектесіп алмасуы.


31


Бұған мысалы ретінде, Rhabdias bufonis-ті бакалардың өкпесінде паразиттік тіршілік ететін, гермафродитті (гермафродитті ана- лык) ұрпакты карастыруға болады. Иесінің денесіне салынған жұмырткалары иесінің ауызы немесе ішегі аркылы сыртка шығарылады. Құрлыкка шыккан бұл жұмыртқалардан дернэсілдер, ал олардан еркін тіршілік ететін дара жынысты ұрпактар шығады. Аталықтары аналықтарын ұрықтандырғаннан кейін пайда болған дернэсілдері кайта баканың өкпесіне түседі. Rhabdias-тың еркін тіршілік ететін ұрпағы Rhabditis туысына жататын нематодтардың кұрылымына өте ұқсас келеді. Осылайша Rhabdias-тарда парази­ тизм әр ұрпак сайын емес, бір ұрпактан кейін паразитизм кұбылысы байқалады, яғнп Rhabdias - тың ұрпақтарында паразитизм жэне еркін тіршілік ететін фазалары кезектесіп алмасып тұрады (5-сурет).
Narcomedusae тобына жататын гидроитты медуза Cunoctantha octonaria әдетте, сркін тіршілік етеді. осындай жыныстык жетілген медузадан планула тэрізді дернэсілдері шығады, ал олар баска медузалардың субумбрелярлы куысына кіріп. сол жерде дернәсілдер паразиттік тіршілік етеді. Планула кішігірім медузаға айналып, өзінің

4


  1. сурет. Rhabdias bufonis: А-паразиттік тіршілік ететін ұрпағы; В, С- еркін тіршілік ететін аналығы мен аталығы; 1-ауызы, 2-нерв сақинасы, 3-аналық жыныс тесігі, 4-жыныс безі, 5-ішегі, 6-қылаулаткыш, 7-аналық без.

8-аталық без, 9-спикула

32


ауыз тұмсығын иесшщ тұмсығының ішіне кірпзіп, коректенеді. Кейін кішігірім медуза өзінен жаңадан медузаларды шығарады, ал бөлініп шыккан медузалар еркін тіршілік етіп, денесінде жыныс өнімдері дамып, медузадан планула тэрізді дернәсілдері шығады, ал олар баска медузалардың субумбрелярлы қуысына кіріп, паразиттік тіршілік етеді. Бұл жағдайда жыныстык еркін тіршілік ететін ұрпакта жэне жыныссыз паразиттік тіршілік ететін ұрпақта ұрпақ алмасу кезеңдері айкьш көрінеді.
Организм дамуының эртүрлі фазасында паразиттік тіршілікке бейімделген топтары болады: дернәсілдік немесе ларвальдык (larva) және имагинальдык (лат. imago - ересек) жануарлардың дамуындағы жыныс жүйесі жетілген ересек сатысы.
Дернэсілдік паразитизм бір гоп катарының барлығында толығымен кездеседі. Мысалы, нематодтардың Mermithidae деп ата- латын тұқымдасының өкілдері ересек кезінде суда еркін тіршілік етіп, сол жерде жұмырткаларын салады. Жұмырткалардан дернәсілдер шыгып, моллюскалардың немесе насекомдардың денесіне енеді де, сол жерде өсуінің барлык кезеңдерінде паразиттік тіршілік етеді. Еркін тіршілік ететін кезеңінің үзақтығы қатты ауытқымалы: кейде Mermis nigrescens-тьщ аналыктары тек екі жыл еркін тіршілік еткен- нен кейін ғана жыныстык сатысына жетіледі. Осыған ұксас тіршілік никлы Gordiacea өкілдерінде де кездеседі.
Copepoda-лардың арасында Monstrillidae тұқымдасының ере­ сек түрлері теңіз планктонында науплиусты көздерінің жэне ескек аяктарыныңкөмегіменжылдамжүзеді. Монл7г////й'аеөкілдерініңішегі қалыпты көлемінен кішірейіп, семуі соншама, олар қоректенбейді. Аналықтарының ұрықтанған жұмырткаларынан ас корыту жүйесі жоқ дернэсілдері - науплиустар шығып, суда жүзіп көп кылтанды кұргтар Polychaeta-лярлъщ (мысалы, Polydora, Salmacina) туысының өкілдерін тауып денесіне енеді. Құрттың денесіне енген дернәсіл оның арка кан тамырына түсіп, сол жерде түлеп бөлшектенбеген көп клеткалы доғал денешікке айналады. Болашактағы осы ұрықтың алдыңғы жағынан екі ұзын саусак тэрізді кармалауыш өсінді дами- ды, ол коректі сіңіру кызметін аткарады. Әрі карай ұрык тағы да түлеп біртіндеп жыныс бездері дамыған ересек шаянға айналады. Қалыптаскан шаян иесін тастап еркін тіршілікке көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет