Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқытудың пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісіндегі орны, маңызы ерекше. Дамыта оқыту- дәстүрлі оқытуға мүлдем қарама-қарсы альтернативті оқыту түрі. Дәстүрлі оқытудың басты мақсаты білім беру, оқушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру болса, дамыта оқыту білімді де, тәрбиені де жеке тұлғаға бағыттай отырып, оны жан-жақты дамытуды мақсат етеді. Дамыта оқыту оқушыны субьект ретінде қарастырады.
Дамыта оқытудың негізін салушылардың басында тұрған В.В.Давыдов, Д.Б.Элькониндер оның ерекше тиімділігін баланың білімді өз бетімен алуы, оның ізгілік (гумандық) бағыты, іс-әрекеттегі шығармашылық, өнерпаздықпен түсіндіреді. Дамыта оқыту жеке тұлғаның ойлауын, танымын, есте сақтау қабілетін, эмоциясын, сезімін, жан дүниесін, тілін, ерік-қайраты, мінезін, дарынын дамытуға бағытталады. Ойлаудың өзін ғалымдар өнімді-өнімсіз, шығармашылық-шығармашылық емес деп бөледі. Ал дамыта оқыту тұлғаның шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді. Ал шығармашылық ойлау адам дамуының ең жоғарғы биігі болып табылады. «Школа, работающая в системе развивающего обучения, призвана передать подрастающим поколениями опыт творческого мышления, творческой пойсковой деятельности по решению новых проблем»,-деген пікірі дамыта оқытудың өзіндік ерекшелігін айқындайды [30, 125] .
Оқытудың бұл түрі оқушылардың теориялық ойлау қабілеттерін дамытуды негізгі мақсаты етеді. Ал енді теориялық ойлау - оқушының бір нәрсе, құбылыс туралы, олардың жаратылысы, мән-мағынасы, қасиеттері туралы зерттеулерінің сөз арқылы көрініс табатын іс-әрекеті. Теориялық ойлау диалогиялық әңгіме, пікір - талас арқылы қалыптасады, сол арқылы жарыққа шығады. Құбылыс, зат туралы таным үлкен ақыл-ой еңбегін қажет етеді. Сондықтан да дамыта оқыту ең алдымен оқушылардың санасын, ойлау- іс-әрекеттерін дамытуды көздейді. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардағы дамыта оқытудың ерекшелігін, дәстүрлі оқыту түрлерімен салыстыра отырып, төмендегідей саралауѓа болады:
- білім ғана емес, оқушылардың абстрактілі ойлау іс-әрекеттері, ғылыми танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың алдыңғы кезекте тұруы.
- оқу үрдісінің тікелей тұлғаға бағытталуы.
- оқушы- субьектінің, білімді өз ізденісі, жетістіктері арқылы алуы.
-сабақтың барлық кезеңдерінде ол - белсенді тұлға (зерттеуші), өнім беруші, өз іс-әрекетін талдаушы.
- мұғалім - әр баланың танымдық түйсігін оята отырып, оларды даму аймағына кіргізуші.
- дамыта оқытуға негізделген сабақ- ұжымдық ойлау іс-әрекеті, диалог, пікір талас, іскерлік қарым-қатынастармен ерекшеленеді.
- мұғалім оқушыларға дайын біліммен емес, проблемалық сұрақпен келеді, берілетін білім проблемалық баяндау негізінде болады. Оны шешу, мақсатқа жету оқушының өз іс-әрекеті арқылы жүреді. Оған жетудің әдіс-тәсілдері, жолдарын өзі табады. Модель, жоба жасау, оны қорғау-дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал шығармашылық ойлау-шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты белгілері төмендегідей:
- бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, оған қол жеткізу;
- нәтижеге жетудің әр түрлі жолдарын іздеу;
- нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету;
- ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іс-әрекет жасау.
Дамыта оқытуды негізге алған пәнаралық байланыстағы шығармашылық жұмыстарда оқушы-мұғалім іс-әрекеті төмендегідей болып келеді. Ол дәстүрлі оқытудағы мұғалім-оқушы қарым-қатынастарынан мүлдем бөлек.
6-кесте — Оқушы – мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Проблеманы шешуші. Өнім жасау-шы.
Әдіс-тәсілдер, әр түрлі жолдар іздеуші, табушы.
Өз өнімін ортаға салушы, ұжыммен қарым-қатынасқа түсуші. (жоба, модель, ереже, сұрақтар, дайындаушы)
Керегінде мұғалімді де пікір таласына шақырушы.
Өз еңбегін өзі саралаушы, қорытындылаушы.
|
Оқушыларды дербес таным іс-әрекетіне кіргізуші, оған түрткі жасаушы.
Тапсырмалар, сұрақтар әзірлеуші.
Ақылшы, көмек беруші;
Бірлесіп іздеуші, керегінде олармен пікір таласына, диалогиялық әңгі-меге кіруші.
Психологиялық жағымды ахуал, жағдай туғызушы.
Оқушылардың ізденісін қолдаушы, мақұлдаушы.
Қол жеткен нәтижені саралаушы, коррекция жасаушы.
|
Дамыта оқытуда мұғалім қызметі төмендеп тұрған жоқ. Оқытудың қай түрі болмасын мұғалім - ол мұғалім. Бірақ оқытудың бұл түрінде мұғалім дәстүрлі оқытудағыдай барлық іс-әрекетті өз мойнына алмайды. Мақсатқа тек өзінің белсенділігімен жетпейді. Белсенділік оқушыға жүктеледі. Дамыта оқытуда да мұғалім оқушы іс-әрекеті бірлікте, бір бағыт, бір мақсатқа бағытталады.
Атақты ғалым-педагог Ш.А.Амонашвилидің мына пікірі соны дәлелдейді: «Развиваться ребенку педагог помогает лишь в том случае, если он объясняет, показывает, напоминает, подводит, объективириует, советует, совещается, предотвращает, сопереживает, поощряет, стимулирует, вселяет уверенность, заинтересовывает – это взаимосвязанные и целенаправленные действия» [58, 20].
Ѓалымдар еңбегін саралай келе, мұғалім-оқушы іс-әрекетін төмендегі 1 сурет арқылы көрсетуге болады.
Дамыта оқыту жаттанды іс-әрекеттерге сүйенбейді, оқушының жеке басын дамыту, білімді өз ізденістері арқылы алуды қамтамасыз етеді. Шығармашылық еңбекке кең жол ашады. Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс-әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқытудағы өнімсіз еңбектен босатады. Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады.
Ол жөнінде осы оқытудың негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов былай дейді:«Процесс усвоения знаний может проходить в результате самостоятельного поиска путем решения познавательной задачи. А решать несложные познавательные задачи способен даже ученик первого класса... Решение задачи служит одним из средств овладения системой знаний по тому или иному учебному предмету и в то же время способствует развитию самостоятельного творческого мышления» [59, 40].
Қорыта келгенде, дамыта оқытудың пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізудегі ең басты тиімділігін төмендегідей кµрсетуге болады:
- оқушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы;
- оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіруі;.
- олардың қабілеті, дарынын, шығармашылық бейімін дамытуға түрткі жасауы;
- шығармашылық тұлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан-жақты дамытуы;
- оқушылардың өзін-өзі тануы мен "Мен" менталитетін жетілдіруге жағдай жасауы;
- ѓылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы.
Ұжымдық оқыту технологиясы.
Ұжымдық оқыту білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беру технологиясына жатады. Оны кейде «ұйымдастырылған диалог», «ұжымдық оқыту» деп те атайды.
Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастық болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын саралау, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.
Ұжымдық оқытудың негізі 30-жылдары еңбек еткен практик-мұғалім А.Г.Ривиннің ізденісінен туған. А.Г.Ривин негізін салған ұжымдық оқытуды зерттей отырып, оны ары қарай жаңартушылар, ізденушілердің бірі болған ғалым В.К.Дьяченко оны «работа учащихся в парах сменного состава», - дейді [60].
Сондай-ақ ғалым: "Коллективная форма учебных занятий имеет особенности как парной, так и групповой формы, и в то же время это качественно принципиально новая форма. Коллективные учебные занятия- это работа учащихся в парах сменного состава. При коллективных занятиях работа происходит в парах, но эти пары не замкнутые, а открытые: каждый по очереди работает то в роли обучающего, то в роли обучаемого. При систематической коллективной работе все ученики по очереди работают со всеми: все обучают и воспитывают каждого, а каждый всех", - деп анықтама береді [61, 15].
Бұл оқытудың ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай, өзінің тиімділігін әр кезеңде де дәлелдеп келе жатқан себебі мынадай басты-басты ерекшелігінде жатыр:
- жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар, жұмыс түрлері арқылы оқушылардың логикалық ойлауы жетіледі, тілі дамиды;
- сөйлеу үрдісінде есте сақтау қабілеті, зейіні дамиды, бұрынғы білім мен тәжірибесі, икем-дағдысы кеңейе түседі, үнемі жаңғырып отырады;
- єркім өзін еркін ұстайды, дербес жұмыс істеуге, өз бетімен қорытынды жасауға дағдыланады;
- тек жеке басы үшін емес, ұжым алдындағы жауапкершілігі, іскерлігі артады;
- µзін-өзі бағалау, өз-өзіне үңілу, өз мүмкіндігі мен қабілетін саралау, жетістігі мен кемшілігіне көз жеткізу іс-әрекеті дамиды;
- µзін-өзі оқыту, бір-бірін оқыту үрдісі жүреді;
- ауысып келіп отыратын қатары, жұбы арқылы бір мәселе айналасында бүкіл ұжыммен жұмыс істеуге, оны талқылауға мүмкіндігі туады. Білім мен дағды беки түседі, тиянақты білім қамтамасыз етіледі.
Ұжымдық оқыту технологиясының маңызын ұлы педагог Я.А.Коменскийдің мына пікірі дәлелдейді: "Если нужно- откажи себе в чем-нибудь и плати тому, кто будеть тебя слушать, многое спрашивать, усваивать, учить других тайны великой учености" [55, 20].
Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізуде ұжымдық оқытудың төмендегідей жұптық тәсілі ерекше маңызды болып келеді.
7- кесте — Ұжымдық оқытудың жұптық тәсілі
1. Тұрақты жұп
2. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп.
3. Вариациялық жұп (ерекше жұп)
|
Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім-оқушы; оқушы-мұғалім қызметінде іс-әрекет жасайды. Жұпқа екі жақсы оқитын, немесе бірі жақсы, бірі орташа оқитын бала жұпталады.
Бір тапсырмаға 4 бала жұмылады, тапсырманы 4 бөлімге бөліп алып орындайды. Әр бала өз жұмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын үш рет қайталап айтады. Әр баланың дербес қабылдауы, өзіндік білімін ескере отырып айтқанда, түсіндіру үш түрлі деңгейде болуы мүмкін.
Топтағы баланың әрқайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де бір бала қалған үшеуіне түсіндіреді, қалғандары кезектесе отырып осы бағытта әрекет жасайды.
|
Ұстаздардың ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әр түрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Төменде ұжымдық оқытуды басшылыққа алған, пәнаралық байланыс арқылы шығармашылық тапсырмаларды жүргізу әдістемесі беріліп отыр. Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары:
І кезең. Дайындық кезеңі. Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.
ІІ кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің жұмысын тыңдайды; ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды. Бағалайды, коррекциялық жұмыстар жүргізеді, бір-бірін оқытады, бір-бірінен үйренеді, бір-біріне түсіндіреді.
ІІІ кезең. Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптардың дұрыс-бұрысын сараптайды, саралайды.
ІV кезең. Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі (дауласады, пікір таласы, келісу-келіспеушілік болды).
Достарыңызбен бөлісу: |