Оқулық-әдістемелік бағдарлама. Семей, 2007ж



бет12/14
Дата04.10.2019
өлшемі1,16 Mb.
#49196
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
казирги кезен

V кезең. Бақылау жұмысы. Жұмыс оқушылардың алған білімін, ұғымын тексеру мақсатында жүреді. Бақылаудың түрі көп, тиімді дегенін мұғалім таңдап алады. Осы жұмыстардан соң мұғалім бақылау жұмысының қорытындысын хабарлайды. Коррекциялық жұмыстар жүргізеді. Кемшіліктерді түзету үшін жаңа мақсаттар белгілейді.


Топтың спикері болады, ол "координатор" деп те аталады. Мұғалім оны да дайындайды, координаторлар да ауысып отырады. Координаторлар ең алдымен мұғалімнің де, достарының да көмекшісі қызметін атқарады. Олардың өз қызметін толық түсінуі әрі ұжымды жемісті еңбекке жұмылдыруы үшін төмендегідей көмек-нұсқау берудің тиімділігі бар.

Көмек-нұсқау





  • тапсырманың мақсатқа жету, жетпеуі, сәттілігі

өзіңнің де ұйымдастырушылық қабілетіңе байланысты.

  • топтың әр мүшесімен достық қарым-қатынаста бол. Ескертулеріңді байыппен, орнықты етіп жаса.

  • єділетті бол, іс-әрекетің қысқа, тұжырымды, түсінікті, дәлелді болсын.

  • µзімшіл болма. "Менікі" ғана дұрыс деген қорытынды жасама.

көмекші, ақылшы бола біл. Достарыңның жауабын көңіл қойып тыңда, керекті жерінде ғана пікір қос.

Жұп мүшелеріне де осындай нұсқау ұсынып, қалай жұмыс істеу керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі.

Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс. Дәстүрлі оқытудағы топтық жұмыстар тұрақты болып келеді, өздеріне берілген тапсырмаларды топ болып орындайды. Ұжымдық оқытуда тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Топтағы оқушылардың әрқайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға сала алады, үнемі қозғалыс, ауысып отыру бұл оқытудағы топ жұмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Топқа оқушылар өз еркімен де, мұғалім нұсқауымен де кіре алады. Мұғалім оқушылардың қабілеті, іскерлігі, білім дәрежесіне қарай топтастырады. Топтық жұмыстың басты тиімділігі: берілген шектеулі уақытта пікір алмаса алады, ойларын ортаға салып үлгереді. - пікір алмасуға, ортаға салуға, ынтымақтастықпен бірігіп, жұмыс істеуге, қорытынды жасауға қатыса алады. - зерттеу, іздену іс-әрекетіне икемделеді.

Топтық жұмыста мұғалім тарапынан нақты нұсқау беріледі. Топ спикері белгіленеді. Топ жұмысы жемісті болу үшін мұғалім оқушылар арасындағы бірлікке ерекше көңіл бөледі. Сынып неше топқа бөлінсе де, олар бір ғана проблема шешу айналасында ізденеді. Мысалы, "Қараш-қараш оқиғасындағы етістіктердің орны" деген проблема - барлық топтың шешетін тапсырмасы. Әр топқа әңгімені тарау-тарауға бөліп беру- мақсатқа жетудің тиімді тәсілі. Әр топ өздеріне ұсынған оқиғалардан сын есімді іздейді, мақсатқа жету айналасында еңбектенеді. Топтық жұмыстан соң спикерлер өз тобымен микро-сабақтар (шағын сабақтар) өтеді. Оған барлық топ қатысып, мәселені талқылауға, сұрақ қоюға араласады. Бір-бірінің жұмысын саралау, бағалауда ауысып отыру топ арасында жүріп отырады. Ал топ ішіндегі оқушылар өз-өзіне, бір-біріне баға қоя алады, оған еркіндік беріледі. Олардың жұмысына, жауабына, тапсырманы орындауына спикер сараптама жүргізеді, талдау береді. Топ мүшелерін ауыстырып отыру, керегінде оны өзгертпеу тапсырмалар ауқымына, күрделілігі мен жеңіліне байланысты болады. Кейде тапсырма топтағы оқушылар санына қарай жеке-жеке бөлініп беріледі.

Әрқайсысы өз жұмыстарын аяқтаған соң, ортаға салады. Жұмысын аяқтаған бала қай топқа барып өз нәтижесін ортаға салады, оған еркіндік беріледі. Уақытты үнемдеу, қайталаулар арқылы еске ұстау, тыңғылықты білім алу үрдісі жүреді. Ең бастысы, оқушылар өз беттерімен бір нәтижеге қол жеткізеді, барлығы ізденеді, оқу еңбегіне бірдей қатысады. (Топтыќ ж±мыстыњ моделін 2 суреттен көруге болады.)

Жұптық жұмыстардың тағы бір түрі - еркін жұптар арасындағы, яғни өзгеріп, ауысып келіп отыратын жұптар жұмысы, оның технологиясы төмендегідей: тапсырма бәріне ортақ беріледі. Әрқайсысы оны жеке-жеке орындайды да, өзі қалаған баламен жұптасып, тапсырмасын ортаға салады. Ары қарай басқа баламен жұптасып, жұмысын жалғастырады. Жұптағы екінші бала да осы тәсілмен бірнеше баламен жұмыс істейді. Әр бала өз жұмыстарын ғана ортаға салмайды, екінші баланың да жұмысын тыңдайды, танысады.



Осы жұптасқан балалар енді басқа балалармен де жұптасып жұмыс істейді. Бұл жұмыстың ұтымдылығы: бір баланың жұмысына бірнеше бала пікір айтады, бағалайды, жетістігі, кемшілігі туралы талдау жасайды. Қайталап сөйлесу, пікірлесу, ойларын еркін жеткізуге, тілдерін жаттықтыруға, білімін жан-жақты толықтыруға ықпал етеді.

2-сурет — Топтық жұмыс


Ұжымдық оқытуға негізделген жұптық жұмыстың бір түрі – вариациялық (ерекше) жұптар жұмысы.Оның технологиясы-топтағы балалардың әрқайсысы берілген тапсырманы жеке-жеке орындайды. Орындап болған соң, оқушылар жеке-жеке өз жұмыстарын кезектесе отырып ортаға салады. Біреуі айтып жатқанда, қалғандары тыңдайды, жазба жұмыс болса, жазғандарын оқиды. Бір-біріне сұрақ қояды, ол сұраққа жауап бере алмаса, топтағы басқа балалар жауап береді. Бұл жұмыс әсіресе оқушының ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін бірлікте қарастыра отырып тіл дамытуда тиімді болып келеді.

Жұптық жұмыстың бұл түрінде дербестік сақталады. Ең жақсы деген жұмысты топ спикері басқа топқа ұсына алады. Ол бала енді өз жұмысын басқа топтың ортасына салады. Қорытынды кезеңде мұғалім көмегімен 2-3 жұмысты бүкіл ұжым тыңдайды, пікірлеседі, ойларын ортаға салады.

Вариациялық жұптар жұмысы көбінде оқушылардың өз сезімі, қабылдауы, әсерін тәжірибеде пайдалана білу мақсатына бағытталады. Балалардың жеке бас ерекшелігі, ынтасы, оқуға деген қарым-қатынасына байланысты ұжымдық оқыту технологиясын дамытып, өзгертіп жүргізуге болады. Ұжымдық оқыту технологиясы туралы ғалымдар зерттеулері баршылық. Бірақ бірде- бірі оны пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісіне пайдалану жолдарын сөз етпейді, теориясын ғана ортаға салады. Оның теориясын меңгере отырып, тәжірибеге пайдаланудың өзіне шығармашылық іскерлік керек.

Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуда шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісіндегі ұжымдық оқытудың тиімділігін былай саралауға болады:

- топтық, жұптық жұмыстарда балалар үнемі сөйлеу, пікір алмасу, пікірталас қатынасында болады;

- бірінші кезеңде әр бала тапсырманы жеке орындайды;

- екінші кезеңде бір-біріне түсіндіреді;

- ‰шінші кезеңде бірлесе келіп, бір-бірінің жұмысына пікір айтады, түзетеді, ортақ қорытындыға келеді;

-төртінші кезеңде бүкіл ұжым болып талқылайды, қорытынды жасайды. Қай кезеңде болмасын баланың тілі, ойын еркін жеткізу дағдылары дамиды. Ұжымдық оқытуда балаға толық еркіндік беріледі, олар өз-өзін және бір-бірін оқытады.

Жұмыстың барлық кезеңі мақсатқа жетуде оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі белсенділікте болады. Бұның өзі ұжымдық оқытудағы тілдің орнын ешбір түсініксіз дәлелдейді.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдірудің орны ерекше. Инновациялық технология оның жаңа, өнімді технологиясынан ізденуді алдыға алып келді.

Жұптық жұмыстар – оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудың өнімді жолы. Осы мақсаттағы жұптық жұмыстың бір моделі төмендегідей болып келеді:



Сұрақ-тыңдау-сөйлесу-талдау-келісу, қорытындылау.

Жүру әдістемесі:

Мұғалім тапсырма, сұрақ береді, бала оның жауабын жанындағы балаға айтады. Жұп бір-бірімен сөйлеседі, талдайды, бір келісімге келеді, жұмыстарын қорытындылайды. Осы іс-әрекеттен кейін әр жұп өз жұмыстарын ортаға салып, бүкіл ұжым болып талқылайды. Тіл дамытудың бұл түріндегі сұрақ пен тапсырма іздендіру, зерттеу, проблеманы шешу дәрежесінде болады. Мұғалім оқушын білімін өз беттерімен анализ, синтез, баға деңгейіне көтеру іс-әрекетімен жұмыс істеуге жетелейді.

Сұрақ: Мұғалім сұрақ қояды.

Тыңдау. Оқушылар сұрақты тыңдайды, еске ұстайды, ойланады.

Сөйлеу: Ары қарай жауаптарын бір-біріне айтып сөйлеседі.

Талдау: Жауаптарын талдайды, пікірлеседі.

Келісу: Дау туғызатын мәселелер айналасында біріге отырып

келіседі, қорытынды бір пікірге жүгінеді.

Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамытуда осы модельдің маңызы зор.

Біріншіден, белгілі тәртіп, нақты мақсат, оқушыларды жүйелі жұмысқа жұмылдырады.

Екіншіден, әдебиет пен қазақ тілінде беріліп жатқан білімді бірлікте қарастыра отырып оқушылардың білімін тереңдетуде, тіл дамытуда өнімді тәсілі болады. Ұжымдық оқытудың, әсіресе оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудағы орны ерекше.

Тіл дамыту үрдісінде оқушылардың байланыстыра сөйлеуі және ауызекі сөйлеу тілдерінің жетілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Күнделікті өмірде, қарым-қатынаста адамдар ең алдымен ауызша тілдеседі, сол арқылы бір-бірімен түсініседі. 45 минут сабақта да мұғалім-оқушының оқу іс-әрекеттері ауызекі сөйлеу тілімен жүзеге асады. Ауызекі сөйлеу тілді дамыту ең алдымен оқушылардың сөздік қорын байытудан басталады.

Ауызекі сөйлеу тілі тіл байлығымен ғана емес, сөйлеу мәдениетімен де тығыз байланыста болып келеді. Ойды шебер, жатық, жүйелі тілмен жеткізуде дауыс ырғағы әрі сөзді айқын, мәнерлі айта білудің маңызы зор. Тіл дамыту үрдісінде осы мәселелерге айрықша көңіл бөлген жөн.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардың алатын орны ерекше. Өткен ғасырда өмір сүрген орыстың ұлы лингвист ғалымы Ф.И.Буслаев: "... цель обучения должна состоять в усвоении ребенком языковой культуры народа через систему специальных речевых упражнений... все грамматическое учение должна быть основано на чтении писателя", - дейді. [2,66]. Ғалым еңбегінен мына мәселелерді саралап алуға болады:

Біріншіден, тіл мәдениетіне баулу, арнайы жаттығулар арқылы жүзеге асады.

Екіншіден, тілді меңгерту, үйрету әдебиет пәнімен тікелей байланыста жүреді.

Ұжымдық оқыту тәсілінде оқушылар үнемі бір-бірімен ауызша тілдеседі, ауызекі сөйлеу тілінде қарым-қатынас жасайды. Мұның өзі ешбір дәлелдеусіз оның тіл дамытудағы орнын айқындайды.
Проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту туралы ғылыми еңбектер, ізденістер, жинақталған тәжірибелер баршылық. М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, Г.Ю.Ксензова, поляк ғалымы В.Оконь т.б. еңбектерімен қоса, қазақстандық ғалымдар Т.Ақшолақов, Ќ.Тасболатов, Ә.Дайыровалар ізденістерін атауға болады. Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады. Оның басты себебі проблемалық оқыту технологиясының өзіндік ерекшелігінде жатыр. Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі – оқушылар бұл оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады. Ойлау үрдісі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды. Ғалымдардың төмендегі пікірлері осы тұжырымды дәлелдейді: «Осознав поставленную проблему, ученики сами намечают план поиска, строят предположения (гипотезу), проводят наблюдения, опыты, фиксируют факты, сравнивают, доказывают, делают выводы» [62, 124]. Ал Г.Ю.Ксензова:«Основной ситуацией, порождающей процесс творческого мышления, является проблемная ситуация»,-дейді [30, 147].

Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу - шығармашылық үрдіс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні - жеке тұлғаның бірнәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық - ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Ғалымдар проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі мен маңызын төмендегідей саралайды: «Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций, формулирование проблемы (постепенно к этому привлекаются сами ученики), оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании», - дейді поляк ғалымы В. Оконь [63, 65].

Ал проблемалық оқыту айналасында ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген М.И.Махмутов: "В основе проблемного обучения лежит учебная проблема, сущностью которой является диалектическое противоречие между известными ученику знаниями, умениями и навыками и новыми фактами, явлениями, для понимания и обьяснения которых прежних знаний недостаточно",- деген тұжырым айтады [64, 51].

Екі ғалымның пікірін ќарастырғанда проблемалық оқыту туралы ортақ бір тұжырым шығады. Ол - оның негізінде бір бейтаныс проблеманың жататыны, ол проблеманы шешу қажеттігі, ол үшін бұрынғы білімге сүйену, бірақ оның мақсатқа толық апармайтынын түсінуге болады. Проблемалық оқытудың басты-басты белгілерін педагог-ғалым М.Н.Скаткин өзінің"Совершенствований учебного процесса в школе" деген еңбегінде былай көрсетеді [62]:

Проблема шешу, проблемалық тапсырмалар, сұрақтар әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Бұл үрдісте әсіресе пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Проблемалық жұмыстар, сұрақ-тапсырмалар туралы педагог-ғалым Г.Ю.Ксензованың тұжырымдамасына жүгінген дұрыс:«Проблемная учебная задача - это задача позволяющая освоить общий принцип решения практических задач» [30, 149].

Дегенмен ғалым бұл жерде шығармашылық тапсырмалар туралы, оның проблеманы шешудегі орны жайында сөз қозғамайды. Ал проблемалық оқытуға негізделген шығармашылық тапсырмалардың ең басты белгілері, оқушылардың белсенді дербес ізденісі, өзіндік, шығармашылық ойлауы арқылы проблемалық ситуацияны шешулерінде. Бұл жөнінде:«Решая проблемную ситуацию человек либо находить новое, прекомбинируя хорошему известное в известном, то есть свести не известное к уже усвоенному ранее и тем самым разрешить проблему»,- деп түсіндіреді ғалым-педагог Г.Ю.Ксензова [30, 148].

Алайда ғалым ең басты және маңызды мына мәселелерге ерекше көңіл бөле алмаған:


8-кесте — Проблемалық оқытудың басты белгілері


  1. Білімді проблема негізінде баяндау.




  1. Оқушыларды іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу.


  1. Оқытудың зерттеу әдісі

Мұғалім сабақты жай хабарлап, не баяндап түсіндірмейді. Проблема қоя отырып, түсіндіреді. Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.
Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды, ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.
Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.




  1. Оқушы үшін "жаңа", "беймәлім" проблема дегендер ғылымға белгісіз, мүлде тың, ашылмаған мәселелер емес.

  2. "Жаңа" дегенде оқушының өз ізденісі, өз зерттеуі арқылы қол жеткізген өнімі айтылатыны.

Проблемалық оқытудың тиімділігі де сол - ол оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылық өнімге қол жеткізуі. Бұл жерде проблема қайдан және қалай пайда болады деген сұрақ туындайды. Проблемалық оқыту технологиясымен ұзақ жылдар айналысқан М.И. Махмутов оның оқытылатын тақырып, көркем туындының өзінде, автордың идеялық нысанасының негізінде жататынын айтады [64, 51]. Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады. Технология оқушы - субьектінің дербес еңбегін талап еткенмен, мұғалімнің басшылығын, ақыл-кеңесі, яғни "режиссердің таяғын" мүлде жоққа шығармайды. Проблемалық оқытуда сол "таяқтың" маңызы зор болып келеді.

Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін былай тұжырымдауға болады:



  1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.

  2. Проблеманы ашу, өнім жасау, шығармашылық еңбекке қол жеткізу.

  3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.

Проблемалық оқытуға негізделген шығармашылық тапсырмалардың дәстүрлі оқытудағы тапсырмалардан ең басты айырмашылығын ғалымдар еңбегіне сүйене отырып, төмендегідей жіктелінді.
9-кесте — Оқушы мен мұғалім іс-әрекеттері


Дәстүрлі оқытудағы

Проблемалық оқытудағы

1. Проблема қойылмайды

2. Мұғалім тарапынан тапсырмалар берілетін жауабы дайын, қарапайым тапсырмалар. Нақты жауап оқу-лықта, қосымша материалдарда бар.

3. Оқушы-обьект. Ол- орындаушы. Мұғалім жетекшілігі, басшылығы үстем болады.

4. Шығармашылық ізденіс, жаңа өнім жасау міндетті емес.

5. Сыныптағы барлық оқушыларға арналған тапсырмалар.


1. Алдыға проблема қойылады.

2. Дайын жауабы жоқ, проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар.

3. Оқушы- субьект. Ол - дербес ізденуші. Еш нәрсені қайталамайды, дайын дүниені көшірмейді, өзінің ізденісі, зерттеуі арқылы проблема-

ны шешуге талаптанады. Мұғалім-ақылшы, кеңесші, ұйымдастырушы, бағыт беруші.

4.Оқушыларды жан-жақты дамытуға,

жеке тұлғаға, оның дарыны, қабілетін арттыруға бағытталған шығармашы-

лық сипаттағы тапсырмалар.



Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы-- оқушылардың шығармашылық қабілетін, дарынын дамытуға бағытталады. Бұл жөнінде «Методика развития речи на уроках русского языка» деген ењбекте былай делінеді:«Для развития творческой деятельности учащихся предлагается использовать наряду с упражнениями поисковые, проблемные, творческие задачи» [65, 15].

Проблемалық оқыту технологиясынан дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді, нәтижелі қорытынды береді.


Еңбектің бастапқы бөлімдерінде оқушыларды ғылыми жұмысқа баулитын, жетелейтін әдіс-тәсілдерді, тиімді жолдарды сөз еткен болатынбыз. Енді шығармашылық жұмыстардың, тапсырмалардың оқушылардың дербес ізденісі, зерттеуіне тигізетін игі ықпалына тоқталмақпыз. Ол үшін шығармашылық жұмыстар технологиясын білген дұрыс.

ШЫЃАРМАШЫЛЫЌ Ж¦МЫСТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
Шыѓармашылыќ сµзініњ т‰п-тµркініне орыс ѓалымы М.Поташник былай аныќтама береді:

-жања µнім жасау, немесе б±рынѓы µнімді жањалап жетілдіру;

-іс-єрекеттегі ќайталанбайтын, µзгеде жоќ, нєтижелі µнім. /13.201с/

Шыѓармашылыќ сµзіне берілген ѓалым пікірі µте дєл, наќты т±жырым. Біраќ та оныњ ауќымы б±л т‰сініктен де кењ, терењ.

Шыѓармашылыќ-ќабілет, дарын, µнерпаздыќ деген ±ѓыммен ‰ндес. Сол себептен де ол т±лѓадаѓы дарын, ќабілет, µнердіњ кµзін ашу, сол ќасиеттерді дамыту мєселесіндегі ерекше іс-єрекет болып табылады. Сондай-аќ, А.И.Кочетов: «Творческая деятельность- это процесс создания новой информации или продукции с высокими показателями их качества и качества с наименьшей затратой времени и сил»-деп, шыѓармашылыќ іс-єрекетке т‰сінік бередІ. /4.56с/

Ѓалымдардыњ пікіріне ж‰гіне отырып, шыѓармашылыќ іс-єрекеттіњ басты белгілерін тµмендегідей саралайѓа болады:

-Уаќыт ‰немдей отырып, артыќ к‰ш т‰сірмей, жоѓары нєтижеге ќол жеткізу.

-Ойлап табу.

-Дайындау, жања µнім жасау.

Ал, педагог ѓалым Г.Ю.Ксензова: «Творчество- это атрибутивное свойство любой личности неотьемлимый компонент ее структуры. Если человека лишают творческого начала, он перерастает чувствовать себя личностью»-дейді. /15.36с/

Ѓалым жеке т±лѓаныњ басты белгілері ретінде оныњ шыѓармашылыќ ќабілетіне тоќталады. Шыѓармашылыќ ќабілеті жоќ жеке бастыњ т±лѓаѓа жете алмайтынын сµз етеді. Ѓалымдар ізденісі теориялыќ т±жырымдармен шектеледі, ал оны істе, тєжірибеде ќалай ж‰зеге асыруѓа болады, олар оныњ наќты жолдарына тоќталмайды. Баланыњ шыѓармашылыќ ќасиетін ќалай дамытуѓа, ќалыптастыруѓа болады, ол сµз етілмейді.

Шыѓармашылыќ ќасиеттердіњ жеке т±лѓадаѓы бір кµрінісі-оныњ тілі. Шешен де кµркем, бейнелі сµйлей білу, ойды шебер тілмен жеткізу т±лѓаныњ шыѓармашылыќ ќасиеттерініњ бірі. Дєст‰рлі оќытуда да шыѓармашылыќ ж±мыстарѓа кµњіл бµлінеді. Дєст‰рлі оќытуда шыѓармашылыќ ж±мыстарды жеке т±лѓаѓа баѓыттау, оќушыларѓа еркіндік беру, оќушы мен м±ѓалім ењбегін µнімді іс-єрекетке негіздеу, оќушыѓа субьект ретінде ќарау негізге алынбаѓан.

Ќазіргі білім беру ‰рдісінде тапсырмалар т‰рі баршылыќ. Оларды жинаќтай, саралай келе, тµмендегі баѓытта топтауѓа болады:
Тапсырмалар т‰рі

-Типтік тапсырмалар.

Т‰сініктеме:

Б±рын игерген білімді, єдіс-тєсілдерді пайдалана отырып, оќушы жања маќсатќа жетудіњ жолдарын табады.

-Аналитикалыќ, яѓни сараптау,

Т‰сініктеме:

Алгоритмдерді саралай, талдай отырып, оны жања маќсатќа пайдалана білу.



-Шыѓармашылыќ баѓыттаѓы тапсырмалар.

Т‰сініктеме:

Жања шешімді іздеу, табу, нєтижеге жету. Оќушылар б±л ж±мыста µзіне белгісіз жањалыќ ашады, оныњ жолдарын ж‰йелейді (сызбаѓа, модельге айналдыруы м‰мкін).

-¤зін-µзі оќытуѓа негізделген тапсырмалар.

Т‰сініктеме:

Єсіресе, жања білімді бекіту баќылау кезењінде тиімді. Оќушылар ќол жеткен шешімдерін берілген ‰лгі, кµмек-н±сќау арќылы талдайды. М±нда да м±ѓалім бірінші кезекте т±рмайды, керісінше оќушылар іс-єрекеттері арќылы µзін-µзі оќытады.

Осы тапсырмалардыњ ќай т‰рінде болмасын, технология талаптары басшылыќќа алынѓан. Оќушы-субьектініњ дербес іс-єрекеті, білімді µз ізденістерімен алуы ескерілген. Ал пєнаралыќ байланыстаѓы шыѓармашылыќ тапсырмалар ж‰йесін жасауда мына мєселелерді ескерген жµн:

-Оќушылардыњ танымдыќ ќызыѓушылыѓын ескеріп, туѓызуѓа т‰рткі жасау.

-Мониторинг ж‰йесіне ж‰гіну.

-Диогностика мен прогнозѓа с‰йену.

-Белгілі бір уаќытта маќсатќа жету.

-Даралап, саралап, дењгейлеп оќытуды басшылыќќа алу.

-Оќушы м‰мкіндігін ескеру.

-Оќушы білімін шыѓармашылыќ дењгейге дейін кµтеруді болжау.

-Дамыта оќытуѓа негізделген тапсырмалар арќылы жеке т±лѓаны жан-жаќты дамыту.

-Жеке т±лѓаныњ шыѓармашылыќ ќабілеттерін дамытуда аналитикалыќ, альтернативтік ойлауын жетілдіруді маќсат ету.

-Оќушыларѓа µз беттерімен жоба, модель жасауѓа, оны орындауѓа кµмек беру.

Б±л саралаудан оќытуды технологияландыру кезењіндегі шыѓармашылыќ ж±мыстардыњ дєст‰рлі оќытудаѓы шыѓармашылыќ ж±мыстардан ерекшелігі, айырмашылыѓы келіп шыѓады.

Оны мына кестеден кµруге болады:



Дєст‰рлі оќытуда.

М±ѓалім іс-єрекеті Оќушы іс-єрекеті

-жалпыѓа баѓытталѓан Тапсырмаларды ќабылдаушы.

тапсырмалар.
-Тапсырманы ±сынушы, М±ѓалім басшылыѓына с‰йенген обьект.

орындалуын талап етуші.


-Тексеруші, баќылаушы, тыњдаушы, келісуші, ќайталаушы.

баѓалаушы,

ќорытындылаушы.


Технологиялыќ оќытуда.
Оќушы іс-єрекеті. М±ѓалім іс-єрекеті.
-Оќушы-оќыту субьектісі. Жеке т±лѓаѓа ќарай баѓытталѓан

тапсырмалар ±сынушы, наќты

маќсат ќоюшы.
-Маќсатќа дербес µз Баѓыт-баѓдар беруші, кењесші.

іс-єрекетімен жетуші

белсенді субьект.
-¤зін-µзі жєне бір-бірін Оќушыныњ жетістігін ќ±птаушы.

оќытушы.
-¤нерпаз, жасампаз ењбектіњ иесі. Ынталандырушы, маќсат ќоюшы.


-¤з ізденісімен табысќа жетуші Маќсаттарѓа жетелеуші.

шыѓармашылыќ т±лѓа.


Ал шыѓармашылыќ ж±мыстарды ж‰ргізу кезінде тµмендегі мєселелерді аныќтап алѓаны жµн:

-Оќушы тапсырмалардаѓы сµздердіњ мєнін, маѓынасын т‰сіне ала ма?

-Маќсатын, міндетін ше?

-Толыќ т‰сіну ‰шін таѓы ќандай аќпараттар, ќ±жаттар, ќ±ралдар ќажет?

-Оќушыныњ білім дењгейіне, м‰мкіндігіне сєйкес пе, оларды тапсырмалар ќызыќтыра ма?

-Оќушылардыњ ќаділеті, білім дењгейі ескеріле ме?

Педагог-ѓалым Кушнирдіњ: «Ох, как мы заблуждаемся парой по поводу детских возможностей, умоляем их о человечность, приписывая себя и своим уроком судьбаносные решение»- /16.141с/ деген сµзі шыѓармашылыќ ж±мыстарда м±ѓалімге диогностикаѓа с‰йенуді, нєтижені болжауды, єр баланыњ м‰мкіндігі мен ќабілетіне ќарауды талап етеді.

Тіл дамыту ж±мыстарында б‰гінгі тањдаѓы білімді жеке т±лѓаѓа ќарай баѓыттай беру маќсаты басшылыќќа алынады. Білімді оќушылыќ дењгейден алгоритмдік, одан эвристикалыќ, одан барып шыѓармашылыќќа дейін сатылап кµтері мєселесі- тіл дамыту ж±мыстарына да ортаќ. Б±л ‰рдісте шыѓармашылыќ ж±мыстардыњ орны ерекше.

Шыѓармашылыќ ж±мыстарда оќушылардыњ ќабілеті, іскерлігі, икем-даѓдылары есепке алынады. Оны міндеттемей, оќушылардыњ ќызыѓушылыѓы, ынтасына ќарай тањдап алуларына жаѓдай туѓызу, бір таќырыптыњ µзіне бірнеше тапсырмалар ж‰йесін жасап ±сыну, наќты нєтижеге жеткізеді.

Шыѓармашылыќ тапсырмалар оќушылардыњ µз беттерімен зерттеу, іздену, ќорытынды жасау іс-єрекеттеріне т‰рткі жасай отырып, олардыњ дарын, ќабілеттерініњ жетілуіне ыќпал етеді, таным белсенділіктерін арттырады. Орыс ѓалымы В.В.Давыдовтыњ: «Процесс усвоения знаний может проходить в результате самостоятельного поиска путем решения познавательной задачи. А решать несложные познавательные задачи способен даже ученик первого класса. Решение задач служит одним из средств овладания системной знаний потому или иному учебному предмету и в то же время способствует развитию самостоятельного творческого мышления» /17.123с/ -деген пікірі шыѓармашылыќ тапсырмалардыњ мањызын аша т‰седі.

Шыѓармашылыќ ж±мыстардыњ ќай т‰рінде болмасын маќсатќа жету ‰шін, м±ѓалім µз тарапынан кµмек беріп, жетелеп отырады. Сонымен шыѓармашылыќ ж±мыстардыњ тиімділігін тµмендегідей саралауѓа болады:

-Шыѓармашылыќ баѓыттаѓы тапсырмалар оќушы білімін алгоритмдік, одан эвристикалыќ, оданы шыѓармашылыќ дењгейге дейін кµтеруге жол ашады.

-Пєнаралыќ байланыс арќылы берілетін білім терењдетіледі, даѓды, іскерлік жетіледі.

-Оќушылардыњ кµркем тілдері дамиды.

-Білімді оќушылар µз іс-єрекеттерімен алу ж‰зеге асады. Білім дењгейлері анализ, синтезге дейін кµтеріледі, µнімді білім беру ‰рдісі ж‰реді.

-Ж±мысты оќушылардыњ тањдап алуына ерік беріледі.

-Оќушыларды ізденімпаздыќќа, ситуацияны µз беттерімен шешуге даѓдыландырады.

-Жеке т±лѓалыќ ќасиеттерін дамытады.

-Дарынын, ќабілетін, ғылыми зерттеу ізденістерін ќалыптастырады.

-Ерік-ќайраты, жігері, еске ±стау, ойлау даѓдылары, эмоциясы дамиды.

-Берілетін білімніњ ењ негізгі т‰йінді дєнін тањдап ала білуге жаттыѓады.

-Салыстыру, ќорытынды жасау, µз беттерімен бір нєтижеге жету, фактілер мен ±ѓымдарды ж‰йелі т‰рде саралап білуге ‰йренеді.

-Модель, жоба жасау, болжамдар ±сыну, оны ќорѓау, дєлелдеуге даѓдыланады.

-Алдында т±рѓан ќиындыќты жењуге ‰йренеді.

-Сайыстарѓа мен айтыстарѓа ќатысып, тіл шеберліктерін дамытады.

-Шыѓармашылыќ ж±мыстар оќушылардыњ кµркем, єдеби тілініњ дамыуна да т‰рткі болады, білімдерін жетілдіреді.

-Оќушыныњ білімі терењдеп, пєнаралыќ байланысќа т‰седі.

-Еркіндікке, µз ойын ќорѓай білуге даѓдыланады.

-Оќушылардыњ д‰ниетанымын кењейтіп, білімдерін жан-жаќты толыќтыруѓа т‰рткі болады.
Жобалап оқыту технологиясы.
Бұл технологияның тиімділігі, біріншіден, практикалық маңызында жатыр. Екіншіден, ол оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулиды, шығармашылық қабілеттерін дамытады, әр оқушының дербес ізденісін дамытады. Сол ізденіс негізінде олар бір өнімге қол жеткізеді.

Жобалап оқыту түрлері де әр түрлі болып келеді:

-зерттеу, іздену, ғылыми жұмыстарға баулитын;

-шығармашылық бағыттағы (макет, киносценарии т.с);

-ақпараттық, яғни, оны жинау, жинақтау, сол бойынша презентация жасау т.с;

-модельдеу, (конструкция жасау) инсценировка; белгілі бір оқиғаны, кейіпкер іс-әрекетін бейнеге, бір сұлбаға түсіру.

Жобалап оқыту технологиясында пәнаралық, пәнішілік байланыс маңызды орын алады. Жоба жасау үшін оқушыға бірнеше пәннен алған білімдерінің көмекке келуі, дүниетанымы, іскерлігі аса қажет.

Жобалап оқыту проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерін басшылыққа алады. Оның басты себебі жоба жасауда оқушылар алдына бір проблеманың шешімін табу мақсаты тұрады. Мысалы, «Қазақ тілі ХХІ ғасырда», «Болашақ ұлт мектебі» т.с.с. Сондай-ақ білімді жеке тұлғаға бағыттай оқыту технологиясының да амал-тәсілдерді жобалап оқытуда тиімді болып келеді. Өйткені жоба жасағанда оқушыларға еркіндік, таңдау беріледі, өз еріктерімен топқа, немесе жұпқа бөлінеді, жобаларын қорғауға, пікірлерін дәлелдеуге толық құқықты.

Қазір тәжірибеде кең пайдаланып жүрген жобалап оқыту технологиясында сабақ құрылымы төмендегідей болып келеді.


Жоба жұмысының кезеңдері

Мазмұны

Оқушы

Іс-әрекеті



Мұғалім іс-әрекеті

Қорытынды, жүйелеу, анализ.

-дайындық кезеңі

-жоспарлау кезеңі

-зерттеу кезеңі

-есеп беру кезеңі

-қорытынды, бағалау кезеңі













Әдебиеттен білім беруде интерактивті оқыту технологиясының әдістері де өте тиімді болып келеді. Ол, әсіресе, тіл дамыту үрдісінде белсенді іс-әрекет атқарады. Оған: диспут, дискуссия, дебат, конференция, рөльдік ойындар жатады. Көбінде ауызекі сөйлеу түрі арқылы жүзеге асатын жұмыстарға пайдалы болып келеді. Соның ішінде дискуссия (пікір таласы) дәстүрлі оқыту үрдісінде де тиімділігімен тәжірибеде кеңінен қолданылды.


Дискуссия әдісі.

-Дискуссия бір проблема айналасын талқылайды, оған қатысушылар өз пікірін дәлелді түрде, аргументке сүйене білдіреді.

-Өз пікірін айтып қана қоймай, оны қорғайды.

-Дәлелді түрде басқаның пікіріне сын айтады, өзгенің пікірін жоққа шығара алады. Бұл жерде әдеп, бірінің идеясын екіншісінің сыйлауы, түсінуі талап етіледі. Сондай-ақ, «менің білімім сенен жоғары», «менің пікірім – ең құнды пікір» деген менмендікке де жол берілмейді. Субьекті мен субьект тең дәрежеде қатысады.

-Пікірді нақты, жатық тілмен мәдениетті түрде жеткізу, терең біліммен жеткізу талап етіледі. Бір-бірін тыңдай білу, өзгенің пікірінің құнды жақтарын мойындай сөйлеу де аса қажет.

-Қызбалық, бос сөйлеу, жалаң шешендікке жол берілмейді. Байсалды, ойлы диологтық қарым-қатынас дискуссияның басты ұстанымы.

-Барлығы шындыққа жүгінуі керек және қорытындыда оны мойындау да дискуссия этикасының бір талабына жатады.
-Дискуссияның басты мақсаты – жүйелі түрде, мақсатты түрде шындық іздеу, оны табуға әрекеттену болып табылады.

-Мұғалім де оқушыларымен диологиялық қарым-қатынасқа түсе алады.

-Дискуссияға ыждаһатты түрде дайындалу керек. Талқыланатын тақырып алдын-ала (ең кемі бір апта) беріліп қойылады. Мұғалімге қосымша құжаттар (энциклопедия, мақалалар, ғылыми еңбектер) ұсынуға болады. «Сарапшылар» тобын сайлау, оны дайындау да аса маңызды мәселелердің бірі.

-Дискуссияның ең негізгі түрі – «дөңгелек стол басындағы отырыс», симпозиум элементі бар отырыстар, дебатта да дискуссия болады.


Миға шабуыл (мозговой штурм) әдісі.

Американдық ғалым Озборн кіргізген бұл әдістің әдебиетті оқыту үрдісіндегі де маңызы бар. Ол оқушылардың шығармашылық ойлауына, жаңа идея табуы мен оның шешімін іздеуіне түрткі жасайды. Миға шабуыл топтық жұмыстар кезінде, яғни зерттеу, іздеу бағытындағы шығармашылық жұмыстар кезеңінде туындайды. Ұжым шығармашылық бірлікте, бір мезетте орысша айтқанда «как единый мозг» (яғни, «барлық ми» бір мезетте бірлесіп келіп) проблеманы шешуге жұмылады.

Миға шабуыл әдісінің негізгі кезеңдерін төмендегідей саралауға болады:

-Дайындық кезеңі. Ұжым топқа бөлінеді, тапсырма алады, шешілуге тиіс проблемамен танысады.

-Жаңа идеяны іздейді, оның жауабын табу үшін еңбектенеді (шабуыл кезеңі).

-Тапқан идеяларын саралайды, таңдайды, жинақтайды.

- тапқан идеяны эксперттік топқа ұсынады.

Мысал келтірейік:


Тақырып: Қазіргі кезең әдебиетіндегі ұлтжандылық, азаматтық үні.

Проблемалық ситуация: Мұғалім тақтаға жазады, немесе алдына жазып мына ұғымдарды ұсынады:

-фашистерге қарсы күрес үні; қызыл империяға қарсы күрес үні; атом полигонына қарсы үн; тәуелсіздік жолындағы күрес үні.

Оқушылар берілген аргумент бойынша қай күрес ұлтжандылық азаттық үні екенін саралайды. Ситуацияны жеке-жеке шешіп, соңынан бірлесе отырып ортақ шешімге келеді. Оқушылардың алдына М.Шаханов, Ұ.Есдаулетов, Ф.Оңғарсынова, Иран-Ғайып, Т.Молдағалиев, Ж.Молдағалиев, Ж.Нәжімденовтардың осы тақырыптағы өлеңдері таратылады, кітаптары жатады. Ситуацияны шешу кезінде оқушылар олардың өлеңдерінен нақты мысалдар келтіріп, проблеманың шешімін қорытындылайды. Миға шабуылды басқа да жолдармен өтуге болады.


Тақырып: Қазақстан – 2030 жылдарда.

    1. Оқушылар өз еркімен топтарға бөлінеді:

а) Министрлер тобы.

б) Парламент (сенат, мәжіліс).

Бір оқушы президент болады.

Ең алдымен, президент сөз алады. Қазақстанның болашағы, даму стратегиясы туралы сөйлейді. Сонан соң әр министрлер өз жұмыстарының саласы бойынша бағдарламаларын, іс-жоспарын ортаға салады, жобаларымен таныстырады.

Үшінші кезеңде, парламент мәжілісі өтеді, жобаларды дауысқа сала отырып талқылайды, мақұлдайды, не кері қайтарылады. Қорытындыда, Президент сөйлейді, анализ береді, ұсыныс жасайды, қорытынды пікір айтады.

Жобалау технологиясы қазір әлемдік білім беру жүйесінде де кеңінен пайдаланылуда. Мысалы, Галливуд мектептерінде проект апталығы өтіп тұрады екен. Осы тәжірибені біз де пайдалансақ, ұтпасақ, ұтылмас едік. Жобалау технологиясы – оқушыларды дербес ізденіске, ғылыми-зерттеу ізденісіне жетелейтін ең тиімді жол. Енді жобалау технологиясының бір тәсілі модельдеуге назар аударайық.



МОДЕЛЬДЕУ
Іс-єрекетті єрбір жеке т±лѓаѓа ќарай, оныњ алдындаѓы маќсатына жететіндей дєрежеде ±йымдастыру-технологияландырудыњ ењ мањызды шарты болып табылады. Б±л жерде орыстыњ тамаша педагогі К.Д.Ушинскийдіњ: «Деятельность должна быть моя, увлекать меня, исходить из души моей»-деген сµзініњ мањызы таѓы да алдыдан шыѓады. /20.23с/

«Личность развивается в процессе собственной деятельности существует различные виды деятельности. В ученем процессе главной является познавательная. Познавательная деятельность- это деятельность человека, направленная овладение знаниями»/21.133/- деген пікірін зерделей келе, ѓалым т±жырымдамасындаѓы танымдыќ іс-єрекеттіњ жеке-дара тек бір адамныњ білім алуына деген ±мтылысы ѓана емес, бір-бірін оќытуѓа, µзін-µзі оќыта отырып, басќаны да оќытуѓа баѓытталуы деуге болады. Сонда ѓана іс-єрекеттіњ танымдыќ биікке кµтерілетінін баса айтуѓа болады.

Ѓалымдардыњ осы пікірлері жеке т±лѓаныњ дамуы-ењ алдымен оныњ µзіндік танымдыќ іс-єрекеті арќылы ж‰зеге асатынына кµз жеткізеді.

Танымдыќ іс-єрекет жеке т±лѓаныњ білім алуына т‰рткі жасайды. Біздіњ осы пікірімізді: «... знания не возникают помимо познавательной деятельности субьекта и не сущестуют безотносительно к ней»-деген С.Л.Рубинштейнніњ сµзі тиянаќтай т‰седі. /22.45/

Модельдеу оќушылардыњ болжамы, кµзге елестетуі, алѓан білімді бір нєрсеге ±ќсатуы, абстрактілі ойлауынан туындайды. Б±л жµніндегі В.А.Штоффтыњ мына бір пікірі, ойымызды дєлелдей т‰седі. «Специфика модельных абстракций состоит в том, что чувственные формы их выражения и закрепления, начиная от образов и кончая знаками не безразличны к содержанию абстракции, будучи особым средством его отображения. Модельные абстракции- это абстракции особого рода, вследствие своеобразного единства в них логического и чувственного, общего и единичного, ненаглядного и наглядного». /23.57с/

Танымдыќ іс-єрекеттіњ µнімді жолдары баршылыќ. Соныњ бірі-алѓан білімді модельдей білу, оны мазм±ны мен мєніне ќарай кµз алдыѓа келтіру, немесе бір белгілермен жобалау, с±лбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Ол ‰шін оќушыларѓа да алдын-ала кµмек н±сќаулар таратылып берулі керек. Єсіресе, Сµзбен сурет салѓаннан гµрі, ќыл ќаламмен сурет салам деген оќушыларѓа модельдеудіњ тиімділігі зор.

Модельдеу, зерттеу, іздену - шыѓармашылыќ ж±мыстардыњ µнімді, ізденіске толы тєсілдерініњ бірі. Сондыќтан да оны нєтижелі, ж‰йелі т‰рде ±йымдастыра білу м±ѓалімніњ шеберлігін талап етеді.
Сабақ жоспарына қойылатын талаптар.
Қазіргі технологиялық оқыту кезеңінде сабақ жоспарының ұстанымы оның түрлеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мысалы, жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясында сабақ жоспары төмендегідей үш ұстанымды негізге алады:

Біріншіден, оқушының өз еркіндігіне, таңдауына жол беріледі. Олар тапсырмаларды, қосымша құжаттарды, оқу іс-әрекеттерін таңдап ала алады.

Екіншіден, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың талап-тілегін ескере отырып, сабақ жоспарын өзгерте алады. Алдын-ала жасаған сабақ жоспарын мүлтіксіз орындау міндет емес. Ең бастысы, әр баланың талап-тілегі бірінші орында тұрады. Қай тапсырманы орындайды, кіммен орындайды, қандай әдіс-тәсілдерді, оқу құралының қайсысын қалайды, ол бала еркіндігінде.

Үшіншіден, оқушы - субьект. Ол – тыңдаушы, мұғалім түсінігін қайталаушы емес, өз пікірі бар, білімді өз еңбегімен алатын еркін тұлға. Ауқымды, негізгі мақсаттармен бірге сабақ жоспарында шағын мақсаттар да нақты белгіленуі тиіс. Мысалы, мәнерлеп оқуға, не көркем жазуға дағдыландыру т.б. Шағын мақсаттар да берілетін білім мен негізгі мақсаттардан туындайды. Жалпылама, ауқымды мақсаттар қоюшылық әлі де кезігіп келеді. Басылымдардағы іс-тәжірибелер мен тіпті жарық көріп жатқан оқу құралдарынан да оны көруге болады. Мақсат қоюда мұғалімнің диагностикаға жүгінгені жөн. Нақты бір уақытта неге қол жеткізуге болады, қарапайым тілмен айтсақ, мақсат орындалады ма, мүмкіндік қандай деген мәселелерді ескерген дұрыс.

Сабақ мақсатын білім беру, тәрбиелеу, дамыту деп жіктеп жүрміз. Ал шындығында осы үш мақсатты бір жанды организмдей бірлікте, тұтастықта қарастыру керек. Білім бере отырып, ішкі мүмкіндіктерге түрткі жасап, сол білім негізінде оқушылардың жеке бас ерекшеліктері, қабілеттерін дамытуға әрекеттену – ең негізгі мәселе болып табылады. Оқытудағы мақсаттар ол оқушылар мен мұғалімнің білім беру, білім алу мақсаты болып табылады. Сол себептен де мұғалім мақсатты нақты, оқушыларға бағыттай жоспарлағаны дұрыс. Бұл жерде американдық ғалым Блум таксономиясы, академик Монаховтың шағын мақсаттар жүйесіне үңілген өте тиімді болар еді. Мақсат бірлігінің бір саласы тәрбие мақсатына қазір жаңашыл ұстаздар, педагог-ғалымдар сақтықпен, сынмен қарайды. Оған қосылуға болады. Тәрбие үрдісі - аса күрделі әрі нәтижесі тез байқала қоймайтын үрдіс. Дегенмен, әсіресе әдебиет сабағында оның тәлімдік-тәрбиелік, ұлағаттық, үлгілік мәнін ешкім де жоққа шығара алмайды. Сөз нақты тақырып, нақты жағдайға байланысты ғана жүзеге асыруға болатын тәрбие мәселесі айналасында болып отыр. Сабақтың жоспарында ең бастысы оқушы білімін оқушылық деңгейден-алгоритмдік, одан эвристикалық, одан шығармашылық деңгейге дейін көтеру жолдары қарастырылуы керек. Яғни, оқушылардың берілетін білімді түсінуінен бастап, оған анализ, синтез, өзіндік сыни баға беру іс-әрекеттерін жетілдіру, дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн.
Сабақ - оқытуды, білім беруді ұйымдастырудың негізгі формасы, тек формасы ғана емес, жалпы педагогикалық үрдістің ең маңызды әрі күрделі бөлігі болып табылады. «Сабақ» деген ұғым жалпы айтылғанымен, ол даралық іс-әрекет, яғни бала мен мұғалімнің арасындағы білім мен білім алу іс-әрекеті. Әрине, әр сабақ – сыныптағы барлық оқушыларға ортақ, барлығы үшін жүргізіледі. Бірақ білім алу үрдісінде әр бала жеке, дербес оқу еңбегіне енеді. Дәстүрлі оқытуда да сабақты мұғалім ұйымдастырып келді. Ал қазіргі технологиялар, білім беру ісінде жаңғырулар мен жаңарулар жүріп жатқан кезеңде сабаққа қойылатын талаптар да өзгерді. Ең бастысы:

-Оқушылардың білімді өз беттерімен алуы, оларды іздендіру, зерттеу, шығармашылық жұмыстарға баулуды ойластыру;

-Білімді жеке тұлғаға бағыттай беруді мақсат ету;

-Сабақты құзырлылық тұрғысында ұйымдастыру;

-Инновациялық технологиялардан іздену.

Ежелден-ақ мұғалім сабаққа дайындалады. Сабаққа дайындалу кезеңі – ең жауапты, ең маңызды кезең болып саналады. Мұғалім ең алдымен өзі сабақ өтетін сынып оқушыларын жан-жақты білуі керек. Олардың білім дәрежесі, пәнге деген ынтасы дегендей. Екіншіден, өтілгелі отырған тақырып, берілетін білімнің мазмұнына анализ жасағаны дұрыс. Тақырыптың ауыр-жеңілдігін ескерген жөн. Бұл жерде мұғалім диогностика-прогнозға жүгінеді. Сабақ мақсаты да, оқу іс-әрекеттерін жүзеге асыратын технологияларды таңдап алу да осы мәселелерге тікелей байланысты болып келеді. Мұғалім сабақ жоспарын құрғанда міндетті түрде қандай нәтижеге қол жеткізуге болады, соған болжам (прогноз) жасауы керек. Яғни оқушылар:




Нені білу керек?

Нені үйрену

керек?


оқу формасы, типі

Қалай біліп, оқыту түрлері

қалай үйренуі технологиясы,

керек? әдістемесі.

Оқу жабдығы

Сабақтың үш мақсат бірлігі дәстүрлі оқытуда да негізгі ұстаным болды. Кезінде академик Ю.К.Бабанский өзінің «Оптимизация учебно-воспитательного процесса» деген еңбегінде ол туралы жан-жақты талдап жазған болатын. Дегенмен, мақсаттар бірлігінің берілетін білім мазмұнына тікелей байланыстылығын түсінбей, бір сабақта нақты жағдайда орындалмайтын (45 минутта) «адамгершілікке тәрбиелеу», «қабілеттерін дамыту» деген аса ауқымды мақсаттар қоюдан құтыла алмай келеміз.



Енді жобалау технологиясын басшылыққа алған ғылым магистрі, жоғарғы санаттағы жаңашыл ұстаз Мұқашева Меруерттің бір сабағының жобасын ұсынып отырмыз.

Қазақ әдебиеті.

"Абай-Толық Адам - Әбіш және Мен" 10 сынып.

Ш.Н.М: Әбіш туралы өлеңдер. Ақынның идеялық нысанасы, эстетикалық табысы.

Алдын ала үйге берілетін тапсырма.

Ш.Н.М-ға жетектейтін болжаулар.




Б

Ш.Н.М

Ш

ББ
ЕБ (а)

ЕБ (ә)


ҮБ

ТБ

ББ



-Әкелер мен балалар

-Ұрпақ тәрбиесі.

-Абайдың Әбішті мадақтауы.

-Бүкіл адамзаттық мәселе.

Адам

кім?


Азамат
-Толық адам кім?

-Әбіш кім?








Абай. Әбіш және Толық адам. (Жобалау технологиясы)


Жоба құрылымы:




  1. Тақырыптың объектісі (көзі)




  1. Тақырыптың өзекті проблемасы.



  1. Тақырыптың зерттеу нысанасы




  1. Тақырыптың жұмыс барысындағы, істегі нәтижесі.




Абайдың Әбіш туралы өлеңдері
Абай. Әбіш және толық адам проблемасы.

Ақынның идеялық-эстетикалық табысы шешімі.


а) Өлеңдерге әдеби талдау жасау

ә) Толық Адам кім, анықтама іздеу, табу, дәлелдеу.



б) «Әбіш толық Адам» тақырыбына модель жасау.
Абай іздеген толық Адамның белгілерін Әбіште бар екенін дәлелдеп, Толық Адам моделін жасау.



1. Жоба-болжамды толықтыру, дәлелдеу (оқушылардың іс-әрекеті).


1
Сезімі

Әбіш кім?

Қайраты
0
А сынып оқушысы Әміренова Назымның моделі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет