формаларының класскалык емес методологиясын колданумен де сипатталады. Көрнекілік үшін деконструкция мен мотивті талдауды алайык. Бірінші методтың негізін калаған постструктурализм мен постмодернизмнің көрнекті өкілі Жак Деррида. Кѳркемдік мәдениет кұбылыстарына бұл тәсілді колданудың мэні мэдениет мэтініне катысты зертгеушінің тыс орналасу поэзиясын теріске шығарумен 308
байланыстырылады. Мұны түсіндіру зерттеуші мен мәтін арасындағы сұхбат (диалог) тұрғысында жүргізілуі тиіс. Бұл жағдайда мэтін зерттеушіге ыкпал етеді (мысалы, полифониялык роман). Деконструкцияның максаты мэдениет көзінің өзінің мәдени потенциалының белсенділігін арттыру болып табылады. Мотивті талдау (Колумбия университеттінің профессоръ! Б.М.Гаспаров) көркемдік талдаудың бірлігі ретінде дәстүрлі термаларды - сөздер мен сөйлемдерді емес, мэселелердің шым-шытырык түйінін еске түсіретін мотивтерді алады. Мотивтер кросс-деңгейлі бірліктер бола отырып, мәтіндегі өзге мотивтермен киылысып, кайталанып, оның кайталанбас архитектоникасын кұрайды (мысалы, С.Булгаковтың “Мастер жэне Маргарита” романының кұрылымы). Біз эстетикалык мэдениеттің мэні туралы көзкарастардың калыптасу ерекшеліктерін қарастырып, оның негізгі бағыттары мен парадигмаларын аныктадык. Мұнан өнертанудың казіргі мектептері бүгінгі күнгі мэдени жэне өркениеттік процестердің феномендерін көп деңгейде жэне эртүрлі крынан зерттейді деген тұжырым жасауға болады. 309