Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру және нығайту процесімен байланысты болған методтар оқытудың практикалық методтары саналады. Әсіресе, мұндай методтардың қатарына жазбаша және ауызша жаттығулар, парактикалық және лабараториялық жұмыстары, өзіндік жұмыстардың
кейбір түрлері жатады. Жаттығулар негізінен нығайту және білімдерді енгізу, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру методы ретінде қолданылады.
Жаттығу — деп бір амалды меңгеру немесе нығайту мақсатында жоспарлы түрде ұйымдастырылған қайталау түрінде орындауды айтады. Жаттығу дайындау, жаттығу орындатуға және шығармашылық жаттығуларға үлкен көңіл бөлінеді. Шығармашылық тұрғыдағы жаттығуларға мәселе мен мысалдарды түрлі тәсілдер арқылы шешу, өрнек бойынша мәселе түзу, қысқа жазу, сызбаға қарап мәселе түзу, проблемаларды шешу жаттығулары тағы басқа да жаттығулар жатады.
ИНДУКЦИЯ, ДЕДУКЦИЯ, АНАЛОГИЯ
Бұл үш метод жаңа білімдерді иелеу негізінде жататын қорытындының ерекшеліктеріне қарап бір-бірінен айырмашылық етеді.
Индукция методында оқушының пікіріні бірліктен жалпылыққа, жеке қорытындылардан жалпы қорытындыларға алып барады. Индуктивқорытынды — жекеден жалпыға қарап баратын қорытынды болып табылады. Бұл методты пайдаланып белгілі бір заңдылықты ашу немесе қағиданы шығару үшін оқытушы мысалдар мен мәселелерді және көрсету материалдарын ықшамдықпен таңдайды.
Бастауыш сыныптарда индукция методымен үздіксіз байланысты түрде дедукция методынан да кеңірек пайдаланылады. Бастауыш сыныптардың жаңа оқыту бағдарламасының талаптарына өту қатынасымен дедукция методын пайдаланудың шегі біраз кеңейді.
Дедукцияметоды жалпылама білімдер негізінде жаңа жеке білімді ашудан тұрады.
1+2=3 3-2=1 3-1=2
Дедукция бұл, жалпы қағидалардан жеке мысалдарға және тиянақты қағидаларға өту болып табылады.
Индуктив және дедуктив қорытындыларға мысал келтіреміз. Бірінші сыныптың оқушыларына қосындымен мен қосылғыштың арасындағы байланысты түсіндіру үшін балаларды қорытындыға индуктив жолымен әкелеміз. Көрсетуден (әртүрлі шеңберлерді) пайдаланып, алдымен барлық шеңберлердің қанша екені табылады. (1+2=3)
Содан соң 1 қызыл шеңбер (бірінші қосылғышты өрнектейтін) алға сырып қойылады, мұнда балалар 2 көк шеңбер яғни, екінші қосылғыштың қалуын анықтайды. (3-2=1) Содан кейін 3 шеңберден 2 көк шеңбер (екніші қосылғышты өрнектейтін) айырса, 1 қызыл шеңбер, яғни қосылғыштың қалуын анықтайды (3-1=2). Содан соң басқа сандар мен басқа да көрсету материалдарымен бірге сондай жаттығулар орындалады және балалардың өздері осы жалпы қорытындыны өрнектейді: егерқосындыданбіріншіқосылғыштыайырса,екіншіқосылғышқалады,егерқосындыданекіншіқосылғыштыайырса,біріншіқосылғышқалады. Балалар жағынан индуктив жолымен шығарылған қорытынды 5,6,7,8,9 сандарын азайту қарастырылып жатқанда дедуктив пікірлер жүргізу үшін пайдаланылады.