Педагогикалық зерттеулердің кең тараған методтарының бірі оқушылар мен мектеп құжаттарын үйрену. Оқушылар бағдарламасының кейбір бөлімдері бойынша дайындық дәрежесін анықтау, оқытудың белгілі кезеңі барысында өсу мен дамуды бақылау мүмкіндігін береді. Мысалы арнаулы жазбаша немесе графикалық жұмыстар осы мақсатта өткізіледі. Оларды тексерудің нәтижесінде балалардың математикадан алған білімдері мен іскерліктері нақты түрде көрінуі қажет; белгілі уақыттың аралығында мұндай арнаулы жұмыстарды орындау, оқушылардың алға жылжуын және қай деңгейде жылжып жатқанын көрсетеді. Оқушылардың жазба жұмыстарындағы қателерді талқылау үлкен маңызға ие. Мұндай талқылау бүкіл сынып оқушыларының күрделі қиындықтарын, сондай-ақ, оқушылардың математиканы меңгеуіндегі индивидуал ерекшеліктерін анықтау мүмкіндігін береді.
Оқу құжаттары (оқу жоспары, бағдарламасы, методикалық жұмыстардың құжаттары, есеп, т.б.) оқу тәрбиелік жұмыстарын дамыту процесі мен жағдайы бейнеленеді.
Оқушылардың дәптерлерін үйрену, ғылыми-зерттеу жұмысы үшін маңызға ие.
Сұхбатметоды
Педагогикалық зерттеулерде сұхбат методынан да пайдаланылады. Бұл методты пайдалану бақылаудан алынған мәліметтерді толықтыратын және анықтайтын материалдар алу, тапсырмаларды орындау мүмкіндігін береді. Мұның жетістігінің негізі балалармен қарым-қатынастың жасалуы, олармен еркін байланыста болу мүмкіндігін туғызады.
Сұхбат — бұл ең көп тараған және жетекші болған оқыту методтарының бірі болып, сабақтың әртүрлі басқыштарында әртүрлі мақсаттарда қолданылуы мүмкін, яғни, үйге берілген тапсырмаларды, өзіндік жұмыстарды тексеруде, жаңа материалды түсіндіруде, пысықтауда және қайталауда қолданылуы мүмкін.
Сұхбат — оқытудың сұрақ-жауап методы саналады. Мұнда оқытушы оқушылардың білімдерін қай деңгейде меңгергенін практикалық тәжірибелерге сүйене отырып, арнаулы сараланған сұрақтар және оларға берілетін жауаптар жолымен оқушыларды қойылған тәлімдік-тәрбиелік мәселелерді шешуге алып келеді.
Методикалық әдебиеттерде сұхбат методы көбінесе математикалық түсініктермен таныстырып жатқанда (сан, арифметикалық амалдар т.б.) заңдылықтар типіндегі білімдерді (арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың компоненттері және нәтижесінің арасындағы байланыстар) таныстыруда пайдалану ұсынылады.
Оқытуда сұхбаттың екі түрінен, яғни катехезиялық және еврестикалық сұхбаттан пайдаланылады.
Катехезиялық сұхбат — сұрақтар жүйесін негізінде түзіледі, бұл сұрақтар бұрын меңгерілген білімдерді, сипаттамаларды қарапайым түрде қайта еске түсіруді талап етеді.
Бұл сұхбаттан негізінен білімді тексеру мен бағалауда, жаңа материалды нығайтуда және қайталауда пайдаланылады.
Сұхбатты өткізу мақсатын белгілеу, бағдарлама бағыты және методиканы негіздеу өте маңызды саналады. Сұхбат методы сұрақтарға берілген жауаптардың сенімділігін тексеру мүмкіндігін беретін сұрақтарды енгізуді көздейді.
Сұхбат методы оқытушыларға, ата-аналарға қаратылған болуы да мүмкін. Мұнда зерттеушінің сұхбаттасына деген қатынасы ашық түрде болуы мүмкін.
Анкета(сауалнама)өткізуметоды
Кез келген мәселеге орай пікірлерді анықтау, кейбір пікірлерді топтау талап етген жағдайларда анкета методынан пайдаланылады. Егер жауаптар ауызша алынса, бұл жауаптар қаулыға толығымен жазылады. Көпшілік бір сұрақтың өзіне жауап бергенде, оның үстіне әркім еркін жауап берсе, жазба анкета қымбат болады.
Анкетадан пайдаланғанда төмендегідей екі талапға мойынсұну қажет:
анкетада сұрақтар аз болуы тиіс;
сұрақтар түзілгенде оларды бәрі де бірдей түсінуі, анық (шиеленіскен болмауы) жауаптарды талап ететін болуы керек.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде теориялық методтар жетекші орынды иелейді. Әрбір зерттеуден алдын үйрену объектісін таңдау, теориялық талқылау негізнде объект қайсы фактілерде байланыстылығын анықтау және тексеру үшін олардың жетекшісін таңдау тиіс. Зерттеудің мақсат және міндеттерін анықтау гипотезасын түзу осыған сай түрде зерттеу өткізу методикасын шығару, зерттеу барысында алынған фактілерді түсіндіру, талқылау тәсілдерін таңдау және қорытындыларды өрнектеу қажет. Бұл жұмыстардың бәрін орындау үшін зерттеліп жатқан мәселенің бұрынғы және қазіргі кездегі теориясы мен практикасын ашып беретін әдеби құндылықтарды үйрену және талқылау қажет. Теориялық методтар басқа методтарымен бірге математика методикасына тиісті әрбір зерттеуде қолданылады. Кез келген ғылыми проблемаларды шешуде қойылған мәселеге тиісті барлық әдебиетті үйрену және теориялық зерттеу өткізу қажет. Бұлсыз мақсатқа бағытталған болмайды, сынау кейде қателіктермен жүргізіледі. Сонымен қатар әдебиетті үйренбей, теориялық талқылау жасамай тұрып, пәнде жылдамдық қамтылмайды. Математика методикасына тиісті зерттеулерде басқа да методтардан пайдаланылады. Әдетте мұндай методтардың бәрінен бірге пайдалану, нәтижелердің сенімді болуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі заман дидактикасында оқыту методтарының классификациясына әртүрлі жанадасу бар. Біздің пікірімізге ең мақсатқа сай, әртүрлі методтарды өз ішіне алатын классификация болып табылады.
Жоғарыда берілген сипаттамадан оқыту методтары оқытушы мен оқуышалардың бірге жүргізетін қызметінен тұратыны көрінеді.
Мұндай қызмет ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау жасауды көздейді, осыған орай оқыту методтары да үлкен үш топқа бөлінеді: оқу қызметін ұйымдастыру методтары; оқу қызметін ынталандыру методтары; оқу қызметінің нәтижелілігін бақылау методтары.
Оқу, білу қызметін ұйымдастыру методтарын бірнеше топқа бөліп, классификация жасау мүмкін.
Оқушылар білім алатын көздер бойынша:
Ауызша, көрсету және практикалық методтар (түсіндіру, сұхбат, әңгімелеу, кітаппен жұмыс, т.б.)
Көрсету методтары (қоршаған ортадағы предметтер және оқиғаларды бақылау, олардың моделдері мен суреттерін қарау) оқушылардың практикалық жұмыстары.
Оқушылар пікірінің бағыты бойынша:
Индукция, дедукция және аналогия.
Педагогикалық әсер, басқарудың деңгейі, оқушылардың оқу процессінде еркіндік деңгейі бойынша :
Оқытушының басшылығында атқарылатын оқу жұмысы методы; Оқуышылардың өзіндік жұмыстарының методы.
Оқуышылар еркін белсенділіктерінің деңгейі бойынша: