Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет


ден 9 дейінгі цифрлармен таныстыру



бет10/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)

0 ден 9 дейінгі цифрлармен таныстыру


Цифр — санның шартты белгісі. Балаларға санды түсіндіруде цифр қосымша, көмекші басқыш болып табылады.


Балаларды цифрларды жазуға үйретілмейді, тек баспа түріндегі көрінісімен таныстырады. Балалар әрбір цифр қайсы санның белгісі екенін білуі тиіс.
Бәрі болып, 10 цифр бар:
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. 10 цифры жоқ. 10 саны екі цифр: 1 және 0 мен белгіленеді. Бір жаттығуда бір немесе екі цифрмен таныстыру мүмкін.
Мысалы “1” цифрмен таныстыруда тәрбиеші санақ карточкасына бір ойыншық қойып, оның алдына 1 шеңберлі карточканы қояды.
2 баланы шығарып, біреуіне бір рет секіруді, ал екіншісіне бір рет столды тықылдатуды айтады. Балалар санап, барлығы біреуден деген қорытынды жасайды.
Кейін “1” цифырын көрсетіп, бұл санды көрсететін шартты белгі болып табылады, әрбір сан өзінің белгісіне ие деп түсіндіріледі. Балалар бақшасы мен бастауыш сыныптың арасындағы үздіксіздік бірін-бірі толықтырып тұрады.
Балалар үсті-үстіне, асты-астына теріп қою, санау арқылы жиндардың тең немесе теңсіздігін анықтайды.
Теңдік — теңсіздік қатынастарын анықтауда белгілері символдарынан пайдаланады.
Қай қатарда көбірек, қай қатарда кемірек? 5 саны 6 дан кем 5<6, теңсіздіктен теңдік шығару үшін не істеу қажет, деп сұрайды.
1 қосып теңдік пайда етеді және 1 ді азайтып тең жазу жолы түсінтіріледі. 6=6...


Бақылау үшін сұрақтар


  1. Элементар математикалық ойды қалыптастыруға тиісті жаттығудың бөлігін жасап шығарыңыз.

  2. Элементар математикалық ойды қалыптастыруға тиісті жаңа технология енгізуді негіздеңіз.

  3. Элементар математикалық ойды қалыптастыруға тиісті көрнекіліктердің жиынын жасаңыз.

  4. Балалардың ауызша сөйлеуін дамытатын элементар математикалық ойды қалыптастыруға алып келетін ойын жаттығулардың үлгісін жасаңыз.
  1. §. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың методтары


Арифметикалық материал курстың негізгі мазмұнын құрайды. Бастауыш курстың негізгі өзегі натурал сандар мен негізгі өлшемдердің арифметикасынан тұрады. Бұдан тыс, бұл курста геометрия мен алгебраның негізгі сипаттамалары бірігеді. V-XI сыныпта оқытылатын математиканың ең негізгі және оқушылардың жасына сәйкес келетін элементар сипаттамалар беріледі. Жоғары сыныптарда осы сипаттамалар кеңінен, тереңдетілген және байытылған түрде оқытылады. Демек, бастауыш сынып математикасының мазмұнын да белгілейді. Бастауыш математикасының құрылымы өзіне тән ерекшеліктерге ие:



  1. Арифметикалық материал курстың негізгі мазмұнын құрайды. Ол натурал сандардың арифметикасы, негізгі мөлшерлер, алгебра және геометрияның элементар материалымен қосып оқытылады.

  2. Бастауыш сыныптың материалы концентриялық түрде түзілген. Мысалы, алдынмен I ондықты номерлеу оқытылса, кейін 100 ішінде номерлеу және арифметикалық амалдар орындауды оқытылады. Одан соң 1000-ның ішінде номелеу және арифметикалық амалдарды орындауды және көп таңбалы сандардың ішінде орындау оқытылды.

Бұларды оқытумен қатар номерлеу, көлемдер, бөлшектер, алгебралық және геометриялық материалдар қосып оқытылады.

  1. Теориялық және практикалық мәселелер өзара байланысты сипаттамаға ие.

  2. Математикалық түсінік, қасиет, заңдылық қатынастарды ашу курсында өзара байланысқан.

  3. Әрбір түсінік дамытылған түрде беріледі.

Мысалы арифметикалық амалдарды оқытудан арифметикалық амалдардың нақты маңызы ашылады, одан кейін амалдың қасиеттері, сосын компоненттерінің арасындағы байланыс, амалдың нәтижесі, соңында амалдардың арасындағы байланыс беріледі.

  1. Негізгі түсініктер мен нәтижелік түсініктер өзара қатынаста берілген. Мысалы, қосу негізінде көбейту шығарылған.

Байланыс математика курсы өзінің түзілімі бойынша өз ішіне алған арифметикалық, алгебралық және геометриялық материалдан тұратын бөліктерді бастауыш математика курсында концентриялық орналасуы сақталады.

Бірақ амалдағы бағдарламада концентранттардың саны кемейтірілген: ондық, жүздік, мыңдық, көп таңбалы сандар. Мұныда да айта кеткен жөн, материал солай топтастырылған, онда өзара байланысқан түсініктер, амалдар, мәселелерді қарастыру уақыт жағынан жақындастырылған.


Арифметикалық амалдардың қасиеттері және сәйкес есептеу тәсілдерін үйренумен бір уақытта арифметикалық амалдардың нәтижелері мен компоненттерінің арасындағы байланыстар ашып беріледі. (Мысалы, егер қосындыдан қосылғыштардың бірі айырса, екінші қосылғыш пайда болады.)
Компоненттердің бірінің өзгеруімен арифметикалық амалдар нәтижелерінің өзгеруі байқалады.
Алгебра элементтерін енгізу, терең, меңгерілген және жалпыландырылған игеру мақсаттарына жауап береді: теңдік, теңсіздік, теңдеу, айнымалы түсініктері тиянақты негізінде ашып беріледі.

  1. сыныптан бастап санды теңдіктер мен теңсіздіктер (4=4, 6=1+5, 2 <3,

6+1>5, 8-3<8-2 т.б.) қаралады.
Оларды үйрену арифметикалық материалды үйренумен байланысады және оны тереңірек ашуға жәрдем береді.

  1. сыныптан бастап (x+6)-3=2 т.б. түрдегі теңдеулер қарастырылады.

Теңдеулерді шешу, алдын таңдау методымен, сондай-ақ амалдардың нәтижелері мен компоненттерінің арасындағы байланыстарды білудің нәтижесінде орындалады.
Айнымалымен практикалық тексеру оқушылардың функционалды ой- елестерін иелеу мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет