С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет75/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ИММУНДЫ ЖАУАПТЫ РЕТТЕУ
Кан моноциттері мен резидентті тіндік макрофагтар антигендерді 
тану кызметінен (антигенді тану үдерісінін өзі адаптивті иммун- 
ды жауаптын ерекшелігі мен каркындылығын реттейтін фактор 
болып есептеледі) баска Т- және В-лимфоциттердін белгілі бір 
субпопуляцияларының дифференпировкасына, пролиферациясына 
және функционалдык белсенділігіне әсер ететін біркатар факторларды 
өндіреді.
Макрофагтар 
түзетін 
біркатар 
цитокиндер 
иммунологиялық
серпілістердің агымына ынталандыруиіы эсер етеді.
Мысалы, 
ИЛ-1
мен 
ИЛ-6
Т-лимфоциттердін түзілуі мен дифференцировкасына ыкпал 
етеді, сонымен катар олардьщ әр түрлі антигендер мен митогендердін 
әсеріне сезімталдығын жоғарылатады. Антигенді және митогенді стиму- 
ляция кезінде макрофагтар ІЧК-жасушалары мен Тхі-жасушаларының 
белсенділігін жоғарылататын 
ИЛ-12
өндіреді және бөледі. Бүл цито- 
киндер Т-тәуелді антигендерге карсы антидене өндірілуінің индукция- 
сына катысады.
Лимфоциттерге 
ынталандырушы 
әсерді 
макрофагтар 
басқа 
монокиндердің көмегімен де жүзеге асыра алады, бірақ ол үшін 
тікелей жасушааралық қарым-қатынаста
болу керек. Әсіресе бұл 
жағдай тимустағы антигентәуелсіз дифференцировка үдерісі кезінде 
байкалады. Т-лимфоциттер макрофагтардың бетінде өзіндік «шоқ» 
түзеді және олардың бетімен баяу жылжиды (мұндай байланыс уакыты 
20 минуттан 5 сағатка дейін созылады, ал антигентәуелді дифферен- 
цировка кезіндегі антигенді тану үдерісі шамамен 24—72 сағат болуы 
мүмкін).
Осылайша макрофагтармен сүйек кемігіндегі В-лимфоциттерде 
де әрекеттесуі мүмкін. Лимфоцитгердің макрофагтармен осылайша 
әрекеттесуі олардың жетілуі мен дифференцировкасы үшін кажетті 
кезең болуы мүмкін.
Екінші жағынан, макрофагтар 
иммунологиялық серпілістер мен
жасушалық пролифераңия удерістерін басатын ңитокиндерді
өндіреді. 
Фагоцитоз кезінде макрофагтармен бөлінетін ИЛ-12 Тх2 дифферен- 
цировкасын тежейді, нәтижесінде аталған жасушалардың барлык 
кызметтері тежеледі. Сонымен катар, ИЛ-12 ЫК-жасушаларынын 
ІҒЫ-ү өндіруін ынталандырады. Аталған жасушалар өндірген ІҒЫ-ү 
макрофагтар ИЛ-12 өндірілуін белсендіреді. Осьшайша 
позитивті кері
байланыс
камтамасыз етіледі, яғни ИЛ-12 ІҒІЧ-ү өнімін ынталандырса,


156
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
ол өз кезегінде макрофаггарды куатты түрде белсендіру аркылы олар- 
мен ИЛ-12 өндірілуін белсендіреді.
Макрофагтар өндіретін цитокиндер Т- және В-лимфоциттердін 
көптеген кызметтерін реттейді. Ал макрофагтардың кызметі, өз 
кезегінде баска иммунды хабарлы жасушалар өндіретін біркатар цито- 
киндермен реттеледі. Олардың ішінде маңызды рөлді ІҒТІ-ү аткарады.
/ҒУУ-ү моноцит/макрофагтарда I және II класс МНС антигендерінін 
экспрессиясын жоғарылатады. Нәтижесінде антигендердің танысты- 
рылуы біршама жоғарылайды. ІҒІМ-ү макрофагтармен ИЛ -12 өндірілуін 
ынталандырумен катар В7 костимулдаушы молекуласынын экспресси- 
ясын және ТЫҒ-а өндірілуін тудырады.
ІҒІЧ-ү интерлейкин-12 синергист болып келеді, ол Тхі дифферен- 
цировкасы ынталанған кезде костимулдаушы белгімен камтамасыз 
етеді және «анкау» Т-лимфоциттердің ИЛ-12-нің ынталандырушы 
әсеріне сезімталдығын жоғарылатады.
ІҒ1Ч-ү мен МАҒ макрофагтардағы лизосомды ферменттердін 
белсенділігін жоғарылатады және олардын сырткы ортаға бөлінуін 
күшейтеді, сонымен катар макрофагтардын цитотоксикалык кабілетін 
күшейте отырып, олардың пролиферациясына әсер етеді.
Барлық қызметтерінің ішінде ІҒ
№ ү 
ең маңызды эсері
— 
мак-
рофагтардың эффекторлық қызметін белсендіру,
яғни олардын 
микробицидтілігін, вирустарға карсы белсенділігін, ісіктерге карсы 
цитотоксикалык әсерін, II класс МНС антигендері мен ҒсүКІ экс- 
прессиясын, супероксидті және нитроксидті радикалдардын өнімін 
және біркатар цитокиндер мен хемокиндердін (ІҒМ-|3, ИЛ-1, Т ^ Ғ -а, 
ИЛ-12) өндірілуін жоғарылату.
Қабынуға қарсы ңитокин
— 
ИЛ-10 макрофагтардың барлық
қасиеттері мен қызметтерін тежейтін
альтернативті реттегіш цитокин 
катарына жатады. Ол ІҒІЧ-ү әсерінен ынталанатын макрофагтардын 
барлык касиеттері мен кызметтерін тежейді. Моноциттер мен макро- 
фагтар және белсендірілген Тх2 жасушалары ИЛ-10 өндіреді. Бүл ци- 
токин ИЛ-12 өндірілуінің физиологиялык антогонисті мен тежегіші 
және ІҒІЧ-ү өндірілуін тежей отырып Тхі жасушаларымен жүзеге аса- 
тын иммундык жауапты түгелдей тежейді.
ИЛ-10 макрофатар бөлетін барлық кабынуалды цитокиндерінін 
(ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-12 және Т1ЧҒ-а) өндірілуін тежейді, сондай- 
ак ІЧК-жасушаларында Т ^ Ғ -а мен ИЛ-12 үшін рецепторларынын 
экспрессиясын тежейді. ИЛ-10-нын макрофагтармен ИЛ-1, ИЛ-6 
мен ТІЧҒ-а өндірілуін және тотығу жарылысын тежеу кабілеті, онын


10-Тарау. Моноциттер/макрофагтар және дендрипі жасушапар, олардыңтуа біткен... 
157
ИЛ-12 өнімін тежеу кабілетімен байланысты. Сонымен катар, ИЛ-10 
Т-лимфоциттермен ІҒҒІ-ү өндірілуін тежей отырып АТЖ мембрана- 
сында В7 костимулдаушы молекулалардын экспрессиясын төмен- 
детеді.
Макрофагтардын 
өздері ИЛ-10 өндіру қабілеттілігі бар екендігі аса
көңіл аударады.
Әдетте макрофагтар цитокиндерді белгілі бір тәртіп 
бойынша өндіреді және бөледі: алдымен кабынуалды цитокиндері, 
сонын ішінде ИЛ-12, ал содан кейін ғана ИЛ-10 мен ТСҒ-(3 өндіре 
бастайды және онын мөлшері төмендеу болады. 
Калыпты жағдайда
ИЛ-10 мен
777/-'-(і 
макрофагтардың қатысуымен журетін қабынулық
жауаптың реттелуін қамтамасыз етеді және патоген жойылғаннан
кейін оның аяқталуына себепші болады.
Бірак кейбір жағдайларда ИЛ-10 
мен ТОҒ-Р өнімі кенеттен күрт күшеюі мүмкін. Мәселен, иммундык 
кешендер макрофагтарға осылайша әсер етуі мүмкін. Бұл кезде 
ИЛ-10
шамадан көп тузілуі жуқпаларға қарсы қорғаныстың төмендеуіне және
де созылмалы жуқпалардың дамуына себепші болады.
Сенсибилизацияланған ағзаньщ Т-лимфоциттері арнайы анти- 
ген немесе митоген болған жағдайда макрофагтардың миграциясын 
тежейтін факторды (
МТФ
) өндіре алады. Онын әсері — макрофагтардың 
мембранасындағы аденилатциклаза ферментті жүйесін белсендіру, 
нәтижесінде жасушаның козғалысы тежеледі. 
Макрофагтардың 
миграциясынын тежелуі олардың жүкпа мен кабыну ошағында 
жинакталуына және эффекторлык кызметін жүзеге асуына ыкпал 
етеді.
Қорыта келгенде, 
гпуа біткен және адаптивті қурастырушылардан
туратын иммунды жауап удерісі кезінде Т- жэне В-лимфоциттердің эр
турлі субпопу. іяңиялары мен макрофагтар жэне басқа жасушалары ара-
сында курделі қарым-қатынас байқалады. Ол тікелей эсерлесу арқылы,
сондай-ақ көптеген гуморалды факторлардың өндірілуі арқылы жузеге
асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет