С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет78/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ИЛ-1
мен 
Т^Ғ-а.
Бұл цитокиндер паракринді 
ДЖ әсер ете отырып, оларды косымша белсендіреді және ТЬК-дан 
келетін белгіні жоғарылатады. Вирусты жұкпа кезінде сол тіндегі 
плазмацитоидты ДЖ,
сонымен катар жұкпамен закымдалған жасуша- 
лар 
Д Ж белсендіретін жане олардың жетілуі мен миграциясын ынта-
ландыратын
I түрдегі интерферондарды (бірінші кезекте 
ІҒі
Ү-а) түзе 
бастайды.
Жетілменген дендритті жасушалар қабылдайтын белгілер (ПТР
мен цитокиндерден тусетін барлық белгілер), олардың фагоциттік
белсенділігін 
ынталандырады

Нәтижесінде патогеннін жұтылуы 
және онын одан әрі өнделуі мен Т-лимфоциттерге таныстырылуы 
камтамасыз етіледі. Сосын фагоцитоз аяқталады, ДЖ жетілу үдерісіне 
көшеді, ол үдеріс жасуша бетінде екі кластағы МНС молекулаларынын 
экспрессиясы жоғарылаумен сипатталады.
ДЖ жетілуі ПТР экспрессиясының төмендеуі және кабыну 
цитокиндері мен хемокиндер үшін рецепторлардын төмендеуімен 
жүреді, бірак гомеостаздык хемокиндер (ССК7) үшін рецепторлар саны 
жоғарылайды. Әдетте аталған рецепторлардын көмегімен ДЖ шеткері 
лимфоидты мүшелер мен тіндерге карай миграциясы ынталанады және


10-Тарау. Моноциттер/макрофагтар және дендритті жасушалар, олардыңтуа біткен... 161
сол аймактарда МНС нәруыздарымен біріккен антигенді пептидтерді 
Т-лимфоциттерге таныстырады.
ПТР көмегімен микробтар мен вирустардан кабылданған белгілер 
ДЖ бетінде 
В7 костимулдаушы молекуласының 
экспрессиясын
жоғарылатады.
Ол антигентанушы «анкау» Т-лимфоциттердің бетіндегі 
СӘ 28 молекуласымен әрекеттесу аркылы Т-лимфоциттердін белсенуі 
үшін кажетті костимулдаушы белгімен камтамасыз етеді («анкау» 
Т-лимфоциттер ДЖ бетіндегі антигенді пептидтерді Т-жасушалаык 
антигентанушы рецептордың көмегімен таныған кезде қабылдайтын 
арнайы белгі аркылы белсене алмайды).
Сонымен, ДЖ «анкау» Т-лимфоциттердін белсенуін шакыру 
кабілеті көптеген факторлардың әсеріне байланысты. МФ мен 
В-лимфоциттерде МНС молекулалары мен В7 костимулдаушы мо- 
лекуласын жоғары деңгейде экспрессиялайды, бірак жұкпаның 
катысуымен жетілген ДЖ бетінде В7 молекуласынын саны 4 -5 есе 
жоғары болады. Онымен коса, олар шеткері лимфоидты мүшелердін 
Т-жасушалык аймактарына жылжиды (хоуминг), нәтижесінде олардың 
Т-лимфоциттермен әсерелесуі жеңілдейді. 
Шеткері лимфоидты 
мүшелердегі «аңкау» Т-лимфоциттер жетілген ДЖ бетіндегі «антигенді 
пептид-МНС молекуласы» кешенімен байланысады, костимулдашы 
белгіні кабылдайды, нәтижесінде Т-лимфоциттердің каркынды көбеюі 
мен диференцировкасына әкелетін үдерістер басталады.
Жетілген белсенген ДЖ эффекторлык Т-лимфоциттердін түзі- 
луінде маңызды кызмет аткарумен катар осы жасушалардың белгілі 
бір маманданған эффекторлык және миграциялык қасиеттерін қалып- 
тастырады.
«Аңқау» 
Т-лимфоңиттер екіншілік лимфоидты тіндерге хоу-
минг молекулаларының көмегімен бағытталады.
Олар каннан лимфа 
түйіндеріне венулалардың жоғары эндотелиінін (НЕУ) маманданған 
эндотелиалды жасушалары аркылы түседі. Бұл үдеріс Ь-селектинмен, 
ССК.7 
хемокиндік 
рецепторымен 
және 
ЬҒА-1 
интегринімен 
бақыланады. ЬҒА-1 Т-лимфоциттердің каннан тіндерге қарай экс- 
травазациясына әкелетін тығыз байланыс үшін кажет. Ь-селектин мен 
ССК7-ДІН бірге экспрессиялануы рециркуляциядағы Т-лимфоциттерге 
тән. Лимфа түйініне түскен «аңкау» Т-лимфоцит Т-жасушалық 
аймакка бағытталады және осы жерде ССК7 арқьшы осы аймактарға 
быпғытталған ДЖ-мен жанасады. Т-лимфоциттер төменгі аффинді 
әрекеттесу көмегімен ДЖ-дың бетін, Т-лимфоциттердің бетінде 
экспрессияланған ІСАМ-3 адгезия молекуласының әрекеттесуін және


162
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
ДЖ бетіндегі СЬК-ды, сонымен катар СЭ2 тұкымдастығындағы мо- 
лекулаларды сканерлейді (көшірме жасайды). Сканерлеу өте жылдам 
жүреді және ол әр түрлі арнайылыктағы 100 000 жуык жасушалардын 
ішінде белгілі бір антигенге арнайылығы бар тек бір Т-лимфоциттің 
белсенуін камтамасыз ететіндей тиімді болуы кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет