- сөйлеуде әлеуметгік-мәдени бекітілген тілдік бірліктерді дұрыс колдануды; злеуметтік-мәдени суреттелген материалды ана тілге адекватты аударуды 1 болжайды. 5.2 Әлеуметтік-мәдени біліктілікті мәдениаралық карым- катынастың негізі ретінде қалыптастыру Шетел тілін қолдану аясынын сапалылығы - тілдің функционалды спецификасына байланысты коммуникативті кызметтің мәдениаралық қарым-қатынасты қамтамасыз етуінде. Тілдік кұрылымдар әр түрлі элеуметтік-мәдени құрылымдардын негізінде кұрылуы себепті, әңгімелесушілер арасында белгілі бір жағдайлар кездесіп жатады. Олар бір-біріне тиесілі хабарларды әр түрлі қабылдайды. Халықаралық мәдени қатынастардағы негізгі жетістік - жалпы өзара түсіністік барысында коммуникативті прагматикалық кеңістіктің қалыптасуына жағдай туғызу болып табылады. Тіл ұстанушының коммуникативті міі;ез құлқының мәдени-психологиялык ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың әлеуметтік-мәдени біліктілігін жоғары деңгейде калыптастыруға болады. Әрбір әңгімелесушінің психонервологиялық механизмінде. индивидтің мінез кұлқын баскарып, бағдарламаны көрсететін тілдік жүйе жазылған. Бұл бағдарлама белгілі бір операцияларды тапсыратын командалардан тұрады. Бұл операциялар