Математика



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата27.03.2020
өлшемі2,69 Mb.
#60936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
5 Оқу жоспары Математика 2 сынып 24.05.17 (2)


Тараулар  
Оқу 
мақсаттары 
Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері 
Мұғалімге 
арналған 
ескертпелер  (оқыту  әдістемесі 
бойынша) 
Оқу ресурстары 
6 + 4 
6 – 4  
70 - 6 
70 – 6 – 4  
70 – 4 - 6 
70 - 4 
(Д)  Тапсырманы  қиындатып,  оқушылардан  сандық 
деректер  бойынша  өз  беттерінде  есеп  ойлап  табуды 
ұсыныңыз.  
Мына алгоритмді қолдануды ұсыныңыз: 
1. Сюжет ойластыр. 
2. Есепте сөз болатын объектілерді ата. 
3. Объектілерге сандық сипаттама бер. 
4. Есептің талабын (сұрағын) тұжырымда. 
5. Есептің мәтінін тұжырымда.  
Қарапайым 
есеп 
шарттарын 
ресімдеу 
үлгілері:
 
 
 
Есепті қалай анықтау керек? 
 
белгілерін іздеу; заңдылықтарды 
іздестіру негізінде жатыр.  
Таңдаудың әдістемелік тәсілін 
пайдалану оқушыларда 
пайымдауларды негіздеу ептілігін 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Осы тапсырманы орындай 
отырып, оқушылар әрбір пікірін 
негіздеуге үйренеді. Ал бұл 
есептің шартың талдау, түсіну 
ептілігін дамытуға, есептің шарты, 
талабы (сұрағы) және оның 
шешімі арасында байланыс 
орнатуға мүмкіндік береді.  
Егер әрбір бала «жадынама» - 
есепті шешу алгоритмін алса, 
пайдалы болмақ:  
Менің ойымша: 
Маған белгілі… Білу керек… 
Сурет саламын және 
түсіндіремін… … біріктіру немесе 
алып тастау керек деп ойлаймын. 
… шешімін түсіндіремін. … 
шешемін. Есептің … сұрағына 
жауап беремін. … тексеремін.  
 
 
 
 
Математика Бастауыш мектеп 2-сынып 

 
48 
 
2B-тарау: Шамалар және олардың өлшем бірліктері 
Ұсынылатын алдын ала білімдер 
Уақыт бірліктері туралы түсінік; кесте нысанында берілген ақпаратты оқу дағдылары.  
Контекст 
Уақытты анықтау және оның мағынасын түсіну ғылыми зерттеулер үшін же маңызды болатын негізгі тіршілік дағдысы болып табылады.  
 «Математика»  пәні  бойынша  тілдік  мақсаттар  бұл  тарауда  математикалық  мәтінмен  жұмыс  жасау  ептілігін  қалыптастыруға  бағытталған: 
құрылымдау,  қажетті  ақпаратты  азайту.  Тиісінше  ғылыми  тілді  пайдалану  бойынша  оқушыларға  арналған  тілдік  мақсат  мысалы  төменде 
берілген. 
Пәндік мақсат 
Оқудың тілдік 
мақсаты 
Пәндік лексика және терминология 
Диалогқа/жазуға  арналған пайдалы сөз 
тіркестерінің топтамасы 
Оқушылар: 
сағат  үлгісін  пайдалана 
отырып,  сандардың  12-
ге 
дейінгі 
римдік 
нөмірленуін  оқу,  жаза 
және пайдалана алады.  
«Менің 
мектебім», 
«Менің  туған  өлкем» 
тақырыптарының 
төңірегінде 
ұзағырақ 
уақыт 
аралықтарын 
зерттеу (апта, ай, жыл).  
Оқушылар  белгілі  бір 
уақыт 
аралығынан 
кейін 
өтетін 
оқиғаларды 
атай 
алады.  
Араб және рим цифрлары 
күн, тәулік, апта, ай, тоқсан, жылғ ғасыр 
дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, 
жұма, сенбі, жексенбі 
қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, 
маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, 
қараша, желтоқсан 
дейін, кейін, ерте, кеш, әр 
қанша/қаншалықты ұзақ, дейін 
қайталау, қайта болу, қайта, жиі 
уақыт аралығы, уақыт межелігі, кесте, 
күнделік, күнтізбе 
әрбір (күн, жыл, дүйсенбі және т.б.) 
апта сайын, ай сайын 
 
Талқылауға арналған сұрақтар: 
Әрбір  тоқсанның  басында  және  соңында  біз  не 
істейміз? 
Сендер  әр  (дүйсенбіде)  болатын  оқиғаларды  атай 
аласыңдар ма? 
Сенің туған күніңнен кейін қанша уақыт өтті? 
Неліктен … айта аласыңдар ма: 
… бір апта өткені бізге мәлім болғанын? 
… саған жеті жас толғанын? 
біз әр … тойлайтынымызды? 
Жазылым: 
Әр 
аптаның 
бірдей 
күндерінде 
болатын 
оқиғалардан мысалдар жазыңдар. 
… айға оқиғалар күнтізбесін құрыңдар. 
Туған  күні  Сіздің  туған  күніңізбен  бірдей 
оқушыларды анықтап, жазыңыз.  
Басқа  тілдік  мақсаттары  қою  және  оқытуға  және  ғылыми  тілді  оқытуға  жататын  тілді  оқыту  мақсаттары  бойынша  қосымша  нұсқаулар  үшін 
жоғарыдағы «Тілдік масаттар туралы» бөлімін қараңыз. 
Қысқаша мазмұны 
«Менің  мектебім»  тақырыбының  аясында  оқушылар  уақытты  сағат  үлгісі  бойынша  анықтап,  атайды,  берілген  уақыт  кезеңінде  орындауға 
болатын әрекеттерді көрсете отырып, уақыттың ұзақ және қысқа кезеңдерімен салыстырады.  
 
 
Тараулар  
Оқу 
Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері 
Мұғалімге 
арналған  Оқу ресурстары 

 
49 
 
мақсаттары 
ескертпелер 
(оқыту 
әдістемесі бойынша) 
1.3  
Шамалар 
және 
олардың  өлшем 
бірліктері  
2.1.1.3** -  
сандардың 12-ге 
дейінгі римдік 
нөмірленуін оқу, 
жазу және 
пайдалану  
 
(Т) Проблемалық жағдай құрыңыз. 
Өлеңді оқып беріңіз. 
Цифрлар әр түрлі заттарда өмір сүреді:  
Күнтізбелер мен трамвай билеттерінде, 
Сағат циферблаттарында, үйлерде жүреді. 
Цифрлар кітап томдарында тығылады, 
Дүкеннен де, телефоннан да, 
Машинадан да, вагоннан да табылады. 
Цифрлар жер-жерде, цифрлар төңіректе, 
Іздесек болды, табамыз ертеректе. 
Оқушылар  топтарда  адамға  цифрлан  не  үшін 
керектігін талқылаулары тиіс. Цифрларды қайдан 
көруге болады? 
Балаларға  сағаттың  екі  нұсқасы  көрсетіледі 
(интерактивті  тақтада  немесе  плакатта)  –  араб 
және 
рим 
циферблаттарымен. 
Тапсырма: 
сағаттарды салыстыру.  
 
 
 
Араб, 
рим 
цифрлары 
түсініктерін  енгізіңіз.  Рим 
цифрларын пайдалану 
Рим цирларын жеткілікті жиі 
қолданылады. 
Сағаттарда 
циферблатты 
білдіреді. 
Кітаптарда  томның  немесе 
тараудың  нөмірін  білдіреді. 
Тарихи 
күндер 
араб 
цифрларымен,  ал  ғасыр  – 
рим 
цифрларымен 
жазылады.  Есептің  қысқаша 
жазбасын  құрастыру  кезінде 
де 
рим 
цифрларын 
пайдалануға  болады.  Рим 
нөмірленуі  қолдану  үшін 
әрдайым 
қолайлы 
бола 
бермейді,  себебі  жазулар 
ұзын,  ал  жазбаша  түрде 
көбейту  және  бөлу  жүргізу 
тіпті мүмкін емес. Сондай-ақ 
барлық 
амалдарды 
ойда 
жүргізу  қажет,  тіпті  санды 
соқу  үшін  де  ауызша  қосу 
немесе азайту қажет. 
 
Үш таңба (цифр) көмегімн 1-
ден  12-ге  дейінгі  сандар 
жазылатынын 
түсіндіру 
қажет.  Еске  сала  кету  қажет, 
компьютерлік 
техниканың 
кең 
таразайтуына 
байланысты 
құжаттарда 
уақыт  әлі  де  болса  араб 
Көрнекіліктерді 
көрсету 
үшін 
интерактивті  тақтаны  немесе  экранды 
қолданған  жөн.  Тақырып  бойынша 
презентация:  
http://900igr.net/search.ht
ml?q=%D1%80%D0%B8
%D0%BC%D1%81%D0
%BA%D0%B8%D0%B5+
%D1%86%D0%B8%D1%
84%D1%80%D1%8B
 
 
 
 
 
 
 
Интернет ресурстарына 
сілтеме: 
Babyblog.ru (Дереккөз). 
Formula.co.ua (Дереккөз). 
Gamejulia.ru (Дереккөз). 
  
 

 
50 
 
Ортақ: 1. Екеуі де дөңгелек. 
2. Тілдері бар. 
3. Циферблаты бар. 
4.  Циферблат  он  екі  тең  бөлікке  бөлінген.  Әр 
бөлік бір сағатты білдіреді. 
Айырмашылықтар: цифрлары әр түрі. 
(С) Мұғалімнің әңгімесі: 
1-суретте сағаттың циферблаты араб 
цифрларымен, екіншісінде – рим цифрларымен 
жазылған. Неліктен рим цифрлары осылай 
аталады? Себебі, римдіктер ең қарапайым, бірақ 
ең кемеңгер жолмен жүрген. Өздерінің 
цифрларын жазу үшін ежелгі римдіктер адам 
қолының бейнесін пайдаланған (сурет). I (бір), V 
(бес), X (он) цифрларының көмегімен көптеген әр 
түрлі сандарды жазуға болады.  
 
Рим сандарын жазу ережелері: 
Рим сандарын жазу кезінде ережелерді сақтау 
қажет. Үлкен цифрдың оң жағында тұрған аз 
цифр оған қосылады, ал сол жағында тұрғаны – 
алынады. Мысалы, алты санын жазу үшін, бес 
мәнін пайдаланып, оң жағына бір жазу керек (VІ), 
ал бесті білдіретін таңбаның жанына төртті жазу 
үшін сол жағынан бірді қоса жазу керек. 
 
(Ж, Ф, Д) Рим цифрларымен жұмыс дағдыларын 
қалыптастыруға 
және 
формативті 
бағалау 
тапсырмаларының үлгілері. 
цифрларымен 
көрсетіледі 
(27.04.17.,  яғни  2017  жылғы 
27 сәуір). 
Формативті бағалау әдістері:  
• 
Кері байланыс 
• 
Сөздік бағалау 
• 
Өзіндік бағалау 
• 
Өзара бағалау 
• 
«Бас бармақ» 
 
 
 

 
51 
 
1. Жыл айларын нөмірлеңіз. 
2. Рим цифрларын жатқа жазыңыз: 5, 3, 11,  
3.  Рим  цифрларымен  жазылған  сандарды  оқып, 
салыстырыңыз. Салыстыру таңбасын қойыңыз 
(< 
> =) 
а) III және V                     
ә) VI және IV                  
б) XII және VII              
в) IX және VIII  
г) XI және  IX 
ғ) IV және IX 
4.  Мысалдардың дұрыс шығарылғанын 
тексеріңіз. 
а) VI + I = V              б) X + III = XI 
ә) IX – I = X              в) VI – IV = IX 
1.3  
Шамалар және 
олардың өлшем 
бірліктері  
2.1.3.3 -  
ұзындық 
өлшемінің: см, 
дм, м,  масса: кг, 
ц,  көлем 
(сыйымдылық):  
л,  уақыт: с, мин, 
ай, жыл мәндерін 
салыстыру және 
шамалардың 
мәндерімен қосу, 
азайту, көбейту, 
бөлу амалдарын 
орындау  
2.1.3.4 – 
ұзындықты: см, 
дм, м, массаны: 
кг, ц,  уақытты: 
с, мин, ай, жыл 
өлшеу 
Уақыт бірліктері. 
(Т)  Тақырыпты анықтау үшін оқушылардан 
жұмбақтың шешімін табуды сұраңыз. Аяғы жоқ, 
қолы жоқ, Зымырайды бірақта (уақыт). 
Топтарда «Уақыт бірліктерін тап» ойынын 
өткізіңіз. Топта шамалардың аттары жазылған 
қима қағаздар беріледі. Тапсырма: уақыт бірлігін 
табу.  
5 кг 
25  см 
500 литр 
6 минут 
160 дм 
100 сағат 
2 км 
1 апта 
2 ай 
Оқылған материалды қайталау және тереңдеп 
зерттеу. Оқушылар уақыт бірліктерін атайды, 
оларды кему тәртібінде орналастырады. 
Қайталауға арналған материал: 
- бір жылда 12 ай бар; 
- бір айда 30 немесе 31 күн бар, алайла ақпан – 
ерекше ай: ақпанда 28 тәулік, ал төрт жылда бір 
реті 29 тәулік болады. Ақпанда 29 тәулік болатын 
жылды кібісе жыл деп атайды; 
Сабаққа қосымша материал 
ретінде есептерді 
пайдалануға болады. 
Есеп: 2012 жылы және 2016 
жылы ақпанда 29 тәулік 
болды. Қай жылы ақпанда 
қайтадан 29 тәулік болады? 
Шешуі: 
Ақпанда 29 тәулік төрт 
жылда бір рет болады. 
Демек, ақпанда қайтадан 29 
тәулік қай жылы болатынын 
табу үшін, 2016-ға 4 қосу 
керек:  
2016 + 4 = 2020 
Жауап: 2020 жылғы ақпанда 
29 тәулік болады. 
Әңгімелесуге арналған 
материалдар: 
1. Адамдар ойлап тапқан ең 
Уақыт туралы жұмбақ: 
zagadka.pro›Загадки про вре
мя 
 
 
 
 
 
Интернет желісінің 
ресурстарына 
сілтемелер: 
 
1. Интернет-сайт 
YouTube (Дереккөз) 
2. Интернет-
сайт onlinegdz.net 
(Дереккөз) 
3. Интернет-сайт volna.
org (Дереккөз) 
«Уақыт бірліктері» 

 
52 
 
бірліктерін 
олардың 
арасындағы 
арақатынас 
негізінде 
түрлендіру  
2.1.3.5 – уақытты 
циферблат 
бойынша 
анықтау 
- бір жылда 365 тәулік, кібісе жылда – 366 тәулік 
бар. 
Әңгіме: Уақыт не үшін қажет? Қандай сағаттар 
болады? 
(Ұ) Оқушыларға «Уақытпен тәжірибелер» 
бейнесін тамашалауды және талқылауды 
ұсыныңыз.  
(Ж) Жұптарда оқушылар механикалық 
сағаттардың үлгісін қарастырады. Циферблат, 
минут және сағат тілі түсініктерін қайталайды.  
 
Бір сағатта 60 минут, ал бір минутта – 60 секунд.  
(Ж, Д, Ф)
 
 Жұптық жұмыста сағаттың үлгісі 
бойынша уақытты анықтау дағдысын қайталаңыз. 
 
 
Егер сағат тілі 2-ні, ал минут тілі 12 санын 
көрсетсе, демек сағат екі. 
Ал қазір сағат қандай уақытты көрсетуде?  
 
Егер минут тілі 6 санын көрсетіп, ол 
арақашықтықтың жартысын жүріп өтсе, ал 
ескі сағаттар – күн 
сағаттары. Сағаттардың 
циферблаты ашық, күн көзі 
жақсы түсетін кеңістікке 
орналастырылды. Тіл 
бағдарының орнына көлеңке 
түсіретін өзекше болды. 
Сағаттар жақсы күйде 
болғанмен, күнсіз жұмыс 
істемеді. Сол себепті адамға 
басқа сағат ойлап табуға тура 
келді.  
 
 
Күн сағаты. 
2. Сондай-ақ ертеректе су 
сағатын қолданды. Жоғарғы 
сауыттағы су тамшымен 
төменгі сауытқа ақты. Қанша 
су аққанына қарап, адамдар 
сағатты анықтады. Мұндай 
сағатты клепсидра деп 
атады және өте ұзақ 
пайдаланды.  
презентациясы 
http://900igr.net/search.ht
ml?q=%D0%B5%D0%B4
%D0%B8%D0%BD%D0
%B8%D1%86%D1%8B+
%D0%B2%D1%80%D0%
B5%D0%BC%D0%B5%
D0%BD%D0%B8
 
  
ЭКСПЕРИМЕНТАТОРЛ
АР. Уақытпен тәжірибе 
https://www.youtube.com/
watch?v=JNsb1uMLxL0
 
 
 
Сағат суреттері 
yandex.kz/imagesкакие 
бывают часы
 
 
Қозғалмалы тілі бар
 
механикалық сағаттың 
үлгісі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сағаттардың 
интерактивті 
үлгілері 
мына  сілтеме  бойынша 
жүктеле алады:  
http://www.teacherled.com

 
53 
 
кішкентай (сағат) тілі 7 мен 8 арасында болса, 
сағат жеті жарымды көрсетіп тұр.  
(Д, Ж, Ф) Оқушылардан күннің маңызды сәттері 
туралы  ойлауды  сұраңыз  (мысалы,  мектеп 
сабақтарының  басталуы).  Осы  сәтте  сағат  тілі 
нені  көрсетеді?  Оқушылардан  циферблатқа 
жақындап, 
уақытты 
реттеуді 
сұраңыз. 
Оқушылардан  олардың  отбасы  үшін  ең  маңызды 
болып  табылатын  уақытты  сұраңыз  (жұмыстың 
басталуы/аяқталуы, 
сүйікті 
теледидар 
бағдарламалары).  
(Д,  Ж,  Ф)  Оқушыларға  циферблатты  қоршау 
тапсырмасын  беріңіз  немесе  дөңгелек  затты 
айналдыра  сызып,  белгі  жасап,  өз  циферблатын 
сазайтуды  сұраңыз,  содан  кейін  күннің  маңызды 
оқиғаларын  көрсететін  тіл  орналастын  орынды 
көрсетуді сұраңыз.  
(С) Одан әрі оқушылар сағаттың үлгісі бойынша 
уақытты анықтауға үйренеді, сонымен бірге «екі 
жарым», «алтыға он бес минут», «жетіге он бес 
минут» және т.б. мағынасын анықтайды. Сағат 
үлгісінің көмегімен мынадай есептерді шешеді: 
Оқиғаның соңын анықтау:  
«Сабақ сағат 11 басталды және 45 минутқа 
созылды. Сабақ қашан аяқталды?» Оқиғаның 
ұзақтығын анықтаңыз: 
 «Оқушы үйден 8 сағат 20 минутта шықты 
және мектепке 8 сағат 35 минутта келді. Ол 
жолға қанша минут жұмсады?» Оқиғаның 
басын анықтаңыз:  
«Жас футболшылардың жаттығуы 40 минутқа 
созылды, 3 сағат 45 минутта аяқталды. 
Жаттығу қашан басталды?» (Бұл есеп сағат 
тілдерін кері айналдыру арқылы шешіледі).  
(С) Оқушылардан әр күні не болатынын сұраңыз: 
 
Су сағаты. 
3. Топырақты сағат  
Ежелден бізге басқа – 
топырақты сағат келіп 
жетті. Оларды медицинада 
күні бүгінге дейін 
қолданады, егер ұзын емес 
уақыт кесінділерін белгілеу 
қажет болса: 1 минут, 2 ми-
нут, 5 минут. 
 
Топырақты сағат  
4. Қазіргі заманғы 
сағаттар, сағаттардың 
үлгілері. Қазіргі уақытта 
адамдар механикалық және  
электронды сағаттарды 
қолданады.  
/2009/08/05/interactive-
whiteboard-
clock/#.UYieF6K-1I4
 
 
 
 
 
 
 
 
Басып 
шығару 
үшін 
қолайлы 
циферблаттарды 
іздестіру 
көптеген 
нәтижелер 
береді, 
мысалы:  
http://donnayoung.org/f12/
math-
f/clocks/12clocks.pdf
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
54 
 
олар  оянады,  таңғы  ас  ішеді,  мектепке  барады 
және т.с.с. Үдерісті қайталауға дейін қанша уақыт 
өтеді?  Бұл  әрдайым  қайталана  ма?  Өзгерістер 
қашан 
болады? 
Тәуліктің 
(24 
сағат) 
маңыздылығы  туралы  және  бұл  Жердің  өзінің 
осін  әрі  Күнді  айнала  қозғазайтуымен  қандай 
қатынаста болатыны жайлы әңгімелесіңіз.  
Балаларға  «Жыл,  ай,  апта»  тақырыбы  бойынша 
не  белгілі  екенін  анықтаңыз  (Қазір  қандай  ай? 
Оған  дейін  қандай  ай  болды?  Жыл  қай  айдан 
басталады? Жаңа жылды біз қай күні тойлаймыз? 
Бір жылда барлығы қанша ай бар?) 
 (Д,  Ф)  Оқушылар  «Күн  тәртібін»  құрады 
(сағаттарды білдіретін 24 бөлігі юар сандық түзу) 
және  өз  күнінің  негізгі  нүктелерін  анықтайды. 
Түзудің  ұйқы,  мектеп,  ойын  және  т.б.  бөліктерін 
белгілеу үшін түрлі түсті таңбалау пайдаланылуы 
мүмкін. 
 (С)  Мектеп  күндері  және  мектепке  бармайтын 
күндер қалай бөлінгенін талқылаңыз. Оларды біз 
қалай атаймыз?  
 (С)  Туған  күндерді  талқылаңыз.  Оқушыларға 
келесі сұрақтарды қойыңыз: 
Сенің  жасың  нешеде?  Келесі  туған  күніңде  сен 
неше  жасқа  толасың?  Бір  жылды  көрсететін 
қабырға  күнтізбесін  көрсетіңіз.  Жылдың  Жердің 
Күнді  айнала  қозғалуымен  қалай  байланысты 
болатындығын түсіндіріңіз.  
(С)  Уақыт  шамаларын  оқу  «ғасыр»  (100  жыл) 
бірлігімен  танысумен  және  уақыттың  өлшем 
бірліктерінің  жалпы  кестесін  құрастырумен 
аяқталады.  Ғасырды  зерттеу  кезінде  21-ғасыр 
2000  жылы  емес,  2001  жылдың  1  қаңтарынан 
басталатынын еске салған жөн.  
(Д)  Саралау:  Уақыт  сызығын  құру  бойынша 
Механикалық сағат                  
Электронды сағат 
Оқушылардың 
назарын 
нақты уақыт режимінде сағат 
тек  бір  бағытта  –  сағат  тілі 
бойынша 
жүретініне 
аударыңыз. 
Бұл 
жұмыс 
«Менің 
мектебім»,  «Менің  туған 
өлкем» 
тақырыптарының 
аясында жүргізіледі.  
«Тәулік»  ұғымын  түсінуге 
арналған материал: 
Тәулікте  24  сағат  бар,  бірақ 
сағат  циферблатында  1-ден 
12-ге 
дейінгі 
цифрлар 
орналасқан, сондықтан кейде 
сағатты  нақтылауға  тура 
келеді.  Мысалы,  таңғы  жеті 
немесе  кешкі  жеті.  Тәуліктің 
басы – 0 сағат.  
 
Сағатта екі тіл бар. Үлкен 
тілін минут тілі, ал кішісін – 
сағат тілі деп атайды. Үлкен 
тіл толық айналып өткен 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
55 
 
жұмыс. 
Оқушыларғам  уақыт  сызығынан  (бөліктері  бар 
түзу) мереке күндерін көрсетуді ұсыныңыз.  
Қабілетті  оқушылар  үшін:  оқушылар  тіршілік 
уақытының  сызығын  құрады  (кесіндіде  туған 
күнін  көрсетеді,  содан  кейін  баллар  бақшасына, 
мектепке  бару  күндері,  бауыры  дүниене  келген 
күнді және т.с.с. көрсетеді). 
Уақыт бірліктерін салыстыру. 
 (Т) «Не көп?» ойынын өткізіңіз. Жұптарда 
оқушыларға уақыт бірліктері көрсетілген қима 
қағаздарды таратыңыз, мысалы, 40 минут және 1 
сағат. Не көп? Қалай анықтадың? Қорытынды: 
бірдей бірліктерді салыстырған қолайлы, 
сондықтан сағатты біз минутқа ауыстырамыз. Бір 
сағатта - 60 минут. 40 мин. < 60 мин. Сол себепті, 
40 мин. < 1 сағ. 
(Д, Ж, Ф)
 
 Жұптық жұмыста уақыт бірліктерін 
салыстыру дағдысын қайталаңыз.  
(С)  Уақыт  бірліктері  туралы  білімді  қайталап, 
бекітіңіз:  минуттар,  сағаттар,  айлар,  жылдар. 
Уақыт 
бірліктерінің 
арақатынас 
кестесін 
құрастырыңыз.  
 
(Д,  Ж,  Ф)  Оқушыларға  нәтижелерін  күнтізбеге 
сілтеме 
жасай 
отырып 
тексеріп, 
дұрыс 
орналастыру  үшін  күн/ай  аттары  бар  қима 
қағаздардың жиынтығын беріңіз.  
 (Д,  С,  Ф)  Сынып  бөлмесіндегі  қабырғаға  үлкен 
күнтізбе  іліңіз.  Оқушыларды  маңызды  күндерді, 
кезде (12-ден 12-ге дейін), 
кішкентай тіл тек келесі 
цифрға өтеді – бұл бір сағат 
өткенін білдіреді. Егер сағат 
тілі 0-ден 12-ге дейін толық 
бір айналым жасаса, 
тәуліктің бірінші жартысы 
өтті. Күндізгі 12-ден кейін 13 
сағат немес күндізгі 1 
болады, тағы бір сағаттан 
соң – 14 сағат немесе 
күндізгі 2, осылай 24 сағатқа 
дейін жалғасады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дұрыс тәртіпте 
орналастыруға арналған 
апта күндері және айлар 

 
56 
 
мысалы,  туған  күндерді  белгілеуге  шақырыңыз. 
Жекелеген 
оқушылардан 
маңызды 
мектеп 
күндерін  (тоқсанның  басы  және  т.б.)  және 
мемлекеттік/ұлттық  мереке  күндерін  белгілеуді 
сұраңыз.  Әр  күні  бір  оқушыдан  бүгінгі  күнді 
арнайы таңбаларды пайдалана отырып белгілеуді 
сұраңыз  (жалауша,  магнит  және  т.б.).  Таңбаның 
бүгінгі 
орналасуын, 
кешегі 
жән 
ертеңгі 
орналасуын 
талқылау 
үшін 
сәйкесінше 
терминдерді қолданыңыз (кеше, бүгін, ертең). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет