535
Гепарин тағайындау көрсеткіштері: 1. Қайталанған қосылған, әсіресе жаралы-
некротикалық элементтері бар тері бөртпелері; 2. Абдоминальды және бүйректік синдром-
ның болуы; 3. Гиперкоагуляциялық ығысудың болуы; 4. Паракоагуляциялық тестердің оң
болуы (этанолдық, протаминсульфаттық). Гепарин күніне 4 рет теріастына немесе венаға
енгізледі. Ауырлық дәрежесіне сәйкес 100 бірліктен 350-400 бірлік/кг салмағына дейін
қоладылады. Егер гепаринмен емдеу барысында қанның ұюу уақыта қысқа болып қала
берсе гепариннің дозасын 1,5 есе көтерген дұрыс. Науқаста қайталайтын терілік, бүйрек-
тік, абдоминальды синдром байқалса, ол преднизолон (1-2 мг/кг есебінен) тағайындаудың
көрсеткіші болады.
Преднизолонды жеке тағайындау қауіпті, өйткені
гиперкоагуляция дамуына
икемдейді, ал бұл ауру – ТІШҰ-синдромы дамуына бейім болы келеді.
Барлық науқастарға активтелген көмір, энтеросорбент, полипефан ішке
тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: