Қиял туралы түсінік.
Мақсаты: қиялдың психикалық үрдіс ретіндегі сипаттамасын беру.
Қиялдың психикалық іс-әрекетте атқаратын ролі. Қиял туралы түсінік, оның түрлері. Қиялдың атқаратын қызметі. Қиялдың жасалу жолдары. Қиял және шығармашылық. Шығармашылық туралы жалпы түсінік. Шығармашылық үшін қиялдың маңызы. Т.Рибоның концепциясы. Г.Уоллес бойынша және Г.С.Альтшулердің шығармашылық міндеттердің деңгейлері.
Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. Қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек күралдарын ала отырып, баска еңбек операциясын жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін баска қүралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғаңа емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында, яғни дәл казір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.
Қиял екі психикалық процеспен: ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса, біз қиял туралы айтамыз.
Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалады. Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.
Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялык көңіл күйімен тығыз байданысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Демек, қиял біздің іс-әрекетімізді ретгеуде үлкен рөл атқарады.
Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының «жіктену, оның ыдырауы, қайта топтасуы жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмінің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Қиял көптеген органикалық процестер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдардың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне, т.б. Қиялдың органикалық процестерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процесінің өзгеруі болып табылады. Мысалы, біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы құрал газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.
Қиялдың түрлері.
Қиял процесі ес сиякты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.
Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдына өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өзі арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.
Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиялды, шығармашылық қиялды және арманды бөліп қарауға болады.
Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажетгілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көрумен ғана емес, сонымен қатар есту, т.б. сияқты процеспен байланысты. А.С.Пушкиннін «Полтава» атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың даусын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.
Ерікті қиялдың келесі түрі - шыгармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялы және шыгармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.
Қиялдың ерекше түрі - арман. Қиялдың бұл түрінің мәні -жаңа образдарды жеке өзінін жасауы. Арманнын шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылыктары бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі бір тілек жатады. Екіншіден, арман - шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процесі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау, табу т.б. түріңдегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді.
Ырықсыз пассивты қиял сана іс-әрекеттерінің әлсіреуі, бұзылуы кезінде түс көруден байқалады. Пассив қиялдың айкын көрінісі адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады,
Қиялдагы образды қайта жасау механизмі.
Қиял процесі барысында дүниеге келетін образдар іштен пайда болмайды. Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсніктер негізінде қалыптасады.
Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда, бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.
Бұл образдармен екі негізгі тип жасалуы мүмкін. Біріншіден, бұл образдар жаңа үйлесімдер мен байланыстарға қойылуы мүмкін. Екіншіден, бұл образдарға мүлдем бөлек жаңа мағына берілуі мүмкін. Қай жағдайда болмасын абстракцияланған образдармен синтез деп айтуға болатын операциялар жасалады. Бұл операциялар қиял образдарын жасаудың екінші этапы болып табылады.
Синтездің қарапайым формасы агглютинация болып табылады, яғни жаңа образды қиялда бір объектінің қасиетін екіншісіне қосу арқылы жасау. Агглютинацияға мысалы: кентаврдың образы, қанатты адам, т.б.
Агглютинация өнерде және техникалық, шығармашылықта кеңінен қолданылады. Мысалы, Леонардо да Винчидің жас суретшілерге берген ақылы бәріне аян: "Егер сен ойдан жасалынған жануарды шынайы етіп көрсеткін келсе, айталық жылан - оның басына иттің басын қой, оған мысықтың көзін, филиннің құлағын, арыстанның қасын, тасбақаның мойнын сал". Техникада агглютинацияны қолдану барасында автомобиль-амфибия т.б. пайда болды.
Агглютинация негізінде жататын процестер әр түрлі. Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады. Аналитикалық қабылдаудың жетіспеушілігімен байланысты процестер және оймен байланысты санамен бақыланатын ерікті процестер кентаврдың образы атқа отырған адам қандай да бір жануар ретінде қабылданған кезде пайда болды. Ал қанатты адам саналы түрде пайда болды. Себебі ол ауада тез және жеңіл қозғалатын идеяны білдіреді.
Қиял образдардын қайта жасаудың неғұрлым өзекті әдістері схематизация және акцентировка болып табылады.
Схематизация әр түрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Біріншіден, схематизация объектіні толықтай қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл, әсіресе балаларда көп кездеседі. Екіншіден, схематизациянын себебі, объектіні толықтай қабылдау барысында сондай маңызды емес, детальдар мен бөліктерді ұмыту болып табылады.
Ең соңғы, үшіншіде, схематизацияның себебі - объектінің аса мәнді емес немесе қосымша жақтарынан саналы түрде бұрып әкету. Адам саналы түрде өз назарын объектінің манызды қажеттері мен белгілеріне аударады.
Акцентировка образдың неғұрлым мәнді соған тән белгілерін сызып көрсету үшін қажет. Бұл әдіс шығарма образдарын жасауда қолданылады. Бұл күрделі шығармашылық процесс және осы образды жасаушы адамның индивидуалды белгілі бір ерекшеліктерін көрсетеді.
Қиялдын индивидуалды ерекшеліктері және олардын дамуы.
Қиял адамдарда әр түрлі дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың индивидуалды ерекшеліктері адамның қиялының даму деңгейі бойынша және образ типтері бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.
Қиялдың даму деңгейі өткен тәжірибенің мағлұматтары қаншалықты терең және айқын, сонымен қатар олардың жаңалығымен, осы өңдеу нәтижелерінің мәнділігімен сипатталады. Қиялдың күші мен өміршенділігі жеңіл бағаланады, егер қиялдың өнімі шындыққа сәйкес келмесе және ғажайып образдар болса, мысалы, сиқырлы ертегілердің авторларындағыдай. Қиялдын әлсіздігі көріністерді өңдеудің төмен деңгейімен сипатталады. Әлсіз қиял ойша есептерді шешуде қиындық туғызады. Қиялдың дамуы жеткілікті болмаса, эмоционалды тұрғыда өмірде бай және жан-жақты болмайды.
Адамдар қиял образдарының айқындылық деңгейі бойынша бөлінеді. Егер белгілі бір шкала бар есептесек, онда оның бір полюсінде қиял образдарынын айқындалып, өте жоғары көрсеткішті көрсететін адамдар тұрса, екінші полюсінде өте төмен көрсеткішті керсететін адамдар тұрады. Қиялдың жоғарғы даму деңгейі өнер шығармашылықпен айналысатын адамдарда, жазушыларда, суретшілерде, музыканттарда, ғалымдарда байқалады.
Адамдар арасындағы айырмашылық сонымен қатар олардың бойындағы қиялдың белгілі бір түрінің үстем болуымен анықталады. Қиялдың көру, есту образдары жақсы дамыған адамдарда жиі байқалады. Бірақ та қиялдың барлық түрлері де жақсы дамыған адамдар да кездеседі. Бұлар аралас типке жатады.
Қиял мен қабылдаудың арасындағы байланыс дамудың келесі сатыларында сақталады. Олар өз ойындарында орындықты ұшақ немесе үңгірге қарап машинаға айналдырады. Алайда, баланың қиялындағы алғашқы образдар оның іс-әрекетімен байланысты, сәби армандамайды. Ол өнделген образды өзінің іс-әрекетіне айналдырады.
Қиялдың дамуынын келесі этапы, онын белсенді формаларының пайда болуымен байланысты. Бұл этапта қиял процесі ырықты сипат алады. Қиялдың белсенді формаларының пайда болуы үлкен адамдар жағынан инициативамен байланысты. Мысалы, ересек адам бір нәрсе жасап бер деп сәбиге ұсыныс жасаса, сурет салу тағы басқа. Ол қиял процесін белсендендіре түседі. Ересек адамның ұсынысын орындау үшін сәби алғашында өзінің қиялында белгілі бір образды жасауға тиіс. Бұл процесс өз табиғатында ерікті болып табылады.
Қиял және шығармашылық.. Шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейі мен ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.
Шығармашылықтың психологиясы онын барлық нақты түрлерінде көрінеді.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Қиял дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
Қиял түрлерін сипаттаңыз және олардың адамның практикалық іс-әрекетіндегі маңызын дәлелденіз.
Суретшінің және жазушының іс-әрекетінде қиялдың қай түрі басым болып келеді?
Түс көру деген не?
Әдебиеттер:
1.Тәжібаев Г. Жалпы психология. 206-212 беттер.
2.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 178-194 беттер.
3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 295-309 беттер.
4.Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 175-193 беттер.
5.Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 43-57 беттер.
6.Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –167-172 беттер.
Сөйлеудің жалпы сипаттамасы.
Мақсаты: Сөйлеудің түрлері және формалары туралы түсінік беру.
Сөйлеу және тіл. Сөз және оның мазмұны. Сөйлеудің түрлері және формалары. Сөйлеудің адамның өмірінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында маңыздылығы. Сөйлеудің физиологиялық негізі: перифериялық және орталық. Вернике және Брока орталықтары. Сөйлеу және ойлаудың байланысы. Филогенез және онтогенез барысында сөйлеудің дамуы.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән- мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болады.
Тіл, сөйлеу- ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой санасын дамытып жетілдіруге аса маңызды роль атқарады. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –пікір алмасу процесінде жеке адамның белгілі тілдің пайдалануы. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі сөздерді сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланыста. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атұқара алмайды. Мұның біріншісі- сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі, оның мәнерлігі.
Сөздің мазмұндылығы дегеніміз- екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Сөздің мәнерлігі дегеніміз- адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сөзімен айта алуы. Мысалы, біреуге сөзді нақты, түсінікті етіп айтса, ол сөзді түсінеді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомияның аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеу қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік таңдаудан; екіншіден, сөздік сигналдарының бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И.П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктерімізбен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер екінші сигналдар- сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».
Француз ғылымы Брокка «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын нерв орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т.б. ) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді.
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түснуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттеп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше.
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән – мағынасы жақын болғанымен, ғылыми тұрғыдан олар бір- бірінен ажыратылады. Адам сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым, жест, белгі, таңба арқылы бір-біріне ақпарат бере алады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика және т.б.) жиі қолданылады. Тіл – жеке адамның еңшісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс.
«Сөз» сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда көрінеді.
Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.
Ауызша сөйлеу- сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі - диалогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі яғни баяндаманың лектордың сөздері.
Сөйлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Сөйлеу дегеніміз не?
Ішкі сөйлеу дегеніміз не?
Диалогты сөйлеу дегеніміз не?
Тілдің атқаратын қызметтерін атаңыз.
Әдебиеттер:
1.Тәжібаев Г. Жалпы психология. 192-206 беттер.
2.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 162-178 беттер.
3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 381-417 беттер.
4.Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 97-113 беттер.
5.Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –189-194 беттер.
Зейін туралы түсінік.
Мақсаты: зейіннің адам өміріндегі атқаратын ролі туралы түсінік беру. Зейін туралы түсінік. Зейіннің атқаратын қызметі және түрлері. Зейіннің физиологиялық механизмдері. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін түрлерін топтастыру негіздері. Зейін туралы психологиялық теориялар. Лурия, Зейгарник еңбектері. Зейін және іс-әрекет. Зейіннің дамуы.
Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.
Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және толығырақ бейнелеу үшін, психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ сәулелендіруге болмас еді.
2.Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Ырықсыз зейін. Егер көшеде өте бойшаң адам мен аласа бойлы адам қатар келсе, біреуінің өте ұзын екені, екіншісі аласа адам екені көзге бірден шалынады.Мұны ырықсыз зейін деп атайды.
Ырықты зейін. Алдына мақсат қойып, көздеген нәрсесін алдын-ала белгілеп, әдейілеп зейінін соған аударуды ырықты зейін деп атайды. Бұл адамның еркімен істелетін зейін күші.Ол жұмыстың басынан аяғына дейін күшті сарқып жұмсауды тілейді.
Үйреншікті зейін. Үлкен адамдардың зейіні көбінесе үйреншікті болады. Бала кітап оқуды, жазу жазуды әдейілеп зейін салып, қайрат күш жұмсап үйренеді. Бұларды меңгеріп алған соң, қызықтырып тұрған күрделі міндетіне ырықты зейін бағынып, зейін арнайы күш жұмсамай-ақ орындалады. Бұл процесті үйреншікті зейін деп атайды.
3.Зейіннің қасиеттері:зейіннің тұрақтылығы, аударылуы, бөлінуі, көлемі және алаң болушылық деп бөлінеді.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейінің тұрақтылығы дейді.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Адам санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейінің бөлінушілігі дейді.
Зейінің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің санын айтады. Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады..
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі болып тұрады. Өйткені олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Зейін дегеніміз не?
Зейіннің түрлерін қысқаша сипаттаңыз. Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
Танымдық үрдістердің дамуындағы зейіннің рөлі қандай?
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалты психология. – А.,1993.- 114-119 беттер.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.-201-217 беттер.
Аймауытұлы Ж. Психология. А., 1995 82-104 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.84-97 беттер
Семинар сабақтарының тақырыптары.
Семинар (практикалық) сабақтардың мақсаты және міндеттері:
Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту, нығайту және тереңдету.
Теориялық материалды терең зерттеу, пән бойынша білімін жүйелеу.
Психологиялық әдебиеттерді талдау негізінде теориялық тұжырымдамаларды нақтылау.
Психологиялық әдебиеттермен өзбетінше жұмыс істей алу, материалды жалпылай алу дағдыларын қалыптастыру.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, психологиялық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Білім меңгеруде, шығармашылық ынталарын және қабілеттерін көрсетуде өзбеттілікті дамыту.
Болашақта білікті маман ретінде ғылымға және кәсіптік іс-әрекетіне деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Жалпы психология пәніне кіріспе.
Психология ғылым ретінде. Адамды зерттеудің әдіснамалық негіздері. Б.Г.Ананьевтің адам психикасын зерттеуге деген әдіснамалық бағыты. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. Психология психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым. Психикалық бейнелеу обьективті дүниенің субьективті бейнесі ретінде. Психикалық бейнелеу ерекшеліктері. Психиканың негізгі атқаратын қызметі. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы: психикалық процес, психикалық қасиет, психикалық кейіп.
Әдістемелік нұсқау:тақырыпты қарастыру барысында психологияны гуманитарлық және жаратылыстану пән ретінде нақты фактілермен ашып көрсету керек. Психикалық құбылыстар классификациясына тоқталу керек. Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.- 34-37 беттер.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.-5-16 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.-22-23 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.3-10 беттер.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Жалпы ғылыми қоғамдық және жаратылыстану пәні ретінде.
Психология жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде. Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі кезеңдері. Антика және орта ғасыр философтарының жан және сана туралы көзқарастары. Идеалистік және материалистік бағыттар. Психологиялық әдістердің дамуы. Психикалық құбылыстарды зерттеудің обьективті әдістері. Психологияның дамуындағы ғылыми кезең. Ресейде психологияның дамуы. Психология ғылымының Қазақстанда дамуы. Шетелдік психологияның бағыттары. Психология ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы.
Әдістемелік нұсқау:тақырыпты қарастыру барысында психология ғылымының даму кезеңдеріне тоқталып, шетелдік психологияның бағыттарына сипаттама беру керек, психология ғылымының салалары анықтамасын бере отырып ашып көрсету. Пәнаралық байланысын нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндіру керек.
Әдебиеттер:
1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.
2. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
3. Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.
4. Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.
5. Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.
6. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Дүниежүзілік психологиялық теориялар табиғи психиканың дамуы туралы түсінік.
Психология тарихындағы психиканың критерилері. Сезгіштік түсінігі психиканың қарапайым формасы ретінде. Адамды биологиялық түр ретінде бағытты зерттеуге байланысты К.Линнейдің еңбектері. Мінез-құлықтың рефлекторлық сипаты. Р.Декарттың еңбектеріндегі рефлекс туралы идеялар. И.М.Сеченовтың, Ч.Шерингтонның, И.П.Павловтың, П.К.Анохинның, Н.А.Бернштейннің еңбектеріндегі рефлекторлық теорияның дамуы. Тірі және өлі табиғаттағы бейнелеу формалары. Сезімталдық психиканың қарапайым формасы ретінде. Туа берілетін және жекелей әрекет-қылық.
Әдістемелік нұсқау:семинар сабағы даярлану барысында дүниежүзілік психологиялық теорияларға тоқталу керек, тірі және өлі табиғаттағы бейнелеу формаларына нақты мысалдар келтіріп, жануарлар дүниесінде кездесетін тропизм, инстинкт, дағды және ақыл-ой әрекет-қылықтарына тоқталу керек.
Әдебиеттер:
1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.
2. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
3. Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.
4. Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.
5. Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.
6. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Адам психикасының дамуы және қалыптасуы.
Адам психикасының дамуы және қалыптасуы. Психиканың атқаратын қызметтері. Адамдағы бейнелеу деңгейлері. Сана объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы деңгейі ретінде. Сананың пайда болуының алғы шарттары.Адам санасы. Адам санасының қалыптасуы мен дамуындағы еңбетің ролі. Сананың тарихи сипаты.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыруда санаға жалпы сипаттама беру керек.Адам санасының пайда болу мәселесіне тоқталу.Сананың пайда болуының алғы шарттарын ашып көрсету керек. Адам санасының дамуындағы еңбектің рөлін нақты фактілермен дәлелдеу.
Әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 беттер
2. Алдамұратов Ә. Жалп психология. А.,1995.-16-21 беттер.
3. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 беттер.
4. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 беттер.
5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980
6. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Табиғи психиканың қоғамдық-тарихы.
Жоғарғы психикалық функциялардың дамуы. Жоғарғы психикалық функциялардың әлеуметтік, жанамаланған ерікті сипатын. Мидың психофизиологиялық қызметтері. Психика және мидың байланысы. Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке клеткасының құрылысы. Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі. Ми және психиканың байланысы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың психиканың шартты-рефлекторлы сипаттамасы.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпта жүйке жүйесінің филогенетикалық дамуына, адамның ми жарты шарларына тоқталу керек. Жүйке жүйесінің заңдылықтарын түсіндіру керек. И.П.Павловтың шартты рефлекстер теориясын мысалдармен түсіндіру. Ми және психиканың арақатынасын ашып көрсету керек.
Әдебиеттер:
1. Тәжібаев Т. Жалты психология. – А.,1993.- 46-59 беттер.
2. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995- 12-17 беттер.
3. Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.-28-91 беттер.
4. Аймауытұлы Ж. Психология. А., 1995 82-104 беттер.
Адамның тануы және пікірлесуінде субьект ретінде қалыптасуына психологиялық талдау.
Жеке адам туралы түсінік. Тұлға құрылымы. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның әлеуметтенуі. Өмір барысында жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар. Қарым-қатынас ұғымы. Қарым-қатынастың мақсаты, құралдары, түрлері және олардың сипаттамасы. Қарым-қатынастың перцептивті, коммуникативті және интерактивті жағы.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында тұлға және қарым-қатынас мәселесіне, адамның дамуындағы еңбектің алатын орнына, жеке адамның қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлін ашып көрсету керек. Қарым-қатынастың мақсаты, құралдары, түрлері және олардың сипаттамасының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Әдебиеттер:
Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 беттер
Алдамұратов Ә. Жалп психология. А.,1995.-16-21 беттер.
Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 беттер.
Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 беттер.
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Психологиялық қызметке талдау.
Іс-әрекет туралы түсінік. Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі іс-әрекет теориясының зерттелуі және дамуы. Іс-әрекет психологиялық теориясының негізгі принциптері.Іс-әрекеттің құрылымы. Әрекет, мотив, мақсат. Психомоторика туралы жалпы түсінік. И.М.Сеченов әрекет физиологиясы туралы. Әрекеттің рефлекторлы концепциясы. Сенсомоторлық процестердің түрлері. Әрекеттегі интериоризация және экстериоризация. Дағдының қалыптасуы және автоматтануы. Іс-әрекет түрлері.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында адам іс -әрекеттің түрлерін және олардың жас кезендеріне қарай даму ерекшеліктерін ашып көрсету керек.Еңбек ойын, оқу іс- әркет түрлеріне сипаттама беру, жан-жақты тоқталу керек. Балалар ойынымен үлкендер ойының ерекшеліктерін ашып қөрсету керек.
Әдебиеттер:
1. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.443-511беттер.
2. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-145-165 беттер.
3.Тәжібаев Т.Жалпы психолгия.-А.,1995.-106-114 беттер.
4.Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.57-84 беттер
5.Гамезо М.В. Атлас по психологии. М.,1997.-83-97 беттер.
6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.- Москва,1977.
Іс -әрекет субьектісі: мотивация психологиясы, эмоциялар, тұлғалар.
Тұлғаның мотивациялық аймағы Эмоция және сезім, олардың өзара байланыстылығы. Эмоцияның атқаратын қызметтері, физиологиялық негізі. В.Вундтың сезімдердің үш өлшемді концепциясы. Ч.Дарвинның эмоцияның көрінуі туралы түсінік. Джемс-Ланге теориясы. Эмоцияның физиологиялық теориялары. Адамның көңіл-күйінің негізгі формалары. Жағымды және жағымсыз, стеникалық және астеникалық эмоционалды күйлер. Жоғары сезімдер туралы түсінік. Тұлға барлық психикалық құбылыстардың интеграторы. Тұлға, индивид, субьект, және даралық туралы жалпы түсінік.
Әдістемелік нұсқау:семинар сабағына даярлану барысында эмоция және сезім, олардың өзара байланыстылығы, эмоцияның атқаратын қызметтері, физиологиялық негізі, адамның көңіл-күйінің негізгі формаларына, жоғары сезім түрлері, оларды тәрбиелеу жолдарына тоқталу керек. Адамдағы эмоция түрлерін мысалдармен түсіндіру қажет.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 212-217 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. -194- 211 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 551-587 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 193-217 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 67-71 беттер.
Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –105-131 беттер.
Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 435-461 беттер.
Іс-әрекет субьектісінің жеке-психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктері.
Жеке тұлғаның биологиялық негізі. Темперамент және жоғары жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері. Темпераменттің қасиеттері. Мінез-құлық туралы түсінік. Мінез- тұрақты мінез бітістерінің жүйесі. Мінез бітістерінің негізгі топтары. Қабілет туралы жалпы түсінік. Қабілет және нышан. Нышан қабілетті дамытудың әлеуметтік және табиғи негізделген алғышарты. Қабілет түрлері. Еріктің жалпы сипаты. Ерік, оның адам өміріндегі, іс-әрекетін ұйымдастырудағы және қарым-қатынасындағы маңызы. Әрекетті еріктік реттеу. Ерік амалдарының кезеңдері.
Әдістемелік нұсқау:Тақырыпты қарастыруда темперамент типтеріне сипаттама беріп, мінез бітістерінің негізгі топтарына, қабілетке анықтама беру керек. Қабілеттілік түрлеріне (жалпы, арнайы, теориялық, практикалық, оқу т.б.) мысал келтіре отырып тоқталу керек. Іс - әрекеттің сәтті орындалуындағы қабілеттің ролін ашып көрсету керек. Дарындылық, нышан, талант түсініктеріне анықтама беру арқылы, даралық ерекшеліктерге тоқталу керек . Қабілетті дамыту кезеңдерін ашып көрсету керек.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 232-235 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 254-266 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 535-551 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 217-240 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 154-158 беттер.
Жеке тұлғаның психологиялық мәселелері.
Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға құрылымы. Тұлға құрылымынң негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік рольдер, мотивтер, бағыттылық, мінезі.Тұлғаның белсенділігі және бағыттылығы. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның әлеуметтенуі. Өмір барысында жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар. Тұлға типологиясы. Тұлға құрылымныдағы факторлық бағыт (Р.Кеттел, Н.Айзенк, Дж.Гилфорд). А.Ф.Лазурский концепциясындағы тұлға құрылы. В.И.Мясищевтің, Б.Г.Ананьевтің, С.Л.Рубинштейннің конепцияларындағы қатынас туралы көзқарастың өңделуі.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық ұғымдарына, тұлға құрылымы, оның құрамдас бөліктеріне, тұлғаның әлеуметтену үрдісіне тоқталып, нақты мысалдармен түсіндіру керек.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.
Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Қазіргі психологияда жеке тұлға ұғымының көп мағыналылығы.
Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері. Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері. Тұлға теориялары. Жеке тұлғаның психологиялық және әлеуметтік трактовкаға қатынасы. Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері. (Р.С.Немов бойынша тұлға теорияларын зерттеу). ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы. Жеке тұлғаның шетелдік теориялары (психоаналитикалық бағыт, психодинамикалық бағыт, когнитивті, диспозициялық бағыт, мінез-құлық теориясы).
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында тұлға теорияларына тоқталып, әр теорияның негізгі тұжырымдарын, олардың ерекшеліктерін қарастыру керек.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.
Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Субьект тану: тану үдерісінің психологиясы.
Түйсіктің қасиеттері және сипаттары
Түйсіктерді топтастырудың негізгі принциптері. В.вундтың энергетикалық жіктеуі. Ч.Шерингтон бойынша рецепторлардың жіктелуі. Х.Хед бойынша сенсорлық процестердің эволюциялық жіктелуі. Сезімталдық, сезімталдық табалдырықтары. Түйсіктің заңдылықтары. Синестезия, сенсибилизация, адаптация, түйсіктердің өзара байланысы.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында түйсіктің қасиеттеріне (сапалығы, қарқындылығы, ұзақтылығы,) жан-жақты сипаттама беру керек. Бейімделу (адаптация) түсінігін әлеуметтік мағынада және түйсіктің заңдылығы ретінде, мысалдармен түсіндіру керек. Сенсибилизация және синестизия заңдылықтарын нақты мысалдар келтіріп, ашу керек.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Г. Жалпы психология. 120-144беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 беттер.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 беттер.
Немов Р. С. Психология. 165-180 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы психологии. 177-220 беттер.
Гамезо М. В. 120-138 беттер
Столяренко Л. Д. Основы психологии. 25-30 беттер.
Аймауытулы Ж. Психология.-А., 1995.-175-186 беттер.
Қабылдаудың негізгі түрлері және қасиеттері.
Қабылдаудың заттылығы. Қабылдаудың негізгі қасиетері. Апперцепция құбылысы. Қабылдаудағы жекелей ерекшеліктер. Қабылдаудың формалары.
Әдістемелік нұсқау:Тақырыпты қарастыруда қабылдаудың негізгі қасиеттеріне (тұтастығы, мағыналылығы, таңдамалылығы, тұрақтылығы-константтығы( жан-жақты сипаттама беру керек. Кеңістікті және уақытты қабылдаудың ерекшеліктерін ашып көрсету керек.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 144-159беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 115-129 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 225-256 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 138-161 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 25-30 беттер.
Аймауытұлы Ж. Психология –А., 1995. –167-172 беттер.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Елестер туралы түсінік.
Елестің негізгі сипаттамасы. Елес нақты қазіргі уақыттағы қабылданбайтын заттар немесе құбылыстардың психикалық бейнесі ретінде. Елестің түрлері, олардың сипаттамалары. Елестің негізгі атқаратын қызметтері.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында елес, оның түрлері, елестің негізгі атқаратын қызметтеріне тоқталу керек.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 144-159беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 115-129 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 225-256 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 138-161 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 25-30 беттер.
Аймауытұлы Ж. Психология –А., 1995. –167-172 беттер.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Ес процестері мен механизмдері.
Есте сақтау мнемикалық әрекет ретінде. Есте сақтау түрлері. Есте сақтауда жаттығудың ролі. Қайта жаңғырту, тану, ұмыту және олардың байланысы мен айырмашылықтары. Ұмыту динамикалық үрдіс ретінде. Эббингауздың ұмыту заңдылығы. Ес туралы теориялар (гештальтпсихологиядағы ес мәселесі, естің биохимиялық теориясы, П.Жане мен Л.С.Выготскийдің зерттеулеріндегі естің жоғары формаларының қалыптасту мәселесі).
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында ес процестеріне (есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту) тоқталу керек. Реминисценция, амнезия құбылыстары туралы түсінік беру. Естің жекелік ерекшеліктерін және оны дамыту жолдарын ашып көрсету керек. Ес туралы теорияларға шолу жасау керек. Ес түрлері және олардың анықтамасы.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 167-182 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 129-146 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 256-295 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 161-175 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 35-43 беттер.
Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –152-162 беттер.
Ойлаудың түрлері және формалары.
Ойлаудың негізгі түрлері және оларды топтастыру негіздері. Ойлаудың психологиялық теориялары. Ойлаудың ассоциативті теориясы. Гештальтпсихологтар, психоанализде ойлау мәселесі. Ойлаудың когнтивті психологиясы. Ұғым. Дара және жалпы ұғым. Ұғымның қалыптасу кезеңдері. Ұғымның негізгі сипаттамалары және түрлері. Пікір. Ой қорытындысы- ойлаудың жоғарғы формасы. Индукция және дедукция ой қорытындысының формалары ретінде.
Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында ойлау түрлеріне (теориялық образдық, практикалық – көрнекі бейнелі, көрнекі - әрекеттік, шығармашылық) мысал келтіре отырып түсіндіру керек. Ойлауды дамыту жолдарын анықтау қажет.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Г. Жалпы психология. 182-192 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 146-162 беттер.
3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 309-349 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 175-193 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 45-57 беттер.
Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –186-199 беттер.
Қиял туралы түсінік.
Қиялдың психикалық іс-әрекетте атқаратын ролі. Қиял туралы түсінік, оның түрлері. Қиялдың атқаратын қызметі. Қиялдың жасалу жолдары. Қиял және шығармашылық. Шығармашылық туралы жалпы түсінік. Шығармашылық үшін қиялдың маңызы. Т.Рибоның концепциясы. Г.Уоллес бойынша және Г.С.Альтшулердің шығармашылық міндеттердің деңгейлері.
Әдістемелік нұсқау:Семинар сабағына даярлануда қиял түрлерін (ырықты, ырықсыз, қайта жасау қиялы, арман, түс көру) мысал келтіре отырып түсіндіру керек. Қиялдың жасалу жолдарын (талдау, абстракциялау, біріктіру, агглютинация, кестелеу) ашып көрсет керек. Қиялдың даму жолдарына тоқталу керек.
Әдебиеттер:
1.Тәжібаев Г. Жалпы психология. 206-212 беттер.
2.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 178-194 беттер.
3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 295-309 беттер.
4.Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 175-193 беттер.
5.Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 43-57 беттер.
6.Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –167-172 беттер.
Сөйлеудің жалпы сипаттамасы.
Сөйлеу және тіл. Сөз және оның мазмұны. Сөйлеудің түрлері және формалары. Сөйлеудің адамның өмірінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында маңыздылығы. Сөйлеудің физиологиялық негізі: перифериялық және орталық. Вернике және Брока орталықтары. Сөйлеу және ойлаудың байланысы. Филогенез және онтогенез барысында сөйлеудің дамуы.
Әдістемелік нұсқау: Сөйлеудің адамның өмірінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында маңыздылығына тоқталу керек. Сөйлеудің физиологиялық негізі: перифериялық және орталық. Вернике және Брока орталықтары. Сөйлеу және ойлаудың байланысы. Филогенез және онтогенез барысында сөйлеудің даму ерекшеліктеріне тоқталу керек.
Әдебиеттер:
1.Тәжібаев Г. Жалпы психология. 192-206 беттер.
2.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 162-178 беттер.
3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 381-417 беттер.
4.Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 97-113 беттер.
5.Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –189-194 беттер.
Зейін туралы түсінік.
Зейін туралы түсінік. Зейіннің атқаратын қызметі және түрлері. Зейіннің физиологиялық механизмдері. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін түрлерін топтастыру негіздері. Зейін туралы психологиялық теориялар. Лурия, Зейгарник еңбектері. Зейін және іс-әрекет. Зейіннің дамуы.
Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында зейін, оның анықтамасы, зейін туралы теориялар, зейіннің негізгі қасиеттеріне тоқталу керек.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалты психология. – А.,1993.- 114-119 беттер.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.-201-217 беттер.
Аймауытұлы Ж. Психология. А., 1995 82-104 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.84-97 беттер
5.Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмасы және орындау кестесі (ӨСӨЖ)
Берілген тақырыпты конспектілеу.
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы орамда тілмен жазылуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі ?
Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеу жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолуданбастайды.
Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп кеңес алған абзал.
Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
Студент рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен реферат тақырыбымен, негізгі ойымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда талқылап, көпшілікке жеткізеді, оның ғылымилығы, тереңділігі талқыланады.
Жұмыстың мұндай формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау- шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылап, қорытындысын шығару- маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдаржасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің бұлдыр тұстарын анықтап, қажет жағдайда түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
ӨСӨЖ № 1. Іс - әрекет субьектісі: мотивация психологиясы, эмоциялар, тұлғалар.
1. Тапсырма. Эмоция және сезімнің айырмашылықтарымен түрлеріне байланысты мәліметпен таблицамен жұмыс жасау керек.
Эмоция
|
Сезім
|
Эмоция және сезімнің айырмашылықтары
|
Эмоция түрлері
|
Адамдағы жоғары сезімдер
|
|
|
|
|
|
Бақылау формасы: жазбаша.
Әдістемелік нұсқау: :тапсырманы орындау үшін дәріс, семинар сабақтарындағы алған білімдеріңізге сүйеніңіз.
2. Тапсырма. Адамға әрекет етуде кедергі келтіретін мотивтік психологиялық факторларды анықтау.
Бақылау формасы: жазбаша, конспект.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.
Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
ӨСӨЖ №2. Іс-әрекет субьектісінің жеке-психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктері. Мінез типологиясы.
Оқулықтағы тақырып бойынша берілген жұмбақ есептерді шығару керек.
Мінез типологияларына сипаттама беріп, оларға салыстырмалы талдау жасау керек.
Бақылау формасы: жазбаша, конспект.
Әдістемелік нұсқау: Мінез типологияларына сипаттама беруде типологиялардың айырмашылық және ұқсастықтарын көрсету керек (таблица түрінде ұсынуға болады).
Әдебиеттер:
Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы. 1992. 105-107 беттер.
ӨСӨЖ № 3. Жеке тұлғаның психологиялық мәселелері.
Тапсырма: Жеке адам психологиясы тақырыбы бойынша негізгі түсініктерге сөздік құрау.
Бақылау формасы: жазбаша, талқылау..
Әдістемелік нұсқау:Тапсырманы орындау үшін анықтама, терминологиялық сөздіктерді қолдану керек.
ӨСӨЖ №3. Қазіргі психологияда жеке тұлға ұғымының көп мағыналылығы.
Тапсырма: тұлға туралы теорияларға талдау жасау керек.
Бақылау формасы: жазбаша, талқылау.
Әдістемелік нұсқау:Тапсырманы орындау барысында тұлға туралы отандық және шетелдік теорияларға талдау жасау керек (психоаналитикалық бағыт, психодинамикалық бағыт, когнитивті, диспозициялық бағыт, мінез-құлық теориясы, іс-әрекет теориясы).
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.
Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
2- семестр.
ӨСӨЖ №7. Түйсіктің қасиеттері және сипаттары.
Тапсырма: конспектілеу.
Түйсіктің түрлері: дәм түйсіктері, тері түйсіктері, иіс түйсіктері, көру түйсіктері және т.б.
Әдістемелік нұсқау:тапсырманы орындау барысында барлық негізгі әдебиеттер қолданылады.
Бақылау формасы: жазбаша, конспект.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.
Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
ӨСӨЖ №8. Қабылдау.
Оқу іс-әрекетіндегі қабылдау мен байқағыштықтың маңызын анықтау. Тапсырма оқу үрдісін бақылау бойынша жүргізіледі.
- сабақта студенттердің қабылдау үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі.
- студеттердің қабылдау мен байқағыштығының дамуының жастық ерекшеліктері.
- оқу іс-әрекетінде студенттердің қабылдауын дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
Бақылау формасы: ауызша талдау.
Әдістемелік нұсқау:Тапсырманы орындау барысында бақылау әдісін қолданып, берілген сұрақтарға жауап қайтару керек.
ӨСӨЖ №9. Ес процестері мен механизмдері.
Адам есінің дамуының негізгі мәселелері.
Естің жеке ерекшеліктері және оның дамуы.
Ес процестері және олардың ерекшеліктері.
Есті дамытуға арналған практикалық ұсыныстар.
Бақылау формасы: жазбаша, конспект.
Әдістемелік нұсқау:Сұрақтарға жауап беру барысында ұсынылған әдебиеттермен жұмыс жасау қажет.
Әдебиет:
Блонский И.П. Память и мышление. Санкт-Петербург. 2001.
Клацки Р. Память человека. Москва. 1989.
Занков Л. Память. Москва. 1969.
ӨСӨЖ №10. Ойлау туралы түсінік.
Рефератқа арналған тақырыптар.
Ойлау мен сөйлеудің байланысы.
Шығармашылық ойлаудың психологиясы.
Ойлауды дамыту жолдары.
Ойлау түрлері және олардың ерекшеліктері.
Ойлау және эмоция.
Оқыту үрдісінде ойлау әрекетін қалыптастыру.
Әдебиеттер:
Лурия А.Р. Язык и мышление.- М., 1979.
Петухов В.В. Психология мышления.- М., 1987.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М., 2000.
Тихомиров О.Н. Психология мышления. М., 1984.
Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1999.
6. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН КЕҢЕСТЕР (НҰСҚАУЛАР)
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ие болу керек).
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл кеңес алудың пайдасы зор.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) үй тапсырмаларын орындауды қамтиды. Ол бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Қойылатын талаптар:
СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен кешіктірмей , уақытында барлық талаптарға сәйкес орындалуға тиіс;
СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге , яки болмасы басқаға көшіруге беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды , сол себепті балл төмендетіледі);
СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында кейбір өзгерістер мен толықтыруларды ескеруге тиіс;
СӨЖ берілген нұсқау (дәптерде , А4 форматты қағазда және т.б.) бойынша өзгертуге тиіс.
Студенттердің өздік жұмыс тапсырмалары.
Сырттай бөлім студенттерінің өздік жұмыс тапсырмалары бақылау жұмысы формасында орындалады. Бақылау жұмысы студенттердің сессия аралығында өздігінен орындайтын оқу жұмысының арнайы түрі болып саналады.Бақылау жұмысының тақырыбын бірінші курс студенті алғашқы бағыттаушы сессияға келу кезінде алып, негізгі сессия уақытына дейін орындауы қажет. Бақылау жұмысын орындау үстінде сырттай оқитын студент психология пәнінің (курсының) бір бөлімі бойынша теориялық материалды өздігінен меңгеруді және соңғы кезде баспаларда шыққан зерттеу еңбектерімен танысып, оқытушылардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау керек.
Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық теорияны практикамен байланыстырып, эксперименттік материалды пайдаланады. Осылардың негізінде студент психология ғылымының белгілі бір саласы бойынша білімін байытып жетілдіріп мектептің оқу тәрбие жұмысына психологиялық бақылау жүргізуге, қорытынды жасауға үйренеді. Бақылау жұмысының тақырыптары жалпы психология пәнінің бағдарламасына сәйкес жасалады. Бақылау жұмысы талапқа сай формада, уақытынан кешіктірілмей пән бойынша оқытушыға тапсырылуы қажет. Студенттердің бірінші кезектегі негізгі міндеттері тақырыпқа қатысты нақты педагогикалық-психологиялық түсініктерді, анықтамаларды танып ала білу және оларға талдау жасау керек. Бақылау жұмысында тақырыпқа қатысты психология (және педагогика) ғылымының соңғы жетістіктерімен озат тәжірибелерін жинақтап көрсету керек. Жұмыста студент өз пікірімен тиісті әдебиеттерге сүйене отырып жасаған педагогикалық психологиялық қорытындысы болуы шарт.
Бақылау жұмысын дайындауға қойылатын талаптар.
Бақылау жұмысының тақырыбы және мазмұны психология пәніне (тапсырмаға) сәйкес болады.
Бақылау жұмысының негізгі мәселесін ашатын 4-5 бөлімнен тұратын жүйелі жоспар болады.
Бақылау жұмысы міндетті түрде студенттің өз қолымен түсінікті әрі сауатты жазылуы керек. Бақылау жұмысын басқа адамға көшіртіп жаздыруға немесе компьютерге бастыруға рұқсат етілмейді.
Бақылау жұмысында мектеп тәжірибесінің материалдары, оқу тәрбие процесінің теориялық негіздері, студент өзі жүргізген бақылау жұмыстары біріңғай логикалық байланыста болуы керек.
Бақылау жұмысының бірінші бетіне мыналар көрсетіледі:
-Семей мемлекеттік педагогикалық институты.
-Жалпы институттік кафедра.
-Факультеті.
-Бақылау жұмысының пәні, тақырыбы.
-Студенттің тегі, аты, жөні.
-Курсы.
6. Бақылау жұмысының екінші бетіне:
-Бақылау жұмысының тақырыбы, жоспары.
-Оқыған әдебиеттердің тізімі, еңбектің аты, авторы, баспасы
және жылы, ал журналдармен газеттің нөмірі, шыққан айы,
жылы көрсетіледі.
Ғылыми әдебиеттерден алынған пікірлер тырнақшаға алынып , сол бетінің соңында сілтеме түрінде әдебиеттері көрсетіледі. Студент бақылау жұмысын жазу кезінде көрсетілген әдебиеттермен шектеліп қоймай, тақырыпқа байланысты жаңа кітаптар мен журнал, газет мақалаларын пайдалануы тиіс. Әр тапсырмаға берілген жоспар бағыттаушы ретінде болады, студент өз қалауы бойынша жоспардың сұрақтарын құрайды. Тақырып бойынша бақылау жұмыстарын орындау барысында берілген әдістемелік нұсқауларды есепке алу керек.
Тақырыбы: Психология ғылымының теориялық -әдіснамалық негіздері.
Жоспар:
Адамды зерттеудің әдіснамалық негіздері. Әлемді танудың принциптері.
Психология пәні, зерттеу обьектісі және міндеттері.
Психика және психикалық құбылыстар.
Психология ғылымының ғылымдар жүйесіндегі орны.
Психология ғылымының салалары.
Тақырыпты қарастыру барысында адамды зерттеудің әдіснамалық негіздеріне, Б.Г.Ананьевтің адам психикасын зерттеуге әдіснамалық қатысының маңыздылығына, психология ғылымының пәніне , зерттеу обьектісіне , мақсат міндеттеріне , ғылыми психология мен тұрмыстық психологияның айырмашылығына назар аударуыңыз керек. Психология ғылымының салаларын классификациялаудың негіздері: әлеуметтік, жас ерекшелігі психологиясы, педагогикалық психология, инженерлік , медициналық, психофизиологиялық, дифференциалдық, сот психологиясы, заң психологиясы т.б. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны және міндеттерін анықтауымыз қажет.
Әдебиеттер:
Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері» Алматы, 2002 ж.
Немов Р.С. Психология. Кн. 1 Владос, 1998
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Спб, Питер; 1999
Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов на Дону. 1997
Достарыңызбен бөлісу: |