ПӘн бойынша глоссарий анимизм


Тақырып: Ойлау танымдық үрдіс ретінде



бет13/15
Дата11.02.2018
өлшемі3,05 Mb.
#37530
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тақырып: Ойлау танымдық үрдіс ретінде.


Жоспар:

  1. Ойлаудың негізгі сипаты. Ойлаудың физиологиялық негізі.

  2. Ойлаудың негізгі түрлері.

  3. Ойлаудың негізгі формалары.

  4. Ақыл-ой операциялары.

  5. Ойлауды теориялық және экспериментальды зерттеулері.

Тақырыпты зерттеу барысында мына мәселелерге басты назар аударуы қажет: Ойлау жөнінде түсінік, ойлау мен сөйлеудің өзара байланысы, ойлаудың физиологиялық негіздері.Отандас ғалымдардың еңбектеріндегі ойлау проблемасы. Ойлау жөніндегі теориялар , ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындылары; ой қызметтері, талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру (абстракция) нақтылау, қорыту, Ой әрекеті түрлері:

а. көлемдік ауқымына орай ойлау әрекеті:дискурсивтік, интуитивтік, шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл және қайта жаңғыртушы: шешілетін мәселелердің сипатына байланысты теориялық және практикалық: ойлау түрлерін классификациялауға байланысты; затты- әрекеттік, көрнекі – бейнелі, сөзді- логикалы болып бөлінуі. Ойлауды теориялық және эксперименталды зерттеулер.Ойлау және жеке адам . Ойлауды қалыптастырудың негізгі кезеңдері, ойлауды дамытудың филогенетикалық және онтогениталық аспектілері.

Әдебиеттер;


  1. Лурия А.Р. Язык и мышление. –М; 1979

  2. Выготский Л.С. Собрание сочинений . Т.1 Гл. ред. А.В. Запорожец. –М: Пед-ка, 1982

  3. Рубинштейн С.Л. «Основы общей психологии» Спб, Питер 1999 Алдамұратов, М. Мұқанов Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. 2-ші бөлім, Алматы, 1979

Тақырып: Елес- психикалық үрдіс ретінде.

Жоспар:

  1. Елес психикалық үрдіс ретінде.

  2. Елестің түрлері.

  3. Елестің атқаратын функциялары.

  4. Елестің жекелік ерекшеліктері.

Тақырыпты қарастыру барысында елесті психикалық үрдіс ретінде сипаттау, елестің типтеріне, елестің негізгі сипаттары мен түрлеріне тоқталу керек. Б.М.Тепловтың елес түрлерінің классификациясына; мазмұны және жалпыланған дәрежесі бойынша, ырықты күшті жұмсау дәрежесі бойынша. Көру және есту елестері, қимыл-қозғалыс елестері, кеңістіктік елестер, бірліктік және жалпы елестер, ырықты және ырықсыз елестер.Елестің атқаратын функцияларына: сигнплдық, реттейтін, ыңғайлайтын. Елестердің жекелік еркшеліктері; көру типі, есту типі, қимыл-қозғалыс типі.

Әдебиеттер;

1. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии Спб. Питер. 2004

2.Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические произведения: Под. ред А.В. Петровского –М. Пед-ка, 1979 г.

3.Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения. Т.1 М., 1983 г.



Тақырып: Сөйлеу және тіл.

Жоспар:

  1. Сөйлеу және тілдің психологиялық функциялары.

  2. Сөйлеудің түрлері, негізгі функциялары.

  3. Ойлау және тіл. Тіл қарым-қатынас құрал ретінде.

  4. Сөйлеудің физиологиялық негіздері.

  5. Баланың тілін дамыту.

Бақылау жұмысын орындау барысында мыны мәселелерге басты назар аудару қажет: Сөйлеу және тіл, оның психологиялық функциялары, сөйлеудің физиологиялық негіздері.Сөйлеудің түрлері.Сөйлеудің негізгі функциялары: айтылу, ықпал ету, хабарлау, белгілеу.Сөйлеудің пайда

болуының теориялық мәселелері. Сөйлеуді қалыптастырудың негізгі кезеңдері. Ойлау және тіл, тіл қарым-қатынас құралы ретінде. Тілдің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық құрамы. Баланың тілін дамытуда ересектердің ықпалы.



Әдебиеттер:

  1. Леонтьев А.Н. Избранные и психологические труды. Т. 2-м; пед-ка, 1987

  2. Лурия А.Р. Язык и мышление –М; Пед-ка, 1983

  3. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. –Алматы; Қазақстан 1980

  4. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности –Алма-ата: Изд КазГУ, 1992

Тақырып: Психикалық іс-әрекетте қиялдың ролі.

Жоспар:

  1. Қиял-психикалық процесс ретінде.

  2. Қиял үрдісінің механизмі.

  3. Қиялдың түрлері.

  4. Қиял бейнелерін қалыптастырудың негізгі кезеңдері.

  5. Қиял және шығармашылық.

Психикалық іс-әрекеттегі қиялдың ролін анықтау.Қиялды арнайы дәрежесіне қарай классификациялау: ырықты және ырықсыз қиял, қайта жасау қиялы, шығармашылық қиял. Қиялдың типтері: ерік дәрежесін жұмсауына, белсенділік дәрежесіне байланысты.Қиял бейнелерін қалыптастырудың негізгі кезеңдері.Талдау, абстракциялау, біріктіру, агглютинация, схематизация, гипербола.Қиялдың дамыған дәрежесінің сипаты, қиялдың даму кезеңдері. Қиял дамуының жекелік сипаты. Қиял және шығармашылық.

Әдебиеттер:

  1. Веккер Л.М. Психические процессы. В 3-х т. Т. 1-Л: Изд-во ЛГУ, 1974

  2. Выготский Л.С. Вооброжение и его развитие в детском возрасте. /Хрестоматия по психологии. –М: Просвещения. 1987

  3. Брушлинский А.В. Воображение и творчество. //Научное творчество. М: Наука, 1969

  4. Қ. Жарықбаев «Жантану негіздері». Алматы, 2002.


Тақырып: Зейін.

Жоспар:

  1. Зейін туралы түсінік.

  2. Зейіннің физиологиялық механизмдері.

  3. Зейін теорияларының классификациясы.

  4. Зейіннің негізгі түрлері.

  5. Зейін қасиеттерінің сипаттамасы.

  6. Зейін қасиеттерін зерттеуге арналған әдістер.

Зейін туралы анықтамаға, зейін табиғатын түсіндіруде Н.Н.Лангенің тұжырымдар тобы:

а. зейін қимылдық икемделудің нәтижесі;

б. Зейін көңіл – күй нәтижесі,

в. зейін өткен тәжірибенің нәтижесі.

г. зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті,

д.зейін жүйке тітіркендіргіштері күшейіуінің нәтижесі,

е. зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайтындығы

з. жүйелік тежелу теориясы ашу қажет.

П.Г Гальперин еңбектеріндегі зейін теорияларының тұжырымдамасын қарастыру керек. Зейіннің түрлеріне : ырықсыз, ырықты, үйреншікті; Зейіннің физиологиялық негізі (Ухтомскийдің доминанта принципіне; зейіннің негізгі қасиеттеріне: тұрақтылық шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы, көлемі,) алаңдаушылық, шашыраңқылық тоқталыңыз.

Зейін күрделі психикалық құбылыс ретінде, оның құрлымын ашып қарастыру. Оқыту- тәрбие процесінде оқушылардың зейінін басқарудың негізгі жолдарын бөліп көрсету.

Әдебиеттер:


  1. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – Спб; Питер, 1999

  2. Лурия А.Р. «Внимание и память». М, 1975

  3. Гальперин П.Я., Кабыльницкая С.Л. Экспериментальное формирование внимания. – М., 1974

  4. Немов Р.С. Психология. Кн.3 Владос, 1996


7. Курстық жұмыстың ұсынылатын тақырыптары және оларды орындауға әдістемелік нұсқаулар.

Жалпы психология бойынша курстық жұмыстарға жалпы талаптар

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуінде курстық жұмыстың рөлі ерекше. Бұл студенттерден ғылыми білімді қолданатын іскерлігін қажетт етеді. Студенттердің өздік жұмыстарының ең күрделі түрі.

Курстық жұмыс: зерттеу обьектісін, мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдістерін анықтауды қарастырады.

Әр студент жетекшімен бірлесе отырып, курстық жұмысының тақырыбын анықтайды. Соның негізінде студентке өз тақырыбы бойынша қажетті материалдарды жинақтауға тапсырма беріледі.

Курстық жұмыс алған біліммен қатар, студенттің ғылыми зерттеу қабілетін дамытады. Жұмысты орындау келесі кезеңдерден тұрады:


  1. Тақырып таңдау.

  2. Тақырыпқа ену. Студент ұсынылған әдебиеттер тізіміне қарап, оны өзінің әдеби ізденістерімен толықтырады, мерзімді шыққан баспадан керекті мақалаларды оқиды.

  3. Жұмыс жоспарын құру. Студент сұрақтар тізімін және олардың жұмыстағы кезектігін анықтайды. Тақырыпты жасау әдістерін белгілейді.

  4. Теориялық және тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелерін талдау.

Курстық жұмыстың үлгі құрылымы:

Кіріспе. Тақырыпты негізеу беріледі, әдебиеттерге қысқаша шолу кіреді. Зерттеудің мақсаты, міндеті және болжамы қалыптасады.

Бірінші тарау. Мәселенің теориялық жұмыстардағы және практикадағы жағдайы талданады.

Екінші тарау. Өзіндік бақылаулар, алынған фактілер, эксперимент берілулері талданады. (Мәтінде, мазмұнында «тарау» сөзі жазылмайды, санмен белгіленеді: мысалы, 1. немесе 2. Тараудың аты жазылады).

Қорытынды. Жалпы қорытынды және практикалық ұсыныстар қалыптастырылады.

Әдебиеттер тізімі.

Қосымша. Пайдаланылған схемалар, сұрақшалар, кестелер және басқа нақты материалдар беріледі. Олар негізгі мәтіндік материалдардың мазмұнын толықтырады.

Курстық жұмыстың көлемі 20-25 бет. Сыртқы бетінде жоғары оқу орны, кафедра, студенттің аты-жөні, факультеті және курсы, ғылыми жетекшісінің аты-жөні көрсетіледі.

Әдебиетпен жұмыс

Ғылыми қызмет арнайы әдебиеттерді жүйелі және мұқият оқуды талап етеді. Зерттеуші әрқашан ғылымның дамуындағы кезеңдерде із ашуынан алынып, анықталған білімге сүйенеді. Ол қазіргі маңызды ғылыми жағдайлар бағытын білуге тиіс. Әдебиет және баспасөз материалдарымен жұмыс – бұл ғылыми қызметтің құрамдас және бөлінбейтін бөлімі.

Көптеген атақты ғалымдардың қызметтерінде әдебиеттерді оқу үлкен орын алады.

Әдебиетпен жұмыс зерттеу қызметінің бөлімі болып табылғандықтан, барлық шығармашылық ізденіс кезеңінде әрбір ғылыми еңбектің алдындағы кезеңін құрайды. Бұл жұмыс сатысында тақырып таңдалады және анықталады, зерттеудің тапсырмалары және жетекші ойы анықталады, сонымен қоса гипотезамен ғылыми жұмыстың әдістемелері өңделеді.

Жан-жақты және жүйеленген әдебиет білімі – таза ғылыми шарттардың бірі болып табылады.

Баспасөз материалдарын оқығанда алынған мәліметтер есте сақталуын ғана емес, адам миы шекараларын дамытады. Сондықтан да жазуды хаттық ес деп атады. Оның көмегімен педагогикалық зерттеудің қызықты және маңызды материалдарымыздың барлығы қол астымызда болады. Ең маңыздысы, жүйеге келтірілген мазмұнмен, зерттеушімен үлкен материалда бұл мағлұмат жоғары деңгейде қабылданады. Жазылған – анықтамаға, ғылыми жұмысқа жәрдем индивидуалдық құндылық көзі. Оқу процесі кезінже жазу үлкен роль атқарады. Сонымен қоса саналық әрекет күштенеді, яғни материалды игеру, тақырыбы белсенді зерттеліп және жан-жақты оқылады: басты сұрақтар мен қорытындылар бөлінеді, дәлелдемелер қадағаланады, тәжірибелік мәліметтер, деректі материалдар бағаланады, жұмыс маңызы орнатылады. Осымен зерттеуші автордың шығармашылық зертхананың есігін ашқандай болып, педагогикалық зерттеу әдістерін оқиды және жоғары үлгідегі нағыз ғылыми ізденіс әдістемелерін игереді.

Дерекнамамен жұмыс нәтижелерінің оқу барысында жазылуынан құрылған, кейбір ғылыми материал жиналады: өзіндік болжам және бекіту, жаңа ойлар және сұрақтар, қарсылықтар және сындық ескертпе, күмән және бағалар, өзіндік зерттеу жоспарларының белгілері.

Зерттеуші оқығанды түсініктей және түйіндей келе, ол анық тәсілдерді және сұрақ айласын оқу бастысын бөлу және жинақтау, салыстыру, құрылымды анықтау және т.б. болып табылады. Сонымен қатар, өзіндік ойдың кейбір қысқа және анық мазмұндау дағдылары өңделеді. Бір немесе бәрнеше әдеби шығармаларға пікір, шолулық мақала енді өзімен-өзі шығармашылық жұмысты ұсынады, яғни бұл өзіндік зерттеулерге шейін өсуі мүмкін.

Келесі жазулық талдау барысында және оның жүйеленуінде «синтетикалық білім» қалыптасады, бұл зерттеушіге міндетті түрде керек. Ол анық көріністерде қызықты мәселелерді дәлелнамалардан алады, әлемдегі әр түрлі концепциялар, теориялар, көзқарастар және әдістер педагогиканың басқа ғылымдарымен ұштастырылады.

Әрбір педагогикалық зерттеу әдістері (бақылау, фактыны суреттеу және жүйелеу, зерттеу, педагогикалық тәжірибені оқу және т.б.) әдеби негіз жұмысымен байланысты. Жариялым туралы оқу әдістері таңдауда, бақылау ұйымында, тәжірибелі және басқа жұмыстарда бейнеленеді. Зерттеу барысында жаңа фактілік мәліметтер жинақталып, бөлек оқылатын сұрақтарға зейін күшеюі мүмкін, келесі маңызды ғылыми еңбектерді, теорияларды, анықтауларды, фактілерді ойлауға мүмкіндік пайда болады.

Сонымен қатар, зерттеуді әрі жоғары деңгейде дамыту процесінде әдебиетпен жұмыс жалғасады. Дәлелнама және ғылыми ізденістердің аяққы кезеңінде барлық материалдар жинақталып және нақтыланған қорытынды алынады. Әдеби негізбен жұмыс барлық зерттеу кезеңдерін қамтиды. Ғылыми ізденіс барысында әдеби жұмыспен сипат өзгереді.

Дәлелнамаларды зерттеу әдістері ерекше мақалалармен немесе басқа зерттеу кезіндегі жұмыс тапсырмаларымен белгіленеді.



Қажетті әдебиетті іздеу және алдын ала онымен танысу

Ғылыми тақырыпты таңдау үшін, педагогикадағы жаңа зерттеулермен және оның білімдегі байланысқан салаларымен танысу керек. Белгіленгендей «ақ дақ» көбіне шекаралас ғылыми аймағында болады. Қызықты фактілер мен мәліметтер кеңінен зерттеу жұмысында бастысы болады. Ғылыми ізденістердің пәні болып ғылыми материал талдауы, жаңа мәліметтерді жинау табылады: тәжірибелік, зерттеулік, санақтық.

Массалық тәрбиелеу тәжірибесі, білім және оқыту педагогикалық ғылымның дамуындағы ең басты негіздерінің бірі болып табылады. Сондықтан зерттеуге үлкен қызығушылықты «Педагогикалық оқу» жинақтары және оқыту-тәрбиелеу тәжірибесіндегі әдебиеттер ұсынады.

Ең бастысы тәжірибелік – зерттеу жұмысындағы жазу мен теориялық талдауды игереді. Сонымен қоса мәселелік зертхана әрекеттерімен танысу өте маңызды.

Зерттеуші қажетті әдебиетті іздеу барысында, басқа мәселелер мен сұрақтар арасында берілген тақырыптың маңыздылығы туралы ойланады. Осының арқасында, оның бағыттылығы мен ортақ көрінеді, зерттеудің мән-мағынасы анықталады. Мынадай нақыл сөз бекер айтылмаған «дұрыс сұрақ қою – ол оны жартылай шешті дегенді білдіреді». Әдебиетпен тереңдей танысуда мәселе нақтылануы, өзгеруі мүмкін.

Қажетті әдебиетті таңдау зерханадағы анықтамалық-библографиялық аппарат көмегімен жүргізіледі, кітапханадағы бар кітаптары бейнеленеді. Ол өзіне тізбектерді қосады (алфавитті, жүйелік және пәндік), карточка және анықтамалық-библиографиялық бөлім. Алфавитік тізбекте әдебиеттер алфавиттік ретпен, жүйелікте- білімнің бөлек салалары бойынша пәндік – бөлек тақырып пен мәселелер бойынша орналасады. Кейінгі 2-3 жылғы картотека, журналдар мен газеттегі мақалалар туралы көрініс береді. Осында кітаптарда шығарылмаған жаңа зерттеулер жайлы хабар алуға болады.

Кейінгі жылдары рефераттық журналдар әр түрлі әлем тілдеріндегі ғылыми әдебиет мазмұндарымен таныстырады. Осы кезде басқа да зерттеулер және жұмыстардың мазмұндары қысқаша айтылады, маңызды мәліметтер жүргізіледі, автордың қорытындылары жайлы хабардар етіледі.

Әдебиеттерді оқу (зерттеу). Әдебиетті оқу барысында зерттеушіге оқудың (әдебиетті) техникасына ғана емес, жазу материалдарына да назар аудару керек. Бұл екі жұмыс түрлері қатты байланысқан оқу формасы мен жазу формасы. Осы формалардың біреуін таңдауда зерттеудің тапсырмаларымен және әдеби мазмұнымен, анықталады. Жылдам оқу – әдебиетті оқудағы ең тиімді тәсілдердің бірі. Оның көмегімен оқулық мүмкіндіктері жоғарылайды. Сонымен бірге, жылдам оқу ақырын оқуға қарағанда: онда зейін шоғырланғыш (жинақтағыш) болып келеді, материал құрылымы жеңіл игеріледі және басты жағдайларды игереді.

Толығымен оқу кең таралаған әдіс болып табылады. Осыған сәйкес, егер кітап жеке меншік болса, жолдарда өте қызықты және маңызды мәліметтердің, жағдайлардың астын сызу үлкен пайда.

Әрбір оқу тәсілінде жазудың мынадай формалары, қысқаша түсініктеме, жоспар, кқшірмен қолданылады.

Түсініктемеде кітаптың немесе мақаланың басты мазмұны мен мағынасы көрсетіледі. Жоспар кітапта немесе мақаланың басты мазмұны мен мағынасы көрсетіледі. Жоспар кітапта немесе мақалада қарастырылған сұрақтарының тізімдері белгіленген жағдайда ғана жүзеге асады. Көшірме дәйксөз формасы ретінде жасалуға болады. Толық және нақты жазулар тырнақшаға алынады. Бұл көшірменің нақтылығын көрсетеді.

Тезис – бұл кітапта немесе мақаладағы басты сендірулер, ойлар, қорытындылар тізімі. Жазу автордың сөзімен немесе өз сөзімен жүргізіледі. Конспект – әдебиетті терең және мұқият талдау тәсілі. Барлық кітапты не болмаса бөлімді оқып болғаннан кейін, оқу барысында маңызды әсерлерін қарастырып жазу керек. Осындай жұмыс барысында конспект жеңіл болып келеді. Жақсы конспект кітаптың не болмаса мақаланың мазмұнын нақты және жоғары формадағы жазуларды қосады: кітаптың немесе мақаланың жоспарына сәйкес келеді, көшірмелер жасалады, басты жағдайлар және қорытындылар бекітіледі.

Зерттеу процесіндегі әдебиет материалдарын қолдану және жүйелеу. Зерттеу жұмысы барысында әр түрлі әдебиеттерден алынған мәліметтерді орналастыру және жүйелеу қажет. Бұл әртүрлі материалдарды жинақтау және талдау – әдебиетпен жұмыс істеуде өте жауапты кезең болып табылады. Әдеби материал жүйеге келтірілген жағдайда ғана, оған шоғырлану жеңіл. Жұмыс кезінде жазуда анықталмаған тәртіпті және жазуды сақтауды ұстану керек. Осымен жазулар қалың дәптерде жазылады, яғни әртүрлі мәселелер мен сұрақтар бойынша кіреді. Дәптерлер белгіленіп (сандары жазылады), дәптердің сыртында шығарманың тізімі, сұрақтары жазылады. Материал және де папкада да осылай сақтауға болады. Меншік журналдар мен газеттердегі жазулар қиындыларын жинастыру тиімді. Өзіңіздің кітабыңызда деректік материалдардан қосылады және жасырылады.

Өзіндік картотека – кітапханада немесе өз бетімен оқылған немесе қарастырылған әдебиеттердің жақсы формадағы есебі немесе жүйесі болып табылады. Карточкаларды тақырыптық белгімен топтастырған жөн. Карточкаға лайықты материалдар мен жазулар сақталған, дәптерлер мен папкалардың сандары жазылу керек. Бұнда түсініктеме де жазуға болады. Әдебиеттерді іздеуде қиыншылықтар тумас үшін, карточкаға кітапхананың шифрын жазып қою керек (бұл журналдар мен газеттер үшін маңызды).

Тәжірибе барысында алынған кітап, басында ешқпндпй қызығушылық зерттеуге тудырмады да, сосын ол өте қажет болуы мүмкін. Сондықтан картотекадан басқа, жаңа қызықты кітаптар мен мақалалар жазатын дәптер болған дұрыс. Дәптерден қажетті материалды тез табу үшін онда әр түрлі бөлімдерге бөлу қажет.

Әдеби материалдардың жақсы жүйелену тәсілі – реферат. Реферат белгілі бір сұраққа жауап беруде, бір немесе бірнеше әдебиеттерді пайдалану арқылы жазылады. Ол өзіндік жұмыстың алғы шарттары болып келеді. Реферат – ғылыми жұмыстың басы деуге болады.



«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАРЫ

  1. Адам санасының пайда болуы және дамуы.

  2. Л.С.Выготскийдің адам санасының дамуының қоғамдық-тарихи тұжырымдамасы

  3. Психология және философия: олардың өзара байланыс мәселелері

  4. Психологияның құрылымы және әдістері.

  5. Түйсіктің түрлері және оның жіктелуі.

  6. Қабылдау және оның ерекшеліктері.

  7. Қиял және оның балалық шақтағы дамуы.

  8. Ес туралы теориялар.

  9. Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары.

  10. Психология ғылымындағы ойлау туралы теориялары.

  11. Психологияның ғылым ретінде дамуы.

  12. Психологиялық ғылымның негізгі принциптері, ұғымдары, категориялары.

  13. Психиканың пайда болуы және эволюциясы.

  14. Психология ғылымының Қазақстандағы дамуы.

  15. Психология ғылымының Ресейдегі дамуы.

  16. Адам психикасы және миы: олардың байланыс принциптері мен механизмдері

  17. Балалар ойлауының дамуы

  18. П.Г.Гальпериннің ақыл-ойдың сатылап қалыптасу теориясы

  19. Шығармашылық ойлау психологиясы

  20. Қазіргі психологияда ойлауды зерттеудің бағыттары.

  21. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы.

  22. Адам іс-әрекетінің дамуы.

  23. Психологиядағы сана мәселесі.

  24. Жануарлар мен адам психикасының ерекшеліктері.

  25. Түйсік және қабылдаудың өзара байланысы және өзіндік ерекшеліктері.

  26. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы мен сөйлеуін анықтау.

  27. Зейін және оның қасиеттері.

  28. Балалар зейінінің дамуы

  29. Психологиядағы қарым-қатынас мәселелері.

  30. Достық өзара қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері

  31. Жалғыздықтың пайда болуы және оны жеңу жолдары

  32. Тұлғаның дамуында естің ролі.

  33. Ерік әрекетінің құрылымы.

  34. Адамда еріктің даму ерекшеліктері

  35. Сөйлеудің түрлері және қызметтері.

  36. З.Фрейдтің жеке адам туралы теориялары

  37. Жеке адам туралы биогенетикалық бағыт.

  38. Гуманистік теориядағы жеке адам мәселесі.

  39. Жеке адамның қалыптасуы және дамуы

  40. Қабілет туралы теориялар.

  41. Жеке тұлғаның қажеттілік-себептілік сферасының дамуы.

  42. Оқу мотивациясының ерекшеліктері.

  43. Қазіргі психологиядағы тұлға түсінігі.

  44. Отандық психологиядағы қазіргі тұлға теориялары.

  45. Келіспеушіліктер және оның психологиялық астары.

  46. Педагогикалық келіспеушіліктер, олардан шығудың тәсілдері.

  47. Темперамент туралы теориялардың негізгі мәселелері.

  48. Адамның эмоциялық аймағының дамуы

  49. Темперамент және мінез

  50. Мінездің қалыптасу механизмдері

  51. Мінез екпіндеуі туралы түсінік.

  52. Топ және оның жеке адамның дамуындағы ролі.

  53. М.Жұмабаевтың еңбектерінің психологиялық негіздері.

  54. Есті зерттеу әдістері.

  55. Психология ғылымындағы эксперимент әдісі.

  56. Қарым-қатынас және іс-әрекет жоғары психикалық функцияларды дамыту факторлары ретінде.

  57. Адам және жануарлар мотивациясы және эмоциясы.

  58. Қабылдау және іс-әрекеттің дамуы.

  59. Дағды табиғаты және оны қалыптастыру жағдайлары.

  60. Жекеленген іс-әрекет стилін қалыптастыру ерекшеліктері.

  61. Балаларда қабылдаудың дамуы.

  62. Танымдық қызығушылықтың дамуы және оқуға қабілеттілік.

  63. Қабылдаудағы тұлғалық ерекшеліктер.

  64. Жеткіншек жаста ойлаудың даму ерекшеліктері.

  65. Жеткіншек жаста өзіндік сана сезімнің даму ерекшеліктері.

  66. Кіші мектеп жасында зейіннің даму ерекшеліктері.

  67. Психологиядағы шығармашылық қабілеттер психологиясы.

  68. Эмоцияның психологиялық астарлары.

  69. Балалар қабылдауының дамуы.

  70. Зейіннің жекелей ерекшеліктері.

  71. Теориялық ойлау ерекшеліктері.

  72. Мінез қалыптасуының психологиялық аспектілері.

  73. Жеке тұлға бағыттылығының қалыптасуы.

  74. Дарындылық және оның формалары.

  75. Тұлға белсенділігі және оның қайнар көзі.

  76. Шығармашылық ойлау ерекшеліктері.

  77. Оқу үрдісінде ойлаудың дамуы.

  78. Қазіргі қоғамда жеке тұлға әлеуметтенуінің жолдары.

  79. Психология ғылымында жеке тұлғалар типологиясы мәселесі.

  80. Тұлғаны зерттеудің психологиялық әдістері.

  81. Тұлғаның шығармашылық қабілеттері.

  82. Оқу мотивациясының ерекшеліктері.

  83. Топтағы өзара жеке бастық қатынастардың дамуы.

  84. Индивидтің топтағы тұлғалық даму факторлары.

  85. Танымдық белсенділік және танымдық қызығушылық.

  86. Қазіргі психологияда ойлауды зерттеудің бағыттары.

  87. Келіспеушіліктер және оның психологиялық астары.

  88. Психология ғылымындағы қабілет туралы теориялар.

  89. Сөз-логикалық ойлаудың даму ерекшеліктері.

  90. Балалық шақта мінездің қалыптасу ерекшеліктері.


Негізгі әдебиеттер:

1. Аймауытұлы Ж. Психология. - Алматы, «Рауан» 1995ж.

2. Жарықбаев Қ. Б. Психология. - Алматы «Білім» 1993ж.

3. Алдамұратов Ә, Мұқанов М. Психология пәнінен лабораториялық практикалық сабақтар. - А., 1978 ж.

4. Темірбеков А. А., Балаубаев С. Психология.- А. Мектеп, 1966ж.

5. Тәжібаев Т. Жалпы психология А. Білім 1993 ж.

6. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н., Бапаева М., Нығыметова Г., Түрікпенов Ж. Жалпы психология. – А., Білім. - 1996 ж.

7. Немов Р. С. Психология. Кн. 1. - М: Владос. - 1998 ж.

8. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии. - СПб: Питер. - 1990 ж.

9. Столяренко Л.Д. Основы психологии. - М., 1997.

10.Джемс У. Психология.- Москва , 1991.

11.Артемьева Е.Ю. Психология субьективной семантики. – Москва.- 1980.

12.Забродин Ю.М., Лебедев А.Н. Психофизиология и психофизика. – Москва. - 1977.

13. Выготский Л.С. Педагогическая психология.- Москва .- 1991.

14.Краткий психологический словарь/ Сост. Л.А. Карпенко.- Москва 1985.

15.Кордуэлл М. Психология. – Москва, 1999.

16.Стреляу Я. Роль темперамента в психологическом развитии.- Москва, 1982.

17.Соколов А.Н. Внутренняя речь и мышление.- Москва.- 1987.

18. Израд К.Э. Психология эмоций. – СПб.: Питер. - 1999.

19. ЖарикбаевК. Развития психологической мысли в Казахстане (со второй половины ХІХ века и до наших дней) Алма- Ата: Казахстан, 1968. 167с.

20.Жарикбаев К. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы: Казахстан, 1996.

21. Ждан А.Н. История психология. От античности к современности. Изд. 2-е, переработанное. М.: Россиское педагогическое агенство, 1997, 442с.

22.Петровский А.В. , Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М.: 1994

23.Психологическая наука в России ХХ столетия: проблемы теории и истории. М.: ИП РАН, 1997, 576.

24. Якунин В.А. История психологии. Спб.: Питер, 1998.

25.Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М.: Полиздат. 1985, 573с.

26.Ярошевский М.Г. психология в ХХ столетии. М.: Политиздат. 1971., 367 с.

27. Леонтьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. 2-ое изд. - М. Политиздат. 1977 ж.

28. Ильин Е.П. Психология воли. - СПб.: Питер, 2000

29.Иванников В.А. Психологические механизми волевой регуляции.- М. 1998.

30. Хрестоматия по общей психологии: Психология памяти / Под. ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова.- М.: 1979.

31. Общая психология : курс лекций/ Сост. Е.И. Рогов .- М.: Владос, 1995

32.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекций; Учебное пособие для вузов .- М.- 1999.

33. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. 4000 –ға жуық термин.- Алматы, 2002.

34.Шабельникова В.К. Психика- функциялық жүйе./ Аударғандар Бердібаева І, Ерғалиев . Алматы.: 1998, 248 бет.

35.Алдамұратов Ә. Психология салаларының бағдарламасы /жоба/ - Алматы . 1995.- 98 бет.

35.Джакупов С.М., С.К.Бердібаева Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. . Алматы.- 1998. -53 бет.

36. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности .- Алма- Ата.: - 1992 .-195с.

37.Вопросы теории и практики психологии и педагогики: Межвузовский сборник научных трудов. – Алматы:АГУ им. Абая. – 1999. – 94 с.

38.Психологические проблемы социализации личности: Межвузовский сборник научных трудов. – Алматы: АГУ им. Абая. – 1999. – 134 с


Ескерту: курстық жұмыстарды орындауға байланысты әдістемелік нұсқаулар және ұсынылатын психология кафедрасының аға оқытушылары Г.А.Куребаева және Р.Т.Игмановамен ұсынылған

7. Бақылау құралдары.

Пән бойынша тестік тапсырмалар

$$$ 1 С


Тұңғыш психологиялық лабораторияның негізін калаған :

А) Бехтерев.

В) Фрейд.

С) Вундт.

D) Выготский.

Е) Ушинский.


$$$ 2 С

Қазіргі психологиялық, зерттеулерде қай әдіс негізгі және маңыздырақ деп саналады:

А) генетикалық.

В) референтометрия .

C) эксперимент .

D) тест .

Е) әңгіме.
$$$ З А

Табиғаттың барлық объектілерін жанды дейтін қияли түсінік:

А) анимизм.

В) монизм.

С) идеализм.

D) дуализм.

Е) панпсихизм.
$$$ 4 C

Темпераментті алғаш рет сипаттаған:

А) Аристотель.

В) Платон.

С) Гиппократ.

D) Кречмер.

Е) Павлов.
$$$ 5 C

Төл тіліміздегі психология оқулығының авторы кім:

А) Мұқанов.

В) Алтынсарин.

С) Аймауытов.

D) Абай.


Е) Жарықбаев.
$$$ 6 B

Түс көру деген не:

A) шындыктың санадан тыс бейнеленуі .

B) қиялдың пассивті түрі .

C) гипнозға берілушіліктің жоғары нәтижесі .

D) галлюцинацияның ерекше түрі .

Е) қиялдың активті түрі.
$$$ 7 B

Қандай бір жетістікке жетудегі санадан тыс ұмтылыс :

А) ерік.

В) ынтызарлық.

С) қажеттілік.

D) қызығу.

Е) инстинкт.
$$$ 8 B

Зейіннің бір сәтте бірнеше объектілерді қамтып алу қасиеті:

А) концентрация .

В) көлемі .

С) тұрақтылығы.

D) ауысуы .

Е) бөлінуі.
$$$ 9 C

Мінездің көріністері көбінесе шарттыланады :

А) дамудағы акселерация .

В) госпитализм құбылысымен .

С) қоршаған ортаның әсері .

D) сензитивтілікпен .

Е) сенсибилизациямен.
$$$ 10 A

Психика дегеніміз :

А) қоршаған ортадан шындьқтың мида бейнеленуі іс-әрекеті.

В) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі.

С) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті.

D) бас ми материясының субстраты.

Е) бақылаудың, жанның көрінісі.
$$$ 11 E

Бір объетіні екіншісінен гөрі ерекше бөліп алу қабылдаудың кандай қасиетімен байланысты:

А) заттылығы.

B) құрылымы.

C) тұтастығы.

D) тұрақтылығы .

Е) таңдамалығы.
$$$ 12 D

Қандайда бір әрекетті орындаудағы табиғи алғы шарттар:

А) ерікгі мінез.

В) талант.

С) дарындылық.

D) нышандар.

Е) қабілеттер.
$$$ ІЗ B

Тұлға аралық қарым - қатынас кезінде жетешіге (лидерге) сөзсіз бағыну стилі:

А) либеральды .

В) авторитарлы .

С) демократиялық.

D) қол астына алу.

Е) конфронтация.
$$$ 14 B

Психиканың эволюциялык дамуының 3 деңгейі туралы түжырымдаманың авторы:

А) Выготский.

В) Леонтьев.

C} Рубинштейн.

D) Эльконин.

Е) Теплов.
$$$ 15 A

Жеке түлғаның туа біткен ерекшеліктеріне не жатады:

А) темперамент.

В) қабілеттер.

С) мінез.

D) ec.


Е) зейінділік.
$$$ 1б B

Адамның білгенін дер кезіңде есіне түсіре алмауы калай аталады:

А) амнезия.

В) конфабуляция.

С) реминисценция.

D) мнемоника.

Е) агнозия.
$$$ І7 D

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы не деп аталады :

А) қиял.

В) галлюцинация.

С) иллюзия.

D) апперцепция.

Е) синестезия.
$$$ 18 A

Сыртқы әрекеттің ішкіге айналуы:

А) интериоризация.

В) эстериоризация.

С) әлеуметтену.

D) тұқым қуалаушылық.

Е) өнімді іс - әрекет.
$$$ 19 B

Қызбалық және асығыстықты сипаттайтын темперамент типі:

А) меланхолик.

В) холерик.

С) сангвиник.

D) флегматик.

Е) флегмахалик.
$$$ 2О D

Өзінің іс - әрекетінің нәтижесіне канағаттанарлықтың көрінуі бұл:

А) интелектуалды сезім.

В) эстетикалык сезім.

С) адамгершілік сезімі.

D) практикалық сезім.

Е) эмоциялар.
$$$ 21 C

Төменде келтірілген қасиеттердің кайсысы адамды тұлға ретінде сипаттайды:

А) эмоциялы.

В) қызбалық.

С).ұқыптылық.

D) ұяңдық.

Е) ұялшақтық.
$$$ 22 B

Индивитің өмірге келгеннен өліміне дейінгі даму процесі:

А) филогенез .

В) онтогенез .

С) эволюция.

D) акселерация .

Е) эмансипация деп аталады.
$$$ 23 D

Өзара байланысты емес касиеттерді "желімдеу" аркылы пайда болған жаңа бейнелерді жасау тәсілі:

А) гипербола.

В) типтік бейнелер жасау.

С) акцент жасау.

D) агглютинация.

Е) схематизация.
$$$ 24 D

3аттар мен құбылысардың жалпы және маңызды белгілері бойынша ойша біріктіруге байланысты ой операциясы қалай аталады:

А) айналу.

В) синтез.

С) теңестіру.

D) жалпылау.

Е) абстракция.
$$$ 25 B

Психиканың саналы, санадан тыс және санасыз деңгейі туралы ілмнің іргесін қалаған кім:

А) Леонтьев.

В) Фрейд.

С) Выготский.

D) Рубинштейн.

Е) Вундт.
$$$ 2б C

Сенарист театр үшін пьеса жазды. Осы жағдайда сөйлеудің қандай түрі туралы айтуга болады:

А) диалогты.

В) монолог.

С) жазбаша.

D) іштей.

Е) ауызша.
$$$ 27 E

Алғашқы рет темпераменттің физиологиялық негіздерін

ғылыми түрде кім негіздсген:

А) Небылицын.

В) Гиппократ.

С) Леонтьев.

D) Выготский.

Е) Павлов.


$$$ 28 B

Мінез дегеніміз :

А) адамда еріктің пайда болуы.

В) қоғамдағы мінез-құлқы этикасы

С) қарым-қатынас пен іс-әрекетте байқалатын жеке тұлғалық ерекшелікгер.

D) белгілі бір бағдар.

Е) тума табиғи сапасы.
$$$ 29 E

Психология өз алдында дербес гылым болып қашан қалыптасты:

А) б.э.д.

В) 3 ғасырда.

С) 17 ғасырда.

D) 19 ғасырда.

Е) 20 ғасырда.
$$$ ЗО E

Жан туралы алғаш трактатты кім жазды:

А) Платон.

В) Демокрит.

C) Гиппократ.

D) Сократ.

Е) Аристотель.
$$$ 31 D

Кім орта ғасырда жанның мәні және оны тәрбиелеу

туралы жан-жак.ты қарастырды, "Әлемнің екінші ұстазы" аталды:

А) Аквинский.

В) Бокачко.

С) Ибн Сина.

D) Аль-Фараби.

Е) Декарт.


$$$ 32 D

Психологиялык. әдістердің ішіндегі ең көнесі:

А) социометрия

В) тест.


С) анкета.

D) бақылау.

Е) эксперимент.
$$$ 33 D

Социометрия әдісінің негізін салған кім:

А) Выготский.

В) Леонтьев.

С) Бине.

D) Морено.

Е)Теплов.
$$$ 34 E

Қазіргі таңда психология ғылымының қанша саласы бар:

А) 5.

В) 7.


С) 10.

D) 12.


Е) 15 тен аса.
$$$ 35 B

3аттардың бөлшекгерінен кұбылыстар мен заттардың мәні

туралы елес алуга мүмкіндік беретін ой операциясы:

А) анализ.

В) синтез.

С) салыстыру.

D) классификация.

Е) абстракция.


$$$ 3б C

Таным іс - әрекетінің алғашқы сатысы:

А) ойлау.

В) қиял.


С) түйсіктер.

D) қабылдау.

Е) ес.
$$$ 37 B

Адамның қоршаған ортадагы шындықты бұрмалап түсінуі:

А) ойлау.

В) галлюцинация.

С) иллюзия.

D) адаптация.

Е) синестезия.
$$$ 38 A

Өткен өмірінде болган оқиғаларды есіне түсіре алмау құбылысы:

А) амнезия.

В) конфабуляция.

C) реминисценция.

D) мнемоника.

Е) агнозия.
$$$ 39 B

Қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді ойлау түрі

А) көрнекі-бейнелі.

В) заттық-әрекеттік.

С) сөз -логикалық.

D) талдау .

E) абстракция.


$$$ 4О A

Санадағы аса қатты жарық жылылық сезімін туғызады, қараңғылық салқындықты түйсінгін тудырады. Бұл құбылыс қалай аталады:

А) синестезия.

В) сенсибилизация.

C) адалтация.

D) конфабуляция.

Е) рсминисценция.
$$$ 41 С

Төмендегі сапалардың кайсысы тұлғаны жеке адам ретінде сипаттайды:

А) эмоцияга берілгіштік.

В) ерік.


С) ұқыптылық.

D) ұялшақтық.

Е) қызбалық.
$$$ 42 B

Табиғат әсемдігіне тандану ол :

А) интелекгуалды сезімдердің .

В) эстетикалык сезімдердің .

С) адамгершілік сезімдердің .

D) практикалык, сезімдердің .

Е) эмоциялардың.
$$$ 43 A

Қоғам дамуындағы прогресті іске асыратын кандай

психикалык. процестің көмегімен жасалынады:

А) қиял.


В) ойлау.

С) ес.


D) түйсіктер.

Е) конформдық.


$$$ 44 A

Түрлі психикалық көріністерді анықтайтын негізгі

себептерді біз қай маңызды принциптен іздейміз:

А) детерминизм.

В) тарихилық.

С) даму.


D) сана мен іс - әрекеттің бірлігі.

Е) жүйелілік.


$$$ 45 A

Үжым туралы ілімнің негізін салушылардың бірі:

А) Макаренко.

В) Руссо.

С) Выготский.

D) Эльконин.

Е) Рубинштейн.
$$$ 4б A

Шынайы объектің сапасын жоғарылату киялдың қай тәсілі негізінде жүзеге асырылады:

А) гиперболизация.

В) типизация.

С) түйсіну.

D) агглютинация.

Е) схематизация.
$$$ 47 A

Психикалық құбылыстардың себебін объективті тұрғыдан іздеуді қай принцип қамтамасыз етеді:

А) детерминизм.

В) тарихилық.

С) даму.

D) сана мен іс-әрекеттің бірлігі.

Е) жүйелілік.
$$$ 48 C

Қазақстандағы бірінші психологиялық оқулықтың авторы:

А) Аль – Фараби.

В) Aбай.


С) Аймауытов.

D) Шоқан.

Е) Жарықбаев.
$$$ 49 A

Көне заман ойшылдарының қайсысы тұңғыш рет жан проблемасын кең түрде материалистік негізде қарастырды:

А) Аристотель.

В) Платон.

С) Дсмокрит.

D) Сократ.

Е) Пифагор.
$$$ 50 A

Ресейдегі алғашқы психологиялык, лабораторияның негізін салған кім:

А) Бехтерев.

В) Выготский.

С) Ушинский.

D) Ланги.

Е) Ломоносов.
$$$ 51 A

1с-әрекетті сапалы және нәтижелі орындай білу қалай аталады:

А) талант.

В) дарындылық.

С) қабілет.

D) нышан.

Е) ерік.
$$$ 52 E

Қандай да бір іс - әрекетті орындау мүмкіндігі немен қамтамасыз етіледі:

А) ерікті мінезбен.

В) дарындылықпен.

С) данышпандьшықпен.

D) нышандармен.

Е) қабілеттермен.
$$$ 53 C

Туындайтын проблемаларды шешуде дискуссиялы тұрғыға негізделген жеке адамдар арасындағы өзара карым- қатынастар стилі:

А) либеральды.

В) авторитарлы.

С) демократиялық.

D) қамкорлық

Е) конфронтация
$$$ 54 B

Адамның өзінің есіндегі бос аралықтарын қиялмен толтыра отырып, өз білгенін жеткілікті түрде есіне түсіре алмайтын құбылысы қалай аталады:

А) амнезия.

В) конфабуляция.

С) реминисценция.

D) мнемоника.

Е) агнозия.
$$$ 55 C

Адам өзін өзектілеу арқылы жеке адам ретінде толық байқатуын мақсат тұтатын психологиялық бағыт :

А) бихевиоризм .

В) гештальт психология.

С) гуманистік психология.

D) психоанализ.

Е) трансактылы анализ (талдау).
$$$ 56 C

Ғалымдардың ішінде психоанализ әдістерінің негізін кім салған:

А) Морено.

В) Вундт.

С) Фрейд.

D) Выготский

Е) Леонтьев.
$$$ 57 B

Психологияның санадан тыс деңгейі байқалады:

А) интуициядан.

В) инстинктерден.

C) шартты рефлекстерден.

D) интериоризациядан.

Е) экстериоризациядан.
$$$ 58 B

Баска адамдармен байланыска жеңіл енетін адам қалай аталады:

А) интроверт.

В) экстраверт.

С) гетероверт.

D) гиповерт.

Е) нормостеник.
$$$ 59 A

Айналасындағы адамдармен қарым - катынас процесіне түсуде қиналатын адам қалай аталады:

А) интроверт.

В) экстраверт.

С) гетероверт.

D) гиповерт.

Е) нормостеник.
$$$ 60 B

Қоршаған ортадағы құбылыстар мен заттар туралы тұтастай елес тууын қамтамасыз ететін психикалық процесі

А) түйсікгер .

В) қабылдау .

С) ойлау.

D) қиял.


Е) ес.
$$$ 61 E

Қоршаған ортадағы құбылыстар мен затгар жайындағы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ететін психикалық процесі:

А) түйсіктер.

В) қабылдау.

С) ойлау.

D) қиял.


Е) ес
$$$ 62 D

Бұрын қабылдау негізінде жаңа бейнелер жасауды қамтамасыз ететін психикалық процесі:

А) түйсіктер.

В) қабылдау.

С) ойлау.

D) қиял.


Е) ес.
$$$ 6З B

Кейбір адамдарда музыка дыбыстарының әсері белгілі бір түйсіктерді (ақ, қызыл) елестетін процесі :

А) сенсибилизация.

В) синестезия.

С) бейімделу.

D) интериоризация.

Е) экстериоризация.
$$$ 64 B

Дыбысты ести отырыл музыканттың айыру кабілеттілігі камтамасыз етіледі (мысалы "до" жөне "до - диез"):

А) синестезия кұбылысымен..

В) сенсибилизациямен.

С) жүйкенің қозғыштығымен.

D) адаптация арқылы.

Е) сезгіштіктің абсолютті табалдырығы.
$$$ 65 B

Үміт пен идеалға көңіл қалу қалай аталады:

А) конформизм.

В) фрустрация.

С) депрессия.

D) апатия.

Е) агнозия.
$$$ 66 A

Қажет жағдайда қоршаған ортаға бейімделу қабілеттілігі -

А) конформизм.

В) фрустрация.

С) депрессия.

D) апатия.

Е) агнозия.
$$$ 67 A

Қысқа мерзімді эмоциялар қалай аталады:

А) реакциялар.

В) жағдайлар.

С) аффектілер.

D) эмоциялық карым-қатынастар.

Е) төменгі сезімдер.
$$$ 68 B

Зерттелген объектіге зейінін шоғырландыра алмау кабілеті шартталынады:

А) стреспен

В) алаңғасарлықен

С) ырықсыз зейінмен

D) үйреншікті зейінмен

Е) қабылдаудың тандамалылығымен
$$$ 69 A

Әсершілдік пен тез ренжігіштікпен сипатталатын темперамент типі :

А) меланхолик.

В) холерик.

С) сангвиник.

D) флегматик.

Е) флегмахолик.
$$$ 7О C

Басқалардың қолынан келмейтін деңгейде творчестволық іс - әрекетті орындауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалық сапа?

А) қабілеттілік.

В) дарындылық.

С) данышпандық

D) сензитивтілік.

Е) сенсибилизация.
$$$ 71 D

Жауап беру реакциясы баяу жүретін темперамент типі :

А) меланхолик.

В) холерик.

С) сангвиник.

D) флегматик.

Е) флегмахолик.
$$$ 72 A

Жеке тұлганы калыптастыратын процесс:

А) іс - әрекет.

В) тәрбие.

С) окыту.

D) ерік сапаларының дамуы.

Е)сенсибилизация.
$$$ 73 C

Өзгерген қоршаған орта жағдайына тез бейімделуімен

сипатталатын темперамент типі:

А) меланхолик.

В) холерик.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет