Қазіргі психологияда жеке тұлға ұғымының көп мағыналылығы.
Мақсаты: психологиядағы тұлға ұғымы, оны зерттеудегі бағыттар туралы түсінік қалыптастыру.
Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері. Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері. Тұлға теориялары. Жеке тұлғаның психологиялық және әлеуметтік трактовкаға қатынасы. Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері. (Р.С.Немов бойынша тұлға теорияларын зерттеу). ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы. Жеке тұлғаның шетелдік теориялары (психоаналитикалық бағыт, психодинамикалық бағыт, когнитивті, диспозициялық бағыт, мінез-құлық теориясы).
Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде , Грецияда пайда болған. Ең ежелгі кезде пайда болып жайылған теорияның бірі – материалистік теория оның жақтаушылары Греция философтары Аристорх, Эпикур.Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері қылықтары оның жағымды сезімдерге ұмтылып оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуынша, адам өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашанда жағымды сезімдерді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу, жағымсыз сезімдерді ұмытуға талпынады. Ал француз психологтары мұқтаждық туралы физиологиялық теориялардың негізін салды. Бұлар адамның мұқтаждықтары тәнде болатын түрлі биологиялық және физиологиялық жағдайлармен байланысты. Мұқтаждық адамның тәнінде болтын түрлі биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды. Бұл биологиялық теория, олар адамның мұқтаждығын биологиялық, физиологиялық ағымдарға теңеуге болмайтындығын ескереді.
1) Биогенетикалық бағыт – жеке адамның дамуының негізінде ағзаның жетілуінің биогенетикалық процесіне жатады. ХХ ғасырда американ психологы Холл дамудың ең басты заңы «рекапитуляция» (қайталау) деп түсінді. Бұл бойынша жеке даму онтогенез филогенездің бастапқы кезеңін қайталайды.
2) Биогенетиканың екі нұсқасын немістің «конституциялық психологияның» өкілдері ұсынды. Мысалы, Кречмер. Ол адамның дене типі мен оның дамуының ерекшелігі арасында бір байланыс болуы керек дейді.
3) Бұл әсіресе, Фрейд еңбектерінен орын алды, оның айтуынша, адамның барлық қылықтары санасыз биологиялық әуестенумен байланысты. Ол ең әуелі сексуалдық теорияны қарастырды. Аданың екі түрлі ынтығулары болады. Бірі сексуалдық, яғни жыныстық ынтығу; екіншісі, «мендік», яғни өзін өзі қорғауға ынтығуы сексуалдық ынтығудан кейін пайда болады. Фрейдтің айтуынша, сексуалдық ,яғни жыныстық құмартулар өте ерте кезде пайда болады.
4) Биогенетикалыққа қарама-қарсы социогенетикалық теория болады. Ол жеке адамның ерекшелігін қоғамдағы жағдайлармен, әлеуметтенумен, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас арқылы өзара түсіндіруге талпынды.
5) Осындағы тағы бір үйрену теориясы (Торндайк, Скиннер). Бұл бойынша жеке адамның өмірі, оның қатынастары бұл үйрену нәтижелері білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі.
6) Психогенетикалық бағыт. Бұл бағыт биогенетиканың да, ортаның да рөлін жоққа шығармайды. Бірақ, олар алдыңғы орынға психологиялық процестің дамуын жатқызады. Оның өзі 3 бағытта дамыған:
1. Психодинамикалық (Эриксон) ол жеке адамның қылығын, эмоциясын, әуестенуі және басқа да психологиялық компоненттерімен түсіндіреді.
2. Когнитивті (Пиаже) көбінде танымдық жағдайының дамуына мән береді.
3. Персоналдық (Вюллер, Маслоу) орталық назарды жеке адамның дамуына бөледі.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1. Отандық тұлға теорияларына сипатама беріңіз.
2. Тұлғаны зерттеудегі биогенетикалық бағыттың мазмұны қандай.
3. Социогенетикалық теориялардың мазмұны қандай.
4. Шетелдік тұлға теорияларына сипаттама беріңіз.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.
Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.
Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Субьект тану: тану үдерісінің психологиясы. Түйсік.
Мақсаты: адамның таным жүйесі, оның алғашқы баспалдығы болып табылатын түйсік туралы түсінік беру.
Танымдық үрдістер психологиясы. Түйсік. Түйсік туралы түсінік және оның қызметі. Түйсіктің негізгі қасиеттері және оның сипаттамасы. Талдағыштар және оның құрылымы (И.П.Павлов). Адамның сенсорлы сферасының жүйелі ұйымдасуы.
Түйсік туралы ұғымды толық меңгеру үшін ең алдымен мына тірі материяның жалпы биологиялық қасиеттерін нақтылы айтуымыз керек:
Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі.
Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады.
Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан.
Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз.
Түйсіну дегеніміз – дүниені танып-білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол – біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік – сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы – осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.
Адамның дүние шындығы мен болмысын танып-білуі – диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның «нақты пайымдау» не «тікелей таным процесі» деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік – тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып-білуінің жоғары сатысына жататын процестер – ойлау, қиял, ес те түйсікке сүйене отырып дамиды.
Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі – адам айналасындағы реальдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне байланысты ғана ми бейнеленуінен барып түйсік туады. Сонымен сезімдік тану негізінде түйсік жатыр. Түйсіктің өмірлік мәні оның
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік процесі шығу үшін: - сезім органдарымызға (көзге, құлаққа, терімізге) сыртқы жағынан (ортадан, дүниеден), сыртқы тітіркендіргіштердің (заттың немесе процестің) әсері болуы керек.
Мысалы: көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол нерв талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады.
Түйсік дүниені танып білудің алғашқы жолы - (тікелей көру, есту, сезім мүшесі арқылы).
Түйсіктің физиологиялық механизмдері адамдық I- хабардық (сигналдық) жүйеде бейне мен сөздің, өзара әрекеті үстінде пайда болуына байланысты.
Таным процесінде – түйсінудің ролі жануарларда – айнала қоршаған дүниеде бағдар анықтаудың жоғарғы формасы.
Адамда – танымның бастапқы сатысы бұл да түйсіктің бейнелеулік өзгешелігін көрсетеді.
Түйсіктің физиологиялық негіздері.
Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады.
Сезім мүшелері дегеніміз – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан, сыртқы және ішкі ортадағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға мамандалған анатомиялық-физиологиялық аппарат. И.П.Павловтың нерв қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын талдағыш (анализатор) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппаратының жұмысына байланысты түсіндіріледі.
Адамдар мен жануарларла көптеген анализаторлар бар. Олар: көру, есту, қозғалыс, дәм, иіс, тері. Механизм, дәлірек айтқанда организмнің арнаулы нервтік механизмы, адамның өзін-өзі басқаратын системасы. Түйсіктің физиологиялық негіздері осы анализаторларда іске асып отырады. Анализатор – сол нерв системасының негізгі информациялау мүшесі. Организм барлық анализатордан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық нерв системасындағы функцияларын реттеп отырады, И.П.Павлов үлкен ми сыңарлары тітіркеншілікке анализ жасау органы дейді.
Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды.
Сезім мүшесінің басты бөлігі – сезгіш нервтердің ұштары. Оны рецептор деп атайды. Көз, құлақ, мұрын тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық ұштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштің пецепторға әсер етуі сезгіш (афференттік) нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Жауап қайыру реакциясы эфференттік нерв арқылы беріледі.
Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:
Түйсік дегеніміз не?
Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?
Анализатор қандай бөліктерден тұрады ?
Әдебиеттер:
Тәжібаев Г. Жалпы психология. 120-144беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 беттер.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 беттер.
Немов Р. С. Психология. 165-180 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы психологии. 177-220 беттер.
Гамезо М. В. 120-138 беттер
Столяренко Л. Д. Основы психологии. 25-30 беттер.
Аймауытулы Ж. Психология.-А., 1995.-175-186 беттер.
Түйсіктің қасиеттері және сипаттары
Мақсаты: түйсік түрлерінің жіктелуін қарастыру.
Түйсіктерді топтастырудың негізгі принциптері. В.Вундтың энергетикалық жіктеуі. Ч.Шерингтон бойынша рецепторлардың жіктелуі. Х.Хед бойынша сенсорлық процестердің эволюциялық жіктелуі. Сезімталдық, сезімталдық табалдырықтары. Түйсіктің заңдылықтары. Синестезия, сенсибилизация, адаптация, түйсіктердің өзара байланысы.
Түйсіктер сезім мүшелерге байланысты көру, есту, тері, иіс, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрлерге бөлінеді.
Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Х.Хед бойынша сенсорлық процестердің эволюциялық жіктелуіқолданылады. Тітіркендіргіш пен рецепторлардың жанасуына сәйкес не олардың жанаспауына орай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бөлінеді.
Орналасуы мен тітіркендіргіштерді қайдан алатынына байланысты рецепторларды Ч.Шерингтон бойынша 3 топқа бөледі: экстереорецептор (көру, есту, тактильдік (сипап-сезу) т.б.); проприорецептор (бұлшықет, сіңірден шығатын түйсіктер) және интереорецептор (аштықты, шөлдегенді түйсіну) болып бөлінеді.
Организмнің сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері – экстереорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Бұлшықеттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецепторлар деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интереорецепторлар деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайлы хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын мұндай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп атайды.
Түйсіктің қасиеттері.
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемделеді. Бұл құбылысты адаптация деп атайды. «Адаптация» - латын сөзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді. Сезім мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез-келген түрінде кездеседі. Мысалы, көру түйсігіндегі адаптацияны қарастырайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл – қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17 есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді. Олардың әлсіз жарықты да сезгіштік қасиеті мол. Мысалы, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Адаптация құбылысына шеткі жүйке жүйесімен бірге ми қабығы да қатысады. Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол. Мысалы, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез төселеді де, адамның терісі тітіркенбейтін болады.
Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мысалы, камфраның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, қыша мен нашатыр спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының бұзылғандығын, оның биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация – үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.
«Сенсибилизация» - латын сөзі, қазақша мағынасы – сезгіш. Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация – сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мысалы, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде көздеріне 20-30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан. Бірсыпыра психологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған.
«Синестезия» - грек сөзі, қазақша мағынасы – қосарласқан түйсік. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен – жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия – түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрінісі.
«Бір ізді бейнелер». Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағандығына қарамастан, түйсіктің аз ғана уақыт болса да өз күшінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мысалы, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін жақсы көре алады. Бір ізді бейненің бұл түрі оң ізді бейнелер делінеді. Екі парақ ақ қағазды қолға алып, бірін сол ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылып қиылған қызыл қағаз жапсырып қойып, бұдан соң қызыл қағаздан 20-30 секундтай көз алмай отырып, көзімізді ақ қағазға сәл аударсақ, оның бетінен көгілдір түсті көруге болады. Бұл – теріс бір ізді бейнелер. Соңғы түс – алғашқы қызыл шаршының теріс бір ізді бейнесі. Бір ізді бейнелер көбіне адамға байқала бермейді. Себебі, мұндайда тітіркендіргіштің бір түрі екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады. Оның байқалмауы – көздің тор қабығының ылғи қозғалып тұруынан. Сондықтан, адамның көзі талмайды. Орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бір ізді бейнелердің физиологиялық негізі болып саналады.
Түйсіктердің заңдылықтарын мынадай екі түрге бөліп қарастырады:
1. түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизикалық заңдылықтар;
2. түйсіктер мен сезім мүшелерінің қалпына тәуелді псифизиологиялық заңдылықтар.
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті абсолютті және айырма деп екіге бөледі.
Абсолютті сезгіштік – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алу. Абсолютті сезгіштік түйсік табалдырығына тәуелді. Абсолютті табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолютті сезгіштігі арттады. Мысалы, біреу алақанындағы 1 мм2 аумаққа түсетін салмақты үш граммнан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты граммнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолютті сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді.
Айырма сезгіштік – сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыру үшін 3-4 грамм қосу керек. Айыру табалдырығы түйсіктің әр түрінде түрліше болады. Мысалы, жүз кісі қатысқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың дауысы аздап болса да көтеріледі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Түйсіктің түрлеріне мысал келтіріңіздер.
Адаптация құбылысы дегенімізді қалай түсінесіздер, мысал келтіріңіздер.
Синестезия құбылысы дегеніміз не, мысал келтіріңіздер.
Сенсибилизация құбылысы дегеніміз не, мысал келтіріңіздер.
Бір ізді бейнелерге мысал келтіріңіздер.
Абсолютті сезгіштік дегеніміз не, мысал келтіріңіздер.
Айырма сезгіштік дегеніміз не, мысал келтіріңіздер.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Г. Жалпы психология. 120-144беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 беттер.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 беттер.
Немов Р. С. Психология. 165-180 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы психологии. 177-220 беттер.
Гамезо М. В. 120-138 беттер
Столяренко Л. Д. Основы психологии. 25-30 беттер.
Аймауытулы Ж. Психология.-А., 1995.-175-186 беттер.
Қабылдау.
Мақсаты: түйсік және қабылдау үрдістерінің байланыстылығын және айырмашылығын анықтап, түсіндіру.
Түйсік және қабылдау процестерінің адамның сенсорлы-перцептивті іс-әрекетінде өзара байланыстылығы. П.К.Анохин бойынша қабылдаудың физиологиялық негізі. И.П:Павлов, И.М.Сеченов қабылдаудың рефлекторы негізі. Қабылдау психикалық іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде.
Түйсік және қабылдау процестерінің адамның сенсорлы-перцептивті іс-әрекетінде өзара байланыстылығы Егер түйсік сырткы дүние заттары мен қүбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен қүбылыстардың мида түтастай бейнеленуі болып табылады. Сондықтан қабылдау дегеніміз - ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардын, сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, түтастай заттық түрде бейнеленуі.
Түйсіктер біздің өзімізде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттері мен бейнелері кеңістікте шоғырланады. Түйсіктерден ерекшелейтін қабылдаудағы бүл процесс объективация деп аталады.
Бірақ қабылдау мінДетті түрде түйсіктерге негізделеді. Түйсіну мен қабылдаудың маңызды үқсастығы - екеуінің де пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен қүбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.
Сонымен, қабылдау - түйсікке қарағанда, едәуір күрделі әрі жоғарырақ сатыда түрған психикалық процесс. Қабылдауға түйсіктермен қатар ой элементтері де, елестер мен үғымдар да еніп отырады. Заттар мен қүбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсініп, қабылдаумен бірге біз ол заттардың қайдан пайда болғанын, олардың қасиеттерінің қандай екендігін елестетіп, түсінігімізді, үғымьшызды кеңейтіп отырамыз. Сондай-ақ, анық және жақсы қабылданған заттар ғана түсінікті болады.
Түйсіну мен қабылдау процестері болмайынша, дүниедегі заттарды білу мүмкін емес. Адам дүниедегі заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бірі-бірімен салыстырады, олардың арасындағы үқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерін ажыратып отырады. Осының нөтижесінде ғана адам қабылдау процесінен жоғары сатыда түрған ойлау сияқты күрделі психикалык, процестерге көшіп отырады.
Қабылдаудын физиологиялық негіздері. Қабылдаудың (бейне қалыптастырудың) физиологиялық негізі, П.К.Анохин бойынша - функционаддық жүйе жұмысына бірігетін көптеген психофизиологиялық жүйелердің үйлесімді жүмысы. Оған шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру схемасы да кіреді.
Қабылдау да, түйсік тәрізді рефлекторлық физиологиялық процесс. И.П.Павловтың көрсетуі бойынша, қабылдаудың негізіне рецепторларға қоршаған дүние заттары мен қүбылыстарының әсер етуі нәтижесінде үлкен ми сыңарларының қабығывда пайда болатын уақытша жүйке байланыстары, ягни шартты рефлекстер жатады. Заттар мен қүбылыстар комплекстік тітіркендіргіштер ретінде сипатталады. Анализаторлардың қабықты бөлімдерінің ядроларында осы комплекстік тітіркендіргіштердің күрделі анализі мен синтезі жүреді. Анализ қабылдау объектісін фоннан бөліп алуды қамтамасыз етеді. Анализдің (немесе талдаудың) негізінде қабылдау объектісінің барлық қасиеттерін түтас бейнеге келтіру жүзеге асады. Түйсіктермен салыстырғаңда, қабылдау - ми қабығының күрделі аналитикадық-синтетикалық іс-әрекетінін ең жоғарғы формасы.
Қабылдаудын негізінде екі түрлі жүйкелік байланыстар жатады: бір анализатордың шегінде қалыптасатын байланыстар жөне анализатораралық байланыстар. Біріншісі, организмге бір модалдылықтағы комплекстік тітіркендіргіштін әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Мүндай тітіркендіргіш ретінде белгілі-бір әуенді алып қарастыруға болады. Оның өзі есту анализаторына әр түрлі жеке дыбыстардың ерекше үйлесімі ретінде әсер етеді.
Байланыстың екінші түрі-әртүрлі анализаторлардың шегінде пайда болатын байланыстар. Осы ретте И.М.Сеченов зат пен кеңістікті қабылдауды көру, кинестезиялық, сипап сезу және т.б. түйсіктердің ассоциясымен түсіндіріледі.
Қабылдаудың негізінде жататын уақытша жүйкелік байланыстар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерінің обьективтік байланыстары негізінде қалыптасады.
Қабылдаудың негізгі түрлері және қасиеттері.
Қабылдаудың заттылығы. Қабылдаудың негізгі қасиетері. Апперцепция құбылысы. Қабылдаудағы жекелей ерекшеліктер. Қабылдаудың формалары.
Қабылдаудын, объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөлжтері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз. Егер "Дударай" операсындағы Мариям әнінің басталуын ғана кұлағымыз шалса, осы әннің, мазмұнын тұтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштъң тұтас бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөлшектер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін кұрайды.
Қабылдаудың магыналылығы
Бұл ерекшелікте қабылдаудың, түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайьшша, ол толық қабылданбайды.
Қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндег1 сөздерге жаксы, толык түсінетіндіктен ғана оларды толық кабылдай алады. Заттар мен құбыдыстардьң мағынасын түсінудің карапайым түрі — тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай жэне даралап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз
талғаусыз қалай болса, солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық, қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.
Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жаткан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудыц таңдамалылығы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқьш кете береміз. Егер кітапта "университет" деген сөз "унверситет" деп қате жазылса да, біз оны "университет" деп дұрыс оқимыз. Кітап окығанда оның мазмұнына ерекше кеңіл бөлінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей калады. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шұқшия көз салған жағдайда (мэселен, корректорлар) текстің мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып коятын кездері болады.
Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін қасиеттерін, керек жақтарын ғана кабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, казірде істеп жатқан әрекетімізге қажет қызықтыратын, кажетімізге жарайтын нэрселер больш табылады.
Қабылдаудың таңдамалылығы әр түрлі объективті жэне субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық көңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.
Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады да, қалғандарының жауабы жөнді еленбейді. Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның фоны болады. Сөйтіп, аса зейін қойған зат әр кезде фигура болады да, оның айналасындағы қоршау фон болып есептелінеді. Осылайша түрлі жағдайда әркімнің өзінше қабылдауы көбінесе адамның мамандығына да байланысты. Мәселен, суретші алдымен екі профильге назар аударса, мұражай қызметкері бірден вазаны көреді.
Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір - біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып кабылдана береді. Жарықтың түрлі әсерінен көмір: бірде қара, бірде сұрғылт болып кабылданады. Мұның бәрі көру анализаторында турліше бейнеленеді. Осы заңдылық тұрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастьң арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол калпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция — сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір тұрақты түрге енгізеді.
Қабылдаудағы иллюзия
Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.
Иллюзия — латып сөзі казакша алдану деген магынаны білдіреді
Турлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай кұйылған стаканға салынған қасыктың "сынған" құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жансақ пікірлер адамның. әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты.
Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген.
Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі. Бұл көбінесе заттардьң кеңістікте орналасу жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады. Көру (оптика) иллюзияларына: контраст, перспектива, кашыктык, заттын, жоғары жағын артық бағалау, түзу кесіндінің ығысу иллюзиясы т. б. жатады. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайык,-Айталык, үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның, себебі — нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса кішірейіп көрінеді. Тәжірибе арқылы тексеріп көру – қабылдаудың дұрыстығының бірден бір өлшемі.
Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардын жалған, теріс бейнелері – галлюцианациялардан ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қаблеті кемиді де, есі кіресілі шығасылы болады.
Бұл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл аурулардан психиатр – дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай (бұл жүйкенің патологиясы) галлюцинациялық бейнелер пайда болады.
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен “түбір” деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін.
Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты. Білім адамның ойын терендетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан – жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білімі, тәжірбиесі молая түседі, дүние танымы қалыптасады. Бұл оның апперцепциясының өзгеруіне әсер етеді.
Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:
Қабылдау дегеніміз не?
Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?
Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.
Апперцепция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
Қабылдаудың негізгі ерекщеліктерін мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 144-159беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 115-129 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 225-256 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 138-161 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 25-30 беттер.
Аймауытұлы Ж. Психология –А., 1995. –167-172 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |