ПӘн бойынша глоссарий анимизм


Дүниежүзілік психологиялық теориялар табиғи психиканың дамуы туралы түсінік



бет5/15
Дата11.02.2018
өлшемі3,05 Mb.
#37530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Дүниежүзілік психологиялық теориялар табиғи психиканың дамуы туралы түсінік.

Мақсаты: Психиканың даму сатылары түсінік беру.

Психология тарихындағы психиканың критерилері. Психикадағы обьективті және субьективті әдістер. Сезгіштік түсінігі психиканың қарапайым формасы ретінде. Адамды биологиялық түр ретінде бағытты зерттеуге байланысты К.Линнейдің еңбектері. Мінез-құлықтың рефлекторлық сипаты. Р.Декарттың еңбектеріндегі рефлекс туралы идеялар. И.М.Сеченовтың, Ч.Шерингтонның, И.П.Павловтың, П.К.Анохинның, Н.А.Бернштейннің еңбектеріндегі рефлекторлық теорияның дамуы. Тірі және өлі табиғаттағы бейнелеу формалары. Сезімталдық психиканың қарапайым формасы ретінде. Туа берілетін және жекелей әрекет-қылық. Жануарлар дүниесінде кездесетін тропизм, инстинкт, дағды және ақыл-ой әрекет-қылықтары.


Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі.

Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен шықпайтын жеке бастамалар. Дамудағы байланыс жасай отыра, олар өз заңдары бойынша дамиды. Дамудың әрбір сатысында идеалды психикамен біріктіріледі.

Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Қазіргі зерттеулер қорытындылары бойынша бір клеткалы қарапайымдардың психикалық құбылысына тән ерекшелік, соның ішінде: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік, ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік.

Нерв жүйесі функциясы құрылысының жақсаруы психика дамуының қайнар көзі болды. Бүл процестің механизіміне: организмнің жаңа ерекшеліктерге ие болуы, олардың өзгеруіне байланысты жаңа органдардың өзгерістері, генотиптегі өзгерістер: өмір сүруге қажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердің ортақ бейімделуі.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрылысын өзгертуге әсерін тигізеді. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны жақсырақ бағдарлай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне шыңдық өмір әсер етті: ол тіршілік иелерінде жоғарғы нерв жүйесі мен жоғарғы психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Бұл түсініктер материалистік болып табылады.

Психика дамуының екі стадиясын анықтау қоршаған орта туралы хабарлама алу мінездемесінің әдістерінен тұрады. Бірінші стадияға сенсорлы әдіс, екіншіге - перцептивті әдіс тән.

Жарықты қабылдау - жоғары дамыған клеткаларда бар, оларды фоторецепторлар дейді. Эксперименттер дәлелдеуі бойынша әрбір көру жүйесінің деңгей нейроны өзінің рецептивті аймағы болады.

Перцептивті психиканың ең жоғарғы даму деңгейіне маймыл жатады. Жан-жануарлар әрекетінде бағдарлаушы-зерттеушілік немесе дайындық фазалары анықталған.

Жан-жануарлардың тәртібінің интелектісін бақылау нәтижесін қорытындылаған Р. Йеркс мынандай ерекшелікті анықтайды.

1. Жануар іс-әрекет жасамас бұрын оны бөлшектеп алдын ала зерттейді.

2. Іс-әрекет арасында үзілістер, тербелістер «ойланған» сияқты із қалдырады.

3. Ақылды мақсатты бағытталған жағдайға жануарлар себепсіз қимыл қозғалыстар, санасыз қателіктер мен қайталауларды пайдаланбай-ақ пайда болған проблеманы шешуге дайындық.

4. Егер алдыңғы тәсіл сәтсіз болса, жаңа тез, бірден орындалатын шешім қабылданады.

5. Іс-әрекеттің мақсатына жету кезінде зейінді үнемі ұстану. Барлық жасалатын қимыл-қозғалыстардың ақылдылығы мен бағыттылығы, анықтау жетістікке, аяғына дейін жетуге бағыттаушылығы байқалады.

6. Іс-әрекетке жан-жануарлар ерекше жағдайдың пайда болуы және жан-жануарлардың мақсатқа жету үшін тез қажетті іс-әрекет жасауы.

7. Қайталанған жағдайға, шешімі табылған проблемаларды қайталау жеңілділігі.

8. Жағдайда негізгі нәрсені анықтай алу, басқаларға, назар аудармай, тек сол затқа назар аудару қабілеттілігі.

Салыстырмалы зерттеулер адам психикасы мен жануарлар психикасында ортақ белгілер бар екендігін көрсетті. XVII ғасырдың ортасына дейін адамдар мен жануарлар арасында ешқандай байланыс жоқ: анатомиялық-физиологиялық тәртіп, әсіресе пайда болу, шығу төркінінде тіпті ұқсастық болуы мүмкін емес деді. Кейін XVII-XVIII ғасырда дене бітімінде ұқсастық бар, алайда психика мен тәртіпте ешқандай ұқсастық белгілері жоқ деген түсінік үстемдік алды.

XIX ғасырда Ч.Дарвиннің эволюция теориясы бұл екі биологиялық түрлер арасындағы байланыс қарастырыла бастады. Алғашында Дарвиннің ықпалымен эмоция мен сыртқы реакциялар зерттелінді, кейін практикалық ойлау да қарастырыла басталды.

XX ғасырда И.П.Павлов жануар темпераментіндегі индивидуалдық ерекшеліктерді зерттей бастады. XX ғасырдың кейінгі жылдары коммуникация, топтық тәртіп формаларында адамдар мен жануарлардың үйрету механизмдерінде бірлік бар екендігі анықталды.

Адамдар мен жануарлар психикасының айырмашылыгы:



Біріншіден, адамдар жануарларға қарағанда танымдық процестері ерекше сапаларға ие: қабылдау - заттылық сақтау, қайта жаңғырту т.б. Міне осы сапалар адамның өмір сүру барысында оқытуға байланысты дамытылады.

Екіншіден, жануарлар есі адамға қарағанда оқшау, тар. Олар өмірде өздері пайдаланған информацияны ғана пайдалана алады. Келесі ұрпаққа олар генотипті бейнеленген тұқым қуалаушылық арқылы ғана бере алады. Ал өздері тіршілігін жойған кезде пайдаланған тәжірибе келесі ұрпаққа жетпейді, өзімен бірге жойылады, өледі.

Адамдарда өзгеше. Оның еске сақтау қабылеті шексіз. Ол әртүрлі информацияны еске сақтай алуына байланысты кез-келген уақытта қайта жаңғырта алады. Ол үшін адамдар әртүрлі белгі, таңбаларды шығарды. Олар осы белгілер арқылы келесі ұрпаққа өздерінің материалдар, рухани мәдениетін қалдыра алады.

Келесі айырмашылық ойлау. Айтылған екі тіршілік иелері де туа сала қарапайым элементарлы мысалдарды көрнекі-әрекетті бағдарламада шешу алдында потенциалды қабілеттілікке ие. Алайда интеллектінің дамуының келесі екі сатысында көрнекі бейнелі және сөз логикалық ойлауда көптеген айырмашылық кездеседі. Тек жоғарғы сатыдағы жануарлар бейнені қолдана алады.

Адамдарда арнайы әлеуметтік қажеттіліктер де бар. Оны жануарлардан көруге болмайды. Бұл рухани қажеттіліктер. Олар рухани-құқықтар негізіне ие, творчестволық қажеттіліктер, өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік, эстетикалық т.б.

Психика дамуы туралы көптеген көзқарастар бар.

Антропопсихизм - Декарт есімімен байланысты. Психиканың пайда болуын адаммен байланыстырады. Психика тек адамға тән. Осылайша адамға дейінгі психиканың дамуы жоққа шығарылады. Бұл көзқарасты жақтаушылар әлі күнге дейін кездеседі.

Келесі қарама-қарсы көзқарас - панпсихизм. Яғни табиғаттың бәрі жанды.

Бұлардың арасында аралық көзқарас биопсихизм. Психика барлық материяға тән емес, тек тірі материяға тән.

Нейропсихизм - психика барлық тірі материяға тән емес, ол кейбір организмдерге, соның ішінде нерв жүйесі барларға тән.

Жануарлар мен адам психикасының ерекшелігі, мәні.

1. Жануарлар іс-әрекеті биологиялық. Кез-келген затқа жануарлардың іс-әрекеті биологиялық қажеттіліктен тұрады. Сонымен жануарларда қоршаған ортаны бейнелеуде тұрақтылық болмайды. Жануарларға әр зат оның инстинктивті қажеттілігінің бөлінбес әрекет.

2. Жануарлар психикасының адам санасынан айырмашылығы мынада: жануарларда өзі тектестерге сыртқы объектілерге қатынасынан айырмашылығы жоқ. Бұл жануарларда қоғам деген түсінік фактісі жоқ дегенді білдіреді. Кейбір авторлар жануарларда еңбек бөлінісі бар, Мысалы: ара, құмырсқа т.б. атайды. Алайда бұл жәндіктерде еңбек бөлінісі жоқ, олар тек биологиялық факторларға байланысты ғана еңбек бөлінісін жүргізеді.

3. Жануарлардың бір-бірімен қарым-қатынаста «тілді» пайдалану. Әрине, жануарлар бір-бірімен қарым-қатынаста дыбыстарды пайдаланады, бірақ бұл адам тіліне ешқандай байланысы жоқ.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



  1. Психикалық құбылыстардың механизмі, табиғаты туралы түсінік беріңіз

  2. Психиканың қарапайым формасы ретіндегі сезгіштік дегеніміз не ?

  3. Мінез-құлықтың рефлекторлық сипатын көрсететін, рефлекторлық теорияның дамуына үлес қосқан физиолог ғалымдарының есімдерін атаңыз.

  4. Жануарлар дүниесінде кездесетін тропизм, инстинкт, дағды және ақыл-ой әрекет-қылықтарына нақты мысалдар келтіріңіз.

Әдебиеттер:



  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. – А.,1993.

  2. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995

  3. Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.

  4. Столяренко Л. Д. Основы психологии.- М.,1997.

  5. Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.

  6. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.


Адам психикасының дамуы және қалыптасуы.

Мақсаты: психиканың жоғары деңгейдегі даму туралы, адам санасының дамуына ықпал еткен факторлар туралы түсінік беру.

Адам психикасының дамуы және қалыптасуы. Психиканың атқаратын қызметтері. Адамдағы бейнелеу деңгейлері. Сана объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы деңгейі ретінде.Сананың пайда болуының алғы шарттары.Адам санасы. Адам санасының қалыптасуы мен дамуындағы еңбетің ролі. Сананың тарихи сипаты.


Психиканың дамуының ең жоғарғы формасын сана деп атаймыз. Сана психиканы біріктіруші ең жоғарғы өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана бұл қоғамдық болмыс.

Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:



  1. Сана қошаған дүние жөніндегі білімнің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер кіреді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

  2. Санада субьектпен обьекттің айырмашыдықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады. Тек адап тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің өзіне бұруға қабілетті.

  3. мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғаттың берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипатымен тәсілдерін алдын-ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау және т.б.

  4. Сана құрылымына әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі обьектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.

Осы аталған сананың бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты-тіл, сөз. Тіл- бұл қоғамдық –тарихи тәжірибе, немесе қоғамдық сананы бектікен ерекше обьектив жүйе.

Сонымен сана -өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барлық психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.

Адамның саналы әрекетінің қалыптасуына себепші боған шарттар- еңбек құралдарын қолдану және оны дайындауы (болжастыру) және де тілдің туындауы. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және обьектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Еңбекпен қатар тілде сана қалыптасуының негізгі себептерінің бірі.

Бірлескен адам шындығының өнімділігі, еңбекті орналастыру, бағытгаушы дифференциация және қарым-қатынас белсенділігі, тілді қолдану және қайта құру, басқа таңбалы жүйе, адамның материалды және рухани мәдениет құрылуы.

Сананың фило- және онтогенездік дамуының басты бағыттары. Адамда рефлекстік бейімдеушілік дамуы және пайда болуы. Түсінік жүйесінің құрылуы. Адамдардың психологиясы және әрекетінің тарихи жағдайларға байланысты өзгеруі.

Ғылым, мәдениет, өнеркәсіп өнім жетістігі тану және өзін-өзі реттеудің жаңа әдістері, сана дамуын қамтамасыз ету. Сананың дамуының қазіргі заман шартындағы басты бағыттары.

Сана және санасыз. Санасыз түсінігі санасыздық психологиялық процестегі қолданылуы, адам жағдайы мен әрекеті. Адам тұлғасындағы санасыздық Түс көру санасыздардың көрсеткіші сияқты. Сана және санасыз арасындағы айырмашылық. Санасыздардың әрекет түрлері.

Адамның жануарлардан айырмашылығы ойлау қабілетімен және өзінің өткені туралы ойлану, оны бағалау және келешек туралы ойлау оған жоспар жасау және бағдарлай алуынан тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты.

Сана - адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып табылады.

Сезіну және қабылдау елестету және жадыда сақтау саналы бейнелердің айырмашылығы спецификасының тұрақты қатарында мінезделеді.

Сана сипаты құрылысы санада барлық жағдай бейнеленбейді, ал оны басты, нақты, нәрсені мінездемесінен тұрады.

Сана үнемі сөз түсінік қолдануымен үнемі байланыста, олар өзінде ортақ және ерекшеленген сананың бейнеленген сипатынан тұрады.

Адам санасының үшінші мінездемесі - бұл оның коммуникацияға бейімділігі. Тіл және басқа деп аталатын жүйе көмегімен басқа тұлғаларға берілуі коммуникативті мүмкіндіктер көптеген жоғарғы жануарларда бар, бірақ олар адамдардікімен басты жағдаймен ерекшеленеді: тіл көмегімен адам өзінің ішкі жағдайын хабарлап қана қоймай, ол білгенін, көргенін, елестетуін нақты әлем жөнінде мәліметтерін жеткізе алады.

Психологияда сөздің мәні деп - сол белгіні немесе спецификалық белгіні айтады. Ол адам сөйлегенде мәнге ие болады. Сөз мәнімен көптеген сезім, ой, бейнелер байланысты.

Сана сөйлегенде ғана емес бейне формасы түрінде де бар болады. Бұл жағдайда ол сәйкестендірілген бейнелер тудыратын екі белгі жүйесі қолданылуы мен байланысты.

Айқын мысал: Адамның сана бейнесінің айқын мысал ретінде әдебиет, ән, көркемөнер бола алады. Олар шындықты бейнелеу формасы ретінде көрінеді.

Адам санасының пайда болуы және дамуының басты шарты адам шындығының өнімділігі болып табылады. Бұл адамдардың бір-бірімен арасындағы қатынасты талап ететін шындық.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1. Психиканың атқаратын қызметтері қандай ?

2. Сана туралы түсінік беріңіз

3. Сананың пауда болуы мен дамуына тоқталыңыз.

4. Сана құрылымына кіретін төрт негізгі сипатты анықтап, оларды мысалдар арқылы түсіндіріңіз.

Әдебиеттер:


  1. Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 беттер

  2. Алдамұратов Ә. Жалп психология. А.,1995.-16-21 беттер.

  3. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 беттер.

  4. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 беттер.

  5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980

  6. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.


Табиғи психиканың қоғамдық-тарихы.

Мақсаты: ми және психиканың байланысын анықтау.

Жоғарғы психикалық функциялардың дамуы. Жоғарғы психикалық функциялардың әлеуметтік, жанамаланған ерікті сипатын. Мидың психофизиологиялық қызметтері. Психика және мидың байланысы. Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке клеткасының құрылысы. Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі. Ми және психиканың байланысы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың психиканың шартты-рефлекторлы сипаттамасы.


Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Айрықша ұйымдастырылған жоғарғы сатыда тұрған материяда ғана психикасы болады. Жоғарғы материя дегеніміз – ми, жүйке саласы. Жүйке саласы психиканың негізі болғандықтан оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп-дамуын білмейінше, психиканың қалай дамып отыратынын біле алмаймыз.

Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі. Жүйке сала адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Егер жүйке саласы болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Дүйке саласы болмаса, оның сыртқы дүниемен қатынасын дұрыс болмай оны тануға, өзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Жүйке саланың құрылысы өте күрделі. Жүйкені зерттеу үшін ғылыми сан алуан әдістер қолданылады.

1.Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу (жүйке саласының ерте кезде пайда болған әрекеттерін, жекелеген бөлімдерін қарастырады).

2.Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу. Мұнда, жүйке саланың кейінгі дәуірде пайда блған бөліктеріне қолдан зақым келтіріп, хайуанат әрекетінде болатын өзгешеліктер зерттелінеді. (М: физолог Гольц иттің жарты шарларын алып тастаған. Сонда ит өлмеген, операциядан кейін 1,5 жыл өмір сүрген. Гольц иттің мидағы жарты шарын, оның бөлімдерін, жұлын жүйкесін зерттеген кезде ит аузына әкеліп берген тамақты ғана жейтін болған. Иттің психикасы бұзылып, иесін танымай қалған, т.б.).

Адамның миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылысынан жақсы байқалады. Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ) тұрады. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке, самай. Ми қабығы біртұтас мүше, ол көптеген анализаторлардың ядросынан тұрады. Мида: көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.б. анализаторлардың нерв орталықтары бар. Мұның желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан.

Нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады.

Нерв жүйесі нейрон деп аталатын нерв клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. 1-сі – ұзын тармақты нейрит немесе аксон; 2-сі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әртүрлі шеткі нервтер жатады.

Нерв жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596 - 1650). Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749 - 1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді. Рефлекс терминін ғылымға ендірген осы кісі. Рефлекс – латын сөзі қазақша «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді.

Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы. (М: электр тогымен тітіргендіргенде иттің аяғын лезде тартып алуы). И.П.Павлов - өз лабораториясында тәжірибесінде бір мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын; екіншісі өздігінен жануарда рефлекс туғызбайтын, бейтарап тітіркендкргіш - жарық болса, мида қозудың екі алабы (бірі – көру, екіншісі – тамақтану орталығында) пайда болады. Мұны И.П.Павлов ми қатығындағыуақытша нерв байланысы деп атады.

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі нервтік процестен – қозу мен тежелуден тұратындығын анықтап берді.

Қозу - әртүрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің қызмет жасап тұрған күйіболса, тежелу, керісінше, нерв жүйесін тыныштандыратын процесс болып табылады. Яғни қозу мен тежелу бірыңғай болу мүмкін еместігін, бүкіл нерв процестерінің жұмысы организмнің бүкіл өмірінде үздіксіз жүріп отыратындығын дәлелдеді. М. Адам кітапқа зейін қойса айналадағы заттарға қарамайды, өйткені кітапқа қадалған кезде миының бір алады қозу жағдайында, қалған алаптары тежелуге ұшырайды.

Яғни рефлекстер шартты және шартсыз рефлекс болып екіге бөлінеді.



Қозу мен тежелу – жүйке клеткаларына меншіктелген, оның негізгі табиғи қалпы және жоғары жүйкелік әрекет физиологиясының күрделі проблемасы. Нейрондардың қозуы – осы клеткалармен байланысты мүшелер әрекетінің нәтижсі, ал тежелу – осы әрекеттің бәсеңдеп не мүлдем тоқырауының сипаты. Осы процестің өзара байланысынсыз организм реакциясының іске асуы мүмкін емес. Рефлекстің жасалу жолы мынадай: организм рецепторына (сезгіштік жүйке аппараты: көзде, құлақта, т еріде, т. б.), сыртқы әсерлердің немесе ішкі мүшелердің тітіркендіргіші әсер етеді, қабылданған сол тітіркену жүйке процесіне айналып, қозу пайда болады.

Ми қабығында түрлі алаптарда қозудың пайда болуы мен оның қозғалысының электроэнцефалограф дейтін аппаратпен зерттеп, өлшеп отырады. Осы аппарат арқылы қозудың барысы қағаз бетіне сызу түрінде жазылады. Мұндай сызба жазуды электроэнцефалограмма деп атайды.

Тежелу процесі – жүйке клеткаларының әрекетсіз пассивті қалпы емес екендігі ғылымда анықталған мәселе. Керісінше, тежелу – нейронның энергетикалық қуатың жаңғыртуға қатысып отыратын белсенді процесс. Шынында да, нейрон клеткаларына потенциалдық энергия беруде тежелу белсенді рөл атқарады. И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежеулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы, шартсыз (яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі, шартты (өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді.


  1. Сыртқы тежелу - көлденең тітіркендіргіш әсерінен шартты реакция тоқтап қалады. Мәселен, шам жанғанда, шарты рефлекс салдарынан иттің сілекейі аға бастағанымен, кенеттен қоңырау қағылса, сілекей тоқтап қалады, өйткені, жүйкелік рефлекторлық тежелу процесі туады. Мұндай тежелу жүре пайда болмайды, организм бойындағы жүйкелік әрекеттің тума механизмі. Сондықтан тежелудің бұл түрін шартсыз пассивтік тежелу деп те атайды.

Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге бөлінеді. Соның бірі – жай тежелу. Егер шартты рефлекс жасалып жатқан бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса, (мәселен, бөлмеге бөтен кісінің кіруі), ит сілекей бөлуді тоқтатады, яғни жаңа тітіркендіргіш шартты рефлекстің пайда болуына бөгет жасап, оны тежеп тастайды.

Тежелудің бұл түрі организмнің өмірі үшін аса маңызды. Егер организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштерді сезе алмаса, ол жауынан қорғана алмас еді, тамағын тауып жей де алмас еді.



  1. Сырты тежелудің екінші түрі шектен тыс тежелу деп аталады. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркендіргіш әсер ете беретін болса, нерв клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.

  2. Ішкі тежелу белсенді сипатта болады. Организмде жүре – бара пайда болады. Ол белгілі жағдайға байланысты. Мұны ғылымда шартты тежелу деп те атайды. Оның түрі - сөнетін тежелу. Егер шартты тітіркендіргіш (мысалы, қоңырау) бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ) нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай, ол сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Бірнеше уақыттан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан көрінеді. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уақытша тежелгенін көрсетеді. Әлсін - әлсін шартсыз тітіркендіргішпен бекіп отырмаса, шартты рефлекс өшіп қалуы мүмкін. Алайда, шартты сигнал мен реакция арасында уақытша жүйкелік байланыс мүлдем жойылып кетпейді. Шартты сигнал қайта берілсе, шартты реакция жаңғырады. Мұндай тежеулердің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.

Ішкі тежелудің бір түрі ажырату (дифференциациялық) тежелуі. Бұл – ішкі тежелудің өте нәзік түрі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Ол ми қабығының өзіне келіп түскен әсерлерді жіктеп, ажыратуына байланысты. Шартты рефлекс орнатудың бастапқы кезеңінде оның бір ғана емес, бірнеше ұқсас сигналдардың көпшілігіне жауап ретінде туа берілетіндігі арнайы зерттеулермен дәлелденген. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 рет соққанда тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққанда ғана шыға бастайтын болады. Бұл жайтты психологияда генерализация деп атайды. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежеулердің жәрдемімен организм бір – біріне өте ұқсас тітіркендіргіштерді де тез ажырата алады.

Ішкі тежелу сондай – ақ кешігу, ұйқы тежелуі болып тармақталады. Шартты рефлекстің кешігуі – тежелудің бір тармағы. Мұндай тежелу итке тамақты кешіктіріп беріп әсер ету нәтижесінде байқалған ішкі тежелуге байланысты шартты рефлекстің кешігуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет