Ес туралы жалпы түсінік.
Мақсаты: естің психикалық үрдіс ретінде симпаттамасын беру.
Ес психикалық процесс ретінде. Естің адам өміріндегі маңызы. Ассоциация туралы түсінік. Аристотель еңбектері. Естің физиологиялық негізі. Естің физиологиялық теориясы. Ес туралы теориялар (гештальтпсихологиядағы ес мәселесі, естің биохимиялық теориясы, П.Жане мен Л.С.Выготскийдің зерттеулеріндегі естің жоғары формаларының қалыптасту мәселесі). Ес түрлерінің топтастырылуы.
Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс- әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді.Соңғы жылдар ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқанпсихологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт- биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зертеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдаланады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал, ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар өзгерісінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні (“материалды”)немесе таза сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс- әрекетінің материалға қатыс жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.
Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы- ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы- ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланыстыпайда болып отыратын әсерлер мынадай үш типке бөлінеді:
а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі;
б) өзара ұқсастығы;
в) бір- бірінен айырмашылығы мен қарама- қарсылығы.
Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоциациялардың мыныдай үш түрі жасалады:
1.Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы: түс (реңк)- сары).
2.Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер).
3.Қарама- қарсылық ассоциациялар (ақ- қара; ұзын- қысқа т.б.).
Мұндай ассоциациялық принциптерді тұнғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған- ертедегі грек философы Аристотель (б.з.д. 384- 322 жж.). Атақты физиолог ғалым И.П.Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бүл нейрондық модель теориясы деп те аталады.
Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жарамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелкей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болуп, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол – естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Естің түрлері.
Қимыл- қозғалыс есі дегеніміз – ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл- қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең- сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл- күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітііркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс- әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл есттің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі- көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады.Осыған орай бейнелі- көрнекелік ес- көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшесту есі мен көру есінің маңызы зор болса,ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдарда да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік- мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік- мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажнт кезінде бір сөз, не олардың мәнін еске сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік- мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән- жайын есте сақтау логикалық- мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу- механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік- мағыналлық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарынесте сақтауында жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс- әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат- мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.
Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілілігіне байланысты. Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс – тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтарды есте берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жанғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі – қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, олрды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдыруың тағы бір ерекшелігі - әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырып, түпкілікті еске айналды қиындатады. Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес «алғашқы ес», «шапшаң көрініс» деп те айтыла береді. Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес ( түрлі амал – тәсілдер есі ) деген атпен белгілі.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Ес дегеніміз не?
Ассоциация дегеніміз не?
Естің физиологиялық негізін түсіндіріңіз.
Есте сақтаудың негізгі түрлерін атаңыз?
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 167-182 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 129-146 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 256-295 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 161-175 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 35-43 беттер.
Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –152-162 беттер.
Ес процестері және механизмдері.
Мақсаты: ес процестері, олардың түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
Есте сақтау мнемикалық әрекет ретінде. Есте сақтау түрлері. Есте сақтауда жаттығудың ролі. Қайта жаңғырту, тану, ұмыту және олардың байланысы мен айырмашылықтары. Ұмыту динамикалық үрдіс ретінде. Эббингауздың ұмыту заңдылығы.
Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жанғырту, ұмыту.
Есте қалдыру дегеніміз – жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан өмір мен тілшілікке қажетті матриалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы; 3) есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу; 4) сол мән – мағыналары түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру; 5) қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларық желісін табу; 6) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды женілдету; 7) өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу; 8) сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Қайта жаңғытту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән – күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
Тану – естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ққсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.
Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске тұседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестетулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.
Ұмыту. Бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз – қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Осы орайда, уақытша ұмытуды сақты тежелу деп атайды. Ұмыту – жүйкеклеткаларындағы тежелу процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрынан есінде сақталған материалына кейінгі қызметі бөгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді. Мұндай жайттар мағынасы бір – біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу – тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жөн.
Әр адам есінің өзіндік ерешеліктері болады. Біреулер есінде тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән – күйді, саз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен: көру есі, есту есі, қимыл - әрекет есі, аралас ес. Көру есіне бейім адам көргенің ұзақ уақыт бойы есінде сақтай алады. Ұлы ақын А. С. Пушкиннің есту есі өте күшті болған көрінеді. Есту есінің күштілігі мен нәзіктігі – қазақ ақындары мен жырауларына да тән қасиет.
Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты – адамның әр қилы іс -әрекеттері. Адам өміріндегі аса манызды психикалық процесс – ес – ақыл – ой кені. Ақыл – ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән- мазмұнын терендете түспек.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1. Естің негізгі процестерін атаңыз.
2. ес процестерін мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
3. Қайта жаңғыртудың қандай түрлерін ажыратамыз.
4. Ұмыту және оның қандай түрлерін ажыратамыз.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 167-182 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 129-146 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 256-295 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 161-175 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 35-43 беттер.
Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –152-162 беттер.
Ойлау туралы жалпы түсінік.
Мақсаты: ойлау психологиясы, ойлау туралы теориялар жайында түсінік беру.
Ойлау туралы түсінік. Ойлау және таным. Ойлау психологиясы жайлы түсініктер, ойлау теориялары. Вюрцбург мектебінің заңдылықтары. О.Зельцтің «Комплекстер теориясы», гештальтпсихологиядағы ойлау жайлы түсініктер. Ойлау психологиясына психоаналитикалық ықпал. Ойлаудың ассоциативті теориясы. Ойлау жайлы бихевиоризм зерттеулері, когнтивті психологияда ойлауды зерттеу. Қазіргі психологияда ойлауды зерттеудің негізгі бағыттары. Ойлау тәсілдері. Талдау және біріктіру ойлаудың негізгі тәсілдері ретінде. Талдау және біріктірудің басқада ойлау тәсілдерімен өзара байланыстылығы. Абстракция және нақтылау. Жалпылау, оның түрлері.
Біздің қоршаған дүние туралы білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан басталады. Бірақ таным олармен ғана шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным шекарасын кеңейтеді. Себебі ойлауда қабылдауда берілмеген нәрсені ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкінідік беретін қасиет болады. Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі.
Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады.
Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау –ми қыртысының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
Ойлаудың психологиялық теориялары.
Ойлау–аса күрделі психикалық процесс. Осы зерттеумен бірнеше ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Бірақ екі осы ғылымның ойды зертеудегі әдіс–тәсілдерінде өзіндік айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлі жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой, қорытындылары сиқяты ойлау формаларының табиғатын зерттейді.
Ойлау психологиясы арнайы түрде XX-шы ғасырда ғана жасала бастады. Осы уақытқа дейін үстемдік еткен ассоциативтік психология барлық психикалық процестер ассоциациялар заңы бойынша өтетін және сананың құрылуы аз не көп күрделі комплекстердің ассоциациялары арқылы біріктірілген қарапайым сезімдік түсініктерден тұратын ережеден бастау алады.
Ойлаудың ассоциативтік теориялары.
Құрылымдық психологияға сәйкес жеке сезімдік елестер психологиялық тәжірибенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдер елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт пен кеңістікте сәйкес келу сияқты аасоциациялар орнайды.
2. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп–сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылр–О. Кюльпе және К. Бюллер, ал өкілдеріне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.
Вюрцбурлық мектеппен зерттелінген негізгі мәселелер: a) ойлаушы субъекттің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесінің психологиялық механимдерін түсіндіру.
О.Кюльпе “Ойлау психологиясы” еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде интроспекциялық әдісті қолданды. Зерттеген мәселелері: “эмпирикалық ойлау” деп аталатын және формальдық логика заңдарына сүйенетін “таза ойлаудың” нақты жүзеге асуын көрсететін психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бір қосқан үлесі–“детерминациялық тенденциялар” тұжырымдамасын шығарып, негіздеуі. Басқаша айтқанда, бұл–себептендіру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды тұртіп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзінен-өзі қалыптаспайды. Ол тікелей сыртқы орта әсерінен пайда болады. Вюцбурлық мектептің негізгі идеялары О. Зельцтің еңбектерінде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуі ретінде анықтады.
О. Зельц міндетті шешу барысы мен тәсілдерін сипаттауда үш ұғымды енгізді:
1. Арнайы реакция, яғни берілген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес келетін объективті қажетті жауап.
2. Операция–осындай жауапты анықтайтын амал.
3. Әдіс, яғни субъектімен міндетті шешу тәсілі ретінде саналатын және пайдаланылатын операция.
Вюрцберг мектебі өзінің өмір сүру уақытында өте мәнді эволюцияны жасады. Ойладың образсыз сипаты (О. Кюльпе, Х. Дж. Уатт, К. Бюлер өздерінің ертеректегі жұмыстарында) жайлы тұжырымнан бастап ол мектептің өкілдері (О. Зельц, кейінгі жұмыстарында айтқандай сол К. Бюлер) содан кейін ойлау процесіндегі көрнекі компоненттеріндегі рөлі жайлы әдейі нақты көрсетіп айтты.
Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкілдері–Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальт психологтар ойлаудың құрылымын, шығармашылық астарларын қарастырды. Ізделген шешімді оған қажетті құрылымды табу арқылы шешуді ойлау деп атаған.
Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретінде. Адам мінез– құлқының мотивтері ең алғаш психоанализмен қойылып, зерттелді. З. Фрейд бойынша, негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі көрініс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары..
Осы уақытқа дейін кеңестік психологияда адам психикасының әлеуметтік –тарихи табиғаты Л.С. Выготский және С.Л. Рубинштейн еңбектерінде жүйелі және жан–жақты зерттелді.
Ойлау операциялары.
Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатын болғандықтан, адамда ойлаудың операциялары болады. Мұндай операцияларға талдау мен біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1. Ойлауға анықтама бере отырып, оның негізгі белгілерін атаңыз және адам іс-әрекетіндегі оның рөлін көрсетіңіз
2. Ойлауды зерттеуге байланысты психологиялық теорияларға тоқталып, талдау жасаңыз.
3. Қандай ойлау тәсілдерін білесіз?
4. Қазіргі психологияда ойлауды зерттеудің негізгі бағыттарына тоқталыңыз.
Әдебиеттер:
Тәжібаев Г. Жалпы психология. 182-192 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 146-162 беттер.
3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 309-349 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 175-193 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 45-57 беттер.
Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –186-199 беттер.
Ойлаудың түрлері және формалары.
Мақсаты: ойлау түрлері, оларды топтастыру негіздері туралы түсінік қалыптастыру.
Ойлаудың негізгі түрлері және оларды топтастыру негіздері. Ұғым. Дара және жалпы ұғым. Ұғымның қалыптасу кезеңдері. Ұғымның негізгі сипаттамалары және түрлері. Пікір. Ой қорытындысы- ойлаудың жоғарғы формасы. Индукция және дедукция ой қорытындысының формалары ретінде.
Ойлаудың негізгі түрлері.
Шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:
1. Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі.
Көрнекі–бейнелік ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі.
2. Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.
Ойлаудың негізгі формалары.
Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз–заттар мен құбдылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар жеке және жалпы болып бөлінеді.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір бұл бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрінетін ойлаудың формасы Түсіну шындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көріп– білуден басталады. Өйткені қандай да бір нәрсені ұғыну үшін оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет. Түсіну сөз арқылы берілетіндіктен түрліше формаларда тұжырымдалады. Түсіну қысқаша, жалпы, кең, детальды және т.б. болып келуі мүмкін.
Ойлаудың ең күрделі және жоғарғы формаларының бірі–ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз–бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір–бірімен байланыстыруымыз қажет.
Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар:
1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.
Дедукция дегеніміз–жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, біз, тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция–жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмір сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, деген қорытындыны жасаймыз.
Аналогия дегеніміз–ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе құлауы, мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Ойлау түрлерін топтастырудың негіздеріне тоқталу керек.
Қандай ойлау формаларын білесіз?
Ой қорытындысы дегеніміз не ?
Оның қандай түрлерін ажыратамыз ?
Әдебиеттер:
Тәжібаев Г. Жалпы психология. 182-192 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 146-162 беттер.
3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 309-349 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 175-193 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 45-57 беттер.
Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –186-199 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |