Ұйқылық тежелу. Тежелудің бұл түрін кейде жайылмалы тежелу деп те атайды. Өйткені, тежелу процесі ми қабығындағы орталықтарға түгелдей жайылғанда, ұйқы пайда болады. Ұйықтаған кезде адамның ми қабығындағы орталықтармен бірге ми бағанасындағы орталықтар да тежеледі. Мұндай қалыпта сана болмайды, сезгіштік мүлдем бәсеңдейді, шартты рефлекстер сөніп, ми тынығады. Біз бұл жайттан тежелу мен қозудың өзара тығыз байланысты физиологиялық процестер екендігін аның аңғарып, олардың үнемі өтіп жататындығына көз жеткіземіз және бұл процестер ми жұмысының негізгі заңдарына бағынады.
Тежелудің түрлерін сөз еткенде сыртқы тежелулердің орталық нерв жүйесінің кез келген бөліктерінде пайда болатыны, ал ішкі тежелулер тек ми қабығына тән құбылыс екендігі естен шықпау керек.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
1. Мидың психофизиологиялық қызметтерін ашып беріңіз.
2. Психика және мидың байланысын нақты мысалдармен түсіндіріңіз.
3. Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысына талдау жасап қарстырыңыз.
4. Талдағыштар дегеніміз не, оның құрылымы қандай ?
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалты психология. – А.,1993.- 46-59 беттер.
Алдамуратов Ә. Жалпы психология. –А.,1995- 12-17 беттер.
Немов Р. С. Психология. Т 1.- М., 1998.-28-91 беттер.
Аймауытұлы Ж. Психология. А., 1995 82-104 беттер.
Адамның тануы және пікірлесуінде субьект ретінде қалыптасуына психологиялық талдау.
Мақсаты: Өмір барысында жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар, қарым-қатынастың атқаратын ролі туралы түсінік беру.
Жеке адам туралы түсінік. Тұлға құрылымы. Тұлғаның белсенділігі және бағыттылығы. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның әлеуметтенуі. Өмір барысында жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар. Қарым-қатынас ұғымы. Қарым-қатынас және іс-әрекет. Қарым-қатынастың мақсаты, құралдары, түрлері және олардың сипаттамасы. Қарым-қатынастың перцептивті, коммуникативті және интерактивті жағы. Тұлға және қарым-қатынас. Адамның дамуындағы еңбектің алатын орны. Жеке адамның қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі.
Түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам бұл – ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды. Адам биологиялық тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын айрықша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттілігіне қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының болуы. Мысалы, жануарлар бүгінгісін ойласа, адамдар келешегін ойлап, саналы түрде әрекет жасайды.
Адам сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі, әрі бұл оның ең елеулі белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрылымын жетілдіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ оны өз еркіне бағындырды. Адам өзінен-өзі қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы. Тек қоғамда және қоғамның игі әсері арқасында ғана адам танып-білуге және еңбек теуге қабілетті болып қоймайды, сонымен қатар, өзінің ішкі процестерін сезінуге, тілегі мен жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре білуге, парасатты түрде іс-әрекет етуге бейімделеді.
Жеке адам туралы түсінік. «Жеке адам» түсінігі «адам» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Жеке адам – қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық рөл атқаратын, саналы индивид. Рөл дегеніміз – жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мысалы, ата – ананың рөлі баланы тәрбиелеу, ал мектеп мүдірінің рөлі – мұғалімдер ұжымын басқару және оқушылардың оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойнына алған міндеттерге, еңбек міндеттеріне деген т.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Даралық туралы түсінік. Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдене емес. Даралық дегенміз - өзіндік ерекшелігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте «даралық» деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Даралық интеллектілік, эмоциялық, еріктік сфераларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында бірден көрінеді. Интеллектінің өзіндік ерекшелігі оның басқалар байқай бермейтінді көре білу қабілетінде, ақпаратты өңдеу ерекшеліктерінде, яғни алдына проблема қойып, оны шеше білуінде болып табылады. Сезімдердің ерекшелігі олардың белгілі біреуінің шектен тыс дамуынан, эмоциясының өте шапшаңдығынан көрінуі мүмкін. Мысалы, әрбір адамның өзіндік дара ерекшеліктері болады, атап айтсақ, темпераментіне байланысты, біреуі сангвиник болса, екіншісі меланхолик болады.
Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек, солай болған соң да толығырақ сипаттайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де, сондай-ақ психологияның басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің тұрақты объектісі болып табылады.
Құрылымның бірінші компоненті жеке адамның бағыттылығын немесе адамның болмыс қатынасын сипаттайды. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден, өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, идеялық және практикалық пиғыл-әрекеттер жүйесінен құралады. Соның өзінде бағыттылық компоненттерінің бірі дараланып шығады және жетекшілік мәнге ие болады, ал қалғандары көмекшілік рөлін атқарады. Мысалы, бір адам әнші болсам деп армандайды, әнге әуестенеді, қызығады, бейім болады.
Екінші бөлігі жеке адамның мүмкіншілігі анықтайды және іс - әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттік жүйесін қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір – бірімен өзара әрекеттес болады. Әдетте қабілеттіліктердің бірі үстем күйде болады да, қалғандары бағынышты болып келеді. Мысалы, А.С. Пушкин өзін тарихшы ретінде танытса да, тәп – тәуір сурет сала білсе де, оның ақындық дарыны басым түсті.
Жеке адам құрылымындағы үшінші бөлім мінез немесе адамның әлеуметтік ортадағы мінез – құлқына сипаты болып табылады. Мінез дегеніміз – күрделі синтетикалық құралым, онда адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасы бірлікте көрініс танытады. Мінез жеке адамды толық сипаттай алмайды, алайда оның қасиеттерінің, бағыттығы мен еркінің, интеллектілік және эмоциялық сапаларының, темпераменттен байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін құрайды.
Басқа барлық бөлімдерден үстем тұратын төртінші бөлім басқару жүйесі болып табылады, оны әдетте «мен» сөзімен белгілейді. «Мен» өзін - өзі реттеу қызметін атқарады: іс - әрекеттің күшейе түсуі немесе әлсіреуі, өзін - өзі бақылау, әрекеттер мен мінез – құлықтардың түзетілуі, алдын ала таң - тамаша болу және өмір мен іс - әрекетті жоспарлау.
Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Қажеттіліктің түрлері: материалдық, рухани, әлеуметтік. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір тіршілігінің негізіне байланысты. Мысалы, бұл тамаққа, киімге, мекен – жайға деген қажеттіліктер. Рухани қажеттіліктер – бұл адамға ғана тән қажеттіліктер. Оларға танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер жатады. Танымдағы қажеттіліктер жалпы және жеке болып келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми творчествоға деген дербес қажеттіліктер пайда болады. Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам өмірінде айрықша орын алады. Соның арқасында адам өз тұрмысын, демалысын, өзінің өмірін мәнді етуге құлшынады. Әлеуметтік қажеттіліктер еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа қоғамдық іс - әрекетке деген қажеттіліктер. Еңбекке деген қажеттілік барған сайын адамдардың негізгі қажеттілігіне айналады. Мұндай жағдайда адам еңбек етпей отыра алмайды, егер ол уақытша бұл мүмкіншіліктен айрылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сәтте басынан қандай күй кешсе, нақ сондай күй кешетін болады (3 - сызба). Қызығу дегеніміз – жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдық күшіне қарай таңдамалы қатынасы.Қызығулар қажеттіліктердің негізінде пайда болады. Мысалы, театрға деген қызығу – спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру. Дүниетаным – жеке адамның мінезін орнықты да, табанды ете отырып, оның жалпы бағыттылығын, мақсаттылығын айқындап қана қоймайды, - ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен, әдеті мен бейімділігінен, осы сияқты барша бітім болмысынан да айқын аңғарылып тұрады. Сенім дегеніміз – адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең әрі негізделген нанымы. Мұрат дегеніміз – адам тап қазір басшылыққа алатын және оның өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын анықтайтын образ.
Қарым – қатынасты екі негізгі аспект ретінде қарастыруға болады, біріншісі, адамдармен қарым – қатынасқа түсе отырып, түрлі қасиеттерге ие болу, екіншісі, өзін тыңдау. Адамдар арасындағы қарым – қатынастар бірнеше қызмет атқарады:
Қарым – қатынас адамның ұжымдық іс - әрекеттерінде байланыстырушы қызметін атқарады. Адамдарды кез – келген іс - әрекетте біріктіруге жағдай жасайды.
Қалыптастырушы адамның психикасының өзгеруі мен қалыптасуының негізгі жағдайы ретінде көрінеді.
Бекітуші адам басқа адамдармен қарым – қатынас процесінде өзін бекітеді және оған мүмкіндік алады.
Жеке өзара қарым – қатынастарды қолдау және ұйымдастыру. Бұл адамның бір – бірін ұнату және ұнатпауы.
Адамның ішкі өзіне деген қатынасы. Бұл адамның диалог арқылы өзі - өзімен (ішкі, сыртқы) қарым – қатынасы. (2 - сызба)
Б.Ф.Ломов қарым – қатынас қызметін мынадай топтарға жіктеді:
Ақпаратты – коммуникативтік;
Тұрақтандырушы - коммуникативтік;
Аффектті - коммуникативтік;
Әрбір адам әртүрлі қызмет атқарады: қызметтік (бастық, бағынушы, оқушы, дәрігер, педагог және т.б.) жанұялық (шеше, әке, күйеу, әйел, апай, бауыр және т.б.), бұлар қарым – қатынастың әртүрлі түріне байланысты.
Әлеуметтік қызметке негізделген қарым – қатынастар формалды деп аталады.
Қарым – қатынастың формалды емес түрі серіктер арасында қалыптасқан жеке тұлғаның субъективті ойына толы. Формалды емес қарым – қатынастың жоғарғы формасы – махаббат және достық.
Қарым – қатынастың құрылымы:
коммуникативтік,
интерактивті;
перцептивтік.
I. Коммуникативтік қарым – қатынас – бұл субъектінің хабарлармен алмасуы. Коммуникация – қатынас, жол. Вербальды және вербальды емес құралдар арқылы жүзеге асады. Қарым – қатынас барысында адамдар әр түрлі ойлармен, қызығушылықтармен, көңіл – күйлермен, сезімдермен және т.с.с. алмасады. Мұның барлығы әркелкі ақпарат ретінде қарастырылады. Адамдар арасындағы коммуникативтік процесс техникалық құралдармен ақпарат алмасудан айрықша ерекшеленеді. Тұлға аралық коммуникация өзінің маңызы бойынша да, формасы бойынша да маңызды арнайы белгілерге ие. Тұлға аралық коммуникацияның ерекшелігі төмендегі процестер мен феномендерден көрінеді:
кері байланыс процесі
коммуникативтік тосқауылдың болуы (барьер)
коммуникативтік ықпал ету феномені және ақпарат берудің әр түрлі деңгейінің болуы (вербальды және вербальды емес)
Қарым – қатынаста адам ақпарат береді, ол қалыптасады, нақтыланады, дамиды. Қарым – қатынас кезінде коммуникативтік тосқауыл болуы мүмкін. Ол әлеуметтік немесе психологиялық сипатта болады. Бұл әңгімелесушілердің арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіби айырмашылықтың болуынан.
II. Интерактивті қарым – қатынас - өзара бірлескен әрекетті ұйымдастыруы. Бұл шартты термин адам мен өзара әрекеттесу олармен бірлескен әрекет ұйымдастырумен байланысты қарым – қатынастың компоненті. Яғни адамның бір – бірімен қарым – қатынас процесінде өзара әрекет етуді ұйымдастыру. Қарым – қатынас барысында оның қатысушыларына ақпарат алмасып, өзара түсіністікті орнату ғана жеткіліксіз, сонымен бірге әрекет алмасуды ұйымдастыру ортақ іс - әрекет жоспарлау, бірлескен әрекеттің формасы мен өлшемін жасау.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
«Адам», «жеке адам», «Даралық» түсініктерін қалай түсіндіңдер?
Жеке адамның психологиялық құрылымы қандай?
Жеке адамның дамуында қарым-қатынастың атқаратын ролі қандай ?
Қарым-қатынас құрылымына кіретін құрамдас бөліктер қандай ?
Әдебиеттер:
Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 беттер
Алдамұратов Ә. Жалп психология. А.,1995.-16-21 беттер.
Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 беттер.
Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 беттер.
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980
Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. А, «Қазақ универститеі», 2007 ж.
Психологиялық қызметке талдау.
Мақсаты: Іс-әрекет ұғымы, оның құрылымы туралы түсінік қалыптастыру.
Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекеттің мақсаты. Іс-әрекеттің заттылығы. Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі іс-әрекет теориясының зерттелуі және дамуы. Іс-әрекет психологиялық теориясының негізгі принциптері.Іс-әрекеттің құрылымы. Әрекет, мотив, мақсат. Әрекетті басқару және бақылау. Әрекетті орындау тәсілдері. Психомоторика туралы жалпы түсінік. И.М.Сеченов әрекет физиологиясы туралы. Әрекеттің рефлекторлы концепциясы. Сенсомоторлық процестердің түрлері. Идеомоторлық процестер және сенсоречевті реакциялар. Әрекет үйымдастыруының механизмдері. Н.А. Бернштейн және оның физиологиялық әрекет теориясы.Әрекеттегі интериоризация және экстериоризация. Дағды, іскерлік. Дағдының қалыптасуы және автоматтануы. Іс-әрекет түрлері.
Адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады. Адам іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылым салалары зерттейді.
Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын әрекеттер жиынтығын іс-әрекет деп атаймыз. Адам іс-әрекетінің нәтижесі нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Және өз кезегінде осы қоғамның басқа мүшелерінің өнімі әр бір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады, яғни адам өзін табиғаттан саналы түрде бөліп көрсетеді. Адам өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді.
Адамның іс-әрекеті саналы, болжамды, бағыт-бағдарлы, мақсатты, жоспарлы, есепті, себепті және өзгерісті сипатта болады.
Адамның жеке басы іс-әрекет үстінде қалыптасады. Алдына қойған мақсат-міндеттерін орындай отырып, адам өзінің іс-әрекет белсенділігін көрсетеді.
Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен және оны іс-әрекет итермелеген мотивтермен анықталады.
Іс-әрекет құрылымында мынадай компонеттері болады:
Мақсат қою – нақты міндетін білу
Жұмысты жоспарлау – неғұрлым тиімді жағын қарастыру.
Орындау – іс-әрекетті жүзеге асыру
Нәтижесін тексеру – қателерін тексеру.
Салыстыру – алынған нәтижелерді жоспарланған нәтижесімен салыстыру.
Адам іс-әрекетсіз және әлеуметтік қарым – қатынассыз өмір сүре алмайды.
Іс - әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектін объектпен байланысады. Қандайда бір іс-әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл – күй шарпулары (эмоция) туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет – ұстамдары (установки) мен қатынастары және тағы басқалар қалыптасады. Бұларсыз ешбір іс - әрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бәрі осы іс - әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.
Қозғалыс дегеніміз – тірі адам организімінің моторлық қызметі.
Адамның қозғалысуы яғни моторлық қызметі өте ерте басталады.
Ұрық құрсақта жетілу кезенде – ақ алғаш қимылға келеді.
Адамның бар қимылын 2 топқа бөлеміз.
туа болатын – шартсыз рефлекс
үйреніп меңгеру – шартты рефлекс
Психологияда әрекеттің 2 түрі болады:
Нақты немесе заттық
Ақыл – ой әрекеті немесе ішкі.
Нақты әрекеттерді игеру процес бала заттарымен әрекет жасаудың жолдарын меңгереді.
Нақты әрекеттер негізінде ақыл – ой әрекеті пайда болады. Ақыл – ойдың танымдық әрекеті шындық дүниеден зерттелінетін заттарды толық және терең мазмұнда береді.
Іс - әрекеттің психологиялық тұрғыда талдануында түрткі мақсат түсініктеріне үлкен мән беріледі. Бір түрткі негізінде әртүрлі мақсаттар қойылуы мүмкін.
Түрткі жалпы әрекетке итермелесе, мақсат нақты қызметті белгілейді.
Іс-әрекеттің мақсаты дегеніміз – сол іс - әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада болжау. Мақсат заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап береді, алдын – ала бейнелеудің құралы. Іс-әрекеттің санадағы жоспарлы мен оның нақты орындалу процесі арасындағы байланыстың іске асуы – бұлар өзіндік орны бар құбылыстар заңдарына орай топталады. Адам осы заңдарды аша отырып, өз іс-әрекетінде қолданылады. Бұл жағдайларда сыртқы заттасқан әрекет ішкі саналық әрекетке ауысады.
Объектінің бағытталған заттық әрекет бір сәтке идеалдық операцияларға келтіріледі. Сыртқы нақты іс-әрекеттің саналық ішкі әрекетке айналуы интериоризация деп аталады.
Іс - әрекет дегеніміз – адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі.
Әрекет- заттық (сыртқы) зат арқылы жасайды, ақыл-ой (ішкі психикалық)- жаттау. Сыртқы әрекет ішкі әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Адам іс-әрекеттінің барысын күні бұрын жоспарланған бейнелер мен ой түрінде баста жүрген қаракетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша топшалау және оны реттеп отыру мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Оны жасаған П.К.Анохин. Іс-әрекеттің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз.
Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз?
Интериоризация және экстериоризация ұғымдарына анықтама беріңіз.
Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз
Әдебиеттер:
1. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.443-511беттер.
2. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-145-165 беттер.
3.Тәжібаев Т.Жалпы психолгия.-А.,1995.-106-114 беттер.
4.Жарықбаев Қ. Психология.-А.,1993.57-84 беттер
5.Гамезо М.В. Атлас по психологии. М.,1997.-83-97 беттер.
6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.- Москва,1977.
Іс -әрекет субьектісі: мотивация психологиясы, эмоциялар, тұлғалар.
Мақсаты: Мотив және мотивация ұғымдарының арақатынасы, эмоция және сезімнің айырмашылықтарын қарастыру.
Тұлғаның мотивациялық аймағы Мотив және мотивация. Эмоция және сезім, олардың өзара байланыстылығы. Эмоцияның атқаратын қызметтері, физиологиялық негізі. В.Вундтың сезімдердің үш өлшемді концепциясы. Ч.Дарвинның эмоцияның көрінуі туралы түсінік. Джемс-Ланге теориясы. Эмоцияның физиологиялық теориялары. Адамның көңіл-күйінің негізгі формалары. Жағымды және жағымсыз, стеникалық және астеникалық эмоционалды күйлер. Адам сезімдерінің топтастырылуы. Жоғары сезімдер туралы түсінік. Тұлға барлық психикалық құбылыстардың интеграторы. Тұлға, индивид, субьект, және даралық туралы жалпы түсінік.
Адам қабылдағанына (көргеніне, естігеніне ), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам әрекетінің, оқиғаларының біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді.
Қатерлі жағдайға тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып, жеңіске жету не қиын- қыстау жағдайдан өту, қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты.Жұмыс мемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процесіндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады.
Сезімдер- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезім - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, Адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Эмоцияның атқаратын қызметтері, физиологиялық негізі. В.Вундтың сезімдердің үш өлшемді концепциясы. Ч.Дарвинның эмоцияның көрінуі туралы түсінік. Джемс-Ланге теориясы.
Эмоция - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.
Адамның көңіл- күйін пнеймограф аспабымен зерттейді.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар:
а) қарама- қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мысалы: сүйсіну- сүйсінбеу, көңілдену- қажу, шаттық- уайым. Осы секілді сапалар өзара полюске ажырасып біріне- бірі қарама- қарсы мағынада болады.
б) актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әректке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық – (грек сөзі, қазақша «күшті» деген мағынаны береді), ал бұлардың бояу, солғын түрлерін астеникалық – (грек сөзі қазақша «әлсіз» деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Біріншісіне – жолдастық, достық, айбаттылық жатса, екіншісіне – уайым, енжарлық, көңілсіздік сезімдер жатады.
в) жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да – сезімнің қарама- қарсы сапаларының бірі. Мысалы: адамдардың өздері белгілеген мақсатына жетуі, студенттердің төрт жыл білім алып, оқығанынан кейін диплом алуы.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор.
Адамның шамадан тыс зорлануын психологияда стресс – ( «стресс» - ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағына береді) деген терминімен белгілейді.
Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады
Көңіл – күй деп – біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез – құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. оқушы жоғары оқу орнына тест тапсырып түсе алмаса, оның көңіл – күйі болмайды.
Аффектер дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адамның мінез – құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі- моральдық немесе адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік сезімдер: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, т. б.
Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау.
Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.
Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны, құрылымы да күрделі болып келеді:
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Эмоция дегеніміз не?
Сезім дегеніміз не?
Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз
Аффект дегеніміз не?
Әдебиеттер:
Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1995. 212-217 беттер.
Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. -194- 211 беттер.
Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. М., 551-587 беттер.
Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 193-217 беттер.
Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 67-71 беттер.
Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –105-131 беттер.
Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 435-461 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |