Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.
-Алматы,1985
10. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№24 дәріс тақырыбы: Сөз таптары, шығуы мен дамуы
1.Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы
2.Сөз таптарының шығуы мен дамуы
Тілдің байлығы - сөздер алуан түрлі, олар тек мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық құрамы, атқаратын қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Тілдегі сөздердің бұл ерекшелігін ғалымдар ерте байқаған. Сонымен байланысты тілдегі сөздерді топтастыру мэселесі туындаған.
Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып, эр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін өзінде сөздер эр заманда түрліше таптастырылып отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А.Байтұрсыновтың "Тіл құрал" атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат 5есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай.
Қазақ тілінде создер екі түрлі топтастырылады.: 1) сөздерді 3 топқа бөлу, 2) сөздерді әр түрлі жеке-жеке сөз таптарына бөлу. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқтау қажет.
Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д.Э.Розенталь, И.Б.Голуб, МА.Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оку кұралында "самостоятельные и служебные части речи" деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай жэне еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп жэне олардың эрқайсысына қысқаша анықтама берген.
Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибеде өзін ақтаған, сондықтан ол XXI гасырда да сақталғаны жоғарыда келтірілген орыс тіл білімінің тәжірибесінен көрінді. Сондықтан бұл топтастыруды артық санайтын кейбір қазақ ті лшілерінің пікіріне қосы луға болмайды. Өйткені бұл топтастыруда тілдегі сөздердің жалпы ерекшеліктері ашылады, соған байланысты сөздің ойды білдіретін лексикалық мағыналы топтары анықталады, олардың сөйлемдегі ойды білдірудегі қызметі белгіленеді, сондай-ақ ол белгілері жоқ атауыш сөздерге кызмет ететін де сөздер бары, көмекшілер бары анықталады. Осы екі топтың да қызметін де атқармайтын, тіпті сөйлемге қатыспайтын ерекше топтың бары осы топтастыруда анықталады.
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен пайымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.
Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді. Мысалы, А.А.Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табының мағынасы сөздің негізгі лексикалық мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық категориялардың жиынтығынан құралады.Орыс тіліндегі зат есімдерде негізгі атауыш түсініктер (основные знаменательное представление) грамматикалық жекелік-көптік, тек (род), септік категорияларымен ұштасады да, етістіктерде – грамматикалық шақ, рай, етіс, жақ және т.б. категориялармен ұштасады. А.А.Шахматовтың бұл жерде «мағына» жайында емес, «түсінік» жайында әңгіме етуінің себебі оның грамматикалық теориясына тән психологизмге байланысты екендігі аңғарылады.
Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі сөз таптарын формальды-грамматикалық (дәлірек айтқанда морфологиялық) категория деп қарады.Ф.Ф.Фортунатов сөздерді «түрленетін» сөздер деп топтастырады да, «түрленетін» сөздерді «жіктелетін»(етістіктер), «септелетін»(зат есімдер) сөздер септелетіндердің ішінде тек (род) категориясына орай сөз түрлендіруші формаларға ие болатын сөздер (сын есімдер) деп іштей жіктейді. Ф.Ф.Фортунатов үстеулерді «түрленбейтін», бірақ сөз тудырушы формаларға ие болатын топқа жатқызады.
Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп қарайтын лингвистер де бар. Мысалы, О.П.Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізге алынып жүрген заттық, атрибутивтік, іс-әрекет (процесс) тәрізділерді лексикалық мағына емес (ал А.А.Шахматов бұларды лексикалық мағынамен ұштастырады), жалпы грамматикалық мағына деп есептейді.Оның пікірінше, заттылық – зат есімдерге тән және оны басқа сөз таптарынан ажырататын жалпы грамматикалық мағына. О.П.Суник сөз таптарының әрқайсысына тән жеке грамматикалық категориялар мен мағыналарды, грамматикалық формаларды сөз таптарын ажырататын белгілер ретінде емес, сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасынан туатын, соған бағынышты құбылыстар деп қарайды. Сонымен, О.П.Суник сөздерді сөз таптарына классификация жасауда сөз таптарының жалпы грамматикалық мағыналары – заттылық, атрибутивтілік, процессуальдық және т.б. мағыналарды негізге алады да, сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады.
Сөз таптарына қатысты айтылғандарды жинақтай келгенде,мынандай қорытындылар жасауға болады.
Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындап классификация жасауда жеке, нақтылы тілдің немесе тілдер тобының грамматикалық басты ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет.
Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық категориясы (топтары) . Олар бір-бірінен жалпы категорияльдық мағынасы мен грамматикалық белгілері жағынан ажыратылады.
Сөздердің топтары сөз таптары ретінде қаралғанда, ең алдымен, олардың білдіретін мағыналары, атап айтқанда, заттылық мағына, атрибутивтік мағына,процессуальдық мағына және т.б. түрдегі мағыналар негізге алынады. Сөз лексикалық құбылыс қана емес, мұнымен бірге грамматикалық құбылыс ретінде де танылады. Осыған орай, сөздерді сөз таптарына классификация жасауда олардың грамматикалық белгілері де негізге алынуы тиіс.
Сөз таптарының морфологиялық белгісінің мазмұнына сөз тудыру формалары мен сөз түрлендіру формалары енеді. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән сөз тудырушы арнайы аффикстері болады да, сөз таптары бір-бірінен сөз тудырушы аффикстер арқылы ажыратыла алады. Сөз түрлендіру жүйесі грамматикалық категориялармен ұштасады, жекелік-көптік,септік,тек (род) , шақ, жақ, рай, етіс деп аталатын грамматикалық категориялардың бірі зат есімдерге немесе есімдерге, екіншілері етістіктерге телініп, сөз таптарын саралап ажыратуға көмектеседі.
Сөз таптарының синтаксистік белгісінің мазмұнына сөз табының сөйлемде мүше болу қызметі және сөздермен тіркесу ерекшелігі енеді. Белгілі бір сөз табына енетін сөздер сөйлемде белгілі бір мүше болып қызмет атқаруға икемделеді және сөздердің кез келген топтарымен емес, арнаулы бір тобымен тіркеседі, солармен қарым-қатынасқа түседі, өз ара байланысады..
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінде сөздерді таптастыру ұстанымдарына не жатады?
2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.
-Алматы,1985
10. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№25 дәріс тақырыбы: Синтаксис мәселелері. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары. Сөз тіркесі мен сөйлем
1. Синтаксистің зерттеу нысаны
2. Сөздердің байланысу амалдары мен формалары
3. Сөз тіркесі мен сөйлем
Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады: жалғаулар арқылы; шылаулар арқылы; сөздердің орын тіртібі арқылы және интонация арқылы. Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.
Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерге сөз тіркесі, оның байланысы формалары жалпы болса да айқын жіктелмей келді.
Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі..Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас; Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз; Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма; Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті; Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.
Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз. Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуы: сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;
сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Бұйрықты сөйлем - кимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады:
Бақылау сұрақтары:
1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөздердің байланысу амалдары мен формаларына не жатады?
3. Сөз тіркесі дегеніміз не?
4. Сөйлем нені қарастырады?
5. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№26 дәріс тақырыбы: Тілдің шығуы мен дамуы және тілдердің өзара әсерлері
1.Тілдің шығуы
2.Тілдің жасалуы
3.Тілдің өзара әсерлері
Адамзат тілінің шығуы-алғашқы адамдардың пайда болуымен байланысты.Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі – жалпы адамзат тілінің шығуы, екіншісі – жеке ,нақты тілдердің шығуы. Әрине жеке тілдердің пайда болуы кейінгі дәуірлердің үлесіне жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық тіл білімінде қойылған болатын. Онда тіл «табиғи» және «жасанды» құбылыс деген екі қарама-қарсы көзқарас болғаны мәлім. Кейін бұл екі бағыт ортағасырлық ,Қайта өркендеу, ағарту дәуіріне дейін шешімін таппай келді. XVIII ғ.бастап ғылыми-философиялық тұрғыда қарастырыла бастады. (Ж.Ж.Руссо, И.Г.Гаман, И.Гердер). Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В.фон Гумбольдттың әйгілі тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен дүниетанымдарын жасау үшін қажет...» деген.Тілдің шығуы туралы теориялар: дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік теория,қоғамдық шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік тоерия деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.
Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар бірінен бірі туып отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру болып біріккен. Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап, территориялық, мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда болады.. Феодализмнен капитализмге көшу барысында ұлт пайда болып, халықтық тіл ұлт тіліне айналады.
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген.. Август Шлейхер тіл дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді. Бұлардың барлығы қате көзқарастар .Н.Я.Маррдың сатылық даму теориясы тілдің дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.
Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс мен салаларының заңдылықтарына байланысты.Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі.
Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері.Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде нені қарастыруымыз қажет?
2. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуымен байланысты дегенді қалай түсінесің?
3. Тілдің шығуы мен дамуы жайлы қандай теориялар бар?
4.Тілдердің бір-біріне өзара әсерлері қалай жүзеге асады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№27 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары
1. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік
2.Тілдің дамуының жалпы заңдары
3.Тілдің дамуының жеке заңдары
4.Тілдердің өзара әсері
Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп ұшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Негізгі себептерінің бірі — тілдің дамуы мен өзгеруі жайындағы ұғымдардың толық ажыратылмауы. "Даму" термині екі түрлі мағынада түсіндіріледі: 1) тіл бірлігінің қалпының езгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру үдерісі.
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген. Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі — ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші — басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды.
Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады.
Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.
Ностратикалық тілдер. Афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған – дат ғылымы Х. Педерсен (латынша noster біздің деген мағынада).
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің даму заңдылықтарының қандай себептері бар?
2.Тілдің дамуының жалпы заңдары дегеніміз не?
3.Тілдің дамуының жеке заңдары дегеніміз не?
4.Тілдердің өзара әсері қалай жүзеге асады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004
№28 дәріс тақырыбы: Дүние жүзі тілдерінің әртүрлілігі. Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жайлы
Жоспар
Дүние жүзі тілдерінің әртүрлілігі
Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жайлы
3. Дүние жүзі тілдері және оларға топтастыру жайлы
Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса сонша тіл бар.Олардың ішінде тайпа тілдері де, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес.Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб тілдері.
Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялық классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ. Семья деген термин – шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген – бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негіізден тараған тілдердің арасында да болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады.Типологиялық классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип.
Ареалдық топтастыру-географиялық яғни, территориялық орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданыла бермейді. Бұл тек диалектология, ареалдықлингвистикада сөзболады.
Достарыңызбен бөлісу: |