Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Тақырып: Түркі өркениеттің тарихы



бет4/17
Дата04.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#10938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
3 Тақырып: Түркі өркениеттің тарихы

Жоспары. 1 Түркі әлемнің дамуы білім және

2Түркі өркениет Ресейдік тарихнамада.

3Түркі мемлекетінін тарихына Қазақстаннын көз қарасы

ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – ТҮРКІЛЕРДІҢ ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі – қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.

Сонымен түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Тағылық-варварлық-өркениет (дикость, варварство, цивилизация) сияқты сатылардан өте алды ма? Әлде А.Тойнби айтқандай, тұрпайы (примитивтік) қалпында қалды ма? Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.

«Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.

Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлеміне тәнті болды. Ол әлемнің Еуропа мен Шығыстың өмір салтымен бәсеке болуға мүмкіндігі бар-ды. Барша мемлекетті «Ел» деп атаған, баспалдақты-бағынышты жүйе жасаған, шен-шекпенді билеуші топқа орынды кигізген, әскери тәртіппен, дипломатия арқылы Түрік Еліне баршаны игізген, өмірге деген көзқарас арқылы өмір салтын әлемге білгізген Ұлы империя Гумилевтің пассионарлық теориясына негіз бола алды. Бұл көзқарасты А.Сейдімбек те қолдайды

«Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. «Көшпенділер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға қосты. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды»- деген пікір көбірек айтылуда

А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Егер біз Еуразия сахарасындағы өркениетті осы тұрғыдан қарасақ, ол баяғы Ұлы Қыпшақ даласы – Дала өркениеті, «И как бы не называли эту культуру – половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на одном языке – на тюркском. Жили под одним культурным традициям – по тюркским. Исповедовали одни духовные ценности – тюркскиедеп әділ көрсетеді Мұрад Аджи.

Жалпы, «Дала» деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс, Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?

Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді.

Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп, бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет – Дала өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы - жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.

Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.

Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам – пенделердің рухани өміріне тірек болуға әрекет етті...

Бесінші, қыр баласы табиғи ортамен толық гармонияда болды. Дала перзенті еш бір шектеу дегенді білмеді. Оған творчестволық эволюция тән еді.

Алтыншы, Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шегінде 300-ге жуық қалалар мен елді мекендер болды... Ендеше Еуразиялық сахарадағы көшпенділі дала мен қаланың синтезі еді.

Жетінші, аң стильді өнер дамыды.

Сегізінші, сайын даладағы көшіп-қону, экологияны сақтау, ұрпақ тәрбиелеу, демографиялық процесті жолға қою, сал-серілік дәстүр сияқты Дала этикасын, менталитетін орнатты.

Сонымен бірге Еуразия сахарасында мемлекеттік жүйенің небір түрлері шыңдалды. Ол түркі әлемі.

Түркі әлемінің алтын бесігі – Түркі елі (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатқан. Мұндай шексіз сахарада империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».

Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.

Дала өркениеті әлемдік дамуға қандай үлес қоса алды?

Бірінші, Тәңірлік дүниетанымды берді, Зердеш (Зороастр дінін таратты;

Екінші, металл қорытудың көне ордасы болды;

Үшінші, төл жазуын тапты;

Төртінші, жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық дүниетанымды қалыптастырды;

Бесінші, әскери құрылымның далалық типін жасады, әскери өнердің ғажайып үлгілерін көрсетті;

Алтыншы, сымбат-архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін жасады, Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.

Жетінші, дала гомерлері бай ауыз әдебиетін жасады. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келіпті

Сегізінші, мемлекет басқарудың дала демократиясына сүйенген жүйесін жасады.

Тоғызыншы, шаруашылықтың негізі мал шаруашылығы бола тұра, адам баласы ойлап тапқан басқа түрлерін Дала перзенті қосалқы шаруашылық етті. Дала мен қала менталитетін будандастырды.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет