ПОӘК 042. 18-24 03/03 2013 18. 09. 2013ж. №1 басылымы


Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері



бет2/10
Дата19.05.2017
өлшемі2,14 Mb.
#16382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1. Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері

Студенттерге түсіндіру және көрсету әдісімен жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесін келесі ретпен уйретеді:

а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;

б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;

в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;

г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:

д) жылқы ауақабын тексеру:

е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;

ж) жөтел мен қақырықты тексеру;

з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.

Негізгі әдібиет:

1. М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов и др. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с/х животных.

3. А.М. Смирнов и др. Практикум по клинической диагностики внутренних незаразных болезней с/х животных.

Қосымша әдібиет:

1. Васильев А.В. Диагностика внутрениих болезней домашних животных

2. Зайцев В.И. и др. Клиническая диагностика внутренних болезней домашних животных.


Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).

Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.

Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.

Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.

Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі – бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.

Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.

Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.

Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.

Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).

Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.

Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.

Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.

Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.

Палипноэ – өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.



Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.

Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.

Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:

Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.

Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.



Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.

Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.

Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.

Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.

Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.

Инсператорлық ентігу – дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.

Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.

Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.

Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.

Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.

Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.

Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.

Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.



Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).

2.Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония).

3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).

4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).

5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).

Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.



Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:

Жануар түрі

Мықын сызығы бойынша қабырға аралықтары

Шонданай төмпегі сызығы бойынша қабырға аралықтары

Иық буыны сызығы бойынша қабырға аралықтары

Жылқы

16, 17

14, 15

10, 11

Ірі қара мал, қой, ешкі

11

-

8

Шошқа

11

9

7

Түйе

10

Сегіз көз төмпегінің сызығы бойынша 12-ші қабырға аралығында

8






Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.

Негізгі тыныс алу шулары.

1. Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін.

Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін.

Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.

2. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.

3. Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенң инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.



Амфорикалық тыныс алу. Өкпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде, дем алумен сәйкес келетін шу.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет