Бүгінде еліміздегі телеарналардың бәрінде әртүрлі принциптер мен мақсаттарға құрылған ғаламторлық ресурстары бар. Сондай-ақ қазір Қазақстандық арналардың басым бөлігі сандық жүйеге көшуде. Мұның өзі телетаралымның дәстүрлі жүйесі мен интернеттің бір-біріне түпкілікті кірігуіне ықпал ететін үлкен мүмкіндік. Ақпарат және коммуникация министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылға қарай халықтың 95 пайызы сандық телевизиямен қамтылады. Бүгінде қазақстандықтардың 77 пайызы сандық телевизияны қарайды. Сондай-ақ, елде ұялы және ғаламтор байланысы дамып келеді. Бүкіләлемдік экономикалық форумның ғаламдық рейтингінде Қазақстан адам басына шаққандағы абоненттер саны бойынша жетінші орында. Жүйелі ғаламторы бар абоненттер бойынша 58-тармақта болса, мобильді интернетті қолданатын тұтынушылар бойынша 44-орында тұр. Демек, ғаламторлық телевизияға сұраныстың жоғарылайтыны анық. Телеарнаның ғаламторлық сайтын жасау-оның күнделікті көрсететін хабарларын берумен шектелмейді. Ол аудиториясына ғаламтор арқылы ақпараттық және ойын-сауықтық қызмет көрсететін жаңа мультимедиалық ресурс болып табылады. Онда ең маңызды рөлді контент-яғни оның мазмұны атқарады. Осы ретте еліміздегі ең ірі медиақұрылым «Қазақстан» ұлттық телерадио корпорациясының интернеттегі ресми «www.kaztrk.kz» порталын негізге ала отырып, сараптама жасайық. «www.kaztrk.kz» порталы-интернеттің қазақстандық сегменттегі бірыңғай беті. Портал республикалық телерадио корпорацияның құрамына кіретін бірқатар радио-телеарналардың сайттарын қамтиды. Олар: Ұлттық арнаның, «Балапан», «Kazsport» телеарнасының, Қазақ радиосының, «Шалқар» ұлттық арнасының, «Астана» және «Classic» радиосының, сондай-ақ аймақтық телеарналардың 12 сайты. Бұдан басқа жекелеген жобалардың да арнайы сайттары бар. Бүгінде порталдың Аndroid, IOS-қа арналған мобильдік қосымшалары жұмыс істейді. Порталдағы ұлттық арна сайты ең алдымен елімізде болған басты жаңалықтар мен күнделікті эфирдегі жобаларындағы маңызды деген ақпараттарды берумен аудитория назарын аударып отыр. «Басты жаңалықтар» айдарында алдағы болатын хабарларына анонс жасап, көрермендер назарын аударуға тырысады. Сайт мәліметтерді тоғыз тармаққа бөліп қарастырады: Басты бет, Жаңалық, Спорт, Телеарналар, Аймақтар, Радио, Видео, Жоба, Интернет-редакция. Ғалым Д.Тереховтің зерттеулеріне сүйенсек, сайтты мазмұндық жағынан толықтыру үшін төмендегі бағыттарға баса назар аудару қажет: Телеконтент кімге арналады, оны не үшін жасап отырғандығын дұрыс бағыттау; Желідегі жалпы үрдістерге сәйкес келу. Яғни, безендірілуі, оның қолданудың қарапайымдылығы мен тиімділігі, сонымен қатар мақсатты аудиториясын анықтау; Қоғамда сәнге айналған ағымдармен қатар жүру. Бұл дегеніміз әлеуметтік желілер арқылы да аудиториясының назарына іліну [2]. «Қазақстан» арнасы сайтты контент жағын толықтыруға база назар аударып отыр. Сайттың басты беті алда болатын маңызды жаңалықтар жарнамасымен толықытырылады. Сонымен қатар, елімізде болған ең негізгі деген ақпараттарға аңдатпа беріледі (Мысалы: Орал қаласында Құрманғазы мен Динаға ескерткіш орнатылды, Семейде пойыз жолаушыларына тегін кітаптар таратылды, т.б.). «Басты жаңалықтар» айдарымен арнада көрсетілген жобалар барысында қандай маңызды оқиғалар, қызықты жайттар болғандығы туралы қысқаша ақпараттар берілсе, «Соңғы жаңалықтар» айдарынан хабар барысында көрсетілген қызықты бейнелер, пайдалы кеңестер, адам аса мән бере бермейтін қызықты мәліметтерді көруге болады. Телесайт безендірілуімен және оны пайдалану кезінде қарапайымдылығымен аудиториясына әсер етуі керек. Бұл жағдайға да сайтқа ерекше көңіл бөлген. Көрерменді қай жоба, қай арна қызықтырса, желіде оны табу оңай жолға қойылған. «Әлеуметтік желілер» агенттігі ақпараттарына назар салсақ, тұтынушы үшін интернет-сайт- телекомпания контентіне қол жеткізудің тағы бір құралы болып табылады. Қазіргі жағдайда телеарналар хабар таратушы мұнара қызметін атқармайды, оны мазмұндық жағынан толықтыру үшін үлкен бір ұжымдық топ жұмыс жасайды. Сол себепті, тұтынушы олар дайындаған өнімді спутник арқылы ма, қарапайым антенна немесе YouTube арқылы көре ме, ол жағы маңызды емес» [3]. Ал осы саланы зерттеуші А.Гармантин «Ғаламтор әрбір пайдаланушысына қажетті сұранысын беруге мүмкіндік беріп отыр. Тұтынушы қандай бағдарламаны, қай кезде көргісі келетіндігін өзі таңдайды. Сондай-ақ, ол экраннан алыстамай-ақ қосымша мәліметтер ала отырып, эфирде болып жатқан бағдарламаға араласып, пікір білдіруіне және өзі секілді көрермендермен байланыс жасауына жағдай жасап отыр»[4]. Осы мақсатта қазір телеарналар әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануда. "Facebook», «instagram», «vkontakte», «twitter» секілді желілердегі аудиторияның ақпарат құралдарында көтерілген мәселелерге байланысты жазған пікірлері де маңызды. Әлеуметтік желіде ақпарат алмасудың тағы бір тиімді тәсілі – жеке хабарламалар алмасу мүмкіндігі. Журналистердің өзі де “Facebook”, “Вконтакте”, “Твиттер” әлеуметтік желілерінде жеке парақшаларын ашып, жарияланған материалды аудиторияның талқылауына салып отырады. Әлеуметтік желілерде арнайы топ құруға, қоғамдық және жеке топтарға хабарлама жасауға болады. Бұл жерде әлеуметтік желілер журналиске қоғамдық пікірді қалыптастыратын жеке адамдармен виртуалды байланыс орнату мүмкіндігін береді. Жаңа медианың бұл түрі бұқаралық ақпарат құралдарынан әлеуметтік желі пайдаланушыларына өзгеше және таңқаларлық хабарларды ұсынатындығымен ерекшеленеді. Өйткені мұнда БАҚ-тың басты жаңалықтары мен тақырыптарының қаншалықты маңыздылығы да аудитория тарапынан кеңінен талқыланады [5]. Әлеуметтік желілердегі байланысты да «Қазақстан» арнасы жолға қойған. Эфирден болатын хабарларына анонс беру, жобадағы қызықты сәттер мен хабарда көтерілетін тақырып, келетін кейіпкерлерді алдын-ала осы желілерде жарнамалау арқылы көрермен назарына ілініп отыр. Кері байланыс-телевизия үшін маңызды фактор. Аудитория пікірі - жобаның мазмұнына өзгерістер енгізуге және солар берген аргументтер негізінде жобаға нысан табу, кейіпкер шақыруға мүмкіндік береді. Ұлттық арна әлеуметтік желілер ішінде "Facebook» -ке ерекше мән беріп отыр. Осы желіге жазылған оқырман қатары 143 мыңнан артылады. Бұл желіде арна көбінесе бағдарламалар мен сериалдар мазмұнына қысқаша аңдатпа береді. Сонымен қатар, оқырмандары үшін қызықты деген бейнематериалдарына қысқаша тоқталып, сілтеме жасайды. Мысалы: Тұрсынғали Еділов: Қанат Ислам жекпе-жекке дайын (ВИДЕО), Еркин Шакирулы (Yerkin Shakiruly) Kanat Islam Berik Sultan https://kaztrk.kz/kz/a/13087, Әнші Салтанат Бақаева «Түнгі студияда» қонақта, https://kaztrk.kz/kz/a/13141. Арнаның «twitter» желісіндегі оқырмандарының саны 25 мың. Алайда бұл жердегі контенттің басым бөлігі facebook-тағыларының көшірмесі болып келеді. Телеарнаның аймақтық таралымын ескерсек, желідегі оқырмандар саны бұл ақпарат құралы үшін аздық ететіні сөзсіз. Ал телеэфир материалдарын ғаламторға ыңғайлап салудың өзі – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, медиаөнім сайт талабына бейімделіп ығайланып берілуі тиіс. Тележоба туралы нақты мәліметер беріле отырып, оның бейнелік нұсқасымен бірге сол жобаның толық мәтіні де қамтылады. Сайт телеэфирдің қосымшасы ретінде де қызмет атқаруы мүмкін. Мұнда ол тележобаларды нақты аудиториясына жеткізу мақсатында жұмыс жасайды. Кей ретте сайт- негізгі телеэфир өнімдерін пайдалана отырып, мультимедиалық материалдарды жариялаушы жеке ақпарат құралы ретінде де жұмыс жасай алады. Телесайтта медиаөнімді жариялаудың тағы бір ерекшелігі- хабардың мерзімділігі (бағдарламаның аптаның бір күнінде, белгілі бір уақытта эфирден берілуі). Тележобалар-арнаның тұрақты шығарылымдары. Сол себепті жобаның қай кезде, қай уақытта шығатынын әр желі арқылы жарнамалай отырып, онлайн көрермендер қатарын арттыруға да болады. Ғаламтор үшін материалдарды тақырыптар мен кейіпкерлерді топтастырып берген ыңғайлы. Мұндай «жиынтық» эфирден өткен түрлі бағдарламалар, репортаждар мен сұхбаттардан тұрады. Нәтижесінде сайтта арнайы ақпараттық жиынтық пайда болады. Материалдарды тақырыпқа немесе хабар желісіне қарай топтастыра беру-дәстүрлі телевизияға жат болғанымен, ғаламтор аудиториясы үшін тиімді әдіс. Сондай-ақ, «қазір эфирде» немесе «онлайн» (телевизия эфирі) және «мұрағат» (архив) эфирден өтіп кеткен хабарлар топтамасын көрсету тұтынушы үшін аса қолайлы. Бұдан сайтқа ақпараттарды топтастырп берудің ерекше әдісі бар екендігін байқаймыз. Телеарна сайты арқылы онлайн жағдайда хабарда көргеннен кейін көрерменнің бірден редакцияға хат жазып, пікірін білдіруге мүмкіндік жасалған. Әлеуметтік желілерден басқа, тікелей қоңырау шалу арқылы, viber немесе whatsApp байланыс нөмірлеріне хабарлама жазуларына болады. Соның негізінде онлайндық жүйеде қанша көрермен хабарды көргендігін және желілерде тастаған хабарламаларының саны анықталады. Бұл өз кезегінде жобаның рейтингісі мен болашақтағы сапасын арттыруға септігін тигізетіні анық. Ал аудитория сұранысын қанағаттандыру-ақпарат құралының басты міндеті. Интернет-орта дәстүрлі телевизиядан контент берудегі стилімен ерекшеленеді. Ғаламтор нақты тұтынушысына бағытталған материалдарды ұсынуды талап етеді. Сол себепті, телесайт, телеэфир секілді ақпараттық, әлеуметтік, мәдени және музыкалық хабарлар беруге тырысады. Сайт- телекомпания үшін ақпарат таратушы тағы бір құрал ретінде жұмыс жасайды. Бірақ, ол мультимедиалық эфир болып есептеледі[6]. Қазақстан арнасы сайтының тағы бір ерекшелігі- онда фоторепортаждың болуы. Басқа арналардың интернеттік нұқасынан ерекшелеп тұрғаны да осы фотоақпараттардың берілуі. Мәдина Сәдуақасованың «Жұлдызым» атты концертінен, «Ұлттық арнаның таңмен таласа оянатын ұжымы» репортажы, «Түнгі студия» бағдарламасына кинорежиссер Ақан Сатаевтың келуі туралы фоторепортаждар сайт мазмұнын толықтыра түседі. Сонымен қатар, бұл суреттерді тұтынушы әлеуметтік желілер арқылы өз оқырмандарымен де бөлісе алады. Бұл ең алдымен телеарнаның, ондағы жобалардың жарнамасының жан-жаққа таралуына ықпал етеді. Көрермен үшін эфирдеі жұмыс процесін көру, қадағалау қызықты. Алайда телеарнаға барып мұндай жағдайды бақылау, шығармашылық процеске араласу тұтынушыға бұйырма бермейді. Аудиторияның осы сұранысын арттыру мақсатында ұлттық арна ұжымы «Арнаның бетке ұстар» айдарымен эфирде болған қызықты жайттар, эфирге дайындық кезеңдері, тікелей эфирге бірер минут қалғандағы сәттерден қысқа бейнеақпараттар да салады. Бұл да сайтқа тән контенттік ерекшелік. Телеэфирдің ғаламторлық нұсқасында ескерілетін тағы бір жағдай-ол тележобалар хронометражы. Қазір еліміздегі телеарналардың басым бөлігі бағдарламаларды толық нұсқасымен салады. Алайда, интернет аудитория үшін 15-30 минуттық хабарды көру қызықсыз. Сол себепті, телевизиялық нұсқаның ең маңызды деген жерлері алынып, қысқартылып салынады. Ал толық нұсқасы «Жобалар» немесе «Мұрағат» бөлімдерінен табылатындығы көрсетіледі. Көрермен осы қысқа нұсқасынан ақпараттар ала отырып, оны толығырақ көргісі келсе, аталмыш бөлімдерде тұрған жобаны тоық хронометражымен көре алады. Көрермен тарту мақсатында әр телеарна өзіне ғана тән ерекшелікпен көрінгілері келеді. Мәселен, www.kaztrk.kz сайтында «Қазақстан» қызметкерлерінің жеке блогтары тұратын «Менің блогым» («My blog») бағаны ашылды. Осы баған туралы аталмыш арна сайтында: «Мақсат - корпорациядағы теле және радиожүргізушілердің басын бір жерге біріктіру, қызметін насихаттау, екі мыңнан астам еңбек ететін корпорация қызметкерлерінің бір-бірімен байланысын арттыру, порталды бұған дейін тәжірибеде болмаған корпорациялық байланыс орнаған платформаға айналдыру» деп жазады[7]. Онда әр блог иесі өзін қызықтырған тақырыпта жазба салып, әлеуметтік желілер арқылы оқырмандарымен бөлісіп отырады. Эфир арқылы көрермен көзайымына айналған бейнелермен көзбе көз қауыша алмайтын көрермен үшін мұндай бағанның орны ерекше. Себебі, сол жан туралы ақпарат, оның жазбаларымен жақын таныса отырып, жеке дара байланыс жасауына да мүмкіндік жасалған. Қазір телеарналар аудитория үшін ғаламторлық желісіз өз арналарының сайттарына кіруге ақысыз қосымшаларын ұсынуда. iTunes — жиынтыққа қосудың және жүйелеудің әлем бойынша қарапайым түрі болып саналады. Осы бағдарлама арқылы арналардың қосышаларын тегін көруге болады. Мұндай қосымшаларын «Қазақстан», «Астана», «24kz», «Хабар» арналары тиімді пайдаланып отыр. Бұл көрерменнің қай жерде , қай уақытта болмасын ғаламторсыз арна сайтына кіріп, телеөнімдерді көруіне жол ашады. Қай телеарна болмасын интернет арқылы хабар таратудың қажеттігін түсініп отыр. Сол себепті, телесайттарын жан-жақты дамытуға тырысуда. Бұл телевизияның жаңа бір деңгейде дамуына ықпал етіп отыр.
Қазіргі таңдағы аудиобейнелі контентті жеткізудегі пішіндік өзгерістер, оның ғаламтордағы қолжетімділігі, сондай-ақ оның тұтынушысымен байланыстағы жаңа пішіндері сайттағы материалдарының мазмұндық, эстеткалық, архитектоникалық, тілі мен стильдік ерекшелігіне қатты әсер етуде. БАҚ нарығы көрсетіп отырғандай, телеөнімді таратушы мен оны тұтынушы арасындағы байланыс үлкен өзгеріске ұшырады. Бағдарламалардың жаңа парадигмасы пайда болып, онда хабар таратушы үстемдігі екінші орынға түсіп, керісінше аудитория дербестігі және олардың арна қызметін еркін түрде пайдалану деңгейі өсті. Әдебиеттер:
Телевидение: ХХI век / Латенкова В // Вестник «электронных и печатных СМИ» Академия медиаиндустрии. -№ 21. 2015г. -125-130 б.
Уланова М.А. Интернет-журналистика. Практическое руководство. –Москва:Аспект Пресс, 2014. 44-48б.
Под ред. Шевелева. Ключи к эфиру: К 2. Основы мастерства: Опыт, практические советы. –Москва: Аспект Пресс, 2014. 180-185 б.
Жаңа медианың дамуы /Ниязгулова А., Акпанбетова А // ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы.-№1 (39).-171-174 б.
Актуальные аспекты интернетизации современного телевидения /Латенкова В // http://www.dissercat.com/content/aktualnye-aspekty-internetizatsii-sovremennogo-televideniya.
Амзин А. Новостная интернет-журналистика. –Москва:Аспект Пресс, 201. 93-96б.
www.kaztrk.kz
References:
Тelevision: XXI century / // Latenkova The Journal of "electronic media et Print" Academy in media industria. 21. -№ MMXV. B. -125-130
Ulanova MA Internet journalism. A Usum Guide. -Moscow: Aspekt Press, 2014 44-48b.
Ed. Sheveleva. Per airwaves ad Keys: 2. To Tractatus de arte, usus, usus consilio. -Moscow: Aspekt Press, 2014. 180-185 b.
Zhana medianyң domina / a // Niyazgulova A. Akpanbetova ҚazҰU habarshysy. Media seriyasy. №1, (XXXIX) .- 171-174 b.
ipsa ratio connectedness hodiernae television / // In Latenkova http://www.dissercat.com/content/aktualnye-aspekty-internetizatsii-sovremennogo-televideniya.
A. Amzin Internet News Media. -Moscow: Aspect Press, 201. 93-96b.
www.kaztrk.kz
ӘОЖ: 329.14:070
Сайлауқызы Алма
Алаш көсемсөзі: Жер мәселесі және оны демократиялық жолмен шешу жолдары
Бұл ғылыми мақалада Алаш көсемсөзінің өз заманындағы ел өмірінде орын алған келелі проблемаларды шешу жолдары, оның ішінде жер мәселесін күн тәртібіне қою тәсілдері мен қордаланған түйіткілдерге ұсынған оңтайлы ұсыныстары туралы сөз болады. Бір ғасырдай уақыт бұрын қазақ қоғамын толғантқан мәселенің бүгінгі күнмен байланысы, мен өзектілігі де сараланып, салыстыра отырып, жан-жақты қырлары ашып көрсетілген.
Кілтті сөздер: журналистика, ұлттық публицистика, Алаш көсемсөзі, демократиялық принцип, жер мәселесі, Алаш идеясы, ұлттық лидерлер
Сайлауқызы Алма
Публицистика Алаш: земельный вопрос и его демократические пути решения
В данной научной статье говорится о роли публицистики Алаш при демократическом решении острых проблем в жизни казахов того времени, а именно о способах включения в повестку дня земельных вопросов и предлагаемых подходящих решений проблем. Также рассматривается связь и актуальность вопросов, беспокоивший казахское общество сто лет назад и в наши дни, путем анализа, сравнения и всестороннего раскрытия.
Ключевые слова: Журналистика, национальная публицистика, публицистика Алаш, демократический принцип, земельный вопрос, идея Алаш, национальные лидеры.
Sailaukyzy Alma
The Alash publicism: The issue of land and it democratic solutions
Summary: In this scientific article it is told about a role of Alash journalism at the solution of burning issues in life of the population of that time, namely about ways of including into the agenda the land questions and the proposed suitable democratic solutions of sensitive issues. Furthermore communication and relevance of questions disturbing the Kazakh society hundred years ago and today by the analysis, comparison and comprehensive disclosure is considered.
Keywords:
Journalism; National consciousness; Political publications; Kazakh journalism; Alash Publicism; National movements; The democratic principle, Land issue; National leaders.
Сайлауқызы Алма
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультеті
Журналистика мамандығының 2-курс докторанты
e-mail: nur-Alma@mail.ru
Алаш көсемсөзі: Жер мәселесі және оны демократиялық жолмен шешу жолдары
Алаш көсемсөзі өз дәуірінің күміс қоңырауы болып, туған халқының, елі мен ерінің мұң-мұқтажын, запыран-зарын, қайғы-қасіретін, көрген езгісін, ауыр хәлін дәл сипаттап қана қоймай, салиқалы, әділетті, өз заманынан озық, демократиялық принциптерге тән шешу жолдарын ұсынуымен де құнды. Тарих беттерін парақтай отырып, сол кездегі көсемдеріміз бен шешендеріміздің, ұлт зиялыларының ұстанған өмірлік принциптері мен азаматтық көзқарастары, сілтеген жолдары мен нұсқаған бағыттары бүгінгі таңда да өзекті екеніне көз жеткіземіз.
Әрине, өткенді ұғыну үшін бұл тақырыптарды тарих беттерінен оқып шыққан ләзім: сол заманның тынысы қандай болды, мұң-мұқтажы не еді деген сұраққа осы кезде ғана жүйелі жауап таба аламыз. Дегенмен, біздің алаштанушы ғалымдарымыз қазіргі кезде Алаш көсемсөз шеберлері қалам тербеген барлық баспасөзді елеп-екшеп, бүгінгі күнде де өзектілігін жоймай, жаңғыра отырып, жол нұсқарлық қабілеті бар өзекті тақырыптар ретінде үш мәселені алға тартады. 2014 жылы алаштанушы ғалым Қайрат Сақтың ғылыми жетекшілігімен, «Алаш көсемсөзі» деген айдармен жарық көрген көптомдықтың алғашқы үшеуі жер, тіл, дін мәселесіне арналуы тегіннен тегін емес. Тәуелсіздікті тұғырлы ету міндеті алдымызда тұрған сындарлы шақта осы үш мәселе қазақтың жанын, елдік сипатын құрайтын ажырамас бөлшектері дер едік. Сондықтан, оның табиғатын түсініп қана қоймай, өткеннен сабақ алып, болашаққа бағдарлану үшін көсемсөз шеберлері мен ұлт қайраткерлерінің дәл осы тақырыптағы еңбектері мен ұстанымдары, тұжырымдары бізге аса маңызды.
Қай заманда да жер дауын бірінші орынға қойған қазақ халқы үшін ата-бабадан қалған бай мұра – ұланғайыр даланы көздің қарашығындай сақтап қалу ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең өзекті мәселеге айналған болатын. Бұл жөнінде «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 13 сәуіріндегі санында жарияланған «Жер мәселесі» атты бас мақалада: «Бұл күнде қазақ қажетінің арасында ең біріншісі – жер мәселесі» деп жазылуы бекер емес еді. Қайрат Өмірбайұлының пікірінше, «Басқармадан» деп қол қойылған мақала авторы – Ахмет Байтұрсынұлы. /1/
ХХ ғасыр басында қазақ даласында жер мәселесінің осыншалықты ушығуының себебін іздегенде, оған толыққанды жауапты тарихи оқиғалардан табарымыз анық. 1868 жылы «Уақытша ереже» атты қазақ халқының жер тағдырына аса зор кесапат әкелген заңдық күші бар құжат қабылданды. Оның салдары араға санаулы жылдар салған соң, тіпті өршелене түсіп, тұрғылықты жерінен, баспанасынан тірідей айрылған жергілікті халықтың әл-ауқатының кеміп, ашу-ызасының артуына әкеліп соқтырды. Бұл қарсылықтар мен мәселенің оң шешімін табуын талап еткен жазбаша сипаттағы арыз-өтініштер бірнеше сипатта көрініс тапты дей аламыз. Олар:
Жекелеген азаматтардың арыз-талаптары
Ұжымдық құзырхаттар
Қоғам қайраткерлерінің хаттары мен арнайы еңбектері
Мерзімді баспасөздегі публицистикалық мақалалар
Саяси қозғалыстардың құжаттары
1901 жылдың 4 сәуірінде Ақмола облысы Көкшетау уезі Жыланды болысының тұрғындары Мұстафа Илинов пен Байдүйсен Оразаевтың атынан Ресей Жер ісі және мемлекеттік меншік министріне жолданған хатта жерді әділ бөлу туралы айтылған. Хатта өтініш иелерінің сөзін қағазға түсірген Алексей Портняжев екені жазылған. /2/ Алаш публицистикасы кезеңі бұған дейін айтылып келгендей, 1905 жылдың 26 маусымындағы атақты «Қоянды жәрмеңкесіндегі арыз-талаптан емес, осы жеке тұлғалардың хаттарынан бастау алады деуге негіз бар». /3/ Қос беттік шағын хатта қазақ даласындағы жер мәселесінің түйіткілді жайлары баяндалып, оны өзгертуге байланысты нақты ұсыныстар айтылады: «Есте жоқ ерте заманнан пайдаланып келе жатқан жерлерімізді тартып алу кейінгі кездері жыл сайынғы әдетке айналды. Бізге беймәлім өлкелерден көшіп келіп жатқан қоныс аударушы шаруаларға жер кесіп беру салдарынан біздің қоныстарымыз тарылып барады, оның есесіне жерге деген қажеттілігіміз еселеп өсуде», делінген онда. Жер мәселесіндегі түрлі әділетсіздіктерді ашық айыптаған хат иелері Ресей министрінен өтініштерін аяқсыз қалдырмай, қамқорлық танытуды сұрайды.
Осы сынды жеке-дара азаматтар өз қал-қадірінше жерге қатысты үлкен әділетсіздікке азаматтық пікірін үздіксіз білдіріп тұрған. Мәселен, Досмұхамед Қылышбай қажы баласы «Аш, жұтаған, ауған қазақ» атты мақаласында жерінен айрылып, пана таппай әбіржіген қайран қазақтың ауыр жайын: «...Мұнан былай нешік күн көруімізге көзіміз жетпейді... Осы мұңдарымызды және көрген қорлықтарымызды қай орынға айтарымызды білмейміз», деп баяндаса, Әбдікәрім Ережепұлы «Жерін алдырған қазақтардың жауабы» атты мақалада: «...Ағашты жерімізді қазына пайдасына «лесная дача» деп кесті, жазық дала жерді «переселенческий участок» деп кесті. Ағашты жеріміздің кеткеніне риза болалық, оның айырбасына дала жерді өзімізге қалдырсын», деп жерінен айрылған қазақтың жанайқайын білдіреді. Ал «Сарыарқа» газетіне сауал жолдаған Нұрмахан Алшымбайұлы «Жеріміз жоқ, қайтеміз?» деген хатында: «Енді көшіп шығайық десек, баратын жеріміз жоқ. Егіннің уақыты болып жатыр, тірі кісі тіршілік шаруасын істеп жатыр. Біз қайтеміз? Газет арқылы жауабын берсеңіздер екен...» деп соңғы үмітін жалғайды. /4/
Аталған арыз-талаптардың қай-қайсысы да жер мәселесін бірінші орынға қойғаны анық. Өйткені, қазақ халқының экономикалық жағдайы жермен тығыз байланыста болған: «Мал күйлі болса, қазақ та күйлі, өріс шұрайлы болса, қазақтың жүзі де шырайлы. Мұнда дала – малды, мал-қазақты асырайды». /5/ Осыны негізге ала отырып, 1905 жылдың 26 маусымында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақбайұлы бас болып, Қоянды жәрмеңкесіне жиылғандармен бірге Петербордағы патшаға қазақ халқының атынан құзырхат (петиция) жібергенін білеміз. Арызда патша үкіметіне елді толғандырған жалпы 11 түрлі талап қойылған болса, оның екеуі (4-талап. Переселендердің көшіп келуін тоқтату, жерді қазақтыкі деп жариялау. 5-талап. Қазақтарды атамекен қоныстарынан көшіруді тоқтату) жер мәселесі турасында болуының өзі көп жайтты аңғартса керек. Мәселен, онда: «Қазіргі «Далалық Ереже» қазақ өмірінің бүгінгі қалпына сәйкес келмейді... Сондықтан да қазақтардан құрылған депутаттардың қатысуымен «Далалық Ереже» өзгертілуі қажет» деп, нақты талаптар қояды.
Демократия – гректің «δημοκρατία» біріккен сөзінен шыққан ұғым, «халық билігі» деген мағына беретіні белгілі. Оның негізінде қоғамдағы жағдайды реттеуге байланысты шешімді ұжымдық негізде қабылдауды құп көретін саяси режим жатыр. Ол тәсілді барлық қоғамдық құрылымдар пайдалана алады десек, ең ықпалды күш, белсенді билік мемлекетте болғандықтан, демократиялық режимді мемлекет өзіне міндеттеуі керек деп саналады. /6/ Демократиямен бірқатар құндылықтар тығыз байланысты, олар: заңдылық, саяси және әлеуметтік теңдік, еркіндік, адам құқы және т.б. Халық билігі қоғамдағы азаматтардың барлығының және оның ішінде әрбірінің құқының сақталуын талап етеді. Ал жоғарыда келтірілген екі мысал арқылы азаматтардың жеке адам тарапынан да, ұжымдық тұрғыдан да жер иесі, ел иесі ретіндегі құқының қорғалуын талап етуі нағыз демократиялық принциптерге дөп келетінін айқын ұғынамыз.
Алаш азаматтарының жер мәселесі туралы публицистикалық еңбектерін талдағанда, көрнекті қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаевтың 1905 жылдың 20 маусымында Ресей Министрлер комитетінің төрағасына жазған хаты жеке атап өтуге лайықты. Санкт-Петербургтегі Теміржол транспорты институтында оқып жүрген жас қайраткер көтерген қазақтың көкейтесті мәселелерінің ішіндегі ең маңыздысы – жер дауы еді. Бұл жөніндегі заңсыздықтың етек жайғанын ол былай дәлелдеуге тырысады: «Уақытша ереженің 125 және 129 тармақтары бойынша қазақтардан бос жатқан жерлерді ғана алуға болады. Құрылыс салынып жатқан, бау-бақша егілген, басқа да игерілген жерлер жеке меншікке теңестірілген. Ал шын мәнінде бізден ең тәуір жерлер: қыстаулар, жайлаулар, шабындықтар, құрылыс және бау-бақша орындары тартылып алынуда. Қазір ондай жерлер басқаларға бөлініп берілуде, соның салдарынан жерден таршылық көрген қазақтар оған көнгісі келмей, қарсылық танытуда, нәтижесінде бітпейтін дау-дамай, ұрыс-керіс тіпті өлім-шығын орын алуда... Біз қазақтар, есте жоқ ерте замандардан өз жерімізді иеленіп келеміз. Орыс қол астына өз еркімізбен, еш қантөгусіз өткенде, ең құнды жерімізден айрылу үшін, әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты көру үшін емес, арамызда тыныштық және бейбіт заман орнасын, қысымшылықтан қорғасын деп қамдандық...» /7/ Жиырма бес жасар публицистің эпистолярлық жанрдағы тырнақалды туындысы осындай тарихи шындықты жайып салуға батылы жеткен ерліктен тұрған.
Алаш көсемсөз шеберлерінің барлығы дерлік бұл тақырыпқа қалам тербеді десек те, солардың ішінде бұл мәселемен түбейлі айналысып, жан-жақты зерделегендері де болды. Солардың бірі – Телжан Шонанұлы. Оның ғылыми-танымдық еңбектерінің ішіндегі шоқтығы биік шығармасы – қазақ жерінің тарихын, шаруашылығын зерттеген «Қазақ жері мәселесінің тарихы» еңбегі. Ол бұны 1923 жылы Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының тарих-археология және этнография секциясында қызмет еткен жылдарында жазған. Телжан Шонанұлының зерттеуінде Ресейдің қазақ жерін отарлауы, оның кезеңдері айқындалып көрсетілген. Ол кезеңдер:
Бірінші кезең: орысқа бағынғаннан кейінгі ХІХ ғасырдың 80 жылдарының басына дейін (казактардың пайдасына жер алу);
Екінші кезең: ХІХ ғасырдың 80 жылдарының аяғынан 90 жылдардың басына қарай (Николай құлағанға дейін) бекіністер салуға, орыс шаруаларын қоныстандыруға, орман саяжайларын орналастыруға, орыс байларының малын жаю үшін жайылымдық жерлер алу.
Автор бұл кезеңдерді: «Ресейдің қол астына кіргеннен бері қазақ жерінің тарихы – колония тарихы... Қазақты жерден қуып, переселенге айналдыруы – отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Атамекеннен айдап, қолайсыз жерге ысырып тастауы – отаршылдардың екінші жемісі. Орыс пен қазақ шаруасының тұз дәмін жарастырмай қоюы – үшінші жемісі. Көшпелілерді жерсіз қаңғыртып қоюы – төртінші жемісі. Іске асарлық жердің бәрінен қазақты жұрдай етуі – бесінші жемісі» дейді. /8/
Мерзімді баспасөз беттері – жер мәселесін ең жиі, ең тиімді көтеріп, бұқаралық сипаты мол болған ақпарат айдыны болды. «Түркістан», «Дала уәлаяты», «Қазақстан», «Айқап», «Қазақ», «Сарыарқа», «Ақ жол» газеттері мен «Шолпан», «Сана», «Таң», «Жас Түркістан» журналдарында жер тақырыбындағы әр түрлі көлемдегі мақалалар мен материалдар, құжаттар жарияланып отырды. Мәселен, «Айқап» журналында жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ өкпесі», «Тағы да жер жайында» атты мақалалары, Сақыпжамал Тілеубайқызының «Біздің бұрынғы және қазіргі халымыз» атты мақаласы қазақтың жерінің жайы мен оның болашағы тақырыбына арнайды.
1925 жылы «Ақ жол» газетінде жазған «Отырықшылықтың пайда- зияны» атты мақаласында Жүсіпбек Аймауытов жер мәселесіне қатысты былай деген: «Отырықшы болса-ақ қазақ тұрмысы түзеліп кетеді, тез мәдениетті болады» деген пікір даусыз ақиқат емес, өзгермелі, екі ұшты, даулы мәселе деп қараймыз. Тұрмыс итеріп, шаруа етіліп, амалсыздан отырықшы болу бар... Азды көпті күн көргіш малы бар, ептеп егін салатын, жаз болса жылжып қонатын, жер жағдайы отырықшы болуды көтермейтін елдер бар... Әзірше жерден таршылық көрмей отырған елдердің отырықшы болуында зиян бар демекпіз» /9/ Сол секілді Жиһанша Әлмұхамедұлы Сейдалин журналдың 11-нөмірінде «Азып-тозып кетпеске не амал бар?» деген мақаласын жариялап, онда: «Қазақ халқы азып-тозып барады. Жердің жақсысын мұжық алды; жаманы да қазақ пайдасына қалмайды. Үкімет мұжықтан қалған жерді арендаға сатайын деп жатыр...» деп қауіптің күшейіп келе жатқанын тілге тиек етіп қана қоймай, оның шешу жолдары ретінде өз көзқарасын былайша білдіреді: «Күшті ауруға күшті дәрі: дәрінің аты «сиез» (съезд). Бас қосып, бір жерде жайымызды сөйлесіп, заманға лайық құрал табу... Әрине, сиезді хакімнің рұқсатымен жинауға керек». Яғни, кез келген келелі мәселенің шешімін жиылыс құрып, халық биілігі арқылы ақылдасу жолымен шешуді ұсынуы бір бөлек, ол жиылыс үшін де әкімнен рұқсат алуға ниеттеніп, халық қанша қиналып, ашынып тұрса да, барлық түйіткілді қоғам тәртібімен, зайырлы жолмен шешуге үндейді. Ал әлемдік демократиялық принциптердің жүзеге асу формаларына зер салсақ, олардың қатарына мынадай жиылыс түрлерін жатқызатынын көре аламыз:
• Сайлау өткізу, есеп беру.
• Жобаларды бүкілхалықтық талқылау
• Референдум өткізу.
• Митинг, жиналыс.
• Съезд, конференция, пленум.
• Шеру, бой көрсетулер.
• Сессия
Бұл тақырыптардың қай-қайсысын алсақ та, көсемсөз шеберлері өз дәуіріндегі шынайы болмыс пен өзекті мәселелерді алға тартып қана қоймай, оның шешу жолдарын көпшілікпен ақылдасып шешуді жөн көрген. Жәй ғана сипаттап қоюмен шектелместен, қоғамның дамуы үшін, адам құқы тапталмас үшін нендей алғышарттар керек, қандай мәселе нендей жолмен шешімін табу керек деген сұрақтарға жауап іздегенде, жүз жыл бұрын өмір сүрген зиялы қауым өкілдері өз әлеуметін өркениетті, демократиялық ұстанымдарды қадірлейтін, сол салтанат құрған болашаққа жетелегісі келетінін аңғару қиын емес. Себебі халық билігінің өзгермейтін пастулаттары бойынша демократиялық қоғамның сипаттары: 1.Билік басындағыларды тағайындау оны сайлайтын адамдар арқылы әділ, әрі бәсекелестік сипаты бар сайлау кезінде жүзеге асады. 2.Халық – биліктің жалғыз заңды (легитимді) қайнар көзі. 3. Қоғамдағы өзін өзі басқару механизмдері ортақ құндылықтар мен ізгі мақсаттар мақсатында ғана жүзеге асады. /10/
Алаш көсемсөзі десек, ойымызға ең алдымен тұңғыш жалпыұлттық тәуелсіз газет сипатына ие болған «Қазақ» газеті оралары анық. Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жанұзақ Жәнібеков редакторлық еткен ол газет маңызды функцияларды мойнына алып, бірнеше өзекті, ұлтқа қажет мақсаттарға қатар жетуге тырысты. Шынында да, «Қазақ» өткір ойлы, айқын мақсатты, тәуекелшіл тағдырлы Алаш қайраткерлерінің, көсемсөз шеберлерінің ақпарат айдыны бола білді. Бес жыл бойы өзінің 265 нөмірінде «Қазақтың» көтерген негізгі тақырыптары: Ресей отаршылдығы дәуіріндегі Қазақстан; қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысы; Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы; оқу-ағарту, тәрбие мәселесі; елдің тарихы болса, оның ішінде «Жер тағдыры – ел тағдыры» деп түсінген қазақ ұлты үшін, мақалалардың ең сүбелі бөлігі жер мәселесі хақындағы публицистиакалық туындылардан тұрды. /11/ Алаш зиялылары жазып кеткендей, атамекен жерін оған ел болып, ұлт болып, халық болып иелік еткен жұрт қана сақтай алады. Ахмет Байтұрсынұлы «Жер жалдау жайынан» атты мақалада былай деген: «Жұрт істеп отырған ісін қисық я түзу деп айту ғана қолымыздан келеді, істеткізбей, тоқтату қолымыздан келе ме? Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы – қазақта, екінші ұшы – орыста. Әдіс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айрылып қалып жатыр. Жерді қолында қатты ұстау бос ұстау өздерінен. Оған біз не істейміз?» /12/
Осы «Қазақта» Әлихан Бөкейхан: "Башқұрд біз секілді жалқау, бар сататын жерінен айырылып отыр. Мұны тағы мұжық алған... Жер пайдасын жергілікті жұрт көріп отырған жоқ, мәдени дәрежесі артық қулар көріп отыр... Бостандық, теңдік, туысқандық болғаны рас болса, біз енді бұл зорлыққа көнбейміз; біздің жерге енді мұжық уақытша, өзіміз жер еншімізді алып орныққанша келмесін... Енді жер жұрт қазынасы болғаны өз пайдасы. Біз осы себептермен біздің республикада жер сатылатын болмасын дедік... Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздық-дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!.." деп жалпыұлттық үндеу тастайды. /13/ Ал «Астрахан қазағының жері» мақаласында «Ертіс қазақтары пайдаланып отырған «Он шақырым» дейтін жер Сібір казагына кетті... Астрахан – қазақ жері... » деп түйіткілді мәселені қозғаса, «Қазақ һәм жер мәселесі» мақаласында «Жер мәселесі – харіп мәселесінен де көрі салмақтырақ, маңыздырақ мәселе... Осы күнгі егінмен күн көріп отырған қазақ егін нормасымен жер алсын. Малмен күн көріп отырған мал нормасымен жер алуы тиіс», деп нақты шешу жолдарын ұсынады. /14/ Бұдан бөлек «Қазақ» газетінде жарық көрген «Жер комитеті», «Жерді қалай бөлу», «Сусағанның түсіне су кіреді» атты мақаларынан жер тағдырын ел тағдырынан бөлек қарай алмайтын жанашыр ұл, білікті маман, саяси қайраткердің көзқарастарын танимыз. Ал көп ұзамай, өзі бастап, адал серіктері қостап дайындаған «Алаш» партиясының бағдарламасында да сол «Жер мәселесін» жан-жақты таратып көрсетіп, оны шешу жолында нақты әрекеттерге жол нұсқап, заңдық күші бар құжат қабылдау арқылы титулды ұлттың құқын қорғағысы келеді.
Пікір тайқазанында әбден піскен ой-сана қазан төңкерісі қарсаңында қазақ қоғамының жер туралы көзқарасын бір арнаға тоғыстырды. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласының әр облысында ұйымдастырылған құрылтайларда қаралған жер мәселесі туралы пікірлердің бір жерден шығуы соның дәлелі болатын. 1917 жылдың 2-8 сәуір аралығында Торғай облысы қазақтарының құрылтайында аграрлық мәселелер бойынша шешім шығарылып, онда былай делінді: «Мемлекет керегіне қазақтан жер алынатын болса, әуелі қазақтың өзіне жеткілікті жер беріліп, артығы ғана алынсын». Ал 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынборда өткен облыстық құрылтайда жер мәселесі туралы 14 пункттен тұратын қаулы қабылданады. Онда: «Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша, қазақ жері ешкімге берілмесін, бос учаскелерге жазылу тез тоқтатылсын» делінеді. /15/
Осы тарихи деректер мен көсемсөз туындыларын оқи отырып, тәуелсіз елімізде бір жыл бұрын көтерілген жер мәселесіне келгенде, қазақ қоғамының шыр-пыр болып, өз үнін қосуға тырысуы – сол қанда бар, тарихи жадының жаңғыруымен болған рефлексті құбылыс деп баға беруге болатын шығар. Қойдан да жуас саналатын қазақ ұлтының туған жеріне қатысты маңызды шешім қабылданар шақта, ерекше күшке ие болып, батыл пікірін айтуы мүмкін екенін ешкім болжай алмағаны рас. «Жерсіз ұлттық мүдде құндылықтары қалыптаспайды, қалыптасқан да емес. Қазақтың барлық мәселелері, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қасиеттері ел мен жер тағдыры төңірегінде өрбіген. Себебі ұлттың барлық өмірі, байлығы, тарихы, дәстүр тәжірибелері, ұрпақ болашағы және тәуелсіздігі жерді қорғаудан шығып, оны қорғауға бағытталады және мемлекетінің мүддесін қорғау ұрпаққа қашанда міндеттеледі. Қазақ сол себептен жерді анаға теңеген, ата бабаларының өмір сүрген, тарихи таңбасын қалдырған мекен деп түсінген және бұл ұғым ұлттың бір тұтас санасына айналған». /16/
Өткенге көз жүгірте отырып, қазақ және жер мәселенің осыдан жүз жыл бұрын да өзекті болғанына көз жеткіздік. Қорыта келгенде, олардың демократиялық принциптерге адал болғанының бірнеше сипатын көре аламыз:
Дәйектілік. Жазылған арыз-талап пен құзырхаттың қай қайсысын алып қарасаңыз да, оның әрбіріне жүйелі дәйектер қатары беріліп, ол нақты мысалдармен қазықталып отырған.
Қисындылық. Айтылар уәж қисынға салынып түзілген. Бір ойдан екінші ой дамып отырғанын көре аламыз.
Деректілік. Байбалам салып ұрандату емес, сабырмен баяндау: заңға қайшы сорақы дүниелер болып жатқанын нақты мысалдармен ашып көрсету тән. Әрбір уәж тарихи және сол заматтағы деректермен негізделіп отырған.
Ашықтық. Арыз-талап иелері ойын ашық жеткізіп қана қоймайды, басым көбі өзінің аты-жөнін, мекен-жайын толық көрсетумен қоса, кей жағдайларда хатқа түсіруге көмектескен өзге ұлт өкілдерінің аты-жөніне дейін ашық айтудан тайсалмаған.
Сауаттылық. Алаш қайраткерлері мен оларға сенген елі білім мен саналылық арқылы сауатты қарсылық көрсетіп, өз жері мен ұлтының мүддесін қорғай алатынына сеніп, үміттенді.
Алаш публицистерінің жер туралы жеріне жеткізіле жазған еңбектері қоғамдық пікір туғызу арқылы қоғамдық санаға ықпал етудің жарқын үлгісін көрсетті. Теледидары, радиосы мен ғаламторы жоқ ұлан-байтақ жердің халқы қалайша жер мәселесінде бұлай ауызбірлік танытты десек, бұл сол кездегі БАҚ-тың – газет-журналдың көмегі арқылы және кең-байтақ қазақ жерінің әр аймағына барып, жағдайын біліп, қажет кезде бірлікке шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуден талмаған ұлт арыстарының зор еңбегінің нәтижесі деп бағалауға толық негіз бар. Барша адамзатқа ортақ құндылықтарды алға тарта отырып, біздің ұлт көсемдері өз халқының елдігінің негізгі көрсеткіші болған жер мәселесінде оң шешім шығаруға осылайша күш салған еді.
Әдебиеттер
Алаш көсемсөзі: жер мәселесі. – Т.1.Ғылыми жоба жетекшісі: Қайрат Сақ – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. 3-б.
Алаш қозғалысы, Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 26 б.
Алаш көсемсөзі: жер мәселесі. – Т.1.Ғылыми жоба жетекшісі: Қайрат Сақ – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. 8-б.
Сонда, 182-б, 172 б, 264 б.
Алаш қозғалысы, Құжаттар мен материалдар жинағы. – Алматы: Алаш, 2004. – 488 б.
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%8F/
Алаш көсемсөзі: жер мәселесі. – Т.1.Ғылыми жоба жетекшісі: Қайрат Сақ – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. 9-б.
Түркістан мұхтариятынынан Алаш автономиясына дейін: қазақ мемлекеттілігінің негіздері және тарихи сабақтастық. Астана: 2014 – 71-б.
Жүсіпбек Аймауытов, Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том. Алматы: «Ғылым», 1999. – 207- б.
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%8F/
«Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Ү.Сұбханбердина, С.Дәуітов, Қ. Сахов – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 161-б.
Ахмет Байтұрсынов, Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991 – 228-229 б.б.
Әлихан Бөкейхан шығармаларының толық жинағы, Құрастырушы: С.А.Жүсіп, (Қыр баласы. "Қазақ" газеті, №251, 1917 ж., Орынбор). Астана: Сарыарқа, 2013 ж.
Алаш көсемсөзі: жер мәселесі. – Т.1.Ғылыми жоба жетекшісі: Қайрат Сақ – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 192-б.
Сонда, 21-б
Үмбетхан Қуандықұлы Сәрсембин, «Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты көзқарастары». http://abai.kz/post/view?id=8743
References:
Alash publicism: land question. – T.1. Research supervisor of the project: Kairat Sak – Almaty: Kazakh encyclopedia, 2014. p.3.
Alash group, Collection of materials and documents. – Almaty: Alash, 2004. – p.26.
Alash publicism: land question. – T.1. Research supervisor of the project: Kairat Sak – Almaty: Kazakh encyclopedia, 2014. p.8.
In the same place, p.182, p.172, p.264.
Alash group, Collection of materials and documents. – Almaty: Alash, 2004. – p.488.
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%8F/
Alash publicism: land question. – T.1. Research supervisor of the project: Kairat Sak – Almaty: Kazakh encyclopedia, 2014. p.9.
From the Turkestan mukhtariyat to the Alash autonomy: bases of the Kazakh statehood and historical interrelation. Astana: 2014 – p.71.
Zhusipbek Aymauytov, the Collection of compositions in five volumes. the 5th volume. Almaty: "Galym", 1999. – p.207.
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BC%D0%BE%D0%BA%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%8F/
"Qazaq" newspaper. Originators: U. Subkhanberdina, S. Dautov, K. Sakhov – Almaty: Main editorial office "Kazakh Encyclopedia", 1998. – p.161.
Ahmet Baytursynov, Ak Zhol: Verses and translations, published articles and literary researches. – Almaty: "Zhalyn", 1991 – p.228-229.
Full collection of compositions of Alikhan Bokeykhan, Originators: S.A.Zhusip, ("Kyr balasy" «Qazaq» newspaper, No. 251, 1917, Orynbor). Astana: Saryarka, 2013.
Alash publicism: land question. – T.1. Research supervisor of the project: Kairat Sak – Almaty: Kazakh encyclopedia, 2014. p.192.
In the same place, p21.
Umbetkhan Kuandykuli Sarsembin, "Opinion of the Alash intellectuals on the land question". http://abai.kz/post/view?id=8743
ӘОЖ 070
З.К.Буенбаева
Факультет журналистики, Казахский Национальный университет
имени аль-Фараби, г.Алматы, Республика Казахстан. zarina.buenbai@gmail.com
Казахстанское телевидение в режиме онлайн
В предлагаемой статье автор, рассматривая вопросы развития казахстанского телевидения в рамках технологические прогресса, обращает внимание в первую очередь на процессный характер. На сегодняшний день традиционное кабельное вещание не является единственным путем представления информации современной аудитории. Сюда относим и Интернет, расширяющие горизонты возможностей вещания в разы по охвату и скорости. В данной публикации мы попытались также проанализировать практику использования интернет-пространства и вещания в режиме онлайн и представили соответствующую таблицу, определили шкалу использования интернет-ресурсов. Опираясь на высказывание западных ученых о перманентной динамике конвергенции и новых медиа возможностей, мы стремились определить тенденцию продвижения казахстанскоих медиа на ближайшие годы.
Ключевые слова: телевидение, технологический прогресс, журналистика, новые медиа, традиционные медиа, онлайн, конвергенция.
З.Қ.Буенбаева
Қазақстандық телевизия онлайн режимде
Мақалада технологиялық даму заманындағы қазақстандық телевизиялық медианың даму көрінісіне сипаттама беріледі. Қазіргі таңда медиа контент тек қана дәстүрлі ақпарат каналдарымен шектелмейді. Интернет кеңістіктің орны күн санап артып келе жатқаны баршамызға белгілі. Яғни заман талабына сай, барлық телеарналар онлайн режимде көрсетілім жүргізеді. Біз өз кезегімізде мақалада зерттеуге алынған он негізгі республикалық телеарналардың ақпарат беру тәсілдерін қарап шығып, нәтижені кесте негізінде түйіндедік. Сонымен қатар батыс зерттеушілерінің пікірлеріне сүйене отырып жаңа медиа технологияларды талдай келе, дәстүрлі медиа мен жаңа медианың дамуына шолу жасадық. Жаңа технологиялық мүмкіндіктер жаңа медиа мүмкіндіктерді туғызып отыр.
Кілт сөздер: телевизия, технологиялық даму, журналистика, жаңа медиа, дәстүрлі медиа, онлайн, конвергенция.
Z.K.Buyenbayeva
Kazakhstan television on online
This article discusses the development of process in the Kazakh television sector during the technological progress. Traditional television service broadcasting is not the only way to provide information to the public. The Internet has expanded the horizons of broadcasting capacity at times in scope and speed. In this article we looked at the practice of using the Internet space and broadcast on-line, presented a table, defined scale of using of Internet resources. And relying on the research work of Western researchers about the process of convergence and new media capabilities, we sought to determine the development of the Kazakh media. New technological possibilities raise new media opportunities.
Key words: television, technological progress, journalism, new media, traditional media, online, convergence.
В 1960-е годы, как известно, на Западе зародилась идея "конвергенции средств массовой информации". И в 1987 году под эгидой Европейского экономического сообщества была впервые опубликована "Зеленая книга" («Green paper»), где регулировался вопрос услуг электросвязи, и идея развитие единого рынка. Именно этот документ возвестил о технологическом начале конвергенции СМИ. И в мае 1994 года Мартин Баугеман предлагает, в отчете подготовленной еврокомиссией, учредить информационное общество, основанное на Интернете.
Незамедлительна реакция мировой журналистики – оперативно создается информационное общество, основанное на интернет пространстве. Здесь необходимо заметить, что Интернет, кабельно-спутниковое телевидение, мобильная телефония являются одними из главных компонентов процесса глобализации. Глобальными являются и последствия эволюции новых медиа, их внедрение и развитие уже сегодня изменяет формы потребления информации и коммуникации в стране и в мире. Таким же образом, новое казахстанское медиа-пространство развивается вместе с интернетом и новыми медиа технологиями.
Трудно не согласиться с тем, что «Новые медиа заменят традиционные старые, блоггеры заменят традиционных журналистов. И этот процесс происходит во сех развиваюшихся странах» (Колодзи). Несомненно, мы видим, как происходит трансформация масс-медиа, включая все его типы. Скорость технологических возможностей растет с каждым днем. Телевизионное вещание больше не может конкурировать с интернет-пространством. Все передовые телеканалы широко и прочно используют интернет-пространство, как в прямом вещании, так и в виде загруженной записи. Таким образом, предшественником процесса конвергенции в журналистике является процесс творческой конвергенции и технологическая модернизация.
Стоит отметить, что еще в начале появления онлайн-журналистики в Казахстане начался жаркий спор о траектории ее развития. Одна часть утверждала о том, что традиционные медиа становятся все более зависимыми от интернет-пространства, когда другая сторона видела в этом будущее журналистики. Действительно ли телевизионные каналы пошли на поводу интернета, только чтобы не потерять свою аудиторию? На этот вопрос есть явственный ответ в сборнике статей: «Much of this effort has been to stay competitive with online content provider networks» (Grant and Wilkinson, 65 page, 2009). Другими словами, эту дебатную стадию американские медиа уже давно прошли. Хотя, до сих пор не угасают споры о выживании и вытеснении, наблюдается некоторая конкурентная «толкотня» между традиционным и новым медиа.
Вместе с тем, мы здесь должны отметить сильное влияние концепции потребностей А. Маслоу и на электронные средства общения. К примеру, персональное телефонное устройство, помимо инструмента связи, служит как телевизор, так и персональный компьютер. То есть, люди смотрят фильмы, сериалы и новости с помощью мобильного телефона.
Технологический прогресс и процесс технической конвергенции значительно влияет на формирование нового казахстанского масс-медиа. Отечественные телеканалы частично трансформировались в режим «онлайн-вещания». Для полного перехода в онлайн режим у отечественного телевидения имеется большой потенциал. Сегодня из 17 миллионного населения в Казахстане интернетом пользуются более 10 миллионов (forbes.kz journal online version). Следует учесть, что это огромный массив, который ждет своего освоения.
Телеканалы современного мира, а именно 10 основных отечественных республиканских, транслируют как в традиционном режиме, так и онлайн. Здесь, необходимо отметить, традиционное вещание в большинстве случаев предназначено для регионального и сельского населения.
Был проведен анализ вещания десяти казахстанских телеканала республиканского значения. Как выяснилось 6 из 10 телеканалов имеют прямое онлайн вещание.
№
|
Наименова-ние телеканала
|
Традиционное вещание
|
Онлайн вещание
|
Прямое онлайн вещание
|
Вещание в виде загруженной записи на официаль-ном сайте
|
Имеет режим онлайн-вещания, но не использует-ся
|
1
|
Хабар
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
2
|
24 Kz
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
3
|
Казакстан
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
4
|
Astana TV
|
+
|
+
|
|
+
|
|
5
|
KTK
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
6
|
Kazakh TV
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
7
|
31канал
|
+
|
+
|
|
+
|
|
8
|
1канал Евразия
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
9
|
Мир
|
+
|
+
|
|
+
|
+
|
10
|
Тан (с 2014 республиканс-кий)
|
+
|
+
|
|
+
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |