Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет32/52
Дата20.06.2018
өлшемі8,7 Mb.
#43693
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Үйге тапсырма беру: Шардың центріне дейінгі тіктөртбұрышты тесік цилиндрлік тесікпен жалғасып жатыр (95, в-сурет). Оның горизонталь және профиль проекцияларын салу керек.

Сабақ: №38

Сабақтың тақырыбы:

Денені проекциялар жазықтығына перпендикуляр тузуден айналдыру.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Берілген сызбалар бойынша оқушылардың білімдерін



тексеру, қорытындылау, жалпылау, жинақтау, оқушылардың

білім машықтарын, дағдыларын қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу,

оқушылардың ой-өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін,

сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Кеңістік ой өрісін кеңейту, оқушыларды сызба жұмыстарын

ұқыпты, таза салуға, шапшандыққа, шыдамдылыққа



тәрбилеу.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Қозғалыс - күнделікті өмірде жиі кездесетін құбылыс. Денені қозғап бастапқы орнынан басқа орынға көшіргенде, оның сызбасы қалай өзгереді? Қозғалыстың түрі көп. Сол көп козғалыстың бірі - айналмалы қозғалыс. Төменде нәрсені айналу осі деп аталатын түзуден айналдырып, бастапқы жагдайдан екінші бір жағдайға көшіргеннен кейінгі оның проекцияларын салу қарастырылған (айналу осін сызбада көрсетудің қажеті жоқ). АВ кесіндісін і түзуінен айналдырсақ (96-сурет), А нүктесі центрі С нүктесі болатын және жазықтығында жататын а шеңберін сызады. А нүктесінен і түзуіне түсірілген перпендикулярдың табаны С нүктесін анықтайды, ал а жазықтығы А нүктесі арқылы і түзуіне перпендикуляр жүргізіледі. С нүктесін а жазықтығы мен айналу осінің қиылысу нүктесі ретінде де анықтауға болады. В нүктесі і түзуіне перпендикуляр орналасқан жазықтығында жататын b шеңберін сызады. Бұл шеңбердің центрі D айналу осі мен жазықтығының қиылысу нүктесі болады. а және жазықтықтары өзара параллель болады: ||. Егер А нүктесін сағат тілінің қозғалысы бағытында ° бұрышқа бұрсақ, онда В нүктесін де осы бағытта сондай бұрышқа бұру қажет. Айналдыру қозғалыс болып табылатындықтан нүктелердің арақашыктықтары өзгермейді. Осы айтылғандарға сүйеніп айналдырудың төменде келтірілген екі қасиетін тұжырымдауға болады.

1-қасиет. Айналу осі ретінде қабылданған түзуге перпендикуляр жазықтықтағы проекция өзінің пішінін және өлшемдерін өзгертпейді, тек жаңа орынға көшіріледі.

2-қасиет. Айналу осіне параллель жазықтықтағы проекцияның нүктелері проекциялар осіне параллель (айналу осінің сәйкес проекциясына перпендикуляр) бағытта жылжып орын ауыстырады.

Мысалдар қарастырайық.

97-суретте параллелепипед АВСDЕҒGН фронталь және горизонталь проекцияларымен берілген. Осы параллелепипедті фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден сағат тілі қозғалысының бағытында шамамен 30°-қа бұрайық, ал одан кейін горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден сағат тілі қозғалысына қарсы бағытта тағы да шамамен 30°-қа бұрайық. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден айналдырғанда фронталь проекция өзінің пішінін және өлшемдерін өзгертпейді, тек жаңа орынға сызылады (1-қасиет). Сондықтан параллелепипедтің фронталь проекциясына тең тіктөртбұрышты сәл көлбетіп саламыз. Сонда тіктөртбұрыштар A1B1F1E1 мен A1B1F1E1 (немесе D1C1G1H1 пен D1C1G1H1) тең болады. Фронталь проекциясы A1B1F1E1 (немесе D1C1G1H1) төртбұрышы болатын параллелепипедтің горизонталь проекциясын салу үшін 2-қасиетті пайдаланады. Мысалы, А нүктесінің жаңа горизонталь проекциясын - А2-ты табу үшін А2 нүктесі арқылы x-қа параллель түзу, ал А1 нүктесі арқылы х-ке перпендикуляр түзу жүргіземіз. Осы екі түзу А2 нүктесінде қиылысады. Осылайша параллелепипедтің қалған төбелерінің горизонталь проекциялары В2, С2, D2, Е2, Ғ2, G2 және Н2 нүктелері табылады. Табылған нүктелерді сәйкесінше кесінділермен косып, параллелепипедтің жаңа горизонталь проекциясын шығарып аламыз. Енді горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден айналдырайық. Айналу осінің проекциялары көрсетілмейді. Керек болса, оларды тауып алуға болады. 1-қасиет бойынша горизонталь проекцияның пішіні мен өлшемдері өзгермейді, тек ол қалауымызша алынған жаңа орынға А2, В2, С2, D2, Е2, F2, G2, Н2 сызылады (97-сурет). Бұл жағдайда қасиет бойынша нүктелердің фронталь проекциялары х осіне параллель түзудің бойымен орын ауыстырады. Мысалы, А нүктесінің жаңа фронталь проекциясын А1, нүктесі арқылы жүргізілген горизонталь түзудің бойынан іздейміз. Сонда А2 нүктесі арқылы жүргізілген вертикаль проекциялық байланыс сызығы осы түзумен А1 нүктесінде қиылысады. А1 нүктесі - А нүктесінің фронталь проекциясы. Осылайша параллелепипедтің басқа төбелерінің проекциялары В1, С1, D1, Е1, F1, G1 және Н1 табылып, олар сәйкесінше кесінділермен қосылған.

Екінші мысал ретінде профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзуден айналдыруды қарастырайық (98-сурет). Бастапқы жағдайда конустың табаны фронталь проекциялар жазықтығында жатыр. Сондықтан оның фронталь проекциясы дөңгелек, ал профиль проекциясы теңбүйірлі үшбұрыш болады. Конустың табанындағы шеңберді тең 8 бөлікке бөлейік және бөлу нүктелерін

A, B, C, D, E, F, G, H әріптерімен, ал төбесін S әрпімен белгілейік. Айналу осі профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр. Сондықтан профиль проекцияны пішінін және өлшемдерін өзгертпей қалауымызша таңдап алынған жаңа орынға сызамыз. S3С3G3=S3C3G3. Фронталь проекциялар жазықтығында нүктелер z осіне параллель бағытта орын ауыстырады. S1, A1, B1, ..., Н1 нүктелері арқылы жүргізілген вертикаль түзулер S3, A3, B3, ..., Н3 нүктелері арқылы жүргізілген горизонталь түзулермен сәйкесінше S1, A1, B1, ..., Н1 нүктелерінде қиылысады. A1, B1, ..., Н1 нүктелерін бастыра тұйықталған қисық сызық жүргізіледі. Ол қисықтың эллипс болатыны белгілі. S1 нүктесі арқылы эллипске жанама болатын екі түзудің кесінділерін салып, проекция тұрғызуды аяқтаймыз.


Каталог: uploads -> doc -> 0ba1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ba1 -> Сабақ жоспары Күні: 12. 2015 Сынып: 2 «Б» Пән: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Шана. Мақсаты: Білімділік
0ba1 -> 12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінен диалогтық ОҚыту
0ba1 -> Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет