Сабақ жоспары Мұғалім: Мерзімі: Сынып: Сабақ: №1



бет27/71
Дата14.10.2022
өлшемі4,32 Mb.
#152956
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71
Байланысты:
экология қмж 6 кл (1)

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?










Мұғалім: Мерзімі: Сынып: Сабақ: №13

Тақырыбы

Тірі табиғат. Өсімдіктер

Оқу мақсаты

төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді ажырату;

Сабақтың мақсаты

Төменгі және жоғары саты өсімдіктерімен танысады. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді ажырата алады.

Бағалау критерийі

Төменгі және жоғары саты өсімдіктерінің ерекшеліктерін атайды. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді ажырата алады.
Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерге мысал келтіреді.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер
Төменгі сатыдағы өсімдіктер, жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдыр.

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық,
өмір бойы білім алу.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдік топтарын, тіршілік ортасына бейімделуін біледі.
Өсімдіктің мүшелері мен олардың қызметін атай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланға н уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау. Жедел жауап. Суретпен жұмыс

  • Суреттен өсімдік мүшелерін көрсет, оларды ата.

  • Тамыр қандай қызмет атқарады?

  • Сабақ қандай қызмет атқарады?

  • Жапырақ қандай қызмет атқарады?

Өсімдік мүшелері көрсетілген суреттер немесе слайд



Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.
Айырмашылығын тап. Топтық жұмыс.
(Балдыр және өсімдік мүшелері салынған суреттер мен гербарий тарату).
Өсімдіктерді салыстыру.
Кейбір өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болмайды. Суреттерде бейнеленген өсімдіктердің мүшелерін салыстыру,
Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге сан алуан өсімдіктер жататыны туралы қорытындыға келеді.



  • Төменгі сатыдағы өсімдіктерге нелер жатады?

  • Жоғары сатыдағы өсімдіктерге ше?

  • Өсімдіктерді неге бұлай топтастырады?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Оқулық;
балдыр және өсімдік мүшелері салынған суреттер; гербарийлер









Зерттеу жұмысы.
Топтық жұмыс. Мақсаты: жоғары және төменгі саты- дағы өсімдіктерді ажыратып үйрену. Әр топқа барлық мүшесі бар өсімдік (құлпынай) пен балдырдың шынайы үлгісін не суретін тарату. Гербарий қолдану/Суреттермен жұмыс жасау.
Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру.

  1. Өсімдіктердің сыртқы белгілерін бір-бірімен салыстыру, зерделеу.

  2. Сыртқы белгілері бойынша ұқсастықтарын анықтау.

  3. Ұқсастықтарын кестеге жазу.

  4. Екі өсімдіктің айырмашылықтарын зерделеу.

  5. Кестеге әр өсімдіктің ерекшелігін жазу.

  6. Қорытынды жасау.

- Балдыр өсімдік пе?
Балдырдың мүшелерін анықтауға тырысу. Қорытындылау: олардың мүшелерін ажырату мүмкін емес, денесі бөлшектенбеген, түсі жасыл, тіршілік ортасы – су.
Зерттеу нәтижесін түрлі тәсілмен тіркеу (Венн диаграммасы, кесте, сурет, схема). Зерттеу нәтижесін тіркеу тәсілін оқушылардың өздеріне таңдату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет