Білімдіаралықбекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру.
Ойлан. «Неліктен Жер бетінде жоғары сатыдағы өсімдіктер төменгі сатыдағы өсімдіктерге қарағанда көп таралған?» деген сұрақ бойынша талқылау. Жоғары сатыдағы өсімдіктер барлық мүшелері дамығандықтан таралу мүмкіндігі мол. Олар тамыры арқылы топырақтан қорегін сіңіруге бейімделген, сондықтан құрлықта өседі.
Жұптық жұмыс.Өсімдік мүшелерін салыстыр. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға жергілікті жерде кездесетін өсімдіктердің суреттерімен қоса, Қазақстанда мүлде кездеспейтін өсімдіктердің суреттерін беру. Әр өсімдіктің атын жазып қою. Өсімдікті таңдау, мүшелерін сипаттау. Белгілері бойынша қорытынды жасау.
Сен білесің бе?Мүктің суретін көрсету. Мүктің сырт пішініне қарап, ол да төменгі сатыдағы өсімдікке жатады деген ой туындауы мүмкін. Мүктер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым тобы. Ол барлық жерде кездеседі, әсіресе, ылғалы мол ортада өсуге бейімделеді. Себебі мүктің тамыры болмайды. Бірақ басқа мүшелері бар. Оның денесінде аса көп мөлшерде тұщы су қоры болады.
Өзіндікжұмыс 3-жұмыспарағы.Төменгіжәнежоғарысатыдағы
өсімдіктер. Көлшік. Суреттегі өсімдіктердің рет санын кестеге жазу арқылы төменгі және жоғары сатыдағы деп екі топқа жіктеу.
4-жұмыс парағы. Жоғары сатыдағы өсімдіктер.Өсімдіктоптары. Суреттегі өсімдіктерді салыстырып, олардың қайсысы төменгі, қайсысы жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататынын анықтау.