Сабақ классификациясы жіктелуі сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ-классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе-женінде педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған



бет12/12
Дата25.11.2022
өлшемі420,4 Kb.
#159749
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
мөж №7 жоғ мект пед
шерморми, 13-17 наурыз, Презентация на тему ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ , Дәуітханқызы Динара Мақала
Концерт, монтаж – композициялық сабақтары – кіріспе немесе қорытынды сабақтар ретінде қолданылады. Тақырыпты жетік игеру көзделеді. Тапсырмалар оқушыларға алдын-ала беріледі. Мұнда сабақта балалардың жеке қабілеттері, өнерлері көрініс табады: өнерге деген, сүйікті ақын-жазушыға деген көзқарасы қалыптасады.

Тиімділігі: дарынның қабілеттерін ашу , көркем мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Бұл сабақтың аталған түрлерін дәстүрлі емес сабақ тобына жатқызамыз. Себебі олар дәстүрлі сабаққа қарағанда басқаша құрылады.
Практикумдар – курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын лабороториялық жұмысының кешендісі. Лабороториялық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.
Факультативтік сабақтар – оқытудың формасы оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми –теорилық білімін, танымдық ынтасын шығармашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі.
Проектік сабақтардың дәстүрлі сабақтардан едәуір айырмасы бар. Проектік сабақты дайындау, өткізу оқушылардан да, білімгерлерлен де шығармашылық ізденісті, көп күш –жігер және уақыт талап етеді. Проектік сабақ бұл алдын ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар сабақтың ерекше бір түрі. Оның дәстүрлі сабақтардан теоретикалық жағынан емес, практикалық жағынан өзгешелігі бар. Проектік сабақтың басы – бір мәселе, не ерекше ой-пікір болып аяғы презентациямен аяқталады. Проектік сабақтар әр түрлі кезеңдерден, қадамдардан тұрады.
-дайындық кезеңі ( а.негізгі тақырыпты түсіндіру,талдау өз ойларын айту; ә.сабаққа қажетті жаңа сөздермен жұмыс істеу; б. қосымша материалдар енгізу;)
- тақырыптарды бөлу:
а) білімгерлерді кіші тортарға топтастырып, әр топқа кіші тақырыптар табу
ә) тақырыптарды талқылау;
-тақырыптарды нақтылау
а) сұрақтарды құрастыру, жоспар құру,рөлдерді бөлу,тапсырмаларды беру проектік сабаққа дайындық кезінде жоспарды басшылыққа алған жөн.
-мәліметтерді жинау
а) түпнұсқадағы кітап,газет-журнал т.б мәліметтер;
ә) теле-радио хабарларындағы мәліметтер
б)белгілі бір жерді зерттеуден алынған мәліметтер
-жиналған мәліметтерді презентацияға дайындау
-презентация ((әр кіші топ өз презентациясын басқа білімгерлер алдында айтып түсіндіреді, көрсетеді.)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Айтмамбетова Б.Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері Алматы 1991
2.Аханов К. Тіл білімінің негіздері,Алматы, «Мектеп» 1978
3.Әбиев Ж,Бабаев С. Педагогика «Дарын» Алматы 2004
4.Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері Алматы 1997
5.Әділбаева Н,Сапашев К. Педагогика. Астана, 2007
6.Әділжанов Д,Маманов Ы. Қазақ тілі методикасы 2000
7. Әуелбаева Ш. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері. Алматы, «Мектеп» 1980

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет