Сабақ классификациясы жіктелуі сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ-классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе-женінде педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған



бет9/12
Дата25.11.2022
өлшемі420,4 Kb.
#159749
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
мөж №7 жоғ мект пед

ТҮСІНДІРУ САБАҚТАРЫ
Түсіндіру сабақтары теориялық тілдік материалдарды меңгертуде іске асырылады. Сабақта оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім негіздері түсіндіріледі. Теориялық білім негіздеріне өтіліп отырған тақырыптың термині тілдік материалдың өзіндік белгілер, жасалу жолдары, анықтамалары мен ережелері кіреді. Сөйтіп, мектеп оқушыларына білім
көлемі мен білім жүйесі тағайындылады. Түсіндіру сабақтарының топтарына оқытудың мынадай формалары (қалыптары) кіреді:
1) жаңа сабақ,
2) біріккен сабақ,
3) лекция себақ,
4)зерттеу сабақ
5) көрініс сабақ (панорамалық сабақ),
6) қосынды сабақ (интегралды сабақ).
Жаңа сабақ білім беру мақсатында жүргізіледі, біріккен сабақ өткен мен жаңаны ұштастыру мақсатында өткізіледі, лекция сабақ тілдік теориялық материалдарды ауызша мазмұндап жеткізу мақсатында іске асырылады, іздену мақсатын көздейтін жұмыс қалпын (формасын) зерттеу сабақ деп атайды,сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында жүргізілетін Бірі қалпын (формасын) панорамалық сабақ (көрініс сабақ)
деп атайды, екі пәннің (қазақ тілі мен математика пәндерінің) ұғымдарының басын біріктіріп жүргізілетін жұмыс қалпын(формасын) қосымды сабақ деп атайды. Біз енді осы оқыту қалыптарына (формаларына) жеке-жеке тоқталайық.
Жаңа сабақ. Оқушыларға сабақта тың білім беру мақсатын көздейтін жұмыс қалпын (формасын) жаңа сабақ деп атайды. Сабақта өтілетін жаңа сабак жүйесі - сабақ процесінің ішіндегі ең күрделісі. Жаңа сабақта оқушыларға жаңа теориялық білім меңгертіледі. Жаңа құбылысты тану арқылы окушылардың ой-өрісін, білім аясын, дүниеге көзқарасы және жалпы білім дәрежесі кеңейеді. Оқушыларға жаңа тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін танытуда бұл сабаққа қойылатын мына сияқты негізгі талаптарды ескерген жөн:
1) өтілетін материалдың тақырыбы дәл, анық болуы;
2) түсіндірілетін негізгі логикалық ойлардың толық болуы;
3) өткен тақырып пен жаңа материалдың байланысты болуы;
4) жаңа тақырыптың көлемі таңдалып, өзіндік белгілері сараланып көрсетілуі;
5) жаңа білімге сай берілетін анықтамалар мен ережелердің дәл болуы;
6) жаңа тақырыпқа сай берілетін психологиялық дағды-жаттығулардың
көлемі жағынан ықшамды, жүйесі жағынан тиянақты болуы;
7) тіл дамыту жұмыстарының көзделуі қажет.
1. Өткенді еске түсіру. Сабақтың бұл процесі талдау жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Өткеңді еске түсіру, өткен материалды сұрау, пысықтау және үй тапсырмасын тексеру сияқты.сабақ элементтерін қамтиды. Сұрақтар беру арқылы оқушылардан өткенді сұрау сабақ процесінің құнын түсіреді. Сондықтан өткенді еске түсіру ауызша немесе жазбаша талдау түрінде өткізіледі . Бұл сабақ негізіңде өткен материал жаңа тақырыппен байланыстырылады, өткен материал пысықталып қайталанады, үй тапсырмасы тексеріледі.
2. Жаңа материалды түсіндіру, түрлі иллюстрациялар мен демонстрациялар негізінде оқылып, материалдың көлемі мен жүйесін, негізгі белгілерін, жасалу , жолдарын, тақырыптың бөгде материалдармен байланысын жүзеге асырады.
3. Қорытынды пікір ретіңде оқытылып отырған материалдың өзіңдік қасиеттерін ескере отырып, дәл анықтама мен ереже шығарылады.
4. Дағдыландыру жұмысын жүргізу. Тақырыпқа сай бестен артық жаттығу
жұмыстарының түрлері орындалады.
5. Үй тапсырмасын беру. Үй еңбегін қалай орындау жөнінде әдістемелік бағыттама (үлгі-нұскау) айтылады. Бұл сабақтың өң бойындағы орындалған жұмыстардың нәтижесімен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет