Мәселелік дәріс жөнінде оқытудың белсенді әдістерімен байланысты айтатын боламыз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасына тоқталамыз. Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте жаңа білім «ашуға» тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті – мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады.
Мәселелік дәрісжөнінде оқытудың белсенді әдістерімен байланысты айтатын боламыз. Ал қазір оның мазмұндық және процессуалдық сипаттамасына тоқталамыз. Дайын ақпарат айтылып, түсіндірілетін ақпараттық дәріске қарағанда мәселелік дәрісте жаңа білім «ашуға» тиісті беймәлім ақпарат ретінде алға тартылады. Оқытушының міндеті – мәселелік жағдаят тудыра отырып, студенттерді мәселенің шешімін табуға жетелеу болып табылады. Бұл үшін жаңа теориялық материал мәселелік міндет түрінде беріледі. Мәселені оқытушымен бірлесе отырып шешу барысында студенттер жаңа қажетті білім алады.
Визуалды дәріскөрнекілік қағидатының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде пайда болды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, көрнекілік оқу материалын барынша жақсы қабылдау мен есте сақтауға ғана емес, сондай- ақ құбылыстардың табиғатын терең түсінуге ықпалын тигізеді.
Визуалды дәріс көрнекілік қағидатының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде пайда болды. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, көрнекілік оқу материалын барынша жақсы қабылдау мен есте сақтауға ғана емес, сондай- ақ құбылыстардың табиғатын терең түсінуге ықпалын тигізеді.
Екеу ара дәрісбұл дәрістің түрі екі оқытушының диалогіндегі материалды мазмұндаудың жалғасы мен дамуы болып табылады. Бұл жерде теориялық және практикалық мәселелерді екі маман талқылайды. Мұндай дәрістің төмендегідей артықшылықтары бар:
студенттердің бойындағы білімді өзектендіреді;
мәселелік жағдаяттар туындатады, дәлелдемелік жүйелер ашады;
екі дереккөз қорының болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға, таңдау жасауға, қандай да біреуіне қосылуға, өз көзқарасын айтуға мәжбүрлейді;
педагогтің кәсібилігі көрінеді, оның тұлғасы тереңірек ашыла түседі.