Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады:
1.Жаңа білім беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы, киносабақ, ЭВМ және басқа техникалық құралдарды қолдану сабағы).
2. Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (өз бетінше жұмыс сабағы, лабораториялық және практикалық жұмыстар, семинар т.б).
3. Жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.)
4. Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.
5. Бақылау сабағы;(барлық бақылау, сұрау-қайталау, сынақ, өзара және өзін- өзі бақылау жұмыстары т.б.).
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар-сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық, зерттеу сабағы, жарнама сабағы т.б. Әрине, әр түрлі сабақты ,ғылыми-әдістемелік негізінде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін,мәдениеті мен тарихын және шаруашылық
салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.
Тәжірибелі мұғалімдердің осы талаптарға сай әр түрлі сабақ түрлерін өткізудегі жаңалықтарын іс-тәжірибесін байқауға болады. Өйткені, олардың оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде.
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде,әсіресе "Қазақстан мектебі" журналында жазылып жүр. Солардың ішінде кейбір шебер мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақ түрлерін жоғары ғылыми- әдістемелік деңгейде өткізетіндігін көруге болады. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан, жыл сайын әрбір пәндер бойынша оқу материалдарын біріктіру,яғни пәнаралық байланыс принципі мақсатымен интегралдық жоспар жасайды, ондағы материалдарды дер кезінде сабақта пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Ізденімпаз, өз ісіне шебер ұстаздардың саны көбеюде.Олардың бірсыпырасы оқытуды ұйымдастырудың формаларына,әдістеріне, сабақ құрылымына жаналық енгізуде едәуір еңбек етіп келеді.
Көптеген қазақ мектептерінде мұғалімдердің жиі қолданатын
сабағы – бұл аралас сабақ. Оның құрылымы бес элементтен тұрады:
- Ұйымдастыру кезеңі.
2.Өткен оқу материалын қайталау.
3.Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
4.Жаңа материалды алғашқы бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
Оқытудың басқы түрлерін сирек қолданып сабақты күнде-күнде осындай сораппен өткізу оқушыларды жалықтырады, сабақ үстінде еш, нәрсені ойламай селқос жұмыссыз отырады. Мұны қалай дәлелдеуге болады? сабақ құрылымының бірінші кезеңінде оқушылар мұғалімді тыңдайды, екінші элементінде олар баланың сұраққа берген жауабын тыңдайды, үшінші элементінде , мұғалімнің түсінігін тыңдайды, төртінші элементінде, оқушылар жаңа тақырып материалын бекітуге байланысты мұғалімнің сұрағына бір оқушының берген жауабын тыңдайды, ал соңғы элемент бойынша, оқушылар үйге берілетін тапсырманы тыңдайды. Демек оқушылар бүкіл сабақ бойында тек қана тыңдаушылар ретінде отырады, өз беттерінше ешқандай оқу жұмысын орындамайды.
Осы сияқты іш пысарлық , зеріктіретін сабақты өткізудің орнына оқушыларды таза ауаға шығарып, олармен бір сағаттай түрлі қимылды ойындарды ұйымдастырған өте пайдалы.
Сонымен сабақтың осы сияқты жаңа түрлерінің бірте-бірте пайда болуы мұғалімнің оқыту процесін ғылыми –әдістемелік негізде басқаруға жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеп үйренуге , белгілі ғалым – педагогтардың, психологтардың еңбектерін терең оқып өз ісінде қолдана білуіне мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |