Сынақ сабақ - оқушылардың әдебиеттен алған білімі мен дағдысын тексерудің қолайлы түрі. Негізінде сынақ сабағы оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында, өтілген дерек-мағлұматтарын қайталау, жинақтау және қорыту бағытында жүргізілуі. Тәжірибеден, еткізгелі отырған бұл сынақ сабағы өтілмеген жаңа тақырып, шығармашылықпен қалай меңгеретінін бақылау үшін алынады. Бұл сабақтың тақырыптық мәтіні 2-3 апта бұрын оқушыладың қолына тиеді, Сабақтың мақсаты түсіндіріленеді, өтілетін күні белгіленеді. Сынақ сабақты өткізу үшін үш кезеңнен тұрады: дайындық, өткізу, қорытындылау.
Жарыс сабақ мақсаты - окушыны ойының жетіктігін, білімінің қаншалықты екендігі, іскерлігінің жуйесі тексеріледі. Жарыс сабағының уақыт өлшеггімен өлшенуі арқылы оқушыға іскерлік жүктейді, Жарыс сабағы бұрын не сабақ үстінде құрастыруға болады, ол сынып оқушы тб қабілетіне байланысты ұйымдастырылады, Жарыс сабағы ауызша, жазбаша орындауға болады. Мысалы «Абай - ірі тұлға» лекция сабағының негізіндегі «Абылай хан дәуріндегі игі жақсылар» атты, Тақырып мынадай жүйеде өтеді. Сабақты мұғалім бастайды, Тақтаға Абылай ханның өмірі жазылған кесте ілінеді
Дебат. Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар дендеп етуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар саналы да салмақты ойлауға тәрбиелейтін. Қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, өмірдегі қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде осындай сабақ үлгілерінің маңызы зор. Осы дастүрлі емес сабақ түрлерінің бірі - дебат. Дебат мақсаты - әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды
ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы ұрпақ тәрбиелейді. К. Поппердің тұжырымдауынша дебаттың негізі мәні төмендегідей: дебатқа екі топ қатысады - жақтаушы мен және даттаушы. Әрқайсысына 3 спикер кіреді. Оппоненттеріне қарағанда әркімнің пікірі нанымды шығуы тиіс, Екі топтың сөздері резолюциядан, дефиниция – критерий, аргументтен – дәлелдемеден , қисынды негізделген деректен , мысалдан, статистикалық мәліметтер, мамандар пікірімен негізделген, ойлап табылған ойлардан тұрады. Спикер дәлелдемелердің түпқазығын көрсетеді. Дебаттың басты ережесі – спикер мен сын қызметкерлеріне сыйласымдылықты көрсету. Бұл оқушылардың ізденуіне , еркін сқйлесуіне, өз пікірін ашық айтып дәлелдей білуге дағдыландырумен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |