Сабақ классификациясы жіктелуі сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ-классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе-женінде педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған


Білім беру мақсаттарына қойылатын сабақ



бет7/12
Дата25.11.2022
өлшемі420,4 Kb.
#159749
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
мөж №7 жоғ мект пед

Білім беру мақсаттарына қойылатын сабақ.Балаға бастапқы қойылатын мақсат – оқу практикалық болып табылады. Оның алдына қоятын міндеттері:баланың жеке тәжірибесінің жоқтығын ескере отырып, үйренетін пәнді объектевизм тұрғысыннан зерттеу, яғни жаттықтырушылық әрекетті оқып, білім алуға өзгерту, белгілі зат көлеміндегі іс-әрекеттетуге үйрету, анализ жасау,өз іс-әрекетін бақылау, оқу -практикалық есептерді шешуде жабдықтармен қамтамасыз ету, әр баланы бірге жұмыс істеуге үйретіп, бейімдеу.
Конференция сабак.
Алдымен оқушыларға арнаулы тақырып бойынша тапсырмалар бөлініп беріледі. Шәкірттер арасынан делегаттар сайланады. Делегаттар мен оқушылар түсінбеген сұрақтарын арнайы тақырыпқа дайындалған ақыл- кеңес алқасынан сұрап, біліп отырады. Ол пән мұғалімі басшылығымен жүргізіледі. Бұл сабақтың басты міндеті – оқушыны өзіне-өзін сендіру. Мысалы: «Қорқыт ата» кітабы бойынша «Дерсе Хан ұлы Бұқаш жан» туралы жырын конференция сабақ етіп еткенде жұмыстың құрылымы мынадай
болады:
Көркем шығарма бойынша кейпкерлердің сөздерін алдын ала рөлге бөліп жаздырып жаттатып, сахна көрінісіне дайындалуын қадағалау, сынып оқушыларына шығарманың мазмұны толық меңгеріп келу тапсырылады, Сабақты мұғалім бастайды. Ол «Қорқыт ата» кітабының ауызша, жазбаша таралуы туралы мәлімет беріп, жырдың кейіпкері Дерсе хан сөз алып, өзінің сөзін сахналық көріністе айтып шығады. Ханым ана, қырық жігіт рөлдік ойындарын көрсетіп, көркем сөздерін-мәнерлеп айтып жеткізеді. «Ана зары» магнитофонда тыңдалады да, үй тапсырма ретінде беріледі. Сабақ шәкіртті шеберлікке ізденімпаздыққа үйретеді, оқушы өз еңбегінің жемісін көреді.

Тиімділігі: сұрақтар қоя білуге, өз пікірін еркін білдіруге, айтыса білуге, бір-бірін тыңдауға дағдыландырады. Материалдарды жүйелі талдауға, ой –қорытындысын дұрыс шығаруға, оқушылардың жауаптарын толықтыра білу дағдыларын жетілдіреді.
Саяхат сабақ – әдебиетте саяхат сабақты 2 түрде жүргізуге болады. шығармадағы тарих деректерге, әдебиет өкілдерінің шығармашылығына, ата тегін саяхат жасау. Сол арқылы оқушының қызығушылығын арттырып, терең білім мен шешендікке баулып, шежіреден сыр шерту,ұлттық сана сезімін ояту мақсатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет