Жаттықтыру сабағы жаттықтыру сабақтары білімнің практикалық бағыттарын үйрететін арнаулы мақсаттарды шешіп қоймай, оқу материалын оықп – игеруге тығыз байланысты бола отырып , оны жете ұғынуға талпындырады.
Оны жүргізудің негізгі әдістері практикалық зертханалық сарамандық жұмыстар: оқушылар осы жұмыстарды өздігінен жүргізе отырып, алған теориялық білім - білік дағдыларын практикада пайдалануға бейімделіп, үйренеді.
Аралас сабақ- бірнеше дидактикалық мақсаттардың қойылумен және нәтижеге жетуімен ерекшеленеді - тарих, география, әдебиет пәндері мұғалімдерінің бірлесіп өткізуі. Бұл сабақтың мақсаттары:
А. Жаңа деректі, тақырыпты ашуда пән өкілдерінің жүйелі жеткізу-әдісін таңдап сабақ құрылымына шеберлікпен үйлестіруінде;
Ә. Пән өкілдерінің техникалық көрнекілік: құралдары тақырыпқа сай бірлестіре ала білуінде. Мысалы: «Алпамыс батыр» жыры мен «Қорқыт ата кітабындағы». жырлардың» мазмұн жағынан жақындығы, кейіпкерлер іс- әрекеттерінің ұқсастығын» айтқанда әдебиет пән мұғалімі кестені пайдаланады. Аралас сабақтың әр түрлі әдістеріне орай түрлері бар. Аралас сабаққа тән кезендер төменгідей:
Сабактың тақырыбын таныстыру, (мақсаты мен міндетін анықтау, үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Жаңа тақырыпты баяндау. Өтілген тақырыпты бекіту. Сабақты қортындылау және үй тапсырмасын беру кезеңі.
Семинар сабақтары бір - бірімен байланысты екі белгілерімен сипатталады: оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетімен меңгеруі және сабақтағы олардың таным қабілеттерінің дамуын талдау.Семинарда оқушылар өздері дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркін айтып дәлелдеуге үйренеді. Сонымей қатар оқушылардың таным белсенділіктерін дамытуға семинарлардың рөлі көп. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.
Семинар сабақ тиімділігі: оқушылар білімдері нығаяды,өздік жұмысқа дағдыланады,баяндама жазуға, өз білімдерін қорытып айта білуге, белгілі бір тақырыпта ізденуге дағдыланады.
Лекция сабақ. Бұл сабақтардың негізгі бөлімі өтетін тақырыптың теория жағын қамтиды. Оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық мақсаты мен қисынына қарай кіріспе - таныстырма,бағыт, нұсқау беретін, ағымдағы -күнделікті және шолу лекциялары болып бөлінеді.
Түрі мен мазмұнына қарай хабарлау, түсіндіру, әңгіме - лекция болуы мүмкін. Жаңа тақырыпты өздігінен оқып - үйрену қиын болған жағдайда;
Өтілетін тақырыпты өздігінен оқып - үйрену қиын болған жағдайда;
Оқытуд дидактиқалық біліктерді күрделендіре отырып теориялық білімді жүзеге асыруда, хабарламаларды күрделі блоктармен берген кезде; бір немесе бірнеше тақырыптар, бөлімдер бойынша белгілі тапсырмаларды орындауда. Өтілген тақырыптар бойынша жаттықтыру - практикалық- есептерді шешуде.
Достарыңызбен бөлісу: |