Пресс-конференция дәрісі. Бұл дәрісте оқытушы тақырыпты айтқаннан кейін студенттерден аталмыш тақырып жөнінде сұрақтарын қағазға түсіріп берулерін сұрайды. Екі-үш минуттың ішінде студенттер өздерін барынша қызықтырған сұрақтарын құрастырып, оқытушыға береді. Үш-бес минуттың ішінде сұрақтар іріктеліп, олардың мазмұны бойынша дәріс басталады. Дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, керісінше біртұтас мәтін ретінде баяндалады, мазмұндау кезінде сұрақтардың жауаптары да ашылып жатады.
Пресс-конференция дәрісі.Бұл дәрісте оқытушы тақырыпты айтқаннан кейін студенттерден аталмыш тақырып жөнінде сұрақтарын қағазға түсіріп берулерін сұрайды. Екі-үш минуттың ішінде студенттер өздерін барынша қызықтырған сұрақтарын құрастырып, оқытушыға береді. Үш-бес минуттың ішінде сұрақтар іріктеліп, олардың мазмұны бойынша дәріс басталады. Дәріс сұрақтарға жауап ретінде емес, керісінше біртұтас мәтін ретінде баяндалады, мазмұндау кезінде сұрақтардың жауаптары да ашылып жатады.
Консультация, көмек сабағы. Бұл сабақтар оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюда, оқу бағдарламасын жүйелеу мен жинақтап қорытуда ғана жүргізілмейді, сонымен қатар білім-білік дағдыларды қалыптастыруда маңызды. Мазмұнына және міндетіне қарай тақырыптық және белгілі мақсатқа арналған көмек сабақтары болады.Тақырыптық көмек сабағы әр тақырыпты еткенде немесе оқу бағдарламасындағы қиын сұрақтар бойынша, ұйымдастырылады. Мақсатқа арналған көмек сабақтары өздік және бақылау жұмыстарын, сынақтар мен емтихандарды өткізу мен қорытындылауда жүйелі жұмысқа арнаулы тиіс. Сонымен қатар бұл қатемен жұмыс, бақылау жұмыстарының анализдеріне арналған сабақтар болуы мүмкін.
Интеграциялық сабақ. Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары, деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы - сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімінің жинақталуы, яғни әртүрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Оның жүргізілу әдіс - тәсілі әртүрлі: семинарлар, саяхаттар және т.б. Тарих пен әдебиеттің сабақтығын танытатын интеграциялық сабақ. Бұл сабақ түрінің мақсаты:
А.Пәнаралық байланыстарды жүйелі әрі үйлесімді байланыстыру;
Ә. Тарих пен әдебиетті өзектестіретін көрнекілікті жасау;
Б. тарих пен әдебиетке байланысты сурет өнерімен өзектестіре жүргізу.
В. Сабақ үстінде отаншылдық сезім мен эстетикалық тәрбие беру.
Мысалы «Қобыланды батыр» жырындағы деректерді оқытуда тарих пен әдебиетінің сабақтастығы яғни интегралдық сабақ керек. Сабаққа тарих пәнінің мұғалімі мен әдебиет мұғалімі дайындалады. Сабақ жоспары бірлесіп жасалады. Жоспар жасағанда оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Әдебиет пәннің мұғалімі дерек-мағлұматтарын жинақтап, компьютерге басып оқушы қолына ерте беріп, сөйтіп, дерекпен танысуға жол ашады. Тарих мұғалімі Дешті- Қыпшақ туралы мәліметтер береді. Оқушыларға тиянақты білім беріп шығармашылық ойлау қабілетін, танымын дамытуға интеграциялық сабақтың орны ерекше. Ол пәнаралық байланыстың кеңейтілген күрделі бір түрі.
Сайыс сабақ – бұл сабақтың негізін топтар арасында сұрақ жауап және кезектесіп берілетін тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері бар. Олар «көңілді тапқыштар тобы», КВН,»Брейн-ринг», «жұлдызды сағат», «бақытты шақ» сияқты атақты ойындар негізінде ұйымдастырылатын жарыстар, эстафетаалар, талас-тартыстар. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық,ойын сәті, қорытынды.