С.В.Иванов бойынша:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқу материалымен алғашқы рет-танысу сабағы,
3. Жаңа білімді менгеру сабағы.
4.Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы,
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары,
7. Бақылау сабақтары.
Б.П.Есипов бойынша:
1. Аралас сабақтар,
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы
3.Пысыктау сабағы;
4.Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы,
6. Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтса Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеген біздің тәжірибемізге ұқсастығы. Байқаймыз.
1 Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы,
2. жаттығу сабағы.
3. Қорыту сабағы,
4. Қайталау, білім сынау сабағы.
5. Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде? көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. Кіріспе сабағы.
2. жаңа білімді хабарлау сабағы.
3.білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4.Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
5. Зертханалық сабақ.
6.Қайталау-қорыту сабағы.
7.Оқушылардың Білімдерін, біліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.
8. Аралас сабақ.
9.Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруде көздесе, осыған орай «Жаңа білімді хабарлау сабағы» деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол «Жаттығу немесе практикалық сабақ» деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материялын оқушылардың есіне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол «Қайталау-қорыту сабағы» деп аталады.
Қазіргі кезде сабақтың 20-дан астам типтері бар. Бірақ, олар бірыңғай жүйеге келтірілмейді. (Соңғы жылдары В.О.Онищуктің . (1976), Г.Д.Кирилованың (1980), М.И.Махмутовтың ,(2981) кітаптарында кейбір құнды пікірлер сұрақтар түрінде айтылған: Сабақтың қандай элементтері өзгермейді? Сабақты, құрудың негізі болу керек пе? Әрине, бұл сұрақтарға бір мағыналы жауап беру мүмкін емес. Өйткені, бұл мәселелер терең теориялық» зерттеуді талап етеді. Ал жоғарыда көрсетілген еңбектерде де сабақтың бірыңғай типологиясы жөнінде нақты пікірлер айтылмаған. Бірсыпыра зерттеушілердің айтуы бойынша жіктеу негізінде (Сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, ал, типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу. Мысалы: , әңгіме - сабағы, өз бетінше жұмыс істеу - сабағы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |