Сабақ классификациясы жіктелуі сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ-классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе-женінде педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған



бет11/12
Дата25.11.2022
өлшемі420,4 Kb.
#159749
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
мөж №7 жоғ мект пед

Баяндау лекциясы –түсіндіру лекциясына қарағанда көлем жағынан кең мақсаты мен айтылатын пікірлері жағынан күделілеу болып келеді. Мұнда лекция сабақ элементтері толық қолданылады. Сондықтан да бұл сабақты толық элементті сабақ деп жүргізеді. Баяндау лекциясы уақыт жағынан 25-30 минут ішіде өткізіледі. Мұғалім баяндау лекциясын сапалы да тиімді өткізу үшін, алдымен лекция тезисін, сабақтың күрделі жоспарын жазады. Лекция тараулары жоспарларға қаралатын проблемаларды сұратып алады. Сонан соң баяндау лекциясын өткізудің әдіс тәсілдерін іріктейді. Мәселен, бұл сабақты жүргізуде әңгіме, түсіндіру, хабарлау әдістерінің құрылымдылық элементтерін іске асырады.мұғалім осы сабақты жүргізу процесінде қайсы әдіс элементтерін пайдалануды өзі таңдап алады. Баяндау лекциясы тілдік материалды монологтық сөйлеу әдісі жүйесі бойынша алып барады. Мұнда мұғалімнің сөзі, түсіндіруі басым болады. ал түсіндіру лекциясы болса, диалогтық сөйлеу әдісі жүйесіне бейімделеді.
Өйткені мұнда мұғалім мен оқушылардың сөйлесуі тепе-тең келеді. баяндау лекциясының құрылымдық элементтері мынадай уақыт мөлшерімен өлшенеді.
1.лекцияның тақырыбы жазылып,көрнекі құралдар ілінеді (1-2 мин)
2.оқулықтың және қосымша дидактикалық материалдың беттері айтылып,негізгі проблемалар жазылады (4-5 мин)
3.лекция мазмұны баяндалады. (25-30 мин)
4. сұрақ қойылады (2-3 мин)
5.тұжырымды қорытынды жасалады. (1-2 мин)
6. берілген сұрақтарға жауап қайтарылады (2-3 мин)
Шолу лекциясы-өткен салалар мен олардың құрамына енетін тақырыптарды жинақтап қайталау мақсатында өткізіледі. Сондай ақ шолу лекциясы бастапқы, мерзімді және қорытынды қайталау түрлерінде де жүргізіледі.
Қорыта айтқанда оқыту жұмысын ұйымдастырудың қандай формасын қодансақ та , сабақтар жүйесінде олардың көздейтін мақсат- міндеттері, мазмұны өзара бір-бірімен байланыста, бірін-бірі толықтыратындай жағдайда, оқушыладың білім дәрежесін нығайтып, жетілдіруде едәуір көмек етеді. Сабақ типіне қарай дәстүрлі және дәстүрлі емес деген үлкен 2 топқа бөлінеді. Дәстүрлі сабақтармен қатар дәстүрлі емес сабақтар да оқыту жүйесінде кең орын алды. Дәстүрлі емес сабақтар жайында 2 жақты көзқарас қалыптасқан.
ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, республикамызға еңбегі сіңген мұғалім Қанипа Бітібаева дәстүрлі емес сабақтың кейбір түрлерін атап, сипаттама берген болатын. Олар:
1.Дәріс сабақ
2.Семинар сабақ
3.Пәнаралық байланыста оқытуға негізделген үштік сабақтары
4.конференция сабағы
5.сот сабақтары
6.жәрмеңке сабағы
7. пресс-конференция сабағы
8.концерт сабағы
9.пікірталас сабағы
10.айтыс сабақтар
11.композициялық сабақтар
12.көзқарас сабағы
13.брифинг сабақтары
14. іздендіру сабақтары
15. практикалық сабақтар
16.емтихан- есеп сынақ сабақтары
17. реферат қорғау сабақтары
18 пікір қорғау сабағы т.б
Пікір сайыс сабақтарын өткізу үшін ең алдымен жақсы ситуация бола алатындай тақырып таңдап алған жөн тақырып сәтті таңдалған уақытта оқушылардың эстетикалық талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім –іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға болады.

Тиімділігі: пікірсайыс сабақтарын жүйелі өткізгенде, оқушылар ұжымдаса отырып, мынадай нәтижелерге жетеді: материалдың ғылыми жағына көбірек көңіл бөледі, мәдениетті ақыл-ой тұрғысынан ойлауға үйренеді, адамдар арасында өзін ұстай білуге, әңгімелесуші адамды тыңдай білуге үйренеді, тапқырлыққа баулиды.
Сот сабағы – қорытынды ретінде ойын түрінде өткізіледі. Кейіпкерлер, қараушылар,куәгер,күнәһар, қорғаушы, сарапшылар, айыптаушылар болады. негізі: тартыс,айтыс, дәлелдеу.
Тиімділігі: оқушыларды әділеттілікке , мейірімділікке баулиды, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет