Сабақ тақырыбы: Менің үйім Сынып: 2 «а,б,в» Күні 01. 2015ж. Пән атауы: Қазақ тілі



Дата26.08.2017
өлшемі91,28 Kb.
#29043
түріСабақ
Абдираимова Раъно

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Қысқа мерзімді жоспар. 2015-2016 оқу жылы

Сабақ тақырыбы:Менің үйім

Сынып: 2 «а,б,в»

Күні :9.01.2015ж.

Пән атауы: Қазақ тілі


Уақыт өлшемі


Жоспар мазмұны


Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар




3 мин

Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушыларды психологиялық дайындау

Өзін-өзі реттеу


Сыныпқа ену,оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу. (Жүректен- жүрекке ойыны арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтады)

Орындарынан тұрып сәлемдеседі. Жылы қабақты сезінеді. Бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін жеткізді.

-Сәттілік тілеймін.

-Бүгінгі күнің табысты болғай!





5 мин

Үй тапсырмасын сұрау «Серпілген сауал» әдісі.

«Серпілген сауал» әдісін қолдану арқылы өтілген сабақтан білімдерін пысықтаймын.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап береді

Доп, оқу – құралдары.

15 мин

Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ «Менің үйім»

«Үш қадамдық сұхбат» әдісі.


«Менің үйім» тақырыбындағы мәтінмен топпен, жұппен жұмыс жүргізуін бақылаймын. Тәуелдік жалғауына назар аударуларын ескертемін. Төртеуден топтарды жұптарға бөлемін:

А және Б, В және Г.

1 қадам А сұхбаттайды Б,

ал В сұхбаттайды Г.

2 қадам керісінше.

3 қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөлісуін бақылау.



Төртеуден топтар жұптарға бөлініп, мәтінмен жұмыс жүргізеді.

А және Б, В және Г.

1 қадам А сұхбаттайды Б,

ал В сұхбаттайды Г.

2 қадам керісінше.

3 қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі . Мәтіннен тәуелдік жалғауын тауып, ережесін мысалдармен дәлелдейді.



Оқулық,

7 мин

Тапсырмалар орындату

Слайдтан көрсетілген суреттер арқылы сыни ойлай отырып, өз үйі жайлы айтқызу. Шағын әңгіме құрату, әр топтың көшбасшысына қорғау жұмысын жүргізтемін.


Слайдта көрсетілген суреттерге назар аударып, өз үйі туралы айтуға ден қояды. Шағын әңгіме құрай отырып, әңгімегедегі сөйлемдерден тәуелдік жалғауларын табады. Топ арасында сызған постерлерін көшбасшы шығып қорғайды

Слайд,суреттер,плакт,маркер, дәптер,қаламсап.

6 мин

Сабақты бекіту

Ертегі оқып, әр топқа ертегі бойынша тапсырмалар орындатамын.

1-топқа. Ертегідегі кездескен тәуелдік жалғауын табуды тапсырамын.

2-топқа. Үй туралы айтылған сөздерге байланысты суреттер салуды тапсырамын.

3-топқа. Отбасы, үй сөздеріне қатысты мақал-мәтелдер айтқызып, мағынасын ашқызамын.


1.Ертегідегі кездескен тәуелдік жалғауын тауып, оның қай жақта тұрғанын дәлелейді.

2-топ.Үй туралы айтылған сөздерге байланысты суреттер салады.

3-топ.Үй, отбасы сөздеріне қатысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашады.



Дәптер, қалам.
Плакат,маркер.

3 мин

Бағалау

Критерийлер бойынша қойылған бағалау парақшасындағы бағалармен таныстырамын.

Әр топ бір-бірін бағалайды.Мұғалімнің қойған бағасына назар адарады

Түрлі-түсті стикерлер. Бағалау парақшалары

3 мин

Үйге тапсырма

5-жаттығу. Орындалу шартын таныстырамын

Тапсырманың орындалу шартын түсініп, түртіп алады.

Оқулық дәптер, күнделік, қалам.

3 мин

Рефлексия

«Басбармақ» әдісі бойынша бүгінгі сабақты тиянақтаймын. Сабаққа рефлексия жазуды тапсырамын.


Не ұнады? Не ұнамады? Сенің пікірің? Сұрақтарына жауап жазады

Түрлі-түсті стикерлер


Абдураймова Рано.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.


Уақыты:

Қазақ тілі



Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі

Жалпы мақсат:

Зат есімнің түрленуі,зат есімнің көптелуі туралы түсінік

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа электронды оқулық

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.





Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңберіміз «Жүректен жүрекке» деп аталады.

Балалар, Махаббат періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу






Қызығушылықты ояту

Жұмбақты шешу

Білдіреді ол атауды

Қимылдың ол иесі

Онсыз болмас әрекет

Сөйлемнің басты кейіпкері

Ол қай сөз табы? /зат есім/



Жұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып, мақсатын айқындайды

Жаңа тақырып

БББ стратегиясы арқылы оқушылардың зат есім туралы ойларын білу.

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау.
Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты, адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала - мын, сен бала - сың, сіз бала - сіз, ол бала. Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы: Мен асқар таумын, Сен төбесің, Сен темірсің, Мен көмірмін, еріткелі келгенмін.
Көптік жалғау алты түрлі: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер. Сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді. Мысалы: оқушы - лар, үй - лер, қыз - дар, мектеп - тер т. б.
Көптік жалғау өзі жалғанған сөз заттың тек көптігін ғана емес сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді. Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде, үйдің, шайдың көптігі емес сол заттарға қатысты болып тұрған адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін, сол кісінің көптігін емес, оның қасында көп кісі бар екенін көрсетеді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде беріліп тұр.
Ескерту: Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды: мал, мұнай, газ, тары т. б.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Бейнеклип арқылы билету

Оқушылар сергіп, демалады

Шығармашылық жұмыс


Білгіміз келеді бөлігі бойынша оқушылардың жазғандарына жауап іздестіру, талдау

Оқушылар БББ стратегиясының білгім келеді бөліміне сәйкес ізденіс жұмыстарын жүргізіп, талдау жасайды.Қосымша әдебиеттер мен ғаламторды пайдаланады

Үйге тапсырмасын беру

Тілтаным тапсырмасын орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Критерий арқылы бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет