Сабақтың мақсаты: б ағалауға арналған тапсырмалардың формаларын (бағалау құралдары), типтік қателерін дайындау, талдау



бет10/12
Дата28.06.2022
өлшемі38,23 Kb.
#147142
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Практикалық жұмыс

10-ПРАКТИКАЛЫҚ Жұмыс
Тақырыбы: Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жопарлау.
Сабақтың мақсаты: орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.
Әдістемелік нұсқаулық:. Оқу бағдарламасын сыныпқа тән жеті модульді ықпалдастыра тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, ол – «орта мерзімді жоспар» болып табылады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
Орта мерзімді жоспарды жоспарлауда:
·Жұмыс кезеңдері дәйекті болады;
·Жеті модуль ықпалдаса алады;
·Әр сабақ үшін оқу мен оқыту мақсаты анықталады;
·Оқыту және оқу нәтижесі айқындалады;
·Сабақтың әр кезеңінде алға ілгерлеу жоспарланады;
·Барлық оқушыларды қамту жүзеге асады.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады
Тапсырма:

  • Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар дегенді қалай түсінесіздер.

  • Таныстырылым: Блум таксономиясы презентациясы.

  • Таныстырылым: «Қысқа мерзімді жоспар» үлгісі, мақсаты, маңыздылығы.

  • Таныстырылым: Сабақта қолданылатын стратегиялар, талқылау тәсілдерінің жинағымен таныстыру.

  • Практикалық тапсырмалар арқылы орта мерзімді жоспарды құруға үйрету.

  • Барлық әріптестер орындарынан тұрып, балалық шаққа саяхат жасап, ән айтып, би қимылдарын жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет