Ахмет Әуезов (1897-1974), Мұхтар Әуезовтің тетелес інісі, 15 күндей айырмашылығы бар. Әуездің үлкен әйелі
Дінәсілден Мұхтардың әкесі Омархан, кіші әйелі Сақыштан Арынбек, Қасымбек, Ағзам және Ахмет туған. Бұлар бірге өседі, атасы Әуездің тәрбиесін бірге кереді. Алғаш ауылда хат таныған олар Қасымбектің ұйғарымымен Семейдегі 5 сыныптық орыс мектебінде, одан соң оқытушылар семинариясында оқиды. Ахмет әр турлі қызметтер атқарады. 20-30-жылдардың саяси ағымына байланысты Қазақстанның оңтүстік облысына қоныс аударады да, өмірінің соңына дейін сонда тұрып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |