Сабақтың түрі: қайталау. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру



бет11/12
Дата04.05.2017
өлшемі3,95 Mb.
#15547
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҮІІ. Бекіту. Балалар, бүгін біз не үйрендік?ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 8. 18- бет. Бағалау
89. Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері

Мақсаты: балаларды екі таңбалы санға қалдықпен бөлу тәсілімен шығаруды таныстыру, жазбаша бөлу тәсілдерін үйрету; салыстыру, талдау біліктігін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Көрнекілігі: сызба Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық .Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8 (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Өткенді қорыту: 1. Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз? Көбейткіштердің орны ауысқаннан ... ? 2. Ауызша жаттығулар. №1

Бөліндінің мәні мен қалдықты атау.

425:20=21 (қалд.5) 812:90=9 (қалд.2) 723:8=80 (қалд.3)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. №2 а) есептеулерді құрастыру, бірінші толымсыз бөлінгішті анықтау. Есептеу мен оны тексерудің қалай орындалғандығын түсіндіру.

ә) өзіндік жұмыс ретінде орындау.

3 есеп талдана отырып шығарылады.

а) 3750:15=250(км/сағ) – 1-пойыздың жылдамдығы.

5880:21=280 (км/сағ) – 2-пойыздың жылдамдығы.

280-250=30 (км/сағ) – 2-пойыздың жылдамдығы осыншама артық.

ә) баға қойылатын өзіндік жұмыс ретінде орындау.

1) 2520:84=30 (сағ) – жолдағы уақыт 2) 72∙30=2160 (км) – 1-пойыздың жолы.

3) 2160+2520=4680 (км) – пойыздар арасындағы қашықтық.

ҮІ. Сергіту сәті.


  • Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)

  • Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)

  • Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)

Мұғалім: ал жемістер, сап түзейік бәріміз,

Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз. (қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)



ҮІІ .Түсінгендерін тексеру: №4. а) Шешуі: 240: (36-28) =30 36∙30=1080 28·30=840

Жауабы: үлкен залда 1080, ал кіші залда 840 орын бар.

ә) Шешуі:16: (7-5) =8 (л) 7 ∙ 8=56 (л) 5∙8=40 (л) Жауабы: әкесі 56 л, ал ұлы 40 л су әкелді.

№5,6, өзіндік жұмыс ретінде орындау.



ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?- Нені үйрендіңдер?

Шығармашылық жұмыс. №8 а) көбейтінділері олардың бөліндісіне тең болатын екі сан ойла: 1·1=1:1 2·1=2:1

ә) Көбейтінділері олардың қосындысына тең болатын үш сан ойла:

1+2+3=1·2∙3

б) Екі санның көбейтіндісінің мәні көбейткіштердің біріне тең бола ала ма? Әр көбейткішке ше? (Егер көбейткіштердің бірі 1-ге немесе 0-ге тең болса; егер көбейткіштердің екеуі де 1-ге немесе 0-ге тең болса). Үйге тапрсыма: № 7 ; 19 бет. Бағалау


90. Тақырыбы: Өткенді пысықтау

Мақсаты: балаларды екі таңбалы санға қалдықпен бөлу тәсілімен шығаруды, жазбаша бөлу тәсілдерін пысықтау; салыстыру, талдау біліктігін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Көрнекілігі: сызба Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7 (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Өткенді қорыту: 1. Ауызша жаттығулар. №1



ІҮ. Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. №2 кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар.

3 есеп талдана отырып шығарылады.

Шешуі: 1680: (16+40) =30 Жауабы: әр қорапта 30 қыштақта бар.

№4,5 жаттығуларды өзіндік жұмыс ретінде орындау.



ҮІ. Сергіту сәті.

  • Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)

  • Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)

  • Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)

Мұғалім: ал жемістер, сап түзейік бәріміз,

Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз. (қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)



ҮІІ .Түсінгендерін тексеру: №6 тапсырманы талдай отырып шығару. Параллель түзулер дегеніміз не? Үшбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?-Нені үйрендіңдер?

Шығармашылық жұмыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет