Сабақтың түрі: қайталау. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру



бет1/12
Дата04.05.2017
өлшемі3,95 Mb.
#15547
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ІІ тоқсан.

Тақырыбы: Өткенді қайталау.

Мақсаты: көп таңбалы сандармен есептеу тәсілдерінің өтілген түрлерін қайталау; жылдамдық, уақыт, қашықтықты табуға берілген есептерді шығару дағдыларын бекіту; құрама есептерді әртүрлі тәсілмен шығару.

Сабақтың түрі: қайталау. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:

№ 1. 50 ∙ 10 = 500 900 ∙ 30 = 27 000 48 000 : 20 = 2 400 6 000 : 300 = 20 т.с.с.



ІІІ. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс істеу: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Өздік жұмыс. № 2. Сандарды оқы. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. 105 789 = 100 000 + 00 000 + 5 000 + 7 00 + 80 + 9 т.с.с.

№ 3. Жұптық жұмыс.

v = 7 км/сағ v = 7 км/сағ = =

t = 10сағ t = 3сағ

s = ? s = 7 км/сағ ∙10сағ = 70 км s = ? s = 7 км/сағ ∙3сағ = 21км т.с.с.

№ 3(ә). Есепті екі тәсілмен шығар.

1 тәсіл: Ш: 5 478 – ( 2 058 + 1 986) = 1 434

2 тәсіл: Ш: (5 478 – 2 058) – 1 986 = 1 434



ІҮ. Сабақты пысықтау:

Топпен түсіндіріп. І топ – № 5. Амалдар ретін анықта. Өрнектердің мәнін тап.

50 005 – (1 534 + 827) – 1 005 = 46 639 706 250 – (50 000 – 2 341) + 55 559 = 714 150

ІІ топ – № 6. Салыстыр.

6мин 20с = 380с 106мин > 1сағ 6мин 643с > 6мин 43с

ІІІ топ – № 7(а). Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

14ғ. = 1 400 ж. 10см2 = 1000 мм2 3см2 = 300мм2 11 020кг = 11 020 000г т.с.с.

Ү. Бекіту. №8. Есепті шығар. Ш: 1 425м ∙ 2 + 3 785м ∙ 4 = 17 990м = 17км 990м

Шығармашылық тапсырма. № 9



ҮІ. Үйге тапсырма: № 4, № 6(ә). 101 - бет. Бағалау

Тақырыбы: 10-ға, 100-ге, 1 000-ға ауызша көбейту және бөлу. > < * =

Мақсаты: 10-ға, 100-ге, 1 000-ға көбейтудің тәсілдерімен таныстыру; қозғалысқа берілген жай есептерді шешу, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі: жаңа. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:

№ 1.ауызша түсіндіріп шығару.



10-ға көбейту кезінде санның оң жағына бір нөл қосылып жазылады.











































ІІІ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

Ү. Бекіту. Шығармашылық тапсырма. № 8 кесінділер сызу.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 2. 103 - бет.

Бағалау

Тақырыбы: Санды көбейтіндіге көбейту

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды санды көбейтіндіге көбейту тәсілімен таныстыру, есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету; 2. Математикалық ой - өрісін дамыту;

3. Ұқыптылыққа тәрбилелеу;



Типі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық

Көрнекілігі: кестелер

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

II. Үй тапсырмасын тексеру

№3. (балалардың жазба жұмыстарын тексере отырып, жауаптарын салыстыру)



III. Жан-жақты білім тексеру ( кестелер тарату)

IV. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. №1 ауызша есептеу.

1. Түсіндіру. ( көбейтудің терімділік қасиеті) a*(b*c) = (a*b)*c=(c*a)*b

Екі көрші көбейткішті олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады.

3 ∙ (2 ∙ 5)=30 (2 ∙ 3) ∙ 5=30 (5 ∙ 3) ∙ 2=30

№4. а) (5 ∙ 8) ∙ 10=400 ә) 10 ∙ 20=200 200 ∙ 30=6000. №5. Өзіндік жұмыс.

Сергіту сәті.

VI. Жаңа сабақты пысықтау.

№7. Топпен орындау, талқылау.

а) пәтердің жобасын қара. Қонақ бөлменің, ас үйдің аудандарын тап. Пәтердегі барлық бөлменің ауданы нешеге тең? Сызбадағы бір тор көздің қабырғасы 50см – ге тең. (пәтердің әр түрлі жобаларын таратып беру)

ә) осы бағытта талқылау, орындау.

№8. Жарыс түрінде өткізу. Үш топ бойынша.

1300 - 846 1700 - 975 1500 - 726

1300 - 745 1700 - 243 1500 - 396

1300 - 972 1700 - 943 1500 - 423 т.с.с

№9. Кеңістіктік ойлау қабілеттерін дамыта отырып орындау.

VII. Сабақты қорытындылау. -Бүгін не білдік?

VIII. Үйге тапсырма. №3, №6. 105-106 бет Бағалау

Тақырыбы: Санды көбейтіндіге бөлу.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды санды көбейтіндіге бөлу тәсілімен таныстыру, есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету;

2. Математикалық ой - өрісін дамыту;

3. Ұқыптылыққа тәрбилелеу;

Типі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық Көрнекілігі: кестелер

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

II. Үй тапсырмасын тексеру. №3, №6 III. Жан-жақты білім тексеру

Математикалық диктант 560-ты 2 есе арттыр 560-ты 200-ге арттыр

Сандардың қосындысы 900, 1-ші қосылғыш 320. 2-ші қосылғышты тап.

1800 - ден 2 есе кем санды жаз. т.с.с



IV. Мақсат қою. - Бүгінгі сабақта санды көбейтіндіге бөлудің тәсілдерін оқып үйренеміз.

V. Жаңа сабақ. Жаңа сабақпен таныстыру. №1 1 тәсіл. a : (b ∙ c) 2 тәсіл. a : (b ∙ c) = (a : b) : c 3 тәсіл. a : (b ∙ c)=(a : c) : b 18 : (2 ∙ 3) = 18 : 6 = 3 18 : (2 ∙ 3) = (18 : 2) : 3 = 3 18 : (2 ∙ 3) = (18 : 3) : 2 = 3

№2. Өз бетінше орындау, соңынан тексеру.

№3. Есепті ұжым болып талқылай отырып, әртүрлі тәсілмен шығару.

250 : 5 = 50 (пальто) 50 : 10 = 5 (күн) т.с.с

№4. 1-ші бағанын түсіндіре отырып орындау. (жазбаша бөлу тәсіліне дайындық)

354 252 : 10 60 341 : 100

78 003 : 1000 812 496 : 10 000

VI.Өткен материалды бекіту №5. Теңдеу құру. 643 – х = 585 : 5 1200 – x = 18 ∙ 6

№7. Геометриялық тапсырманы орындау.

Қабырғасының ұзындығы 85мм, ені 23мм-ге кем тіктөртбұрыштың ауданын тап.

№8. Логикалық есеп.



VII. Сабақты қорытындылау. Бүгін не білдік?

VIII. Үйге тапсырма.№3 (ә), №4 (2)

Бағалау.



Тақырыбы: Тікбұрышты параллелепипед

Тікбұрышты параллелепипед көлемі

Мақсаты: дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3 тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:


  • «Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.

7 200 : 8 + 100 – 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000

8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 – 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100



  • Көркем жазу минуты.

  • 57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.

Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.

Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)




«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру

№ 1(ә). Салыстыр. 5 м3 > 5 000 000см3 10 000 см3 > 5 дм3 5 см3 = 5 000 мм3 т.с.с.

№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т.с.с.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 3. Ауызша салыстыру.

№ 4. Топпен жұмыс. 1-топ – № 4(а), 2-топ – № 4 (ә), 3-топ – (б).

1 топ: V= 50м ∙ 10м ∙ 2м = 1 000м3 (көлемі)

50м ∙ 10м = 500 м2 (бассейннің түбінің ауданы)

50м ∙ 2м = 100м 2 (бассейіннің бір бүйірінің ауданы)

10м ∙ 2м = 20м2 (бассейіннің екінші бүйірінің ауданы)

2топ: V= 7м ∙ 5м ∙ 3м = 105м3 (бөлменің көлемі)

S = 7м ∙ 5м = 35 м3 бөлменің еденінің ауданы.

3 топ. S = 12м2 V= 12: 3 ∙ 2 ∙ 3 = 24 м3

Һ = 2м

В = 3м


V= ?

№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.



Ұзындығы

Ені

Ауданы

Периметрі

12см

7см

84см2

38см

16мм

5мм

80мм2

42мм2

35м

20м

700м2

110м

№ 6. Топтық жұмыс.

І топ: Ш: 958 – (429 + 297) = 232 (бастауыш сынып оқушылары)

ІІ топ. Ш: 78 – ( 15 + 15 ∙ 2) = 33 (см) (үшінші қабырғасы )

ІІІ топ. Ш: 5т = 5 000кг. 5 000 – 900 кг ∙ 3 = 2300 (кг)( картоп қалды.)



ҮІ. Бекіту. № 7. Жұптық жұмыс.Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.

(750 – 50) : (25 ∙ 2) = 14 960 : (45 : 15) = 16 404 : (200 + 2) = 2 т.с.с.

Шығармашылық тапсырма. № 9. Кезекпен жазып өрнек құру.

23 + 67 + 159 + 41 = 290 23 + 111 + 159 + 7 = 300 23 + 441 + 159 + 267 =890 т.с.с.



ҮІІ. Үйге тапсырма: №4 110 бет.

Бағалау

Тақырыбы: Көлемнің өлшем бірліктері.


Мақсаттары:
Білімділік: денелердің көлемі, көлемді өлшеу бірлідктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көлемді фигуралардың көлемін есептеп табу ережесін меңгерту;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Ойын элементтері кірістірілген сабақ
Сабақтың технологиясы: ақпаратттық оқыту технологиясы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, математикалық диктант, салыстыру, талдау, проблемалық әдіс, өзін - өзі бағалау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің макеттері
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Ұйымдастыру
- Амандасу
- Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру
- Психологиялық дайындық
Мен бәрін жасай аламын!
Бүгінгі күн тамаша!
Мен өзімді жақсы сезінудемін!
Менің көңіл күйім керемет!
Мен сабақ оқуға дайынмын!
Мен өзіме сенімдімін!
2. Жаңа сабаққа дайындық
«Артық фигураны тап»
Қорытынды: мұнда артық фигуралар – текше мен тікөртбұрышты парллелепипед, себебі олар көлемді фигуралар, қалғанхдары жазық фигуралар.
Проблемалық сұрақ қою:
Біздің отырған сынып бөлмесінің ішінен менің қолымдыағы текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің қанша орны алып тұруы мүмкін? Яғни оның көлемінің қанша екендігін қалай білуге болады? Оны білу үшін жаңа тақырыпқа назар аударайық.
ІІ. Жаңа мағынаны тану
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(Интерактивті тақта арқылы түсіндіру)
Текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері көрсетіліп, олардың көлемін қалай табу керектігі айтылады.
Көлемнің өлшем бірліктері:
1 см = 1 сантиметр куб
Бұл – қабырғалары 1 см текше
1 дм = 1 дециметр куб
Бұл – қабырғалары 1 дм текше
1 м = 1 метр куб
Бұл – қабырғалары 1 м текше
Текшенің көлемін табу үшін оның қырын көбейткіш ретінде үш рет алып көбейтіп, көбейтіндінің мәнін табу керек.
V = a*a*a = а
Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін, ұзындығын, енін, биіктігін көбейту керек.
V = a*b*h
2. Жаңа тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс
Екі оқушыны тақтаға шығарып қолдарына текше мен тіктөртбұрышты параллелепипдтің макеттері беріледі. Олар сызғыш арқылы текшенің қырын,
Параллелепипдтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп, олардың көлемін есептеп табады
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
1. Оқулықпен жұмыс
№2. Берілген текшелердің көлемін тап
1) V = 2 см*2 см*2см = 8 см
2) V = 5 см * 5 см * 5 см = 125 см
3) V = 8 см * 8 см * 8 см = 512 см
№3. Есепті шығар
а) Қораптың ұзындығы 9 см, ені 8 см, биіктігі 5 см. Қораптың көлемін есепте.
Шешуі: V = 9 см * 8 см * 5 см = 360 см
ә) Осы қораптан әрбір жағы 2 см артық болатын қораптың көлемін тап.
Шешуі: V = 11 см * 10 см * 7 см = 770 см
№4. Есепті шығар
а) Егер ұзындығы 50 м, ені 10 м, ал тереңдігі 2 м болса, хауыздың көлемі қандай?
Шешуі: V = 50 м * 10 м * 2 м = 1000 м
ә) Осы хауыз түбінің ауданын есепте.
Шешуі: S = 50 м * 10 м = 500 м
б) Хауыздың бүйір қабырғаларының аудандарынығң қосындысын есепте.
Шешуі: S = (2 м * 50 м) + (50 м* 10 м) = 600 м
№5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз жақтары мен периметрін тап.
Ұзындығы Ені Ауданы Периметрі

Сергіту сәті


Ал енді біз тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Апа, ата, ағалап,
Тағы, тағы ұрамыз.

№7. Сыныпта 20 оқушы бар. Әр оқушыға дәптер, қалам және сызғыш сатып алынды. Барлық дәптер, қалам, сызғыш үшін қанша төленді?


а) 20 *20 = 400
ә) 6 *20 = 120 400 + 200 +120 = 720
б) 10 * 20 = 200
Жаңа сабақты бекіту
Математикалық диктант
1. Қыры 3 см текшенің көлемі неге тең?
2. Тіктөртбұрышты параллелепипедтің неше қыры бар?
3. Текшенің неше жағы бар?
4. Қыры а см болатын текшенің көлемі неге тең?
5. Текшенің жақтары қандай фигура?
6. Шаршының қабырғасы 7 см. Ауданы неге тең?
7. Тіктөртбұрышты парллелепипедтің өлшемдерін жаз
8. Ең үлкен үш таңбалы санды жаз
Дұрыс жауаптар:
3
1. 27 см
2. 12
3. 6
3
4. а см
5. Шаршы
2
6. 49 см
7. Ұзындығы, ені, биіктігі
8. 999
Үй тапсырмасын беру
а) ережені жаттау
ә) № 6, 8 113 бет
Бағалау
Математикалық диктанттың бағасы бойынша және оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктеріне қарай бағалау.

Тақырыбы: Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеттеріне негізделген есептерді шығару

Сабақтың мақсаты: 1.Есепті шешу және есептеуді тиімді орындау кезінде амалдардың өтілген қасиеттерін қолдануға үйрету;

2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау,

есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3. Ұқыптылыққа тәрбилелеу;



Типі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық

Көрнекілігі: кестелер, геом. фигуралар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жан-жақты білім тексеру. №1. Тиімді тәсілмен есептеу.

IV. Мақсат қою.

V. Жаңа сабақпен таныстыру. №2. Геометриялық фигураларды пайдалана отырып көлемді әртүрлі тәсілмен табуды үйрету.

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін әртүрлі тәсілмен табуға болады:

V= abc = acb = bca = bac = c ab = cba

№3. Өрнектер құрастыру. №4. Есепті шығар.

Еңбек сабағында 4А сыныбы 60 шырша ойыншығын, 4Ә сыныбы 40 шырша ойыншығын дайындады. Олар 200 шырша ойыншығын неше сабақта жасайды? 200:(60+40)=2 ( сабақ )

№5. Өз бетінше жұмыс.

Сергіту сәті.

№6. Есепте. ( 6ц 5кг – 105кг) ∙ 300+4т 3кг 16кг : (20кг 560г – 19кг 560г)

№7. Сәйкестенрдіру тәсілімен шығару. Қазының 1кг 700теңге тұрады.

№8. Мұны білу пайдалы. 2, 4, 6, 8 – жұп сандар 1, 3, 5, 7, 9 – тақ сандар

Сандарға қараңдар: 234, 678, 910 т.с.с жұп сандар деп атауға бола ма?

VI. Сабақты қорытындылау. Бүгін нені білдік?

VII. Үйге тапсырма: №6 117 бет, сіріңкенің қорабының көлемін әртүрлі тәсілмен табу.

Бағалау.



Тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: 1. Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту жне бөлу тәсілдерін үйрету, 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, сте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбилелеу;

Типі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық

Көрнекілігі: кестелер Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жан-жақты білім тексеру.

Геометриялық материалдармен жұмыс. Қораптардың көлемін анықтау.



IV. Мақсат қою. Мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақ. №1. Өрнектерді салыстыр. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ата.

231 ∙ 10 ∙ 2 2310 ∙ 2 231 ∙ 2 ∙ 10 231 ∙ 20

231 ∙ 100 ∙ 2 23100 ∙ 2 231 ∙ 2 ∙ 100 231 ∙ 200

231 ∙ 1000 ∙ 2 231000 ∙ 2 231 ∙ 2 ∙ 1000 231 ∙ 2000



Түсіндіру. 2310 200 = 231 10 2 100 = (231 2) (10 100) = 4621000 = 462000

№2. 24 : 6

240 : 60 = 24 онд.: 6 онд.= 4 онд.

2400 : 600 = 24жүзд.: 6 жүзд. = 4 жүзд



Нөлдермен аяқталатын сандарды нөлдермен аяқталатын сандарға бөлу кезінде алдымен бөлінгіш пен бөлгіштегі нөлдерді теңдей алып тастап, содан соң бөлуді орындау тиімді.

Мысалы: 24ОØØØ:6ØØØ=24О:6=4O

Бұл – нөлдерді алып тастау тәсілі деп аталады.

№3. Ауызша есептеу.

№4. 1-3 бағанын дәптерге орындау

Сергіту сәті.

VI. Білімді бекіту. №5. а) түсіндіре отырып орындау.

№6. Өз бетінше жұмыс. №7. Логикалық тапсырма. №8. Ауызша орындау.



VII.Сабақты қорытындылау – Нені білдік?

VIII. Үйге тапсырма: №4 ( 3 – 4 баған), №5 (ә)119 бет Бағалау.

Тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: 1. Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдерімен таныстыру. 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбилелеу;

Типі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық

Көрнекілігі: кестелер Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру. III. Жан-жақты білім тексеру.

7200 : 60 6900 : 3 4500 : 9 т.с.с.



IV. Мақсат қою. Мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақ. Жаңа сабақты түсіндіру.

164 ∙ 200 = 164 ∙ (2 ∙ 100) = 164 ∙ 2 ∙ 100 = 32 800

106 ∙ 30 = 106 ∙ (3 ∙ 10) = 106 ∙ 3 ∙ 10 = 3 180

-Осы өрнектердің шығарылуын баған түрінде орындауға болады. Баған түрінде орындаудың бірқатар нұсқаларын ұсыну. Оқушыларға 0 санын санның астына емес бір шетке жазылатын нұсқасы ыңғайлы екеніне көз жеткізу.

№ 1. Ауызша орындау. № 2. Жазба мен есептеу тәсілін түсіндіру.

Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту кезінде ,нөлдерді есепке алмай ,алдымен көбейтуді орындайды,содан кейін жауабына екі көбейткіште неше нөл болса, сонша нөлді жазады.

№ 3. жазбаша есепте

450 ∙ 300 180 ∙ 700 460 ∙ 700 460 ∙ 30

147 ∙ 2000 6800 ∙ 60 6800 ∙ 60 7410 ∙ 60 т.с.с.

№4Тиімді тәсілмен есептеу ұсынылады.

№5 а. Бір автомат – станок 1күнде 200 бөлшек жасайды.Осындай 3 автомат-станок 22 күнде неше бөлшек жасайды? Ә;б бөліктерін талдай отырып шығару.

Ой сергіту Кім жылдам ? Сиқырлы дөңгелектердегі өрнектердің мәнін табу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет