6
ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ
Саясат Нұрбек
– Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
министрі
ҚҰРМЕТТІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР!
ҚАДІРЛІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ!
Тарихымызда азаттықты аңсаған, ел егемендігі жолында, ұлт руханиятының
дамуы үшін жан аямай еңбек еткен ерен тұлғалар аз болмаған. Тәуелсіздікке
жету үшін ұлт тағдырына алаңдап,
жанкештілікпен еңбек етіп, орасан зор күш-
жігер жұмсаған бабаларымыз ешқашан ұмытылмауы тиіс. Алаш ардақтылары
туралы
сөз еткенде, Жүсіпбек Аймауытұлының сан салалы,
жан-жақты еңбегі
жөнінде сөз қозғамай өту мүмкін емес. Дара тұлға «Күнелту жолында адам
баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім, қайратының арқасында ғылым, білім,
өнер тауып, дүниежүзінің қожасы болып отыр.
Бұл заманда жан сақтауға, бас
қорғауға, тұрмысты түзетуге қалып отырған құрал – өнер, ғылым, қысқаша
айтқанда мәдениет», – деп кейінгіге сөз қалдырған.
Арда азамат қазақтың
ғылымы мен өнерінің, мәдениеті мен әдебиетінің дамуына айрықша үлес қосты.
Ж.Аймауытұлы
өзінің «Қартқожа», «Ақбілек» романдары арқылы қазақ
әдебиетін жаңа, классикалық деңгейге көтерді. Сонымен қатар оның 1926-1929
жылдар аралығында Шымкенттегі педагогикалық
техникумның ұстазы
болғанын, басты көркем шығармалары мен бірқатар педагогикалық-әдістемелік
еңбектерін Шымкент шаһарында жазғанын дәйектейтін архивтік материалдар аз
емес.
Біртуар тұлғаның пікірінше,
ғ
ылым-білімге
дұрыс бағыт беретін тәрбие
болуы керек. Оқыту, тәрбие беруді кәсіби мамандығы санаған қаламгер өз
шығармаларында осы мәселелерге де көп көңіл бөліпті.
Осы орайда оқу ордасында бүгінгі ұйымдастырылып отырған «
Достарыңызбен бөлісу: