Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет 2. Проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері



бет134/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Сурет 2. Проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері



Проблемалық оқыту технологиясы



Оқушыларды логикалық ойлауға, шығармашылық ізденіске жетелейтін ғылыми білімнің түпкілікті қарама-қайшылығын шешуді мақсат ететін мұғалім мен оқушының өзара белсенді іс-әрекетіне негізделген оқыту





Жетістігі

Кемшілігі





  1. Жалпылау және жаңа оқу материалына көшубайланыстыруаубілімді меңгеруге көп уақытты қажет етеді.н өз тәжірибесінде пайдалана аладПрактикалық білік пен іскерліктерді қалыптастыруда ұдайы тиімді бола бермейді.

  2. Басқа оқыту технологиясымен салыстырғанда бірдей көлемдегі білімді меңгеруге көп уақытты қажет етеді.



  1. нақты ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды.


  2. Оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырады.

  3. Оқушының ойлау қабілетін


  4. дамытады. жаңа байланыстарын ашуды көздейді


Оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелейді, меңгеретін құбылыстың

Оқушылардың өзіндік көзқарасының болуын қамтамасыз етеді Сурет- 65. Проблемалық оқытудағы мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекеті







Кезең

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Проблеманы қою, меңгерген білімді өзектендіру





Проблеманың мәнін ұғынатындай сұрақ қою



Проблеманы түсіну

Болжам жасау, оны негіздеу

Бағыттау

Болжам тексеру, проблеманы шешу

Бақылау сұрақтарын қою, нақтылау, түзету

Шешімді тексеру, алғашқы мәліметті салыстыру

Шешімін жасаудағы оқушы іс-әрекетін талдау

Шешімді талдау, жіберген қателіктерге сараптама жасау

Шешімнің нәтижесін келесі оқу іс-әрекетімен байланыстыру

Жалпылау және жаңа оқу материалына көшу



Бағыттау

Жетелеуші сұрақтар қою, керекті ақпарат, мәлімет беру

Оқытуда проблеманың 4 деңгейі бар:


1. Мұғалім проблеманың өзі қойып оны оқушыларды қатыстыра өзі шешеді
2. Мұғалім проблеманы өзі қояды,оөушыларға өз бетінше орындауға шығармашылық тапсырмалар береді немесе проблемаларды шешіп дандыланған мұғалімнің басшылығымен проблеманы шешеді;
3. Оқушылар пробланы қойып,мұғалім көмегімен оны шешеді;
4. Оқушылар проблеманы қойып,оны өзі шешеді;
Сонымен, проблемалық оқытудың үшінші, төртінші деңгейі кейде екінші зерттеумен юайланысты болады, сәйкесінше проблемалық оқыту-бұл стандартты емес тапсырмаларды шешуге үйрету. Үдеріс барасында оқушы жаңа білімдер алады,дағдыларын қалыптастырады маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді.
Проблемалық оқытудың артықшылығы зейіннің дамуына мүмкіншілік жасайды, байқампаздық танытады, ойлауды, оқушылардың танымдық іскерлігін дамытады, жауаптылық, шыншылдық, өзін сынау, инициативтік және өзіне баға беру әрекетін дамытады. Бұдан басқа проблемалық оқыту алынған білімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бұл біріншіден. Екіншіден мұнда Б.В.Зейгарник ашқан, психологияда белгңлң аяқталмаған объект эффектісі жұмыс істейді. Оның мәні – басталған әрекеттер, бірақ аяқталмағаны есте жақсы қалады: «әрекеттің басымен күтілетін нәтиже арасында маңызды байланыс сақталады, сондықтан бізді аяқталмағаны ойландырады, аяғына дейін істелмегені есімізде сақталады». Бұның мысалы ретінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттің университетінің «Педагогика және Психология» кафедрасы оқытушыларының экспериментін айтуға болады: білімгерлерге тапсырма ұсынылады. Тапсырманы аяғына дейін шешкен жағдайда олар келесі күні тапсырма міндеттерін, орындау тәртібін, тағы басқа қиындықпен еске алады. Егер оларға: «болды, бүгінге осы жетеді» деп айтатын болса, яғни тапсырма шешілмей қалса, келесі күні оқушылар тапсырманың міндеттері мен қалай шешу керек екендігін жақсы еске түсіре алатын болған. Бұл – аяқталмаған әрекет эффектісі.
Егер тапсырманы белгілі бір уақытта шешу керек болса, онда оны аяғына дейін жеткізу керек. Бірақ проблемалық оқыту зерттеумен байланысты болғандықтан, тапсырманы шешуге ұзақ уақытты талап етеді. Адам шығармашылық тапсырмалар мен проблемаларды шешетін іскер жағдайына тап болады. Ол тапсырма жайында ұзақ ойланады, тапсырманы шешкенше осындай жағдайда жүреді. Дәл осының аяқталмағандығы арасында мықты білім дағды мен білгірлік қалыптасады.
Проблемалық оқытудың кемшілігі оның оқу үдерісінде оқушыға қиындық туғызатындығын соның арқасында шешу жолының ізденуге көп уақыттың кетуін жатқызуға болады. Сонымен қатар бағдарламаланған оқытуға қарағанда проблемалық оқытудың технологиясын құрастыру мұғалімнің шеберлігі мен көп уақытын талап етеді. Тап осы жағдайлар проблемалық оқытуды кең қолдануға кедергі етеді. Бірақ оған талпыну керек және әрбір шебер педагог оны қолданады, өйткені проблемалық оқыту зерттеумен байланысты және осыған сәйкес дәсүрлі оқытудан ерекшеленеді. Себебі кез келген зерттеу – жаңа білім алу үдерісі, ал оқыту – белгілі білімді тарату үдерісі болып табылады. Проблемалық оқыту талаптарын зерттей отырып оқытуға, оқыта отырып зерттеуге үйрете отырып орындайды. Тек осылай ғана шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға болады.
Оқытудың жаңа әдісі мен түрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады: іскерлік ойындар, кері байланысты дәрістер, дәріс диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікір талас, ұжымдық-танымдық оқу және тағы басқалар.
Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады.
Проблемалық оқыту білімді игеру қарқынын тездетеді, қасиет спасын жақсартады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады.
Проблемалық оқыту кезінде төмендегідей жағдайлар айқын көрінеді: проблеманың тууы және оны сезіну, шешімін табуға іздену, оның дұрыстығын іздену. Проблеманы сезіну оқушыға қиын жағдайдан шығуға жетелейді, бұл , сөз жоқ оқушыны өз бетінше ойлануға мәжбүр етеді. Проблемалық жағдайда тудыратын жәйттер: проблеманың өзі, білімнің жеткіліктілігі, өз бетінше жағдайдан швғу мүмкіндігі, оқушылардың танымдық қызығуы мен зерделік белсенділігі.
Проблемалық жағдайдың бірнеше түрі бар. Бірінші түрінде оқушы проблеманы шешуге қажетті білім жүйесін таңдауда оның көптігінен қателікке ұрынады. Екінші түрінді білімнің жеткіліксіздігінен проблеманы шешудің мүмкіндігі жоқ екендігін сезінеді. Проблемалық жағдайдың үшінші түрінде оқушы білімді пратикамен ұштастыруға кезігеді. Төртінші түрінде теориялық ілімінің жетіспеушелегінен практикалық қарама-қайшылықтарға тап болады.
Сабақ өту барысынды әртүрлі проблемалық жағдайлар тууы мүмкін. Мәселен, мұғалім тақырыптың өзінен-ақ сұрақ-жауап алу арқылы оқушыларды қызықтыра алады. Проблемалық жағдайды тақырыптық мазмұнын түсіндіріп тұрғанда да жасауға болады.
Проблемалық оқыту айрықша құрылымға ие. Оның ең бастысы – оқушының проблеманы шешуде мұғалімнің басшылығы мен немесе өз бетінше жұмыс жасауы болып табылады. Құрылымның негізгі элементі – игерілген білімнің өзектілігі.
Проблемалық оқытудың өзіне тән ерекшеліетрі бар. Бірақ қатып қалған қағада жоқ, сабақты ұйымдастыру оның нақты мазмұны мен мақсатына тікелей қатысты. Сондықтан проблемалық оқытудың талабына жауап беретіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Проблемалық оқытудың жөн-жобасын толық меңгерген тәжірибелі ұстаздар сабағы төмендегідей кезеңдерден тұрады.
1- кезең. Проблеманы қою және проблемалық жағдайларды талдау: оқушыдан шешімін күткен проблеманы айқындау; проблеманы шешуге оқушының қызығуы мен талпынысы; проблемалық жағдайды талдау.
Мұғалімнің жалпы проблеманы қоюын эксперимент, эвристикалық сұхбат арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл кезеңд проблемалық жағдайларға талдау жүргізіліп, мұғалім қалдырған киын жәйттен оқушы шығуға әрекет етеді. Талдау үдерісінде белгілі мен белгісіздің ара-қатынасы айқындалып оқушы «нені білу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Сонымен жағдайды талдау нәтижесінде оқшы проблеманы сезініп, көп нәрсені айқындай түседі.
2- кезең. Оқу проблемаларын шешуге төмендегілер кіреді: шешу жоспарын құрастыру, гипотеза және оның негіздері.
Жоспар жасаудың мәні – оқушы өз бойына жинаған тәжірибесі арқылы белгілі мен белгісіздіктің арасындағы байланысты орнатуға әрекет жасайды. Осының негізінде шешімдерді табу барысында олар гипотезаға айналады.
3- кезең. Проблеманы шешуді тексеруге жататындар: бақылау жұмыстарын орындау, қатені жөндеу орында нәтижелерін тексеру және тақырыпты бекіту. Ол практика белгілі мақсатты жолмен тапсырма талаптарын мүлтіксіз орындату, сондай-ақ бақылау жұмыстарын арқылы жүзеге асырылады. Игерілген білімді қолдану шекарасы жалпыны көре білуі меңгеріледі. Бұл жұмыстың нәтижесінде пәнаралық байланыстар орнатылып, оқушының жалпы дүниетаным көзқарасы кеңейді.
Сөйтіп, проблемалық оқыту сабағын бірнеше кезеңге бөлуге болады: эксперименттік көмек арқылы тапсырмаларды орындау эвристикалық сұхбат негізінде мұғалімнің проблеманы коюы; бір немесе бірнеше гипотеза қалыптастыру бойынша мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысы;оқушының қателікті талдай білуі;проблемалық міндеттерді шешу жолындағы оқушылардың өз бетінші жұмыс жасауы, т.т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет