Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


ТИІМДІ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ- САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет8/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

ТИІМДІ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ- САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ 

Тусупова Гаухар Хамитовна 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 

Қ.Смайылов атындағы №43 орта ЖББ мектебінің 

Бастауыш сынып мҧғалімі 

 

Мухаметжанова Дина Танатовна 

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 

Қ.Смайылов атындағы №43 орта ЖББ мектебінің 

Ағылшын пәні мҧғалімі 

 

Халықтың кемеліне келіп ӛркендеп ӛсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын 

біртуар  перзенті  Шоқан  уәлиханов  айтқандай  еліміз  ӛз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  білім  мен  ғылым 

саласына ерекше кӛңіл бӛлуде. . Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-

жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек . «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп халқының болашағы 

үшін білімнің даңғыл жолын салған Ыбырай Алтынсарин бекерден бекер айтпаған. Әрбір мұғалім ӛзін 

мектептің  жүрегімін  деп  есептеп,  мектептің  жанын  кіргізердей  дәрежеде  болуы  тиіс.  Ӛз  ісіне  аса 

ықыласпен  ден  қоя  отырып,  құзырлы  мұғалім  ретінде  баланың  жүрегіне  білім  нәрін  себе  білуі  керек. 

Сындарлы оқыту туралы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің ӛз сабақтарын 

оқушының  идеясы  мен  білім  –  біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін  міндеттерге  сай  ұйымдастыруын 

талап  етеді.  Бұндай  міндеттер  оқушылардың  оқыған  тақырып  бойынша  білімдерін  ӛз  деңгейінде 

кӛрсетіп,  кейбір  болжамдар  бойынша  күмәнді  ойларын  білдіре  алатындай,  пікір  –  кӛзқарастарын 

нақтылап,  жаңа  ұғым  –  түсініктерін  ӛрістетуге  орайластырылып  құрылады.  Мұғалім  қызметіндегі 

маңызды  дүние  –  жекелеген  оқушылардың  тақырыпты  қабылдау  ерекшеліктерін,  оқушылардың 

түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай  – 

ақ  кейбір  оқушылардың  тақырыпты  ӛзіне  оңтайлы  бірегей  тәсілдермен  меңгеретіндігін  жете  түсіну  . 

Білімді  және  тәрбиелі  ,  дүниетанымы  кең  ,  ұшқыр  ойлы  ұрпақ  тәрбиелеу  үшіні  -  сындарлы  оқыту 

теориясын  сабақ  үдерісінің  негізгі  кӛзіне  айналдыру  қажет.  Осы  бағытта  білім  беру  ұйымдарының 

алдындағы  мақсат  -  мұғалімдер  тәжірибесін  үнемі  жетілдіру  және  бағалау.  Жаңа  әдіс  –тәсілдердің 

практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады . Ол үшін жергілікті және облыстық білім 

беру ұйымдары педагог кадрлардың ізденісі бағытындағы тәжірибе алмасу шараларының формаларын 

жетілдіріп отыруы  қажет.  Ұстаздар қауымының  республикалық және  ӛңірлік  тәжірибе  алмасуы  үнемі 

болуы 

шарт. 


      Алдымызда  тұрған  міндеттеріміз  мынадай  :оқушының  ӛзіндік  және  жеке  ойлауын  қалыптастыру 

оқушының шығармашылық таланттарын жан –жақты ашып кӛрсету; оқушының сыни тұрғыдан ойлау 

қабілетін  дамыту;  сабақ  үдерісінде  АКТ–ны  тиімді  пайдалану;  тарих  сабағында  оқушының 

белсенділігін 

арттыру; 

оқушылардың 

танымдық 

белсенділігін 

ынталандыру;  

оқушылардың  ғылыми  білім,  іскерлік  дағдыларды  меңгеруіне  керекті  оқу-танымдық  іс-әрекетті 

ұйымдастыру. 

ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту. 

Ұлы  данышпан  Әбу  Насыр  әл  Фараби  «  Әрекетіміз  дұрыс  болу  үшін  біздің  соған  баратын 

жолымыз 


қандай 

болу 


керек 

екенін 


анықтап 

алуға 


тиіспіз» 

деп 


атап 

кӛрсеткендей, оқушы жүрегінен жол табам деген ұстаз мына қағидаттарды естен шығармауы тиіс оқыту 

мазмұны  мен  әдіс  икемділігінің  маңыздылығы  қағидаты.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен 

деңгейіне сай оқу мазмұны мен әдісін таңдау болып табылады . 

Білім  беру  жүйесін  инновациялық  технологиялармен  жабдықтап,  білім  берудің  халықаралық 

талаптарын  меңгерудің  маңызы  айрықша.  Танымал  ғалым,  педагог,  философ,  профессор  Джон 

Дьюидің:  «Егер  біз  бүгін  балаларымызды  кешегідегідей  оқытатын  болсақ,  онда  біз  оның  ертеңін 

ұрлаймыз»  деген  ойына  негізделе  отырып,  оқушы  бойындағы  қабілетті  жетілдіріп,  оқушыларды 

болашаққа  жетелеп,  жақсы  істі  бастап  отырмыз.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңаша  кӛзқарас 

пайда  болды.   Осыған  орай  мұғалім  алдында  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жаңартып  отыру  және 

технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен 

қатар  критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  және  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  әртүрлі  құралдарды 

қолданудың  тиімділігін  арттыруды  талап  етеді.  Жаңартылған  білім  мазмұны  мұғалімнен  әрекеттік 

технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы 

әрбір  оқушының  жеке  қабілеттері  мен  шығармашылық  қатынасын  дамытуды  қамтамасыз  ететін  іс-



14 

 

әрекеттерін  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Заманауи  мұғалім  оқыту  стратегиясының  барлық 



мүмкіндіктерін  қолдану  үшін  түрлі  педагогикалық  тәсілдерді  құрамдастыруда  әртүрлі  арсеналы  болу 

қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім 

алушылармен  кері  байланыстан  тұрады.  Мұғалім  әріптестерімен  бастауыш  сыныпта  оқыту  бойынша 

желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде, коучинг және менторинг процестерінде кәсіби ынтымақтастық 

орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет. 

Қолданыстағы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда жаңартылған білім мазмұны 

бағдарламаларының оқыту мақсаттарына табысты қол жеткізудегі түрлі әдістер, технологиялар мен 

стратегияларды қолдану жӛнінде мұғалім үшін ұсыныстар берілген «Оқу процесін ұйымдастырудың 

педагогикалық тәсілдері» бӛлімі қосылған. 

Сондықтан да қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – 

оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. 

Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар ӛз нәтижелерін 

беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және 

білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін 

дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының  жеке тұлғалық күшін арттырып, 

шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда  білім мен техниканың даму деңгейі әр 

оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта 

қолданудың тиімділігі қашан да анық. Сондықтан білім беру барысында кӛптеген технологиялар 

қолданылады. Соның ішінде ең кӛп таралғаны  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 

дамыту» технологиясы. Бұл технологияның  ұтымды жері-  баланың ӛзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын 

тек қана тыңдаушы болса, қазір бала-  ізденуші, ойлаушы, ӛз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетті 

орындауға  бағыттаушы,  ұйымдастырушы. Педагог- «білім кӛзі» емес, ол – оқушының шығармашылық 

жұмысы мен еңбегінің бастамашысы, ұйытқысы, оқушыны білім алудың белсенді әрекеттеріне 

ынталандырушы, оқушының үйрену процесіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы. Мұғалім орасан зор 

кӛлемді ақпарат әлемінде оқушыға ӛзіндік кӛзқарас, түсінік пен құндылықтарды 

қалыптастыруда  жанашыр кӛмекші іспеттес. 

Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу және оқытуда стереотиптерді жоюға, ӛзінің тұлғалық 

және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол үшін он-лайн және оф-лайн режимдерінде 

әріптестерімен белсенді қарымқатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, 

ортақ проблемалар мен инновацияларды енгізуде мұғалімдердің кәсіби желілік қауымдастығын 

пайдалану ұсынылады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт 

жанына нұр құя алады», — деген сӛзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мектеп жұмысы 

мен оқушылардың жетістіктерін кӛрсетуде маңызды рӛл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық 

белсенділігі ең алдымен ӛзінің ӛткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен кӛрініс табады. Әрине алға жылжу 

үшін, алған мәліметтер мен істеген жұмыстарды саралап, қорытындылап, бағалау керек. 

Әр сабақта әдістерді түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылықтары арта түседі. Ӛз 

сабақтарымда үнемі «Ӛрмекшінің торы» ойынын, «Қапшықтағы фасоль», «Шынжыр», «Сыдырма», 

«Стикердегі 10 сұрақ», «Джигсо», «Ыстық орындық», «Бес саусақ» әдістерін  қолдану барысында 

оқушылардың оқуға, ӛз білімдерін саралауға, талдауға қызығушылықтары артады. 

«Ӛрмекшінің торы» немесе «Шырмауық» - дәстүрден тыс әдістердің бірі. Оқушылардың 

тақырыпты қай деңгейде меңгергендігі не болмаса үйге берілген тапсырманы сұрау үшін сыныптағы 

оқушылар түгелдей шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына бір бума тоқыма жібін алады. Жіптің ұшын 

қолына ұстап, үй тапсырмасынан бір анықтама немесе ереже айтқан оқушының қолына жіпті бір рет 

орайды. Келесі жауап берген оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша жауап берген әр оқушы қолына 

жіпті бір рет орай береді. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған 

оқушылардың қолындағы жіп те ӛрмекші торы секілді шиеленісе береді. Белгіленген мерзімнен кейін 

әр оқушының қолындағы жіп орауын санау арқылы ол оқушының тақырыпты қаншалықты 

меңгергендігін білеміз. Бұл әдісті сабақтың басында үй жұмысын сұрағанда немесе бекіту бӛлімінде 

пайдаланған тиімді. Мысалы дүниетану сабағында «Пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбын ӛткен 

кезде: пайдалы қазбалар неше түрге бӛлінеді, жанғыш пайдалы қазбаларды ата, құм, әктас пайдалы 

қазбаладың қандай түріне жатады?, жылу беретін пайдалы қазбаны ата, кенді пайдалы қазба дегеніміз 

не? деген сауалдарды қою арқылы оқушының қаншалықты бүгінгі сабақты меңгергенін білуге 

мүмкіндік бар. 

Қазіргі заман талабына сай ӛсіп келе жатқан жеткіншек технологияларды кеңінен пайдалануға 

бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын сабақтың тиімділігін арттыру үшін 



15 

 

және жалпы болашақ қоғамға бейім құзыретті  ӛкілдерді тәрбиелеу үшін түрлі әдіс-



тәсілдерді  қолданғанымыз жӛн. «Сұранысқа сәйкес ұсыныс болуы тиіс» дегендей, заманның 

сұранысына қарай, талабына сай мұғалімдер де жұмыстануы тиіс. 

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет