Syllabus пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі 6B01101 «Педагогика және психология»



бет7/43
Дата20.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#150052
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси (1)
СРС-ОЗ-2курс-2014-каз, Сборник стартовых диктантов (1), Дәріс 11, Жексенов Нурберген 6 апта, ФИЗИКА кантекст
Сөздік емес оқыту тәісілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады:
- визуальды
- акустикалық және т.б
Интерактивті оқытудың сөздік тәсілдеріне мыналар жатады:

  • ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен «дұрыс» жауапқа алдын-ала бағытталған жауаптар емес, мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды айту);

  • мұғалімнің өз тұғырын өзара әректтесуде анықтаушы ретінде емес, сонымен қатар студенттерге сабақ барысында «дұрыс» және «бұрыс» көзқарастарды ешқандай қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін бейтарап ретінде анықтауы;

  • сабақтың қалай және неге жүзеге асатынын түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттес / «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты юолды, келешекте қалай шешуге болады;

  • сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу.

Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс, оқу пікірсайысы; «Сократтық диалог»; ойындық жобалау т.б.
Топтық жұмыс немесе «өзаралық». Топ 4 адамнан тұратын топшаларға бөлінеді. әрбір топша аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.
1-кезең. Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни, студенттер оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жасөспірімдердіңжасөспірімдердізады. Бұл тапсырманы пайымдауға және өткізуге 15-20 минут уақыт беріледі.
2-кезең. Жұппен жұмыс. әрбір топша мүшесін өзіндік шартты белгімен бейнелейміз:4 адам – алфавиттің 4 әрпімен А,Б,в,г деп бөлінеді. Екінші кезеңде әрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. Мысалы, А-Г-В-Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне әкелу. Уақыты- 10 минут.
3-кезең. Жұп болып жұмыс жасауды жалғастыру. Төрттіктегі жұптар тағы да алмасады. Мазмұны өзгермейді. Бұрынғы жұптардың өкілдері жаңа әріптестеріне мәселені өзіндік шешудің жолдарын және жаңарту мүмкінлдіктерін іздестіреді. Уақыты- 10 минут. Осылайша топтың әрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені қалай түсінгендігін білдіреді, мәселенің табылған шешімін қорғай білуін үйренеді.
4-кезең. Топтық шешім қабылдау. әрбір төрттік жиналады. Топ мүшелерінің мәселені шешу әдістерінен хабары болса да, бұл кезеңнің мақсаты- ортақ жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, сонымен қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары мүмкін) назар аударылады. Ізденуге 10 минут уақыт беріледі.
Жұмыстың бұл формасы, яғни ақпаратты белсенді меңгеруге бағытталған біріккен іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. әсіресе, бұл өзгелерден қысылатын студенттерге көмектесіп, студенттердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсер етеді. Бірақ, барлық әдістер сияқты бұл әдістің де өзіндік кемшіліктері бар. Мәселеніселен, студенттер шағын топтың пікірімен ғана санасып, тұйықталып қалуы мүмкін. Сондықтан өзара әрекеттесудің жаңа формасы «мозайкаға» көшуге болады. Бұл әдістің мәні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді ортаға шығаруынан тұрады. Бұл әдістің мазмұны алдыңғы әдітермен бірдей. Алайда, бұл әдістің ерекшеліктері мәселенің шешімін топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Интерактивті оқыту әдістерінің түрлерін сипаттаңыз?

  2. Проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары қандай?

3 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет