Syllabus пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі 6B01101 «Педагогика және психология»


Мақсаты: Проблемалық оқытуға сипаттама беріп, негізгі ұғымдарымен таныстыру. Дәрістің мазмұны



бет6/43
Дата20.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#150052
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси (1)
СРС-ОЗ-2курс-2014-каз, Сборник стартовых диктантов (1), Дәріс 11, Жексенов Нурберген 6 апта, ФИЗИКА кантекст
Мақсаты: Проблемалық оқытуға сипаттама беріп, негізгі ұғымдарымен таныстыру.
Дәрістің мазмұны
1. Проблемалық оқытудың пәндік-мазмұндық сипаттамасы.
2. Проблемалық оқыту табыстылығының мақсаттары мен шарттары.
3. Проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары.
Проблемалық оқыту- мұғалім бойынша дербес ізденушілік іс- әрекеттерді ұйымдастыруды оның барысында оқушылар жаңа білім мен іскерліктерді меңгереді.жалпы қабілеттерді ізденушілік белсенділігін дамытады, шығармашылық іскерлігін қалыптастырады, проблемалық оқытуды мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай оқушының алдына проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырманы ұсынады. Ал оқугшы оны шешудің тәсілдері мен амалдарын ізднестіреді
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

  • оқушының логикалық қабылдауын арттырады

  • оқу еңбегініе қызығушылығын арттырады

  • өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді

  • берік білімге оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшілігі:

  • Оқушының танымдық іс- әрекетін басқаруға әлсіз ықпкл етеді

  • Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау

Проблемалық оқыту концепциясын ұсынған Занков болды. Занков дұрыс ұйымдастырған оқу дамуға алып келу керек дей отырып оқу мына принцип бойынша жүргізілу керек деді- «жоғары жұмыс дәрежесі» бұл принцип тек орташа еңбек қабілетін ғана дамытып қоймайды, баланың ерік жігерін дамытып оған бағыт пен кеңістік береді. Егер оқу материалын меңгеру барысында оқушыларға еш кедергі болмаса оқушының оқуға қызығушылығы жойылады.
Проблемалық оқытудың мәні бұл проблема бұл жауабы жоқ теоретикалық және болжамдық сұрақ, ал бұл сұрақтың жауабын табу үшін тексеру қажет. Әдетте адамның алдындағы проблема обьективті түрде пайда болады. Бұндай жағдайда ғылым ойлау әрекетін қолданады.
Проблемалық ситуация субьектінің пайда болуын оның қиындықпен қарым- қатынасын көрсетеді. Субьекті проблемалық ситуацияға түскенде бұны жай жағдай ретінде қабылдамай өзінше шешуді талап ететін проблема ретінде қабылдауы керек.
Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінде «интерактивті әдістер», «интерактивті оқыту» деген терминдер жиі кездеседі. Интерактивті әдістер мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастырғандығынан көрінеді. «интерактивті әдістер» және «интерактивті оқыту» терминдері- интер ағылшын тілінің «inter» аралық; «act» әрекет ету деген сөзінен енген.
Интерактивті әдістердің мәні- әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесіп отырып, компьютермен жұмыс жасап оқушылар-танымдық нәтижеге жетуі. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Яғни педагогикалық үрдісті демократизациялауға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесіне бір-бірінің жауаптылығын сезінеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип шын мәнінде орын алады.
Қазіргі кезде интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылып жүр.
1. «қарым-қатынас мәдениеті», «риторика», «Біз адамдар арасында өмір сүреміз», т.б арнайы оқу курстарын ендіру.
2. Оқу жағдаяттарын барынша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.
Интерактивті оқыту үрдісінде оқу диалогының сөздік және сөздік тәсілдерін қарастырып көрсек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет