Тақырыбы: Мәңгілік ел-Қазақстан!



бет5/5
Дата05.02.2022
өлшемі120,38 Kb.
#20972
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ән: Елім менің
Бекіту.
Президент көп айтты, көпке арнап айтты. Ақырын да айтты, батырып та айтты, 2025 жылы латын әрпіне толық көшеміз. Қазақтың тілі түбінде үстемдік етеді. Бұл жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Оған дейін талай-талай уақыт өтер, талай өзен ағып кетер. Қазір қазақ іргесін мықтады, есін жиды, етегін қымтады. Ендігі жол – өсу жолы. Бұл ХХІ ғасыр Қоңыр мінез қазақ баласы үшін алтын дәуір болар – ау.
Ынтымағы орнаған елдің болашағы да берекелі болмақ.
Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға бір-бір сөзден беріледі. Сол сөздерді пайдалана отырып, әр оқушы өз елімізге деген тілектерін білдіреді. Өз тілектері жазылған стикерлерді «Мәңгілік ел» плакатына жабыстырады.
-Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім күні Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін түсінді деп сенемін.
Тұғырымыз-тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!
Осымен бүгінгі алғашқы сабағымыз аяқталды.
«А» сыныбының 1 қыркүйек білім күніне арналған тәрбие сағатына сараптама.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мәңгілік ел-Қазақстан!
Мақсаты:Оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Отанын сүюге, елінің болашағына сенуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, еліміздің өркендеуіне білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ән ұранмен басталды.Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамыз бой көтерді. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Оқушылар Отанына,еліне сүйіспеншіліктерін білдіре отырып тақпақ ән –жырларын тарту етті. Соның ішінде атап айтсақ 9 «А» сынып оқушысы Әлмағамбетов Нағашыбай өзінің «Қазақстан» деген жыр шумағын білім күніне тарту етті. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.Сан ұлттың мекені болған мемлекетіміздің алар асуы алда. Бірлігі бекем елдің болашағы нұрлы, келешегі кемел.Сонымен қатар оқушылар өздерінің жүрек жарды тақпақ ән-жыр шашуларын тарту етті.Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! Оқушыларға слайд арқылы презентация көрсетілді. Оқушылар өздері елінің нағыз патриоты екендіктерін сезінді.

2016-2017 оқу жылы

Сынып жетекші: Калиева Ажар Қуандыққызы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет