Тексерілді: Күні



бет46/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

ІV Мәнерлеп оқу:
Қызарып, сұрланып
Қызарып, сұрланып,
Лүпiлдеп жүрегi.
Өзгеден ұрланып.
Өздi-өзi керегi.
Екi асық құмарлы,
Бiр жолдан қайта алмай,
Жолықса ол зарлы,
Сөз жөндеп айта алмай.
Аяңдап ақырын,
Жүрекпен алысып,
Сыбдырын, тықырын,
Көңiлмен танысып.
Дем алыс iсiнiп,
Саусағы суынып,
Белгiсiз қысылып,
Пiшiнi құбылып.
Иығы тиiсiп,
Төмендеп көздерi.
Үндемей сүйiсiп,
Мас болып өздерi.
Жанында жапырақ,
Үстiнде жұлдыз да,
Елбiреп-қалтырап,
Жiгiт пен ол қызға.
Өзге ойдан тыйылып,
Бiрiмен бiрi әуре,
Жүрекке құйылып,
Жан рахат бiр сәуле.
Жүрегi елжiреп,
Буындар босанып,
Рахатпен әлсiреп,
Көзiне жас алып.
Жүйрiк тiл, терең ой,
Сол күнде қайда едiң.
Ғашыққа мойын қой
Жеңiлдiң, жеңiлдiң!


V Өлеңді талдау:


3 3
Қы-за-рып, // сұр-ла-нып, а 6
3 3
Лү-пiл-деп // жү-ре-гi. б 6
3 3
Өз-ге-ден // ұр-ла-нып. а 6
4 3
Өз-дi-ө-зi // ке-ре-гi. б 7


1 шумақ, 4 тармақты, 2 бунақты, 6-7 буынды, шалыс ұйқасты өлең.


VІ Сабақты бекіту:
Сұрақтар:

  1. Өлең қай жылы жазылған?

  2. Ақын өлеңде не туралы айтады?

  3. Алғаш рет қай жинақта жарияланды?

  4. Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?

  5. Қандай тілдерге аударылған?



VІІ Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.



VІІІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:


Күні: 08.02.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұн, Иассауи ілімдері және Абай


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Жүсіп Баласағұн, Иассауи ілімдері және Абай жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;


ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Өлеңді жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.



ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:


Жүсіп Баласағұн, Иассауи ілімдері және Абай
Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл. Ол 85 тараудан тұратын «Құтты білік» атты кітап жазған. Кітапты шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнамасымен» қатар қойып, «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.
«Құтты білікте» кемел мемлекеттің сипаты баяндалады. Кемел мемлекетте өмір сүретін адам да кемелдену жолын іздеуі керек. Адам баласының қадір қасиеті білім мен ақылда болатынын айтып, дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Қоғамдағы әір түрлі топтардың, әр қандай кәсіп иелерінің, ел бегі, уәзір, көпес, ақын, тағы басқалардың қандай болу керектігін көрсетеді.
Ізгілікті елдің бегі мен уәзірі халықпен, айналасындағы қызметкерлермен қандай қарым-қатынас орнатады? Ғалым, диқан, сатушы, малшыларды қалай ұстау керек деген сұрақтарға жауап бере отырып, әізгілікті үлгі етеді.
«Бақыт қасиетті адамға ғана қонады», - дейді.
Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек - әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған, әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.
Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде» қамтылған мәселелер туындыгердің (автор) аса білімді адам екенін аңғартады. Ол-ойшыл ғалым, білімпаз, ақын. Кітапты ақыл-өсиет, өнеге – уағыз түрінде жазған. Бала тәрбиесіне де көңіл бөлген. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хажып (сарай министрі) атағын алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет