Тексерілді: Күні



бет47/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі (ұстазы).
Иассауи Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Иассауи деген атпен танымал. Иассауидің әкесі – Шайхы Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибраһимнің мазары - Сайрамда. Ұстазы – Арыстанбаб (Арыстан баба) пен Йасауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір құрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Йасауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің «Хикметтер» («Диуани хикмет») кітабында баяндайды.
«Диуан» - жинақ, «хикмет» - Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді. Иассауидің жүзге жуық хикметтері бар. Кітапта бес жасынан дін жолына түскенін, жеті жасында Арыстанбабты іздеп тапқанын айтады. Өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану жолдарын баяндап береді. Аузымен «Аллалаған», бірақ көңілі таза емес пенделерден жоғары болғанын медет етеді. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақырады.
Ахмет Иассауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы-Түркияға дейін таратып алып кеткен.
Иассауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына – қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуға, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.


«...Абай адамгершілікті моральдық философияда барлық жайдан жоғары қояды».
М.Әуезов

Абай өмірбаяны
Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу - өте күрделі мәселелерді молынан қамтиды.
Абайдың ғылыми өмірбаянын терең танып, ақынның заманы тудырған ерекшеліктерін біліп меңгермейінше, Абай шығармаларының қоғамдық-әлеуметтік басты сарындарын ажырата алуымыздың өзі қиынға айналмақ. 
Абайдың бірегей биографы Мұхтар Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, қалыптастыру жолында ұзақ жылдар бойы толассыз ізденді. Абай жасаған ортада туып, балалық шағынан атасы Әуез арқылы ақын өлеңін жатқа айтып, ел әңгімелеріне қанып өсуі - биограф Мұхтар Әуезовтің Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуға көп жеңілдіктер тудырды. Абайдың ақын шәкірттерімен тікелей араласып, ақын жайлы дерек мағлұматқа жастай қанып біліп өсуіне тірі архив иелерінің әсері де айтарлықтай болған. Әсіресе, Абайдың ақын шәкірті Көкбай мен Шәкәрімнің Абай өмірі мен жасаған ортасы, ақындық жолдағы рухани ізденістері туралы құнарлы әңгіме деректері жәрдемге келгенін биографтың «...Менің жұмысым жинастыру сияқты. Әуелі оның өмірін зерттедім... Көптеген деректер тобын жинастырдым. Көкбаймен, атаммен, Ділдәмен, ақынның достары, жауларымен жеке-жеке кездестім... Көкбай, Ділдә, Әйгерім, Нұрғаным... оларды көрдім, әңгімелестім» (ЛММА архиві, 398-папкі, 27-бет), - деп тебірене отырып баяндайтыны бар.
Біздер, қалың қазақ оқырмандары, Абайдың ғылыми өмірбаянын М.Әуезов 1924, 1940, 1944, 1951 жылдары, яғни төрт рет қайта толықтырып жазған нұсқаларынан оқу арқылы меңгереміз. Бұған қоса, XX ғасырдың ұлы жазушысы атанған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқу арқылы да таным-нанымымызды кеңейтіп тереңдете түсеміз.
Абайдың әдеби мұрасын өз деңгейінде тереңірек танып ұғынуымыз үшін, алдымен Абай өмір сүрген, ұлы ақынды қоғам қайраткері етіп қалыптастырған отбасы тәрбиесі мен сол заманның саяси-әлеуметтік болмысын, қоғамдық ортасын жете танып-білудің мәні айрықша болмақ. Ол үшін Абайдың өзі ғұмыр кешкен заманы мен оның атасы Өскенбай мен әкесі Құнанбайдың заманын салыстыра қарап, сын көзімен қарасақ, көптеген саяси-әлеуметтік мәселелердің астарлы сыры ашыла түсетінін аңғарамыз.
Абайдың атасы Өскенбай Ырғызбайұлы (1773-1850) тобықты руының атақты биі болған. Өскенбай заманы тәуелсіз қазақ хандығы мен Ресей империясының отаршылдық заманында өмір сүрген. Құнанбай әкесі Өскенбайға 1851 жылы ас бергенде 6 жасар Абай әжесімен бірге сол асқа барған еді. Бала Абай жастайынан атасы Өскенбай заманын, онда болып өткен түрлі оқиғалар мен ру таласын, саяси-әлеуметтік мәселелерді сезініп өссе, олар жайлы тарихи әңгімелерді ел аузынан естіп, көкірегіне түйіп өсті. Өйткені, ол заман әлі де болса қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрпын, ұлттық салт-санасы, дүниетанымы сол қаз-қалпында сақталып, өзгеріссіз тұрған кезең еді. 
Ұлы ақын Абайдың 13 жастан өмірінің соңғы күніне дейінгі өмір жолы аға сұлтандық билік жүйесінің соңы мен елді ала тайдай бүлдірген болыстық биліктің заманында өтіп жатты. Сондықтан да Құнанбайды терең танып білмейінше, Абайды жете танып білудің өзі қиынға соқпақ. Құнанбай Абайды 13 жасынан бастап ел билеу жұмысына баулып, ел өмірімен, халықтың тұрмыс болмысымен мидай араластырып жіберді. Абай осы ортада ер жетіп, отбасы тәрбиесі мен халық өмірін танып-білу жолы мен қалыптаса бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет